МӘТІНМЕН ЖҰМЫС АРҚЫЛЫ БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ОҚУ САУАТТЫЛЫҒЫН ДАМЫТУ

Тақырып бойынша 31 материал табылды

МӘТІНМЕН ЖҰМЫС АРҚЫЛЫ БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ОҚУ САУАТТЫЛЫҒЫН ДАМЫТУ

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазіргі білім беру кеңістігінде бастауыш сынып оқушыларының оқу сауаттылығын дамыту – білім сапасын арттырудың басты бағыттарының бірі. Оқу сауаттылығы оқушының тек мәтінді дұрыс, мәнерлеп оқуымен шектелмей, ондағы ақпаратты түсінуі, талдауы, бағалауы және өмірлік жағдаяттарда қолдана білуімен тығыз байланысты. Осы тұрғыда мәтінмен жұмыс жасау – бастауыш сыныптағы оқу үдерісінің өзегі болып табылады. Ұсынылып отырған әдістемелік құрал мұғалімдерге мәтінмен жұмыс арқылы оқушылардың оқу сауаттылығын жүйелі әрі тиімді дамыту
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Алматы облысы білім басқармасының «Еңбекшіқазақ ауданы бойынша

білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің

«Н.Островский атындағы орта мектебі»коммуналдық мемлекеттік мекемесі













МӘТІНМЕН ЖҰМЫС АРҚЫЛЫ БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ОҚУ САУАТТЫЛЫҒЫН ДАМЫТУ


(Мектеп мұғалімдеріне арналған әдістемелік нұсқаулық)


Бастауыш сынып мұғалімі : Курманова Перизат Талгатовна

Изображение WhatsApp 2025-03-26 в 03.11.03_31a8f842.jpg









Бәйдібек би ауылы 2026 жыл

«Бекітемін»

Мектеп директоры: Ғ.К.Молдабаева

«______» ____________2026жыл












«МӘТІНМЕН ЖҰМЫС АРҚЫЛЫ БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ОҚУ САУАТТЫЛЫҒЫН ДАМЫТУ


(Мектеп мұғалімдеріне арналған әдістемелік құрал)



Автор:Курманова Перизат Талгатовна























«Ұсынылды»

Сараптау комиссиясының шешімі


«______» ____________2026 жыл





Алғы сөз


Құрметті әріптес!

Қазіргі білім беру кеңістігінде бастауыш сынып оқушыларының оқу сауаттылығын дамыту – білім сапасын арттырудың басты бағыттарының бірі. Оқу сауаттылығы оқушының тек мәтінді дұрыс, мәнерлеп оқуымен шектелмей, ондағы ақпаратты түсінуі, талдауы, бағалауы және өмірлік жағдаяттарда қолдана білуімен тығыз байланысты. Осы тұрғыда мәтінмен жұмыс жасау – бастауыш сыныптағы оқу үдерісінің өзегі болып табылады. Ұсынылып отырған әдістемелік құрал мұғалімдерге мәтінмен жұмыс арқылы оқушылардың оқу сауаттылығын жүйелі әрі тиімді дамытуға бағытталған. Құралда оқу сабақтарында қолдануға болатын заманауи әдіс-тәсілдер, тапсырма үлгілері мен практикалық ұсыныстар қамтылып, оқушылардың жас ерекшеліктері мен танымдық қабілеттері ескерілген. Мәтін түрлерімен жұмыс жасау барысында оқушылардың сыни ойлауын, сөздік қорын, өз ойын еркін жеткізу дағдыларын қалыптастыру көзделеді. Бұл әдістемелік құрал бастауыш сынып мұғалімдеріне, әдіскерлерге және педагогикалық бағыттағы білім алушыларға оқу сауаттылығын дамытуда көмекші құрал болады деп сенеміз. Ұсынылған материалдар ұстаздардың шығармашылық ізденісіне жол ашып, оқу үдерісін қызықты әрі нәтижелі ұйымдастыруға ықпал етеді деген үміттемін.

Әдістемелік құралда келесі ұстанымдар басшылыққа алынады:
жүйелілік пен сабақтастық ұстанымы – мәтінмен жұмыс тапсырмаларының сыныптан сыныпқа бірізді дамуы;
қолжетімділік ұстанымы – тапсырмалардың оқушы деңгейіне сәйкестігі;
белсенділік және әрекетке бағыттылық ұстанымы оқушының оқу үдерісіне белсенді қатысуы;
дифференциация ұстанымы – оқушылардың жеке мүмкіндіктерін ескеру;
функционалдық бағыттылық ұстанымы – алынған білімді өмірлік жағдаяттарда қолдануға бағыттау;
рефлексия ұстанымы – оқу нәтижесін бағалау және өзіндік талдау жасау

Баршаңызға сәтті жұмыс, шығармашылық табыс тілеймін!





КІРІСПЕ

 Мәтін – қазақ тілін оқыту барысында үлкен орын алатын оқыту нысаны. Біріншіден, тілден білім беретін материал оқыту мәтіндері түрінде болса, екіншіден, жаттығулардың тұтас мәтін түрінде берілуі де мәтінмен орындалатын жұмыстардың сараланып жүйеленуін қажет етеді.

1. Мәтіннің қызметін таныту – оқушыға тіл бірліктерін функционалдық тұрғыдан танып-білуіне, сол арқылы логикалық ойлауы бірізді қалыптасуына мүмкіндік береді. Осыған байланысты мұғалім мәтінмен жұмысты жүйелі жүргізгенде және оқушының сауатты оқу дағдысын қалыптастыра білгенде ғана нақты нәтижеге қол жеткізе алады.

     Мәтінмен жұмыс істеу мынандай кезеңдерге бөлінеді:

     I. Мәтінді оқығанға дейінгі жұмыс.

     II. Мәтінмен жұмыс кезеңі.

     III. Мәтінді оқығаннан кейінгі кезең.

 1.1.Мәтінмен жұмыс істеу кезеңінде оқушыларды топтарға бөліп, әр топқа лайықты тапсырма беру қажет. Ол үшін қазақ тілінде мәтінді оқудың ерекшеліктерін меңгерткен жөн:

     а) қазақ тіліне тән дыбыстардың айтылуы, жазылуы;

     ә) ол дыбыстарды айтылу және жазылу жағынан бір-бірінен ажырата білу;

     б) сөз мағыналарын контекске қарай талдау (синонимдік қатар, омонимдер).

    1.2. Мәтінді оқуда төмендегідей әдіс-тәсілдерді қолдануға болады:

     1. Дауыстап оқу – сөздерді дұрыс айту дағдыларын қалыптастырады, сонымен қатар, оқушылар бірінің қатесін бірі түзетуге мүмкіндік береді.

     2. Іштей оқу – бұл әдіс бойынша мәтінді оқып, әңгімелеп беру арқылы мәтінді басқаның көмегінсіз өзінің түсіну деңгейін көрсетеді.

     3. Араласып оқу (кезекпен оқу).

     4. Мәтінді мәнерлеп оқу.

Осындай жұмыс түрлерін жүргізу кезінде оқушылардың ой-өрісін дамытуға, терең білім алуларына мүмкіндік туады. Мәтінмен жұмыс жасау кезінде сын тұрғысынан ойлау әдістерін қолдануға болады. Мәтінмен жұмыс арқылы ойды қозғату, ояту арқылы әсер ету жүзеге асады.

 1.3.  Осы кезеңге қызмет ететін «Топтау», «Түртіп алу», «Ойлану», «Жұпта талқылау», «Болжау», «Әлемді шарлау» әдістерін (стратегиялар) пайдаланамын. Қызығушылықты ояту кезеңінде оқушы өз білетінін еске түсіреді, қағазға жазады, көршісімен бөліседі, тобында талқылайды. Бөлісу, ортаға салу арқылы оның ойы ашылады, тазарады. Оқушы бұл кезеңде жаңа білім жайлы ақпарат жинап, оны байырғы біліммен ұштастырады. Мәтіннен жаңа ақпарат алады, тақырып бойынша жұмыс істейді, тапсырмалар орындайды. Оның өз бетімен жұмыс жасап, белсенділік көрсетуіне жағдай жасалады. Оқушылардың мәтін бойынша жұмыс жасауына көмектесетін оқыту стратегиялары бар. Соның бірі INSERT. Ол бойынша оқушыға оқу, тақырыппен танысу барысында «V» – “білемін”, ― — «мен үшін түсініксіз», «+» — «мен үшін жаңа ақпарат», «?» – «мені таң қалдырады» белгілерін қойып отырып оқу тапсырылады. INSERT – оқығанын түсінуге, өз ойына басшылық етуге, ойын білдіруге үйрететін ұтымды құрал. Бір әңгіменің соңына тез жету, оқығанды есте сақтау, мәнін жете түсіну – күрделі жұмыс.  

     Оқушылар өз ойларын, өздері байқаған ақпараттарды өз сөздерімен айта алады. Бұл сатыда оқушылар бір-бірімен әсерлі түрде ой алмастыру, ой түйістіру, өз үйрену жолын, кестесін жасау мақсатында басқалардың әртүрлі кестесін біліп үйренеді. Бұл үйрену сатысы – ойды қайта түйіп, жаңа өзгерістер жасайтын кезең болып табылады. Әртүрлі шығармашылықпен ой түйістіру болашақта қолданылатын мақсатты құрылымға жетелейді.

  1.4. Оқу сауаттылығының 3 құрамдауышы (жағдай, мәтін, аспект) бойынша оқушыларды мәтіндермен жұмыстандырып, сол мәтіндердегі шынайы мысалдарды неғұрлым көбірек табуға жұмыстандыру арқылы мәтін типін зерттеуге қатыстыру, мәтінде берілетін қорытынды ойды беретін сұрақтар бойынша жұмыстар жүргізу тиімді. Мәтінмен жұмыс істеуде: мәтіннен ақпарат алып, оған тақырып таңдап, мәтіннің жалпы мағынасын беретін тезис құрап, графиканың негізгі бөліктері мен картаның, суреттің мақсатын түсіндіру, салыстыру және мәтіннің сипаты мен түрін анықтау керек. Мәтіннен ақпарат табу үшін оқушы мәтінді оқи отырып, оның негізгі бөліктерін айқындап, ондағы айтайын деген негізгі ойды табады. Сонымен бірге мәтіндегі түрлі ақпаратты салыстырып және қарама-қарсы қойып, тезистер арқылы қорытындылар жасайды.

2.Мәтінмен жұмыстың мақсаты мен міндеттері

2.1.Бастауыш сынып оқушыларының оқу сауаттылығын дамытуда мәтінмен жұмысты негізгі педагогикалық құрал ретінде пайдалану арқылы оқушылардың мәтінді саналы қабылдау, мазмұнын терең түсіну, негізгі және қосымша ақпаратты ажырату, ақпаратты талдау, интерпретациялау және бағалау қабілеттерін қалыптастыру. Сонымен қатар оқу үдерісінде алынған білімді функционалдық тұрғыда қолдана алатын, тілдік және танымдық құзыреттілігі дамыған тұлғаны тәрбиелеуге бағыттау.

2.2. Мәтінмен жұмыстың міндеттері

  • бастауыш сынып оқушыларының мәтінді саналы, түсініп оқу дағдыларын қалыптастыру және жетілдіру;

  • мәтіннің тақырыбы мен негізгі идеясын анықтау, құрылымдық бөліктерін ажырату арқылы логикалық ойлау қабілеттерін дамыту;

  • мәтіндегі негізгі және қосымша ақпаратты іріктеу, салыстыру, жүйелеу дағдыларын қалыптастыру;

  • әртүрлі типтегі (көркем, ақпараттық, ғылыми-көпшілік) мәтіндермен жұмыс жасау арқылы оқушылардың оқу тәжірибесін кеңейту;

  • мәтін мазмұны бойынша талдау, тұжырым жасау, қорытынды шығару қабілеттерін дамыту;

  • оқушылардың сөздік қорын молайтып, ауызша және жазбаша тілін ғылыми-нормативтік талаптарға сай дамыту;

  • оқыған мәтін негізінде өз көзқарасын дәлелді түрде білдіру, пайымдау және рефлексия жасау дағдыларын қалыптастыру;

  • мәтінмен жұмыс барысында оқушылардың функционалдық оқу сауаттылығын арттыру және алған білімін өмірлік жағдаяттарда қолдана білуіне жағдай жасау.

3. Қазіргі білім беру жүйесінде бастауыш сынып оқушыларының оқу сауаттылығын дамыту – білім сапасын арттырудың негізгі бағыттарының бірі болып табылады. Оқу сауаттылығы оқушының мәтінді түсініп оқуымен ғана шектелмей, ондағы ақпаратты талдау, жүйелеу, қорытынды жасау және оны күнделікті өмірде қолдана білу қабілеттерімен айқындалады. Сондықтан бастауыш сыныпта мәтінмен жұмысты тиімді ұйымдастыру мәселесі ерекше өзектілікке ие. Мектеп тәжірибесінде мәтінмен жұмыс көбінесе мәтін мазмұнын қайталау немесе сұрақтарға жауап беру деңгейінде қалып, оқушылардың мәтінді терең түсіну, интерпретациялау, бағалау және өз көзқарасын білдіру дағдыларын толық дамытуға мүмкіндік бермей жатады. Бұл жағдай оқу сауаттылығын дамытуға бағытталған әдістемелік жұмыстарды жүйелеуді және мәтінмен жұмыстың тиімді тәсілдерін қайта қарастыруды талап етеді.

3.1 Бастауыш сыныпта мәтінмен жүйелі жұмыс жүргізу оқушылардың тілдік қорын байытып, байланыстырып сөйлеу дағдыларын дамытумен қатар, олардың танымдық белсенділігін арттырады, оқу әрекетіне қызығушылығын қалыптастырады. Сонымен бірге оқушыларды ақпаратпен жұмыс жасауға үйрету – қазіргі қоғамның сұранысына сай функционалдық сауатты тұлға қалыптастырудың маңызды алғышарты болып табылады. Осыған орай, бастауыш сынып оқушыларының оқу сауаттылығын мәтінмен жұмыс арқылы дамытуға арналған әдістемелік құрал мұғалімдерге оқу үдерісін тиімді ұйымдастыруға, заманауи талаптарға сай әдіс-тәсілдерді қолдануға және оқушылардың оқу нәтижелерін арттыруға бағытталған практикалық көмекші құрал ретінде өзекті болып табылады.Төменде мәтінмен жұмыста жоғары нәтиже беретін әдістер беріледі:

3.2. Мәтінге дейінгі жұмыс әдістері

(оқуға ынталандыру, болжау, алдын ала дайындық)

Болжау әдісі – мәтін тақырыбы, сурет немесе кілт сөздер арқылы мазмұнын алдын ала болжау.

Ассоциация құру – берілген тақырып бойынша ой қозғау, ұғымдар арасындағы байланысты анықтау.

Тірек сөздермен жұмыс – мәтінде кездесетін жаңа немесе күрделі сөздердің мағынасын ашу.

Кластер әдісі – тақырыпқа қатысты білімдерін жүйелеу.

Сұрақ қою әдісі – мәтінді оқу мақсатын анықтау.

INSERT стратегиясы – оқушының не білетінін, не білгісі келетінін анықтау.

3.3.Мәтінмен жұмыс барысындағы әдістер

(түсіну, талдау, ақпаратты іріктеу)

Мәтінді бөліктерге бөлу – құрылымдық талдау жасау.

Мәнерлеп оқу әдісі – интонация, екпін, пауза арқылы мағынаны ашу.

Таңдамалы оқу – қажетті ақпаратты табу.

Белгілеу әдісі – негізгі ойды, маңызды тұстарды белгілеу.

Сұрақ-жауап әдісі – мәтін мазмұнын түсіну деңгейін анықтау.

Т-кесте – салыстыру, қарама-қарсы ұғымдарды анықтау.

Оқиға желісін құру – оқиғалардың ретін анықтау.

Себеп–салдарлық байланыс – мәтіндегі логикалық қатынастарды табу.

3.4. Мәтіннен кейінгі жұмыс әдістері

(қорыту, бағалау, қолдану)

Мәтінге тақырып қою – негізгі ойды анықтау.

Жоспар құру – мәтінді жүйелеу.

Қысқаша мазмұндау – ақпаратты ықшамдап жеткізу.

Синквейн әдісі – мәтін мазмұнын шығармашылық тұрғыда қорытындылау.

RAFT стратегиясы – рөлдік жазылым арқылы мәтінді түсіну.

Дөңгелек үстел – пікір алмасу.

Пікір білдіру – мәтін мазмұнына баға беру.

Рефлексия – оқу нәтижесін бағалау

4. Мәтінге дейінгі тапсырмалар

(оқуға ынталандыру, болжау)

1-тапсырма. Болжау
Мәтін тақырыбын оқы.
– Мәтін не туралы болуы мүмкін?
– Қандай кейіпкерлер кездеседі деп ойлайсың?
Өз ойыңды 2–3 сөйлеммен жаз.

Мақсаты:
Оқушыны мәтін мазмұнын саналы қабылдауға бағыттау, ойлау белсенділігін арттыру.

Орындалу жолы:
Мұғалім мәтін тақырыбын немесе иллюстрацияны ұсынады. Оқушылар мәтін мазмұны туралы өз болжамдарын айтады немесе жазады.

Нәтижесі:
Оқушы мәтінді мақсатты түрде оқуға үйренеді, алдын ала ой қорыту дағдысы қалыптасады.


2-тапсырма. Тірек сөздермен жұмыс
Берілген сөздерге назар аудар:
табиғат, еңбек, жауапкершілік.
– Бұл сөздер мәтін мазмұнымен қалай байланысты болуы мүмкін?

Мақсаты:
Мәтінді түсінуге қажетті лексикалық қорды алдын ала меңгерту.

Орындалу жолы:
Мәтінде кездесетін негізгі сөздер талданып, олардың мағынасы ашылады, сөйлем құрастырылады.

Нәтижесі:
Оқушы жаңа сөздерді меңгереді, мәтінді оқу барысында мағыналық қиындықтар азаяды.

4.1. Мәтінмен жұмыс барысындағы тапсырмалар (түсіну, талдау)

1-тапсырма. Таңдамалы оқу
Мәтінді оқып, төмендегі сұрақтарға мәтіннен жауап тап:
– Оқиға қай жерде болды?
– Кейіпкер қандай әрекет жасады?

Мақсаты:
Мәтіннен нақты ақпаратты таба білу дағдысын қалыптастыру.

Орындалу жолы:
Мұғалім нақты сұрақтар қояды, оқушылар жауапты мәтіннен іздеп табады.

Нәтижесі:
Оқушы мәтінді толық емес, мақсатты түрде оқуға дағдыланады.

2-тапсырма. Негізгі ойды анықтау
Мәтінді қайта оқы.
– Автор нені айтқысы келген?
– Мәтіннің негізгі ойын бір сөйлеммен жаз.

3-тапсырма. Себеп–салдар
Мәтіндегі оқиғаның себебі мен салдарын анықта.

Мақсаты:
Логикалық ойлау мен талдау дағдыларын дамыту.

Орындалу жолы:
Оқиғаның себебі мен нәтижесі кесте немесе ауызша талдау арқылы анықталады.

НShape2 Shape1 әтижесі:
Оқушы оқиға желісін логикалық тұрғыда түсінеді

СЕБЕП САЛДАР

4.2 . Мәтіннен кейінгі тапсырмалар

(қорыту, бағалау)

1-тапсырма. Жоспар құру
Мәтін мазмұны бойынша 3 бөлімнен тұратын жоспар құрастыр.

2-тапсырма. Қысқаша мазмұндау
Мәтін мазмұнын 4–5 сөйлеммен мазмұнда.

3-тапсырма. Пікір білдіру
– Кейіпкердің әрекетіне қалай қарайсың?
– Егер сен оның орнында болсаң, не істер едің?

4.3 . Шығармашылық тапсырмалар (ойлау, интерпретация)

1-тапсырма. Мәтінді жалғастыр
Мәтін соңын өз ойыңмен аяқта.

2-тапсырма. Балама атау
Мәтінге басқа атау ойлап тап және неге солай атағаныңды түсіндір.

3-тапсырма. Синквейн құрастыру
Мәтін мазмұны бойынша 5 жолды өлең құра
тыру

4.4. Дифференциацияланған тапсырмалар

А деңгейі (төмен)
– Мәтіннен кейіпкердің атын тап.

В деңгейі (орта)
– Кейіпкердің мінезін сипатта.

С деңгейі (жоғары)
– Мәтін мазмұнына байланысты қорытынды жаса.

4.5. Функционалдық оқу сауаттылығына бағытталған тапсырмалар

1-тапсырма. Өмірмен байланыстыру
– Мәтіндегі жағдай өмірде кездесуі мүмкін бе?
– Осы мәтіннен қандай сабақ алдың?

2-тапсырма. Ақпаратты түрлендіру
Мәтін мазмұнын сызба немесе кесте түрінде көрсет

5. Әдістерді жүйелі қолдану нәтижесінде бастауыш сынып оқушыларының оқу сауаттылығын дамытуда төмендегідей нәтижелерге қол жеткізу көзделеді:
– оқушылардың мәтінді түсініп, саналы оқу дағдылары қалыптасады;
– мәтін мазмұнын талдау, негізгі ойды анықтау және қорытынды жасау қабілеттері дамиды;
– әртүрлі типтегі мәтіндермен (көркем, ақпараттық, танымдық) жұмыс жасау дағдылары жетіледі;
– оқушылардың сөздік қоры молайып, ауызша және жазбаша сөйлеу мәдениеті қалыптасады;
– мәтін бойынша өз ойын дәлелді жеткізу, пікір білдіру және бағалау дағдылары дамиды;
– оқушылардың оқу мотивациясы артып, кітап оқуға деген қызығушылығы қалыптасады;
– функционалдық оқу сауаттылығы дамып, алынған білімді өмірлік жағдаяттарда қолдана білу қабілеті артады.

5.1. Көрсетілген әдісті 1–4 сыныптарда оқу, әдебиеттік оқу, қазақ тілі сабақтарында;
– сабақ барысында, қайталау және бекіту кезеңдерінде;
– оқу сауаттылығын дамытуға бағытталған факультатив, үйірме жұмыстарында;
– мұғалімдердің әдістемелік тәжірибесін жетілдіру мақсатында;
– педагогикалық бағыттағы білім алушыларды даярлау үдерісінде қолдануға болады.

Қорытынды:

Оқу сауаттылығының 3 құрамдауышы (жағдай, мәтін, аспект) бойынша оқушыларды мәтіндермен жұмыстандырып, сол мәтіндердегі шынайы мысалдарды неғұрлым көбірек табуға жұмыстандыру арқылы мәтін типін зерттеуге қатыстыру, мәтінде берілетін қорытынды ойды беретін сұрақтар бойынша жұмыстар жүргізу тиімді. Мәтінмен жұмыс істеуде: мәтіннен ақпарат алып, оған тақырып таңдап, мәтіннің жалпы мағынасын беретін тезис құрап, графиканың негізгі бөліктері мен картаның, суреттің мақсатын түсіндіру, салыстыру және мәтіннің сипаты мен түрін анықтау керек. Мәтіннен ақпарат табу үшін оқушы мәтінді оқи отырып, оның негізгі бөліктерін айқындап, ондағы айтайын деген негізгі ойды табады. Сонымен бірге мәтіндегі түрлі ақпаратты салыстырып және қарама-қарсы қойып, тезистер арқылы қорытындылар жасайды.

     Тіл дамыту жұмысын әр сабақта жүргізіп отыру үшін мұғалім керекті дидактикалық материалдарды, құрал – жабдықтарды күні бұрын дайындап, сабақты қызықты, уақытты үнемдеп ұйымдастыра білуі қажет.

     Суретпен жұмыс істеу арқылы қазақ тілінде сөйлем құрастырып үйретуге, жаңа сөз жаттатқызуға болады. Бұл үшін оқулықтағы немесе интерактивтік тақтамен, қосымша слайд материалдары пайдаланылады.

     Тіл дамыту жұмысының ең бір маңызды түрі – сөздікпен жұмыс. Сөздікпен жұмыс тек қана мәтінді өткенде жүргізілмейді. Сонымен бірге грамматикалық анықтамаларды, жаттығу жұмыстарын, суретпен жұмыста, өлең, жұмбақ түсіндіргенде, сұрақтарға жауап бергенде де жүргізіліп отырады. Олай болатын себебі орыс мектептеріндегі қазақ тілінің әр сабағында жаңа сөз, жаңа ұғым түсіндіріледі.

























Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1. Адамбаева Ж., Жұмағұлова Ш. Тіл дамыту текстері. — Алматы, 1996.

2. Жапбаров А. Оқушылардың жазбаша тілін дамыта оқытудың ғылыми- әдістемелік негіздері. -Алматы, -2007, -120-122 бб.

3. Оқу сауаттылығы. Тренерге арналған нұсқаулық. — PEARSON, 2013. – 138 б.

4. Мұғалімге арналған нұсқаулық, ІІІ деңгей: 2012. –58 б.

5.Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012-2016 жылдарға арналған ұлттық іс-қимыл жоспары.- Астана: 2012. –1-2 б.



11


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
13.02.2026
0
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі