Материалдар / Мәтінді пішімдеу. Абзац.
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Мәтінді пішімдеу. Абзац.

Материал туралы қысқаша түсінік
Құжаттың құрылымы, стилі, баспа бетінің геометриясы туралы және WordPad мәтіндік редакторының терезесі туралы түсінік беру, мәтімен жұмысқа дағдыландыру, құжаттарды құруға, ашуға, сақтауға үйрету.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
25 Желтоқсан 2017
901
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

БЕКІТЕМІН __________________________

Пән аты: Информатика

Күні: ___________________

Класы: 5

Сабақтың тақырыбы: §23. Мәтінді пішімдеу. Абзац.

Сабақтың мақсаты: Оқушыларды WordPad мәтіндік редакторының мүмкіндіктерімен таныстыру.

Білімділік. Құжаттың құрылымы, стилі, баспа бетінің геометриясы туралы және WordPad мәтіндік редакторының терезесі туралы түсінік беру, мәтімен жұмысқа дағдыландыру, құжаттарды құруға, ашуға, сақтауға үйрету.

Тәрбиелік. Информатика пәніне деген оң көзқарас пен эстетикалық талғамын 
қалыптастыру, нәтиже алуға және уақытты үнемдеуге дағдыландыру 
және өзіндік қызмет жасай алатын жеке тұлғаны қалыптастыру. 

Дамытушылық. Оқушылардың ойлау қабілеттін, логикалық-абстракциясын дамыту

Сабақтың типі: Аралас сабақ

Сабақтың түрі: дәстүрлі

Сабақтың әдісі: Сұрақ – жауап,көрсете түсіндіру, практикалық тапсырма 

Пәнаралық байланыс: бейнелеу өнері, қазақ тілі

Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар. Компьютер, оқулық, жұмыс дәптері.

Оқушылар білуі тиіс: - мәтіндік редактор бағдарламасының мүмкіндіктері мен онда жұмыс істеуді.

Оқушылар үйренуі тиіс: - мәтіндік редактор бағдарламасында мәтін теруді үйренуі тиіс.

Әдістемелік әдебиеттер: 

1) «Информатика » - 5 сынып

2) Информатика негіздері – ғылыми әдістемелік журналы
Сабақтың өту барысы.

1.Оқушылардың ұйымдастыру.

* Оқушылармен амандасып, түгендеу.

* Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

2.Үйге берілген тапсырманы тексеру.

- Компьютерде мәтіндік ақпаратпен жұмыс істеудің артықшылығы неде?

- Мәтіндік редакторға қандай программаны жатқызамыз?

- Мәтіндік редактор бағдарламасын қалай іске қосамыз?



3.Жаңа тақырыпты түсіндіру.

- Мәтін жолдың басында, сол жақта орналасады. Негізгі мәтінді осылай жазады.

- Мәтін ортаға теріледі. Тақырыптарды осылай тереді.

- Мәтін жолдың соңынан, оң жақтан теріледі.


Сол сияқты абзацтың бірінші жолында шегініс – «қызыл» жол болуы мүмкін.

Шегіністерді Сызғыштағы жүгіргіштерді жылжытып та бекітуге болады.

Мәтіннің фрагменттерін дәл көрсетілген жерге орналастыруға мүмкіндік беретін құралдың бірі – Табуляция. Табуляцияның мәнін анықтай отырып, мысалы, мәтінді екі бағанға бөлуге болады.

Бұл мысалда Абзац – Тіркеме беттер бұйрығы орындалған, Табуляция позицияларының өлшемі 6 см етіп алынған. Мәтін енгізгенде Tab пернесін

басу жеткілікті. Абзацта бірнеше табуляция позициялары анықталуы мүмкін.

Егер оқушылардың тізімін басып шығару немесе дүкендегі тауарды санап шығу керек болса, WordPad мәтіндік редакторында мәтінді тізім түрінде ұйымдастыруға болады. Тізімде әрбір абзац бірдей пішімделген және нөмірден немесе арнайы таңбашадан – маркерден басталады. Ттізімді бастау немесе аяқтау үшін Тізімді бастау батырмасыг басу керек.

Абзацты тізімдегі шегініспен құру үшін, Shift және Enter пернелерін бір мезгілде басу керек. Осылай мәтінге абзац символы емес, жолды күштеп айыру символы кірістірілмейді. Жолдың басында маркер пайда болмайды.

Түйін

  • Абзац пішімдеудің негізгі параметрлері – шегіністер, түзеу, жоларалық интервал.

  • Абзацты пішімдеу бұйрықтарын лентаның Бас бөлімінен таңдауға болады.

  • Абзацтағы түзеу сол жақ шетімен, ортасымен, оң жақ шетімен орындалуы мүмкін.

  • Шегіністерді сызғыштың көмегімен тағайындайды.

  • WordPad – маркерленген тізімдер құру мүмкіндігі бар.


4.Тапсырмаларды орындау.

- Компьютерде «Менің Анашым » атты тақырыпта шағын әңгіме теріп жаз.

( Осы мәтін ішінде кейбір сөздердің түсін, қалыңдату, асты сызылған қаріптерді қолдану керек)

Сабақты бекіту сұрақтары:

  1. Ctrl + Z пернелері тіркесімі қандай қызмет атқарады?

А) Ерекшеленген бөлікті алмасу буферіне көшіру.

В) Бөлікті алмасу буферіне жылжыту.

С) Алмасу буферінің мазмұнын кірістіру.

Д) Құжатты дискіге көшіру.*

2. батырмасының қызметі:

А) Ерекшеленген бөлікті алмасу буферіне көшіру.*

В) Құжатты алмасу буферіне жылжыту

С) Ерекшеленген бөлікті алмасу буферіне жылжыту.

Д) Нысанды алмасу буферінен құжатқа кірістіру.

3. Символдар... анықталған жерге енгізіледі.

А) Алдыңғы символдың орнымен

В) Кез келген

С) Адреспен

Д) Курсордың орнымен*

4. Қандай амал басқа барлық таңдалған көрсеткішті бұзады?

А) Мәтіннің бөлігін Жою*

В) Мәтіннің бөлігін Жылжыту

С) Мәтінді сақтау

Д) Мәтіннің бөлігін Көшіру.

5. Берілген үлгі бойынша мәтінде сөз іздеудегі ең маңызды үдеріс:

А) Ақпаратты сақтау

В) Ақпаратты жөнелту

С) Ақпаратты өңдеу

Д) Ақпаратты алу*


Үйге тапсырма: §23. Мәтін редакциялау және пішімдеу.


Оқушыларды бағалау.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!