Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Мәтінді пішімдеу. Абзац
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Мұғалім:Икасбаева Айгул Сыдыковна
Пәні: Информатика
Сынып: 5
Тақырып: Мәтінді пішімдеу. Абзац
Мақсат: Мәтінді пішімдеу. Абзац тақырыбы бойынша оқушыларға жалпы түсінік беру.
Білімділік – Word Pad бағдарламасында абзацпен дұрыс жұмыс істеуді үйрету. Мәтінді сол жақ шеті, ортасы, оң жақ шеті бойынша орналастыруды үйрету.
Дамытушылық – Ой - өрісін, есте сақтау қабілеттерін, білік- дағдыларын дамыту,
машықтандыру. Өз беттерінше жұмыс жасау қабілеттерінің дамуына ықпал ету
Тәрбиелік – Алғырлық пен білімділікке, өзара жолдастыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Сабақ түрі: аралас
Сабақ типі: жаңа тақырыпты түсіндіру
Құрал-жабдықтар: ДК, оқулықтар, дәптерлер, тақта, тұсаукесер, (көзге арналған жаттығу), таратпа карточкалар, Word Pad мәтіндік редакторы.
Сабақ барысы
Сабақ кезеңдері |
Мұғалімнің іс - әрекеттері |
Оқушылардың іс - әрекеттері |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
І. Ұйымдастыру кезеңі 2 мин |
Оқушылармен амандасып, тренинг өткізу. Оқушыларға доп лақтырамын, оқушылар кезекпен допты ұстап алып, бүгінгі сабаққа бір – бірлеріне сәттілік тілейді, тілектер айтады. |
Амандасады, ортаға шығып шаттық шеңбер құрып тұрады, допты ұстап алып, тілектер айтады, сәттілік тілейді, орындарына отырады. |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
ІІ. Үй жұмысын тексеру 7 мин |
Карточкамен жұмыс 1-тапсырма.
2-тапсырма.
3-тапсырма.
|
Карточкамен жұмыс жасайды. 1-тапсырма.
2-тапсырма.
3-тапсырма.
|
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
IІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру 10 мин |
Егер электрондық құжатта тасымалдау орнатылмаса, онда абзацта сол жақ шет бойынша түзеу анықталады. Автор құжаттың қандай принтерде, қандай әріппен және мөлшермен басып шығарылатынын білмейді. Сондықтан көбіне тақырып ортаға, ал авторға сілтеме немесе құжат құрылған мерзім - оң жақ шет бойынша түзеледі. Абзац үшін келесі баптаулар анықталады:
Түзеу -Мәтін жолдың басында, сол жақта орналасады. Негізгі мәтінді осылай жазады. -Мәтін ортаға теріледі. Тақырыптарды осылай тереді. -Мәтін жолдың соңынан, оң жақтан теріледі. Мысалы, эпиграфты безендіргенде, шегініс беттің сол жақ шетінен және тузеу сол жак, шеті бойынша орнатылады. Сол сияқты абзацтың бірінші жолында шегініс - «қызыл» (азат) жол болуы мүмкін (102-сурет). Шегіністерді Сызғыштағы жүгіргіштерді жылжытып та бекітуге болады (103-сурет). Мәтіннің фрагменттерін дәл көрсетілген жерге орналастыруға мүмкіндік беретін құралдың бірі - Табуляция. Эпиграф парақтың оң жақ бетіне тырнақшаға алынбай жазылады. Автордың аты-жөні тырнақшаға алынбайды және нүкте қойылмайды. (Құжаттарды рәсімдеу ережесі) Бұл мысал эпяграфты дұрыс рәсімдеуге арналған. Эпиграф шрифтпен ерекшеленген, бірақ ерекшелеу айтарлыктай емес. Эпиграф жолдарынын ұзындықтары шамамен бірдей. «Құжатты рәсімдеу ережесі» жақшаға алынған. 102-сурет. Абзацтардағы шегіністер Табуляцияның мәнін анықтай отырып, мысалы, мәтінді екі бағанға бөлуге болады (104-сурет). Бұл мысалда Абзац => Тіркеме беттер (Вкладки) бұйрығы орындалған, Табуляция позицияларының өлшемі 6 см етіп алынған (104-сурет). Мәтін енгізгенде Tab пернесін басу жеткілікті. Абзацта бірнеше табуляция позициялары анықталуы мүмкін. 105-сурет. Қарапайым маркерленген тізім және жолдары айырылған тізім Тізім Егер оқушылардың тізімін басып шығару немесе дүкендегі тауарды санап шығу керек болса, не істейміз? WordPad мәтіндік редакторында мәтінді тізім түрінде ұйымдастыруға болады. Тізімде әрбір абзац бірдей пішімделген және нө- мірден немесе арнайы таңбашадан - маркерден басталады (105-сурет ). Тізімді бастау немесе аяқтау үшін Тізімді бастау батырмасын басыңдар. Абзацты тізімдегі шегініспен құру үшін, Shift және Enter пернелерін бір мезгілде басыңдар. Осылай мәтінге абзац символы емес, жолды күштеп айыру символы кірістіріледі. Жолдың басында маркер пайда болмайды (105-сурет ). !Түйін
|
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
ІV. Практикалық жұмыс 10 мин |
ДК-де WordPad бағдарламасында тәжірибелік жұмысты орындайды. Оқулықтағы 177-178 б.б. |
Компьютердегі тәжірибелік жұмыс А деңгейі
6-кесте. Пішімдеу параметрлері
В деңгейі
С деңгейі
ТҮСІНІКТЕМЕ ХАТ 02.02.2013 Мектеп директорына 5-сынып оқушылары үшін дайындалған «ДК тұтынушы-сы» байқауын кейінге қалды – ру туралы Ауа райы күрт суытып, ауырып қалған мектеп оқушыларының басым көпшілігінің сабаққа катыса алмауына байланысты 5-сынып оқушылары үшін 02.02.2013 өткізілуге тиісті «ДК тұтынушысы» байқауы 2 аптаға шегеріледі. Информатика пәні мұғалімі С.Тортаева
|
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
V. Сергіту сәті 2 мин |
Жаттығуды орындарында отырып орындау. |
Көз жаттығуын орындайық.(презентация көрсетіледі) Көзге арналған жаттығулар.ppt
|
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
VІ. Бекіту 8 мин |
Оқулықпен жұмыс, 178 бет бақылау сұрақтары мен тапсырмаларды орындайды, сұрақтарға ауызша жауап береді. |
Бақылау сұрақтары мен тапсырмалар
|
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
VІI. Кері байланыс 2 мин |
Оқушыларға кері байланыс жасау үшін, мұғалім оларға толтыруға парақ таратылады. |
Оқушылар бүгінгі сабақ бойынша өз ойларын, көңіл күйлерін параққа жазады.
|
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
VІII.Бағалау 2 мин |
Сабаққа белсенді қатысып отырған оқушыларды бағалау. |
Бағаларын күнделіктеріне қойдыртады. |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
IX. Үй жұмысы 2 мин |
V тарау. 23 оқу. |
Күнделіктеріне үй тапсырмасын жазып алады. |