Сабақтың тақырыбы:
«Мәтінді шешудің негізгі
әдіс-тәсілдері»
Сабақтың
түрі:
Жаңа сабақты меңгерту.
Сабақтың
әдісі:
Сұрақ-жауап.
Сабақтың
көрнекілігі:
Интерактивті тақта, слайд, оқулық, жұмыс
дәптерлері, компьютер.
Өткен тақырыптарды
қайталау.
15 сұрақ
беріледі.
1. Word қандай редактор
?
Мәтіндік.
2.Windows сөзінің
аудармасы?
Терезе
3.Терезе қанша топқа
бөлінеді?
Төрт
4.Шекара дегеніміз
не?
Төрт жағынан қоршап
тұрған жақтау
5.Мәтіндік процессор
дегеніміз не?
Қарапайым және кешенді
мәтіндік құжаттарды енгізуге, түзетуге, пішімдеуге, сонымен бірге
экранға және қағазға басып шығаруға мүмкіндік беретін программалар
түрі.
6.Құжат дегеніміз
не?
Мәтіндік процессорлар
арқылы құрылған кез келген мәтін.
7.Мәтіндік процессорда
жұмыс жасау қанша режимнен тұрады?
8.Тақырып
жолы-..........
Құжат пен программаның
атын көрсетеді.
9.Ақпараттың түрлерін
ата?
Мәтіндік, графикалық,
символдық
10.Мәтін дегеніміз
не?
Жолдар
тізбегі
11.Мәтіндік процессорда
жұмыс жасаудың неше қосымша режимдері бар және оларды
ата?
- Мәтінді іздеу мен оны
алмастыру;
-орфографиялық
басқару;
-файлдармен
жұмыс;
-анықтама
алу.
12.Қалып-күй жолы қандай
қызмет атқарады?
Мәтіндік процессорда
жазылып жатқан жазулар туралы ақпаратты: бет нөмірі, мәтінді енгізу
тілі, масштабты көрсетеді.
13.Мәтін тергенде
сөздердің арасында қандай пернені
басады?
Пробел.
14. Компьютерде
үздіксіз жұмыс істеу неше сағаттан аспауы
керек.
2
сағаттан.
15.Мәтін теру үшін не
керек?
Пернетақта.
ІІІ.Жаңа
сабақ.
-
Мәтін пернетақтадан енгізіледі. Мәтінді
енгізгенде жолдар автоматты түрде төмен жылжып
отырады.
-
пернесін тек абзац соңында немесе мәтінде бос жол
жасау үшін басады. Бас әріпті теру үшін пернесін басып тұрып,
қажетті әріпті тереміз.
-
Сонымен қатар айналдыру жолағын да қолдануға
болады.
Мәтінді пішімдеу.
Мәтінмен жұмыс істегенде символдардың әлпетін,
яғни жартылай қалың, курсив, асты сызылған түрін таңдауға болады.
Мұндай мәтінді өзгерту процесі пішімдеу деп
аталады.
Қаріп.
Қаріптің негізгі
сипаттамасы-гарнитурасы, оның сыртқы безендірілуі. Қаріпті белгілеу
үшін әдетте гарнитураның аты қолданылады, мысалы, Times New Roman
гарнитурасы.
Абзац.
Мәтінді экранда, қағазда
немесе электрондық пішімде де әдемі етіп көрсету үшін абзацты
туралауды дұрыс орындау керек. Абзац-бұл Enter пернесін басқанда
абзац белгісінің арасына қойылатын символдар
жиынтығы.
Шегініс.
Көлденең сызғыш көмегімен
абзацты және өріс шегінісін көрнекі тәсілмен орнатуға болады.
Ағымдағы абзац пен қызыл жолдың шекарасын көлденең сызғышқа
орналасқан шегініс маркері көрсетіп тұрады. Үнсіз келісім бойынша
маркерлер беттің өріс шекарасындағы күңгірт түспен боялған бетте
орналасқан.
Абзац
терезесі.
ІҮ.Дәптермен
жұмыс.
Ү. Компьютермен
жұмыс.
1.Мәтінді тер
2.Мәтіннің тақырыбын
өлшемі
18-қаріппен, ал қалған мәтінді өлшемі 14-қаріппен
теріңдер.
Автобуста
Арман мен Аян қаланың ортасындағы үлкен бес
қабатты үйде тұрады. Екеуі де екінші сыныпта оқиды және мектепке
бірге барады. Бір күні олар әдеттегідей, автобуспен мектепке келе
жатқанда, аялдамалардың бірінен сөмкелері бар әжей
отырды.
Аян
бірден орнынан тұрып, әжейге жақындады да, сыпайы ұсыныс
жасады:
-Мархабат, отырыңыз.
Арман терезеге қарап қалған түр танытты. Екі
аялдамадан кейін әжей шығуға дайындалды және сөмкелерінің біріне
қол жүгіртіп, одан хош иісті екі алма алып
шықты.
Аянға ұсынып:
-Ала ғой, алтыным!-деді.
-Оныңыз қалай, рахмет, керек емес, - деп қымсынды
Аян.
ҮІ.«Анограмма»
ойыны.
Сөздердің әріптерін орындарымен ауыстыру арқылы
сөздерді анықтаңыз.
ТНӘМІ
ЗЕТЕРЕ
ОТИМНРО
ЕПНРЕТҚАТА
ШЫҚНАТ
ИКПОРМЦЕСРОСОР
ЕШСЕТПО
ДОВОСКИД
КЕТСТ
НСА
ФРГИАКА
ЗАҒАҚ
МӘТІН
ТЕРЕЗЕ
МОНИТОР
ПЕРНЕТАҚТА
ТЫШҚАН
МИКРОПРОЦЕССОР
ЕСЕПШОТ
ДИСКОВОД
ТЕКСТ
САН
ГРАФИКА
ҚАҒАЗ
ҮІІ. Сабақты
бекіту.
Тест
1.Жолақтың қандай бөлімі әріпті пішімдеу үшін
жауап береді?
А)
Бас тіркеме беті
В)
Кірістіру
С)
Бетті белгілеу
Д)
Шимайлық
2. батырмасы мәтінді .....
етеді.
А)
Курсив
В)
Асты сызылған
С)
Жуан
Д)
Жуан курсив
3. батырмасы мәтінді .....
етеді.
А)
Курсив
В)
Асты сызылған
С)
Жуан
Д)
Жуан курсив
4.Кегль деген не?
А)
Әріптің түрі
В)
Әріптің мөлшері
С)
Әріптің түсі
Д)
Әріптің мәнері
5.Гарнитура деген
не?
А)
Әріптің түрі
В)
Әріптің мөлшері
С)
Әріптің түсі
Д)
Әріптің мәнері
6.Жолақтың қандай бөлімі абзацты пішімдеу үшін
жауапты?
А)
Кірістіру
В)
Бетті белгілеу
С)
Бас тіркеме беті
Д)
Шимайлық
7.Абзацты түзеулердің ішіндегі артығы
қайсы?
А)
Сол жақ шеті бойынша
В)
Абзац бойынша
С)
Оң жақ шеті бойынша
Д)
Ортасы бойынша
8.Сызғыштың көмегімен не істеуге
болады?
А)
Шегіністерді орнатуға
В)
Түзеуді баптауға
С)
Жоларалық интервалды анықтауға
Д)
Маркерленген тізімді баптауға
9.Абзацты бірінші жолындағы шегініс үшін
жауапты сызғыш:
А)
Оң жақтағы төменгі маркер
В)
Сол жақтағы жоғарғы маркер
С)
Сол жақтағы төменгі тікбұрышты маркер
Д)
Сол жақтағы төменгі үшбұрышты маркер
10. батырмасының
қызметі:
А)
Абзацтың шегіністерін баптайды
В)
Ол табуляция
С)
Маркерленген тізім құрады
Д)
Абзацтағы түзеуді анықтайды
Тесттің кілті
Сұрақ
Жауап
1-А
2-С
3-А
4-
В
5-
А
6-В
7-В
8-А
9-В
10-С
Өткізген: Байжанова
А.Б.-информатика пәнінің мұғалімі, Ы.Алтынсарин атындағы ЖОББМ,
Шағатай ауылы, Теректі ауданы, БҚО.
Сынып -
6