400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Мәтіндік және логикалық есептерді шешу" факультатив жоспары

Материал туралы қысқаша түсінік
8-сыныптарға арналған математика пәні бойынша факультатив жоспары
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бекітемін: Келісемін: ӘБ отырысында

Мектеп директоры Оқу ісінің меңгерушісі қаралды:

______________ ___________________ хаттама №1

«___»_________ «____»_____________



Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі

39 М.Жұмабаев атындағы жалпы орта мектебі







Математикадан факультатив бағдарламасы

8-сынып





Тақырыбы: «Мәтіндік есептер мен логикалық есептерді шешу»















Пән мұғалімі : Г.М.Касимбекова



Мәтіндік және логикалық есептерді шешу

Түсінік хат

8-сыныптарға ұсынылып отырған бұл « Мәтіндік есептер мен логикалық есептерді шешу» курсының мынадай ерекшеліктері бар:

Бұл курсты өту барысында оқушылар жалпы мектеп бағдарламасында қарастырылмайтын немесе аз қарастырылатын әр түрлі тақырыптағы мәтіндік есептерді теңдеу құру арқылы шешу : сандар тізбегіндегі заңдылықты анықтау, практикалық мазмұнды есептер, сандар мен шамалардың арасындағы байланысты орнату , мәтінмен берілген есептердіі математика тілінде құрастыру, ол мәселелерді математикалық айғақтар мен әдістерді қолдана отырып шешу, функционалдық сауаттылықты қалыптастыратын есептер, қызықты логикалық есептер мен тарихи есептерді талдау. Оқушылардың елестету деңгейі, байланыс орнату деңгейі және қисынды ойлау деңгейін қалыптастыру көзделуде.

Математиканы оқыту процесінің мақсаты - оқушыларда математикалық сауаттылықты , яғни математикалық құзыреттілікті қалыптастыру болып табылады. Алған білімдері мен біліктерін практикалық қызметтерінде және күнделікті өмірлерінде пайда болған мәселелерді шешу үшін математиканы пайдалана алуға қабілетті болуы тиіс.

Математиканың ерекше орны басқа пәндерді меңгеруде негіз болатын ойлауды сапалық та , сандық та дамуына әсер етуінен көрінеді.Бұл мақсатта логикалық есептерді шешудің пайдасы ерекше. Осы курсты өту барысында аталған есептерді шешудің әдіс-тәсілдерін қарастырады.























Курстың мақсаты мен міндеті



Бұл бағдарламаны оқыту арқылы оқушылардың математикалық қисынды

ойлауын , зерттеу қабілетін , проблеманы қою және оны шешу барысында

есептің шартына сәйкес оның математикалық моделін құру және әртүрлі

тәсілдермен шешу біліктерін дамыту .Оқушылардың математикалық

сауаттылығын арттыру.Пәнді оқып-білуге деген ынтасын арттыру.

Курс оқушыларды проблемаларды өз бетінше шешуге ынталандыру қабілетін

қалыптастырады, оқу процесінде кездесетін өз қиыншылықтарын жоюға ,

талдауға және анықтауға , жаңадан есеп құрастыруға оны әр түрлі тәсілдерді

қолданып шешуге, өзін-өзі бақылауға мүмкіндік береді.

Бұл бағдарламаны оқыту арқылы оқушыларға стандартты емес есептерді ,

логикалық есептерді , күрделілігі жоғары шығармашылық есептерді шығару

жолдарын меңгерту.































Күнтізбелік-тақырыптық жоспар

Жалпы орта мектептің 8-сыныбында мәтіндік есептер мен логикалық есептерді шешуді үйретуге арналған факультатив жоспары

(Аптасына 1 сағат,барлығы 34 сағ)

Сабақтың тақырыбы

Сағат саны

Мерзімі

1-3

Салыстырмалы байланысқа берілген есептерді шешу

3


4-5

Геометриялық мазмұнды және сандарға берілген есептер

2


6-7

Процентті табуға берілген есептер

2


8-10

Концентрацияға берілген есептерді шешу

3


11-13

Қозғалысқа берілген есептерді шешу

3


14-16

Тура және кері пропорционалдыққа және еңбек өнімділігіне берілген есептер

3


17-18

Салыстыруға берілген есептер

2


19

Адамның жасын анықтауға берілген есептер

1


20

Аптаның күндерін,жылдың айларын анықтауға берілген есептер

1


21

Қалдықты табуға арналған есептер

1


22

Кітаптың бетін табуға берілген есептер

1


23

Бірлесіп жұмыс істеуге берілген есептер

1


24-25

Кестелер мен бағанды диаграммаға берілген есептер

2


26

Фигуралардың аудандарын өлшеу

1


27

Боялған бөліктің ауданын табу

1


28

Сұрақ белгісінің орнына қандай сан қойылуы керек?

1


29

Қызықты логикалық есептер шығару

1


30

Ықтималдықтар теориясына берілген есептер

1


31

Дирехле принципі

1


32

Сиқырлы шаршылар

1


33

Сәйкестендіруге берілген есептер

1


34

Математикалық сайыс сабағы

1
































Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
26 ұстаз жүктеп алған
18.12.2017
1684
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі