400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Мәтінмен жұмыс

Материал туралы қысқаша түсінік
Мәтінмен жұмыс
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы: Мәтінмен жұмыс

Сабақтың мақсаты :

а) Түрлі әдістерді пайдалана отырып балаларды тапқырлық, жылдамдық, есте сақтау қабілеттерін артыру. Сөйлеу тілін жетілдіріп, шешендік өнерге баулу ;

ә) Оқушылардың туған жер тарихына деген патриоттық сезімін ояту, адамгершілікке баулу, халық даналығы, халық өсиеттерінен нәр алғызу, сөз өнеріне деген қызығушылығын арттыру;

б) Ой еркіндігіне, ізденімпаздыққа баулу, сөйлеу мәдениетін жетілдіру, өз бетімен әрекеттенуге дағдыландыру.

Сабақтың түрі: Дәстүрлі сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ – жауап

Сабақтың көрнекілігі: кеспе қағаздар, кітап.

Пәнаралық байланыс: әдебиет, тарих

Сабақтың барысы:

а) Ұйымдастыру кезеңі :

Оқушылармен амандасу, түгелдеу, оқу құралдарын тексеру. Сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ә) Үй тапсырмасын пысықтау:

Үйге берілген жаттығуды тексеремін.

1. Эвфемизм дегеніміз не?

2. Дисфемизм дегеніміз не?

3. Табу дегеніміз не?

4. Антоним дегеніміз не?

5. Синоним дегеніміз не?

6. Омоним дегеніміз не?

7. Лексика нені зерттейді?

б) Жаңа сабақты түсіндіру:

Мәтін деп айтылған ой-пікірдің, белгілі бір шығармашылық жұмыстың, біреудің шығармасының не оның үзіндісінің қағазға түскен немесе ауызша айтылған түрін айтады. Мәтін өзара байланысты бірнеше сөйлемнен тұрады да, олардағы ойлар жинақталып келіп автордың белгілі бір пікірін, көзқарасын білдіреді.

Мәтін туралы түсінік берген соң суреттер қойып соған қарап мәтін құратқызамын.

Оқушыларға мынадай тапсырма беремін.

1. Жолдасына хат жазуды тапсыру.

2. Өзінің бір нәрсеге қуанған кезіндегі көңіл күйін баяндап жаздыру.

3. Бір нәрседен шошынып, қорыққан жай-күйін жаздыру.

4. Табиғат көрінісін суреттеу.

5. Әжесінің, атасының, әке-шешесінің айтқан жақсы әңгіме, тілектерін баяндап жаздыру.

Білімді бекіту: 1.Мәтін дегеніміз не? 2.Мәтіндегі ой бөліктері дегенді қалай түсінесің? 3.Мәтін мен мазмұнның байланысы дегенді қалай түсінесің?

Бағалау: Сабаққа қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.

Үйге тапсырма: Үйге кез-келген тақырыпқа мәтін құрап келуге беремін.





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
01.07.2026
8
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі