400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

"Мәтіндік процессордағы кестелер" 7 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Мәтіндік процессорда кесте элементтерін форматтай білу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қысқа мерзімді сабақ жоспары

Сабақ тарауы: Есептерді электронды кестелердің көмегімен шешу

Мектеп: №23 мектеп-лицей

Пәні: информатика

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Минлибаева Ф.Ш.

Сынып: 7

Қатысқандар саны: 18

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы:

Мәтіндік процессордағы кестелер

Сабақ негізделген оқу

мақсаты

7.2.2.1 Мәтіндік процессорда кесте элементтерін пішімдеу


Сабақ мақсаттары






Ойлау дағдылары


Барлық оқушылар: Мәтіндік процессорда кесте элементтерін форматтай білу.

Оқушылардың басым бөлігі: нысан мен басқа элементтерді қоя білу.

Кейбір оқушылар: Ойланып кесте құрудың бірнеше тәсілдерін білу.


Білу, түсіну, қолдану.


Бағалау критерийі

Компьютерде мәтіндік процессордың кесте элементтерін біле отырып кестелерді пішімдеу.



Тілдік мақсат

Деректерді кестелік берілуі бойынша талдай алады.

Лексика және терминология: Кесте, ұяшық, қатар, баған, парақ, қаріп, қарындаш, мәліметтер, кесте элементтері, пішімдеу.

Диалогтар мен жазу үшін қолданылатын тіркестер: Кесте құру үшін біз ... пайдаландық, себебі... Кестені толық көрсету үшін ... болады. Кестені пішімде үшін алдымен ... , содан кейін ... .



Талқылауға арналған тармақтар:

    1. Кесте дегеніміз не?

    2. Ұяшық дегеніміз не?

    3. Кестені құрудың қандай тәсілдері бар?

Құндылықтарға баулу

  • Шығармашылық және сын тұрғысынан ойлау;

  • Өзгелердің мәдениетіне және көзқарастарына құрмет пен қарау;

Жауапкершілікке баулу.

Пәнаралық байланыс

Математикалық есептеулер дұрыс жүргізіледі. Географиялық көрсеткіштер белгіленеді. Қазақстан тарихы бойынша тарихи мәліметтер көрсетіледі. Ағылшын тілі бойынша аудармалар жүргізіледі. Дизайнерлік көркемдеу орындалады.

Алдыңғы тақырып


Оқушылар нені біледі?

Компьютерлік жүйелер және олардың қауіпсіздігі.

Жоспар


Жоспарлаған

уақыт


Жоспарлаған жаттығулар (төмендегі

жоспарланған жаттығулармен қатар

ескертпелерді жазыңыз)



Ресурс

тар

Сабақтың басы

5 мин




5 минут

«Сұрақ жауап» әдісі

арқылы өткенді қайталау

  1. Ұйымдастыру.

Оқушылармен сәлемдесу , түгендеу, сынып ішіндегі тазалық пен сынып оқушыларының сабаққа қатысымын қадағалау.

Ынтымақтастықты қалыптастыру.

«Ақ тілек» атты сергіту сәтін өткізу.

Мақсаты: сыныпта сенімділік қарым – қатынас, жағымды кері байланыс орнату. Көңіл – күйлерін бағдаршам арқылы көрсету.

«Сұрақ жауап» әдісі

Оқушылардан «Сұрақ жауап» әдісі арқылы үй тапсырмасын сұраймын.

1.Вирус терминінің шығуы?

  1. Вирустың қандай түрлері бар?

  2. Рецензиялы және рецензиялы емес вирустар

  3. Антивирус дегеніміз не?

  4. Антивирустардың қандай түрлері бар?

  5. Антивирустар қандай мақсатта жасалынады?

  6. Антивирустардың жасалу себебі қандай?

Жаңа сабаққа кіріспе: «Ұшқыр ой» ортаға сурет қиындыларын беремін. Құрастырылған суреттердің ішінен өтілетін жаңа тақырып шығады.

Жаңа тақырып. Оқушы білгендерін тыңдай отырып, жаңа сабақ тақырыбымен және мақсатымен таныстыру.Ендеше, бүгінгі жаңа сабағымыз « Мәтіндік процессорда кесте элементтерін пішімдеу»

Топқа бөлу

Түрлі түсті қағаз арқылы топқа бөлемін.

1 – топ «Кестелер»

2 – топ «Ұяшықтар»


Доп, бағдар

шам





Түрлі түсті қағаздар


Сабақтың ортасы

15 минут








Терминдермен жұмыс



Жаңа тақырыпты

«Айналмалы бекеттер» әдісі арқылы тақырыпты оқуға тапсырмалар беріледі.

Мақсаты: Тақырыпты немесе сұрақты белсенді және енжар талқылайды.

2 топқа берілген тақырыпта постер қорғауды ұсынамын.

Топта: баяндамашы, көшбасшы, уақыт қадағалаушы болып рөлге бөлінеді. «Бас бармақ» әдісі арқылы белгілермен бірін-бірі бағалайды.

Термин сөздерді интерактивті тақта арқылы шығарып таныстырамын. Жаңа тақырыптағы термин сөздердің ағылшын тілінде аудармасымен танысады, қайталайды.



Оқулық,

Маркер

лер,

плакат

тар, стикер

лер,

үлестірме қағаздар,

интерак тивті тақта

Практикалық тапсырмалар

10 минут


Оқушыларға практикалық тапсырманы орындауға беремін.

Компьютердегі тәжірибелік жұмыс

1-тапсырма

Кестені құру тәсіліне мысал келтір. Кесте құру терезесін сипатта.

Автопішімдеу терезесін сипатта.

2- тапсырма

Төмендегі штаттық кесте үлгілерін пайдалана отырып, кесте құрыңдар.

3-тапсырма

Таблица қою терезесінің бөлшектеріне талдау жасаңыз. Әр команданың атқаратын қызметі туралы қорытынды шығарыңыз.




Оқулық, дәптер, компьютер

«Уақыт шеңбері» әдісі арқылы сабақты тиянақтау

5 мин

  1. Кесте дегеніміз не?

  2. Кестенің қандай түрлері болады?

  3. Кестені редакциялау кезінде не өзгереді?

  4. Кестедегі ақпаратты сорттау қалай жүзеге асады?

  5. Кесте құрамын пішімдеу командаларына не жатады?

Оқушылар берілген сұрақтарға жауап береді.

оқулық, дәптер

Критерилер

Дескриптор

  • Компьютердегі кестелерді сыза білу.

  • Кестелерді пішімдей білу.

  • Бағдарламаны дұрыс қолдану.

1.Кестеге мәліметтерді енгізе біледі.

2. Тақырып жолдарын көлденеңінен және ортасы бойынша қоя біледі.

3. Тақырып жолы қандай жағдайда тігінен жазылатынын біледі.

4. Кестенің не екенін біледі.

5. Кестені құру тәсілдерін біледі.

6. Кестені құруда стильдерді қолдана біледі.

7. Кестені құруда қарындашты қолдануды біледі.

8. Кестемен жұмыс кезінде қосымша тіркемелерді қолдануды біледі.

9. Мәтіндік процессормен жұмыс кезінде бағаннан және жолдан тұратын кесте құруды біледі.

10. Кестені ерекшелей біледі.

11. Қаріпті стандарт өлшемдерге келтіре біледі.

12. Ұяшықтарды біріктіре және бөле біледі.

13. Кестені толтыра біледі.

14. Кестені толтыруда бағанның енін өзгерте біледі.

Сабақтың соңы

5 мин

Кері байланыс


«Стикерлермен диалог» әдісі бойынша пікірлеріңді жазып түсіріңдер









Саралау – Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз?


Бағалау – Оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз?

Пәнаралық байланыс. Қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелері. Құндылықтардағы байланыс

Компьютерде орнатылған негізгі мәтіндік бағдарламамен жұмыс жасай білуі, кестелер түсіріп оны толтыру және форматтай білуі

«Уақыт шеңбері» әдісімен Сұрақтарға берген жауаптары бойынша;

  • Топтық жұмыста атқарған жұмыстарынан;

  • Жеке компьютердегі және дәптерге орындалатын тапсырма арқылы

Сабақта таныстырылымдар пайдалану, интернеттен алынған мәліметтер.

Оқушылардың компьютер алдында дұрыс отыруын қадағалау; Ағылшын, орыс тілі

Рефлексия

Сабақ/оқу мақсаттары шынайы ма? Бүгін оқушылар не білді? Сыныптағы ахуал қандай болды? Мен жоспарланған саралау шаралары тиімді болды ма? Мен берген уақыт ішінде үлгердім бе?

Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз. Сол ұяшықтағы Сіздің сабағыңыздың тақырыбына сәйкес келетін сұрақтарға жауап беріңіз.

Сабақ мақсаты нақты әрі қол жетімді болды. Яғни, сабағыма мақсат қоя білдім деп ойлаймын. Оқушылар өте белсенді болды. Сабақ түсіндіру барысында 2 топ бірге талқылап, ортақ пікірге, соның көмегімен түсіндіріп өтті.



Қорытынды бағамдау.

Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз?)

1: Оқушылар белсенді болды

2: кестелерді қалай форматтау керек екенін білді.

3: Мәтіндік процессорда кесте түсіруді және оны толтыруды білді.

Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз?)

1: Терминдерді ағылшын тілінде үйренді.

2: Барлық тапсырмалар орындалды.

Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім?

Кері байланыста жазылған ұсыныстар мен сұраныстарға негізделемін.










Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
3 ұстаз жүктеп алған
21 желтоқсан
1680
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі