400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Мәтіндік редактор. Word Pad мәтіндік редакторында жұмыс жасау".

Материал туралы қысқаша түсінік
Сабақтың тақырыбы: Мәтіндік редактор. Word Pad мәтіндік редакторында жұмыс жасау. Сабақтың мақсаты: Білімділік: Құжаттың құрылымы туралы. WordPad мәтіндік редакторының терезесі туралы түсінік беру, мәтінмен жұмыс жасау, құжаттарды құруға, ашуға, сақтауға үйрету; Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін, логикасын дамыту. Тәрбиелік: Оқушыларды ұқыптылыққа, жауапкершілікке тәрбиелеу. Сабақтың түрі: практикум элементтері бар түсіндірмелі - көрнекілікті Сабақтың көрнекілігі: дербес компьютер, интерактивті тақта. Сабақ барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі а/Оқушыларды түгендеу, сабаққа зейінін аудару. 2. Жаңа сабаққа дайындық. а/Тақырыбын жаздыру. б/мақсатын хабарлау. в/өткен материалдан сұрақтар беріп, қайталап өту. 3. Жаңа сабақ. А) Word Pad мәтіндік редакторы Word Pad мәтіндік редакторы қарапайым мәтіндік құжаттарды жасауға мүмкіндік береді. Word Pad мәтіндік редакторын іске қосу үшін келесі әрекеттерді орындаңдар: Іске қосу - Программалар - Стандартты - Word Pad.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы: Мәтіндік редактор. Word Pad мәтіндік редакторында жұмыс жасау.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Құжаттың құрылымы туралы. WordPad мәтіндік редакторының терезесі туралы түсінік беру, мәтінмен жұмыс жасау, құжаттарды құруға, ашуға, сақтауға үйрету;
Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін, логикасын дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларды ұқыптылыққа, жауапкершілікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: практикум элементтері бар түсіндірмелі - көрнекілікті
Сабақтың көрнекілігі: дербес компьютер, интерактивті тақта.

Сабақ барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі
а/Оқушыларды түгендеу, сабаққа зейінін аудару.
2. Жаңа сабаққа дайындық.
а/Тақырыбын жаздыру.
б/мақсатын хабарлау.
в/өткен материалдан сұрақтар беріп, қайталап өту.
3. Жаңа сабақ.
А) Word Pad мәтіндік редакторы
Word Pad мәтіндік редакторы қарапайым мәтіндік құжаттарды жасауға мүмкіндік береді.
Word Pad мәтіндік редакторын іске қосу үшін келесі әрекеттерді орындаңдар:
Іске қосу - Программалар - Стандартты - Word Pad.

Б) Word Pad - та құжат құру
Word Pad - та құжат құру үшін, төмендегі негізгі сатыларын орындау керек:
1. Қаріп және оның өлшемін таңдау
2. Мәтінді енгізу және редакциялау
3. Мәтінді пішімдеу
4. Құжатты сақтау және ашу
5. Баспаға шығар

Қаріп және оның өлшемін таңдау
.......................................................
Мәтінді енгізу және редакциялау

Мәтінді енгізгенде жолдар автоматты түрде төмен жылжытылып отырады.
Мәтінді теру кезіндегі кейбір пернелердің қызметі:
Enter – жаңа жолға көшу
Shift – бас әріптерді теру
CapsLock – бас әріптер режиміне ауысу
Backspace – меңзердің сол жағындағы символарды өшіру
Delete – меңзердің оң жағындағы символдарды өшіру
Мәтінді пішімдеу

Мәтіннің әлпетін өзгерту және мәтінді беттердің шеттері бойынша тегістеу әрекеттері орындау мәтінді пішімдеу деп аталады.
Мәтіннің әлпеті: Ж - жартылай қалың, К – курсив, Ч – асты сызылған,
Кәдімгі Пішімдеу құрал - саймандар тақтасындағы Ж, К, Ч батырмаларын шерту арқылы жылдам өзгертіледі.
Мәтінді тегістеу үшін Пішімдеу құрал - саймандар тақтасындағы сол жақ шеті, оң жақ шеті, ортасы бойынша
тегістеу батырмалары қолданылады.
Бұл әрекетті Формат - Абзац командалары арқылы да орындауға болады.
Құжатты сақтау және ашу

WordPad мәтіндік редакторында құжатты сақтау үшін
Файл – Сохранить как командасын орындаймыз.
Осы редакторда сақталған файлдың кеңейтілуі автоматты түрде *. doc болады.
Сақталған құжатты ашу үшін: Файл – Открыть командасын орындаймыз
Жаңа құжат құру үшін: Файл – Создать командасын орындаймыз
Баспаға шығару
Құжат құрудың соңғы сатысы – оны баспаға беру.
Құжатты баспаға басу әрекеттері:
Файл – предварительный просмотр (алдын ала қарап шығу)
Файл – Печать

4. Жаңа сабақты бекіту.
Бақылау сұрақтарымен тапсырмаларға жауап бер.
1. Мәтіндік редактор дегеніміз не?
2. Word Pad программасын қалай іске қосамыз?
3. Word Pad терезе элементтерін атандар?
4. Word Pad - та құжат құру сатылары?
5. Құжатты бірінші рет сақтау командалары
6. Бас әріпті теру үшін қай батырманы басады?

4. Практикалық жұмыс
№1 ПРАКТИКАЛЫҚ ЖҰМЫС
1. Word Pad редакторын іске қос
2. Өзің туралы мәтін жаз. Қаріптің 14 - өлшемі, Times New Roman.
№2 ПРАКТИКАЛЫҚ ЖҰМЫС
1. Word Pad редакторын іске қос
2. М. Мақатаевтың өзің білетін өлең жолдарын жаз. Қаріптің 14 - өлшемі, Times New Roman.
№3 ПРАКТИКАЛЫҚ ЖҰМЫС
1. Word Pad редакторын іске қос
2. Абай Құнанбаевтың өлеңінен бір шумақ жаз. Қаріптің 14 - өлшемі, Times New Roman.
5. Бағалау. «Өзіңді тексер!» тестін оқытып жауап бере отырып бағаларын қою.
6. Үйге тапсырма:

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
24 қаңтар
964
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі