Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Мәтінмен жұмыс. Әкенің еркелігі.

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақ тілі сабағындағы мәтіндерге байланысты жаттығу жұмыстары оқушылардың мәтінді түсіну, талдау және ойын дұрыс жеткізу дағдыларын дамытады. Сабақ барысында әртүрлі тапсырмалар арқылы оқушылардың сөздік қоры молайып, тілдік сауаттылығы артады. Бұл сабақтың негізгі мақсаты – мәтіннің мазмұнын меңгертіп, оқушылардың сөйлеу және жазу мәдениетін жетілдіру. Мұндай жаттығулар оқушылардың сыни ойлауын, шығармашылық қабілетін және өз пікірін дәлелдей білуін қалыптастырады. Сабақтың басқаларға пайдасы – тиімді әдіс-тәсілдерді қолдану арқылы білім сапасын арттыруға мүмкіндік береді. Негізгі ойы – мәтінмен жүйелі жұмыс жасау арқылы оқушылардың қазақ тілінде еркін қарым-қатынас жасау құзыреттілігін дамыту.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мәтінмен жұмыс жүргізу

Әкенің еркелігі

Ертеде бір бала әкесіне: «Сені кейін ер жеткен соң, аяғыңды жерге тигізбей, арқалап жүремін», - дейді екен. Бұл оның әке парызы туралы түсінігі болса керек.

Уақыт деген ұшқан құс, құйғытып шапқан тұлпар емес пе? Жыл артынан жыл өтеді. Бала жігіт болады. Әкесі қартаяды да, бір күні қатты науқасқа шалдығады. Ұлы «пәлен жерде ғұлама емші бар» дегенді естиді. Әкесіне: «Баяғыда көп айта беруші едім ғой, сол сөзім – сөз, емшіге арқалап апарамын», - дейді. Әке өз қадірін түсінген перзентіне тәнті болады. Әуе айналып жерге түскендей шілденің ыстық күнінде екеуі жолға шығады. Жігіттің арқасында – әкесі. Бірнеше күн өтеді. Айнала сағым, мұнар. Топырақ та, ауа да от. Аңызақ. Шөл. Жігіт шаршайды.

Ұлының арқасында отырған әкесі бір күні көз ұшында қарайған әлденені көреді. Баласынан: - Балам, анау не, көзім жетпей тұр? – дейді. Қанша шаршаса да, жас емес пе, жігіт алға көзін тігеді. Ол қарайған түйе екен.

-  Түйе ғой, әке, түйе! – дейді ол ашу-ызасыз. Ішінен: «Әкем бала болып кетті ме сонша. Адам өзі діңкелеп келе жатқанда... Мазаны алмай тыныш отырмай ма?» - деп күбірлейді.

Бұлар емшінің аулына қарай жылжи береді. Аздан соң әкесі жаңағы сұрағын қайталайды.

-  Анау не, балам?

-  Жаңағы түйе ғой, әке. Түйе, түйе!

Даусы шаршау шығады. Бұған не болған дегендей әкесіне алара қарайды. Әуелде қу-сүйек жеп-жеңіл боп көрінген әкесі енді зіл қара тас секілді. Жігіттің қол-аяғының буын-буыны кетіп шаршайды. Осылай титықтап келе жатқан кезде артық сөздің өзі - артық қамшы. Арқасы терден удай ашиды. Ашуланып аударып тастай салатын зат емес. Әке. Ал әкесі баласының бұл күйін білмей келе жатқан сияқты. Ат үстінде отырғандай жайбарақат көңілді. Не болса соны әңгіме етіп қояды.

Сүт пісірім уақыт өткен соң, жаңағы сұрағын үшінші рет қояды.

- Анау не, балам?

Жігіт қарайды да:

- Түйе ғой, түйе! – деп ақырып жібереді. – Осымен үшінші рет сұрадың. Неге қажет сонша. Мен мынау өлейін деп...

-  Балам, тоқта, түсейін арқаңнан, болды енді, - дейді өкпелеп.

-  Неге? Отыра бер.

-  Жоқ. Болмайды. Әкеңнің бір еркелігін көтермедің. Баяғыда сен арқамда отырып: «Аспандағы жалғыз айды: «О, не?» деп сұрасаң, ерінбей-жалықпай жүз рет жауап беруші ем. Жылқының түнгі күзетінен титықтап келгенде де бетіңе жел боп тимейтінмін. Жасқаншақ болмасыншы дейтінмін. О, дүние-ай!  Енді бұл аурудан айығам деген үмітім жоқ, тек сенің көңілің үшін шықтым. Бір еркелігімді көтермедің. Қой, осы жерден елге қайтам! – деді әкесі.

Бәрі де көңілге байланысты ғой, мүмкін, еркелігін көтерсе, әкесі сырқатынан жазылып та кетер ме еді, кім білсін...

(С. Оспанов)

  Мәтін бойынша логикалық тапсырмалар:

1.  Жігіттің, әкесінің  әрекетіне баға беріңдер. Топтардың тапсырмасы түс таңдау арқылы жүзеге асады(қызыл – жігіт, көк – әке)

 1 – топ

Жігіт

2 - топ

Әке

дұрыс әрекеті

бұрыс әрекеті

дұрыс әрекеті

бұрыс  әрекеті









 

2.  Уәде де тұру, ата-ана алдындағы парыз деген не?

3.  Әке сөзінің мәтіндегі барлық тұлғасын теріп жаз, тұлғасына талда, қосымшалар сөзге қандай мән үстеп тұрғанын айт.

4.  Мәтіннен диалект сөздерді теріп жаз, оларға өз тарапыңнан синоним айт. Түсінбегенің болса мұғалімнің көмегіне сүйен.

5. «Аяғын жерге тигізбеу», «бетіне жел боп тимеу», « титықтап келу», «көзі жетпеу», «көз ұшында қарайған», «көзін тігу» сөздеріне балама жаз.

6.  Мәтіннен бір сөзден тұратын сөйлемдерді теріп жазып, оларға  тән ерешеліктерді ата, анықтама бер.

7. Мәтінге сен қандай ат қояр едің? Неге?

8. Ата-ана алдындағы парызды өзің қалай түсінесің? Өз ойыңды дәлелдермен жеткізіп, ойтолғау жаз.

9. Өздерің оқыған қай мәтіндер естеріңе түсті?

10. Мәтіннен алынған сөздерді не біріктіреді.

Әке, әуе, аңызақ, ата-ана, ұлы, ашуланып.

11.  Мәтін бойынша «Шынжыр» ойыны

Соңғы әріп тізбегі бойынша мәтіндегі сөздерді тізбекте.

Үлгі: әкеекеуіішіненнеелге, ...

12.  «3 бітеу буын» ойыны. Мәтіннен 3 буыныда бітеу сөздерді теріп жазыңдар

Үлгі: жасқаншақ, түскендей, ...

13.  Мәтіннен құрамындағы қатар тұрған екі әрпін алып етістік құрауға болатын сөздерді теірп жаз.

Көңіл – іл, алға – ал, ...

14. Мәтіндегі сөздерді мүмкіндігінше синонимдермен алмастырып, қайта жазып шық.

15.  Мәтіннен барлық сөйлем мүшесі кездесетін сөйлемдерді теріп жаз.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
01.07.2026
0
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12