жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
"Мәтіндік процессор жайлы жалпы мағұлмат"
САБАҚ ЖОСПАРЫ «Тексерілді»
________________
Оқу ісінің меңгерушісі
Күні: 10.01.15
Пәні: Информатика
Сыныбы:6
Пән мұғалімі: М.С.Увалиева
Сабақтың тақырыбы: Мәтіндік процессоры жайлы жалпы мағұлмат. Программа
интерфейсі
Сабақтың мақсаты:
-
Білімділік: Мәтіндік процессор, оның түрлері туралы түсінік беру.
-
Дамытушылық: Жаңа сабақта алған білімдерін практикада пайдалана білуге дағдыландыру.
-
Тәрбиелік: Оқушыларды өз ойларын дәлелдеп, нақты жеткізу үшін толық, нақты жауап беруге тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Жаңа материалда меңгеру
Оқыту әдісі: Түсіндіру, иллюстративті, репродуктивті.
Сабақтың құрылымы:
І. Ақпарат алмасу.
Тақырып жоспары:
-
Мәтіндік процессор жайлы жалпы мағұлмат.
-
Мәтіндік процессор түрлері мен сипаттамалары.
-
Microsoft Office Word сипаттамасы.
-
Word-пен жұмыс, программа интерфейсі.
1-слайд. Мәтіндік процессоры жайлы жалпы мағлұмат
Мәтіндік процессор (мәтіндер даярлау жүйесі) (текстовый процессор (система подготовки текстов); word processor) — мәтіндерді енгізу, сақтау, қарап шығу, түзету, пішімдеу және қағазға басып шығаруды қамтамасыз ететін программалық құралдар. Баспа машинкасында орындалатын мүмкіндіктерден басқа мұнда қате тексеру; тезаурус (синоним сөздер) табу; сөз тіркесін іздеп тауып, оны басқаға өзгерту; «қиып алып желімдеу»; бірнеше терезедегі мәтіндермен катар жұмыс істеу тәрізді көптеген қосымша әрекеттер орындалады
2-слайд.
1970- 1980 жылдары мәтіндік процессорлар деп пернетақтадан, мәтін өңдеуге арналған қарапайым іштей енгізілген компьютерден және электрлік баспа құралынан тұратын жеке және офисте қолдануға арналған машинаны атаған. Кейінірек «мәтіндік процессор» атауы сол қолданыстағы компьютерлік программаларға да таралды.
Машина — мәтіндік процессор Brother WP-1400D, 1994 жыл
3-слайд. Қандай мәтіндік процессор түрлерін білесіз?
4-слайд. Жалпыға белгілі мәтіндік процессорлар
-
AbiWord
-
Adobe InCopy
-
Apple iWork Pages
-
ChiWriter — ғылыми мәтіндермен жұмыс істеуге арналған Шығыс Еуропадағы мәтіндік процессор.
-
JWPce — жапон тіліндегі мәтіндік процессор.
-
LaTeX — танымалы TeX компьютерлік беттеу системасының макроұлғайтулар жиыны.
-
LibreOffice Writer — LibreOffice дербес жиыны құрамына кіретін мәтіндік процессор.
-
Lotus WordPro
-
Microsoft Word
-
Microsoft Works
-
OpenOffice.org Writer
-
PolyEdit
-
WordPad — дистрибутив MS Windows құрамына кіреді.
-
WordPerfect
5-слайд. AbiWord
1998 жылы 1 желтоқсанда алғаш пайда болды. С++ тілінде жазылған. Соңғы нұсқасы- 2.8.6 (14 маусым 2010).
Негізгі функциялары:
-
Форматтау және мәтін стильдері;
-
Кестелер мен тізімдер жасау;
-
Колонтитулдар мен сілтемелер орнату;
-
Суреттерді енгізу мен масштабтау;
-
Емле тексеру;
-
Мазмұн даярлау;
-
Басып шығару.
6-слайд. Apple iWork Pages
Құрамында құжатты дайындауды оңайлататын үлгілер жиыны бар. iLife (музыка, фото, видео) бірріккен шолушыдан мультимедиа орнатуға мүмкіндік береді. Толық экран, жаңару, өздігінен сақталу, құжат нұсқаларын сақтау функциялары бар. iOS үшін программа нұсқасы бар.
Құжаттарды төмендегідей форматта сақтауға болады:
-
Pages құжаттары (.pages)
-
Microsoft Word құжаттары (.doc)
-
PDF файлдары(.pdf)
-
Форматталған мәтін (.rtf)
-
Жай мәтін(.txt)
-
Электронды кітаптардың ашық стандарты
7-слайд. Apache OpenOffice.org Writer
Writer арқылы Microsoft Word, RTF, XHTML пен OASIS Open Document Format сияқты форматтарда құжат сақтауға мүмкіндік береді. Сонымен қоса, MediaWiki форматында құжат сақтауға да болады.
Corel WordPerfect (WDP), 602 Document(.602), WPS Word (WPS) құжаттарын импорттауға да болады.
OpenOffice.org құрамына кіретін программалар сияқты Writer Linux, Mac OSX, FreeBSD пен Microsoft Windows сияқты операциялық системаларды жұмыс істей алады.
8-слайд. Microsoft Office Word
Microsoft Office Word (күнделікті — MS Word, WinWord немесе жай ғана Word) - Macintosh компьютерлерінде және Windows, DOS ортасында жұмыс істейтін, қазіргі кезде кең таралған, ең қуатты мәтіндік процессорлардың бірі. Құжаттарды даярлауға, түзетуге, қарап шығуға, баспаға шығаруға арналған Windows ортасының қолданбалы программасы. Оның соңғы нұсқалары шағын баспа жүйесі ретінде кітап, газет- журналдар шығаруда кеңінен қолданылады.
9-слайд. Word- тың қандай мүмкіндіктерін білесіз?
10-слайд. Microsoft Office Word- тың ерекше мүмкіндіктері
-
Суреттер немесе өң сияқты түрлі- түсті фотосуреттер немесе көрнекі суреттер пайдаланып әдемі мәтін жасау және карталар мен кестелер сияқты деректер қосу үшін Word бағдарламасын пайдалануыңызға болады.
-
Word бағдарламасы мәтін жасау үшін түрлі көмекші мүмкіндіктерді береді, олардың көмегімен мақалалар немесе есептер сияқты іскери құжаттарды оңай аяқтай аласыз.
-
Ашықхат немесе хатқалта мекенжайларын басып шығаруыңызға болады.
-
Word бағдарламасы құжаттар, электрондық кестелер мен көрмелер жасауға және электрондық поштаны басқаруға арналған бағдарламаның бірнеше түрлерін біріктіретін өнімдердің бумасы болып табылатын «Office» бумасының бір бөлігі болып табылады.
11-слайд. Microsoft Office Word- тың ерекше мүмкіндіктері
Microsoft Office Word құжатына 3 түрлі кілт (пароль) қоюға болады:
-
Құжатты ашу үшін кілт;
-
Құжатты өзгерту үшін кілт;
-
Құжатты өңдеу үшін кілт. MS Word 2007\2010 сияқты жаңа нұсқаларда бұл кілт түрі «Пароль для Ограничения форматирования и редактирования» деп аталады.
12-слайд. Microsoft Office Word редакторын тағайындау
-
Word-пен жұмыс істеуді бастау үшін Windows жүйесінің басқа программалары сияқты оны бастапқы нұсқалық (инсталляциялық) дискеттерден немесе компакт-дискіден компьютерге жазып орналастыру қажет.
13-слайд. Microsoft Office Word редакторын іске қосу
Орналастырылған WORD редакторын іске қосу бірнеше тәсілмен жүзеге асырлады:
-
Басқару тақтасындағы Іске қосу (Пуск) менюінің Орындау (Выполнить) командасының көмегімен, бұл тәсіл редактордың қосымша параметрлерін іске қосуға арналған.
-
Программалардың Microsoft Office тобындағы WORD шартбелгісінде тышқанды екі рет шерту арқылы.
-
Windows жүйесінің Сілтеуіш (Проводник) терезесін пайдалану арқылы.
-
WORD редакторына дайындалған құжаттың шартбелгісіне тышқан курсорын жеткізіп, оны екі рет шерту арқылы т.б.
14-слайд. Microsoft Office Word редакторымен жұмыс істеуді аяқтау
-
Файл→Шығу (Выход) меню командасын таңдау арқылы;
-
WORD негізгі терезесінің жүйелік менюіндегі Жабу (Закрыть) командасын таңдау;
-
Тышқан курсоры терезе тақырыбы аумағында тұрғанда курсорды сол жақ шеттегі жүйелік меню белгісіне алып барып, тышқанды екі рет шерту немесе батырманы бір рет басып, менюдің Жабу (Закрыть) командасын таңдау;
-
Редактор терезесінің тақырып жолының оң жақ жоғарғы бұрышындағы Жабу батырмасын (Х) басу;
-
Тікелей Alt+F4 пернелерін басу.
Егер программамен жұмысты аяқтау барысында мұның алдында өзгертіліп, бірақ дискіге жазылмаған құжат бар болса, онда редактор экранға қосымша сұхбаттасу терезесін шығарып, өзгертілген құжатты дискіге жазу (Иә-Да) керектігін, ал жазбасаңыз (Жоқ-Нет) оны да растап беруіңізді өтінеді. Қалауыңыз бойынша, редакторда әрі қарай жұмыс істей беруіңізге де (Болдырмау-Отмена) болады.
15-слайд. Программа интерфейсін кім түсіндіріп бере алады?
16-слайд. Программа интерфейсі

ІІ. Алғашқы бекіту.
Мына кестені толтыра отырып, сабақтың мазмұны бойынша қорытынды шығар.
|
Мәтіндік процессор |
Мәтіндік процессор түрлері |
Мәтіндік процессор функциялары |
|
Мәтіндік процессор (мәтіндер даярлау жүйесі) (текстовый процессор (система подготовки текстов); word processor) — мәтіндерді енгізу, сақтау, қарап шығу, түзету, пішімдеу және қағазға басып шығаруды қамтамасыз ететін программалық құралдар. |
|
Баспа машинкасында орындалатын мүмкіндіктерден басқа мұнда қате тексеру; тезаурус (синоним сөздер) табу; сөз тіркесін іздеп тауып, оны басқаға өзгерту; «қиып алып желімдеу»; бірнеше терезедегі мәтіндермен катар жұмыс істеу тәрізді көптеген қосымша әрекеттер орындалады |
Қорытынды: __________________________________________________________________________
______________________________________________________________________________________
ІІІ. Құзырлықты қалыптастыру.
Деңгейлік тапсырмалар:
І деңгей тапсырмалары.
-
Мәтіндік процессор терминіне анықтама бер.
-
Мәтіндік процессор қызметін түсіндір.
-
Мәтіндік процессор түрлерін ата.
-
Microsoft Office Word мәтіндік процессорын сипатта.
-
Microsoft Office Word мәтіндік процессорының ерекше мүмкіндіктеріне мысал келтір.
-
Программа интерфейсі элементтеріне мысал келтір.
ІІ деңгей тапсырмалары.
-
Файл, Создать командаларын пайдалана отырып Microsoft Word-та жаңа құжат әзірле.
-
Файл, Сохранить как командаларын пайдалана отырып, құжатты сақта.
-
Файл, Закрыть командаларын пайдалана отырып, құжатты жап.
-
Файл, Открыть командаларын пайдалана отырып, құжатты аш.
ІІІ деңгей тапсырмалары.
-
Төменде берілген программа интерфейсінің әр элементін ата.

Керекті сөздер: Қосымша (Вкладка), Жылдам қолданыс панелі, Сызғыш, Құралдар панелі, Жылжытпа, Лента, Меню жолы, Меню шақыру батырмасы
ІҮ. Бағамдау-бағалау.
Сабақтың мақсатына қалай қол жеткізгендігің туралы эссе жаз.
Ү. Үй тапсырмасы.
-
Мәтіндік редактор оқып келу.
-
10 сұрақтан тұратын тест құрастырып келу.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген