400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Мәтінмен жұмыс "Байланыс құралдарының дамуы". Кәсіптік қазақ тілі. 2 курс.

Материал туралы қысқаша түсінік
Колледж студенттеріне арналған
Материалдың қысқаша нұсқасы

Кәсіптік қазақ тілі. Радиоэлектроника және байланыс мамандығына арналған

Оқытушы Сайлаубаева Гүлжан Жеңісқызы



Байланыс құралдарының дамуы


Қазақстан Республикасында тұңғыш радиостанция 1913 жылы қаласында салынған еді. Ұшқындық хабарлағыштың қуаты небәрі 1 кВт болатын және радиусы 300 км қашықтыққа дейін тұрақты байланыс орнатты. Ол радиотелеграф режимінде жұмыс істеген еді.

XX ғасырдың екінші жартысында Қазақстандағы байланыс жүйесі пәрменді дамыды «Телефон » сияқты едәуір ескі байланыс құралдары жетілдіріліп қана қойылған жоқ, сонымен қатар фототелеграф, радиохабар, телевидение, автоматты телефон станциялары, халықаралық байланыс және ғарыштық байланыс жүйелері күрт дами бастады. Бұрынырақ калааралық телефон байланысы бағандарға ілінген сымдар арқылы орындалатын. Сырткы ортаның әсері байланыстың тұрақтылығына кедергі келтіретін. Сондықтан байланыстың кабельді және радиорелелі желілері бойынша жүзеге асатын түрлері кеңінен колданыла бастады. Қазақстандағы алғашқы радиорелелі желі Алматы мен қазіргі Бішкек қалаларының арасында салынып, 1958 жылы іске қосылды.

Теледидарлық хабар 1958 жылы әуелі  Алматы, одан соң Өскемен мен Қарағандыдағы телеорталықтардан таратыла бастады. Радиотелехабарлардың сапасы мен таралу аймағын арттыру да Алматыдағы Көктөбеде 1984 жылы іске қосылған телемұнараның рөлі аса маңызды болды. Көктөбедегі телемұнара 250 м биіктікке орналасқан және өзінің биіктігі 372 м-ге жетеді. Ресейдегі ғарыштық радиотелебайланыс саласындағы жетістіктер «Орбита» деп аталатын жаңа байланыс жүйесін жасауға жол ашты. "Орбита" ғарыштың байланыс станциясы 1967 жылы Алматыда жұмыс істей бастады. Бұл жүйеде ретрансляциялық байланыс серіктері пайдаланылады. Қазіргі кезде халықаралық серіктік байланыс жүйесі жан-жақты даму үстінде, ол үшін геостационарлық (36 000 км) орбитада ұшатын серіктер қолданылады.


Жаңа сөздер мен сөз тіркестері

Хабарлағыш- передатчик

Қашықтық- дистанционный

Ғарыштық байланыс -космическая связь

Радиорелелі желілер-радиорелевый сеть

Телемұнара- телевышка

Байланыс серіктері-спутниковый связь


Мәтінге тапсырма.

  • Мәтінді түсініп оқы.

  • Бірнеше сұрақтар қойып, досыңызбен сұхбаттасыңыз.

  • Мына сөз тіркестерін аударыңыз және сөйлемдер құраңыз.

Ұшқындық хабарлағыштың қуаты, калааралық телефон байланысы, Қазақстандағы байланыс жүйесі, теледидарлық хабар, тұрақты байланыс, Көктөбедегі телемұнара.

Лексика- грамматикалық жаттығулар

Грамматикалық анықтама. Антоним, синоним, омоним.

Мағыналары бір-біріне қарама-қарсы сөздер антонимдер деп аталады. Мысалы, елгезек бала-тілазар бала, шабан ат-жүрдек ат, іскер адам-олақ адам, жақсы мінез-жаман мінез, қисық ағаш-түзу ағаш, тату көрші- араз көрші, т.б. Тілімізде антоним сөздер мақал-мәтелдерде, жұмбақтарда көп кездеседі. Мысалы, Ащы мен тұщыны татқан білер, алыс пен жақынды жортқан білер. Аз сөз –  алтын, көп сөз – көмір, т.б. Осы мысалдардағы ащы-тұщы, алыс-жақын, аз-көп сөздері – мағыналары бір-біріне қарама-қарсы айтылған антоним сөздер.

  Омоним – сыртқы тұлғасы: айтылуы, естілуі, жазылуы бірдей, мағыналары әр түрлі сөздер. Сыртқы тұлғасы жағынан омоним сөздер мен көп мағыналы сөздер ұқсас болып келеді. Омоним болудың негізгі белгісі сөздердің арасында мағыналық байланыс болмайды, яғни омоним сөздер әр түрлі мағынада қолданылады, ал көп мағыналы сөздердің арасында мағыналық байланыс болады, көп мағыналы сөздер бір сөз табынан болып, бір негізден тарайды. Мысалы, Басыңды жоғары көтеріп, аяғыңды жылдам бас деген сөйлемдегі бас сөзі омоним, себебі бірінші бас сөзі адамның дене мүшесі – не? деген сұраққа жауап беретін, заттық ұғым атауы болатын зат есім, екінші бас сөзі – не істе? деген сұраққа жауап беретін қимыл-әрекет атауы болатын етістік. Ал Талдың басына қарлығаш ұя салыпты. Жолаушылар бұлақтың басына келіп демалды деген сөйлемдердегі бас сөзі – көп мағыналы сөз, себебі 1) бір нәрсенің бастау алатын жері деген бірдей мағынаға ие болып тұр; 2) екеуі де бір сөз табынан зат есім болып тұр.

  Айтылуы, естілуі, жазылуы әр алуан, мағыналары бір-біріне жақын, жуық мәнді сөздер синонимдер деп аталады. Синонимге тән негізгі белгілер: 1) синоним сөздер әр түрлі дыбысталады; 2) синоним сөздердің мағынасы бір-біріне жақын болып келеді; 3) синоним сөздер бір сөз табынан болады. Мысалы, Апатты аймаққа көмекші, жәрдемші топ келді деген сөйлемдегі көмекші, жәрдемші сөзі бірінің орнына бірін ауыстырып қолдануға болатын, мағыналары бір-біріне жақын, бір сөз табынан болған синоним сөздер. Тілімізде синоним сөздер зат есімдерден, сын есімдерден, етістіктерден және үстеулерден кездеседі.


  1. Тиісті жалғаулардың қойып, жалғау түрлеріне ажыратыңыз.

1.Бұрынырақ калааралық телефон байланысы бағандар... ілінген сым... арқылы орындалатын. 2. Бұл жүйе... ретрансляциялық байланыс серіктер... пайдаланылады. 3. Сырткы орта... әсері байланыстың тұрақтылығы... кедергі келтіретін. 4. Сондықтан байланыс... кабельді және радиорелелі желілер... бойынша жүзеге асатын түрлері кеңі... колданыла бастады. 5. Радиотелехабар...дың сапасы мен таралу аймағын арттыру да Алматыдағы Көктөбе... 1984 жылы іске қосылған телемұнараның рөлі аса маңызды болды.

2. Мына сөздердің синонимдерін табыңыз.

Қуат-

Жетістік-

Тұрақты-

Пайдалан -

Әл Фарабидің қанатты сөздерін оқып, бір- біріңізбен ой бөлісіңіздер


  • Ғылыммен айналыссам деген адамның ақыл-ойы – айқын, ерік-жігері – зор, тілек-мақсаты – ақиқат пен адалдыққа қызмет етуге талап жолында болуы шарт. Жай ләззат іздеу, кәсіпқұмарлыққа ұқсас әрекет ондай болмасқа керек. 

  • Ақыл-парасат – адамның ойлауына, пайымдауына, ғылым мен өнердің қыр-сырын ұғуына, жақсы қылық пен жаман қылықтың ара жігін ашуына көмектесетін күш. 

  • Білімді болу деген – жаңалық ашуға қабілетті болу. 

  • Білім қуған жанның ойы күнделікті күйбеңнен көп алыста жатады.

Адам мақсатына өзін-өзі жетілдіру арқылы жетеді.

  • Ісім оңсын десеңіз,
    Сол істің маманы болыңыз.
    Даңқым шықсын десеңіз,
    Көпшіліктің адамы болыңыз.

Жұмбақтар шешейік.

Жолының көп азабы,

Сондадағытынбайды.

Жаңалықты жазады,

Көпшiлiктi тыңдайды.   (Ж......)


Кең байтақ туған жерiме,

Кетпесiн деп жат iз өтiп.

Тыныштық тiлеп елiме,

Отанды кiм тұр күзетiп?   (Ж.....)


Арқан байлап белiне,

Шымырлықпен бекiне.

Өрмелейтiн қай өрен,

Шыңның шырқау шегiне?  (А......)

ды - 110,42 метр

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
4 мамыр
493
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі