Мәтінді пішімдеудің негізгі тәсілдері

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Мәтінді пішімдеудің негізгі тәсілдері

Материал туралы қысқаша түсінік
Мәтіндік редакторда дайындалған құжаттарды пішімдеудің әдіс-тәсілдерін біле алады; мәтінді редакциялауды үйрене алады; мәтінді өңдей алады
Материалдың қысқаша нұсқасы

Пән аты : Информатика

Сынып : 6 «а»

Сабақтың тақырыбы: Мәтінді пішімдеудің негізгі тәсілдері

Сабақтың мақсаты: Мәтіндік редакторда дайындалған құжаттарды пішімдеудің әдіс-тәсілдерін біле  алады; мәтінді редакциялауды үйрене алады; мәтінді өңдей алады. Оқушылар білуі тиіс: мәтіндік редактордың ортақ мүмкіндіктерін, мәтін элементтерін.

Оқушылар үйренуі тиіс :

  • Мәтіндік редакторда дайындалған құжаттарды пішімдеудің әдіс-тәсілдерін біле  алады (кейбіреуі).

  • мәтінді редакциялауды үйрене алады (барлығы);

  •  мәтінді өңдей алады(барлығы);

Сабақтың түрі: Жаңа білімді меңгерту.

Сабақтың әдісі: АКТ, СТО

Көрнекілігі: ДК, интерактивті тақта, ЭО, деңгейлік тапсырмалар.

Сабақтың барысы :

І Ұйымдастыру кезеңі

Қызығушылықты ояту.

Ұйымдастыру.

Оқушылармен амандасу, түгендеу

Тренинг: «Жақсы лебіз» ойыны

Оқушылар шаттық шеңберіне жиналады. Бір оқушы қасындағы көршісіне жақсы лебіз білдіреді. Екінші оқушы үшіншіге т.с.с

ІІ Сабақтың мақсаты мен міндеттерін қою

ІІІ Үй тапсырмасын тексеру

Миға шабуыл. «Аңшы» ойыны

Флипчарт арқылы әр түрлі аңдардың суреттерінің астында сұрақтар жасырылады. Оқушылар өздері қалаған аңдарын таңдай отырып, артында жасырылған сұрақтарға жауап береді

1.Мәтіндік редактор не үшін қолданылады?

 2. Мәтіндік редакторды қалай іске қосады?

 3.Мәтіндік редактордың кеңейтімі қалай жазылады?

 4. Мәтіндік процессор дегеніміз не?

5. Мәтіндік процессордың терезесі?

6. Құжатты құру, сақтау

7. Құжатты қарап шығу масштабын өзгертуге бола ма?

IV. Жаңа тақырыпты түсіндіру

ХХІ ғасыр жаңа ақпараттық технологиялар ғасыры. Қазіргі кезде компьютер адам өмірінің барлық саласында толық енгізілді. Сондықтан да келешек ұрпақтың, оқушылардың алдында тұрған ең негізгі міндеті - өмірге икемделгіш, заман ағымына сай ілесе алатын азамат болу. Соның бір жолы компьютер тілін үйрену болып табылады. Компьютерді білу – екінші сауаттылық. Мәтін теріліп және өңделіп болғаннан кейін пішімдеу, яғни рәсімдеуді өзгерту жүргізіледі. Пішімдеу – деп мәтіндік құжаттарды рәсімдеу бойынша жүргізілетін әртүрлі әрекеттерді айтады. Құжатқа пішімдеуді құжат құрғанға дейін де, сол сияқты одан кейінде жүргізуге болады.
Пішімдеу әрекеттерін орындай отырып:
• әр түрлі қаріптерді пайдалануға;
• Жұмыс өрісінің шекараларын өзгертуге, сол жақ, оң жақ, жоғары, төменгі өрістерін айқындауға;
• Беттегі мәтінді туралауға:
• жоларалық интервалды орнатуға және өзгертуге;
• мәтінді бағандарға бөлуге;
• мәтінді жиектеудің әр түрлі типтерін қолдауға;
• тізім, құйма және т. б.
Пішімдеу кезінде аспаптар панеліндегі батырмаларды да, меню командаларын да, пернелердің арнайы комбинацияларын да пайдалануға болады.
Пішімдеу операцияларын бүкіл мәтінмен де оның бөлімдері: символмен сөзбен, жолмен, абзацпен, бөліммен, бетпен де жүргізуге болады. Ол үшін пішімделетін бөлікті белгілеу керек.
Пішімдеудің бірнеше баптауын бірден өзгерту үшін Формат менюінен Шрифт командасын орындаймыз.
Пішімдеу панелі:
- стиль
- шрифт
- шрифтің размері
- жартылай қарайтылған
- курсив
- асты сызылған
- ортасы бойынша туралау
- оң жақ шеті бойынша туралау
- оң және сол жақ шеті бойынша туралау
- нөмірлеу
- маркер қою
- түспен бояу
- шрифт түсі
Форматтау режімдерінің ең жылдам әдісіне форматтау панелінің төмендегі батырмалары жатады:
– жартылай қалыңдатылған (полужирный),
– курсив,
– асты сызылған (подчеркнутый)
Форматтауға арналған пернелер комбинациялары
Пернелер
комбинациясы Форматтау
кезіндегі әрекеттері
Курсив (К)
Асты сызылған (Ч)
Жартылай қарайтылған (Ж)
+ ортасына
+ Сол жақ шеті бойынша
+ Оң жақ шету бойынша
+ Ені бойынша (екі жақ шетінен)


Сергіту сәті: https://www.youtube.com/watch?v=Vwa5zBMF_WU видеоролик

VКомпьютерде тәжірибелік жұмыс орындау

Оқушылар деңгейлік тапсырмаларды орындайды.

VІ Рефлексия

Не үйрендім?

Не үйренгім келеді?




VІІ Үйге тапсырма

§ 17 мазмұндау, бақылау тапсырмасы (12), тест сұрақтарына жауап беру.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
08.11.2018
746
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі