"Мәтінмен жұмыс жасау арқылы оқу сауаттылығын дамыту жолдары" әдістемелік ұсыным

Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Мәтінмен жұмыс жасау арқылы оқу сауаттылығын дамыту жолдары" әдістемелік ұсыным

Материал туралы қысқаша түсінік
«Мәтінмен жұмыс жасау арқылы оқу сауаттылығын дамыту жолдары» әдістемелік ұсынымы жалпы білім беретін мектептердің 5-сыныпқа сабақ беретін қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдеріне арналған. Ұсыным мазмұны «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Респyбликасы Оқy-ағартy министрінің 2022 жылғы №348 бұйрығы, Қазақстан Респyбликасының Оқy-ағартy министрінің 2022 жылғы 16 қыркүйектегі №399 бұйрығына 35-қосымша «Негізгі орта білім берy деңгейінің 5-9 сыныптарына арналған «Қазақ тілі» оқy пәні бойынша үлгілік оқy бағдарламасы талаптарына сәйкес әзірленді. Қазақ тілі пәніндегі мәтін маөмұнын құндылықтар тұрғысынан қарастыруда «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы басшылыққа алынды. Оқу сауаттылығы – тек мәтінді оқу емес, оны түсіну, негізгі ойды табу, автордың көзқарасын саралау, ақпаратты талдау және өз көзқарасын дәлелді
Материалдың қысқаша нұсқасы

ҰЛЫТАУ ОБЛЫСЫНЫҢ БІЛІМ БАСҚАРАМАСЫ

ЖАҢААРҚА АУДАНЫНЫҢ БІЛІМ БӨЛІМІ

АҚТҮБЕК ЖББ МЕКТЕБІ





БЕКІТЕМІН

Жаңаарқа ауданының

білім бөлімі

Ақтүбек ЖББ мектебінің

директоры











Мәтінмен жұмыс жасау арқылы оқу сауаттылығын

дамыту жолдары

(әдістемелік ұсыным)























Жаңаарқа ауданы, 2025ж






Рецензент:

Аманжолова Жулдуз Жумажановна, педагог-зерттеуші, “Ақтүбек жалпы білім беретін мектебі” КММ



Құрастырушы:

Токтыбаева Гулнафись Салкеновна,

Мәтінмен жұмыс жасау арқылы оқу сауаттылығын дамыту жолдары әдістемелік ұсыным, 26 бет









Ақтүбек ЖББМ”КММ әдістемелік бірлестігінің отырысында қаралды, аудандық Сараптау кеңесіне ұсынылды.

20_____ жылғы______ №____ хаттамасы






Аудандық сараптау кеңесінде қаралды, облыстық Сараптамалық кеңес отырысына ұсынылды 20_____ жылғы______ №____ хаттамасы

































































МАЗМҰНЫ


Кіріспе ...............................................................................................................3-бет

Мәтінмен жұмыс жасау арқылы оқу сауаттылығын арттыру жолдары мен әдістері ..............................................................................................................6-бет

Қорытынды .................................................................................................... 20-бет

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ............................................................... 22-бет






































Кіріспе


Қазіргі таңда білім беру саласындағы басты мақсат – тұлғаның функционалдық сауаттылығын дамыту, яғни алған білімін күнделікті өмірде тиімді қолдана білуге үйрету. Осы тұрғыда оқу сауаттылығы – ең маңызды бағыттардың бірі. Әсіресе, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінде мәтінмен жұмыс жүргізу арқылы оқу сауаттылығын арттыру – оқушының тілдік құзыреттілігін, ойлау мәдениетін, сыни пайымдау қабілетін қалыптастыратын маңызды үдеріс.

«Мәтінмен жұмыс жасау арқылы оқу сауаттылығын дамыту жолдары» әдістемелік ұсынымы жалпы білім беретін мектептердің 5-сыныпқа сабақ беретін қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдеріне арналған.

Ұсыным мазмұны «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Респyбликасы Оқy-ағартy министрінің 2022 жылғы №348 бұйрығы, Қазақстан Респyбликасының Оқy-ағартy министрінің 2022 жылғы 16 қыркүйектегі №399 бұйрығына 35-қосымша «Негізгі орта білім берy деңгейінің 5-9 сыныптарына арналған «Қазақ тілі» оқy пәні бойынша үлгілік оқy бағдарламасы талаптарына сәйкес әзірленді. Қазақ тілі пәніндегі мәтін маөмұнын құндылықтар тұрғысынан қарастыруда «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы басшылыққа алынды.

Оқу сауаттылығы – тек мәтінді оқу емес, оны түсіну, негізгі ойды табу, автордың көзқарасын саралау, ақпаратты талдау және өз көзқарасын дәлелді жеткізе білу қабілеттерінің жиынтығы. Сондықтан қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында мәтінмен жұмыс жүргізудің тиімді әдіс-тәсілдерін қолдану оқушылардың логикалық ойлауын, шығармашылық қабілеттерін және тілдік сезімін дамытуда ерекше рөл атқарады.

Жаһандану дәуірінде ақпарат ағыны күрт артқан жағдайда мәтінді дұрыс түсіне білу, қажетті ақпаратты тез табу және оны талдай алу қабілеті — заман талабына айналды. Осы мақсатта, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінде мәтінмен жұмыс жасаудың тиімді жолдарын енгізу арқылы оқушылардың білім сапасын арттыру және оқу нәтижелерін жақсарту қажеттігі туындап отыр. Бұл жұмыс оқу үдерісіне жобалау, зерттеу, сұхбат әдісі, кейс-стади, дебат, кластер құрастыру, мәтінді түрлендіру сияқты әдіс-тәсілдерді ендіруді талап етеді.

Сонымен бірге, қазіргі білім беру талаптарына сәйкес мәтіндермен жұмыс барысында оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру үшін деңгейлік тапсырмалар, ашық сұрақтар құрастыру, мәтінге байланысты проблемалық сұрақтар қою, пікірталас ұйымдастыру сияқты технологиялар кеңінен қолданылады. Мәтінмен жұмыс барысында қолданылатын тиімді әдіс-тәсілдер оқушылардың оқылым, тыңдалым, айтылым, жазылым дағдыларын кешенді түрде дамыта отырып, олардың оқу мотивациясын күшейтеді және білімге деген қызығушылығын арттырады.

Авторлық жұмыстың өзектілігі қазіргі қоғамда оқушылардың тек білім алуы емес, сол білімді өмірлік жағдаяттарда пайдалана білу қажеттілігімен тығыз байланысты. Қазақ тілі мен әдебиеті пәні – тілдік қарым-қатынасты дамытудың негізгі құралы ретінде бұл міндетті жүзеге асыруға үлкен мүмкіндік береді. Сондықтан пән мұғалімдері оқушылардың оқу сауаттылығын арттыру үшін әртүрлі әдістемелік тәсілдерді тиімді қолдануы қажет.

Осы зерттеу жұмысының мақсаты – мәтінмен жұмыс жүргізудің түрлі тиімді әдіс-тәсілдерін анықтау, оларды оқу-тәрбие үдерісіне енгізу және олардың оқу сауаттылығына тигізетін әсерін талдау. Жұмыс барысында мәтінмен жұмыс істеудің жаңа бағыттары, тәжірибеде дәлелденген тиімді тәсілдері қарастырылады және оларды қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында қолданудың нақты мысалдары ұсынылады.

Мәтінмен жұмыс жүргізу – тек оқыту құралы ғана емес, сонымен бірге оқушының тұлғалық дамуын қамтамасыз ететін маңызды әдістемелік бағыт. Бұл бағытты дұрыс ұйымдастыру арқылы біз оқу сауаттылығын арттыруға, XXI ғасыр талаптарына сай саналы, білімді ұрпақ тәрбиелеуге үлкен үлес қоса аламыз.

Мақсаты:

Оқушылардың оқу сауаттылығын дамыту мақсатында мәтінмен жұмыс жүргізудің тиімді әдіс-тәсілдерін меңгерту арқылы мәтінді түсіну, негізгі ойды анықтау, ақпаратты талдау, салыстыру, бағалау және өз ойын сауатты әрі дәлелді жеткізе білу қабілеттерін қалыптастыру, 9-сынып оқушыларының мәтінмен жұмыс істеу дағдыларын дамыта отырып, қорытынды аттестаттауға жеңіл дайындау.

Міндеттері:

- Мәтінді түсігу және негізгі ойды анықтау дағдыларын дамыту;

- Мәтіндегі ақпаратты талдау, салыстыру, қорытынды жасау қабілеттерін жетілдіру;

- Мәтіннен қажетті ақпаратты әрәктеу және оны тиімді қолдануға үйрету;

- Автор көзқарасын түсініп, өз пікірін дәлелді түрде жеткізуге машықтандыру;

- Түрлі мәтін түрлерімен жұмыс істеу (көркем мәтін, ғылыми мәтін, публицистикалық мәтін, графиктік мәтін және т.б) тәжірибесін кеңейту;

-Сыни ойлау және шығармашылық тұрғыдан пайымдау қабілеттерін дамыту.

Өзектілігі:

Қазіргі таңда, ақпараттың тасқындап тұрған шағында, оқушылардың мәтінді дұрыс түсіну, ақпаратты талдау және өмірде қолдана білу қабілеттерін дамыту – білім беру саласындағы маңызды мәселелердің бірі. Орта білім мазмұнын жаңарту аясында функционалдық сауаттылықты арттыруға мән беріліп отыр. Сондықтан қазақ тілі пәні арқылы оқу сауаттылығын дамыту оқушылардың жан-жаөты тұлға қалыптасауына, олдардың оқу, талдау, ойлау, коммуникативтік қабілеттерін арттыруға мүмкіндік береді. Мәтінмен тиімді жұмыс жүргізу аталған мақсаттарға қол жеткізудің негізгі құралы болып табылады.

Жаңашылдығы:

Әдістемелік ұсынымда дәстүрлі мәтінмен жұмыс әдістерімен қоса, ұазіргі заманғы тиімді технологиялар мен әдіс-тәсілдеп қолдану ұсынылады:

- Дебат, кейс-стади, жобалық жұмыс, сұхбат әдісі;

- Кластер, интеллект-карта, концептуалдық карта құру;

- Проблемалық сұрақтар және функционалды тапсырмалар арқылы мәтінге сыни тұрғыдан қарау:

- Цифрлық, графиктік мәтіндермен (онлайн мақала, блог, пікірлер) жұмыс жүргізу арқылы оқу сауаттылығын цифрлық ортада дамыту. Бұл тәсілдер оқушылардың мәтінді көпқырлы қырынан талдауына, өз ойларын шығармашылықпен жеткізуіне жол ашады.

Күтілетін нәтижелер:

- Оқушылар түрлі мәтіндерді саналы әрі түсінікті оқи алады;

- Мәтіндегі негізгі ойды, автор көзқарасын анықтай алады;

- Мәтіннен ақпаратты іріктеп алып, оны өз ойын дәлеледеуге қолдана алады;

- Мәтін бойынша өз пікірін сауатты және логикалық тұрғыда жеткізе алады;

- Сыни тұрғыда ойлау және шығармашылы тұрғыда пайыдау қабілеттері дамиды;

- Түрлі мәтіндермен жұмыс жүргізу тәжірибесін игереді;

- Оқу, жазу, сөйлеу дағдыларын кешенді түрде дамытады;

- Функционалдық сауаттылығы жоғары, заманауи талаптарға бейім тұлға ретінде қалыптасады.




















Мәтінмен жұмыс жасау арқылы оқу сауаттылығын арттыру жолдары мен әдістері


Бүгінгі білім беру жүйесінің басты мақсаттарының бірі – оқушылардың оқу сауаттылығын қалыптастыру болып табылады. Оқу сауаттылығы – бұл тек мәтінді түсініп оқу ғана емес, сонымен қатар, мәтіннен ақпаратты табу, оны түсіну, сыни тұрғыда талдау және алған білімді іс жүзінде қолдана білу қабілеті. Оқу сауаттылығы жеке тұлғаның қалыптасуында, оның әлеуметтік және кәсіби өмірде жетістікке жетуінде маңызды рөл атқарады. Сондықтан оқу сауаттылығын дамыту бағытындағы жұмыстарды тиімді ұйымдастыру өзекті мәселе болып табылады

Оқу сауаттылығы – мәтінді түсіну, талдау, салыстыру, қорытынды жасау және оны өмірлік жағдаяттарда тиімді қолдану қабілеті. Осы құзіреттілікті қалыптастырудың негізгі тетігі – мәтінмен жүйелі жұмыс жүргізу.

Қазақ тілі сабағында оқу сауаттылығын дамытуда мәтінмен жұмыс жасай алу, сыни ойлауды дамыту маңызды болып саналады. Оқу сауаттылығы мен сыни ойлауды қатар алып жүру үшін төмендегідей жұмыстар атқаруға болады:

1) Сабақ құрылымын қайта құру:

Сабақтың әр кезеңінде оқушыға ойлануға, пікір айтуға, дәлелдеуге мүмкіндік беретін тапсырмалар мен сұрақтар жүйесін құру ұсынылады. Сабақтың басында «Ой қозғау» сұрақтары, ортасында «Мәтінмен жұмыс», соңында «Дәлелде және қорыт» тапсырмалары тиімді.

2) Мәтіндермен жұмыс:
Ақпараттық, әдеби және функционалдық мәтіндер ұсынылып, олар бойынша төмендегі дағдыларды дамыту көзделеді:
- автор ойын анықтау;
- мәтін құрылымын талдау;
- өз көзқарасын білдіру және дәлелдеу.

Мәтінмен тиімді жұмыс жүргізу үшін төмендегідей ұсыныстар беріледі.

  1. Мәтінмен жұмыстың оқу сауаттылығындағы рөлі

Мәтінмен жұмыс оқу үдерісінің барлық кезеңінде жүргізіледі және ол оқушының тілдік, танымдық және коммуникативтік қабілеттерін дамытады. Мәтін оқу сауаттылығын дамытудың төмендегідей бағыттарын қамтамасыз етеді.

1-кесте

Дағдылар


Нәтиже

Түсіну дағдысын дамыту

Оқушы мәтін мазмұнын түсініп, негізгі ойды ажыратады.

Талдау қабілетін жетілдіру

Мәтіндегі ақпаратты жүйелейді, дәлелдер келтіреді.

Салыстыру және қорытынды жасау

Түрлі дереккөздері байланыстыра отырып, өз тұжырымын шығарады.

Сыни тұрғыдан ойлау

Мәтінге өз көзқарасын білдіріп, пікірін дәлелдейді.


  1. Мәтінмен жұмыс түрлері

Мәтінмен жұмысты үш кезеңге бөліп қарастыруға болады.

1) Оқуға дейінгі кезең (оқылым алды тапсырма):

- Тақырып бойынша болжам жасау (миға шабуыл, кластер, суреттермен жұмыс)

- Тірек сөздер арқылы мәтін мазмұнын болжау;

- Сұрақ қою әдісі: «Бұл мәтін не туралы болуы мүмкін?»

2) Оқу барысында (оқылым тапсырмасы)

- Мәтіннен негізгі және қосымша ақпаратты табу;

- Белгі қою (INSERT әдісі), жоспар құру;

- Түсіндірме оқу, жұптық және топтық талқылау;

- Мағынаны ажырату (мысалы, себеп-салдар, ұқсастық-айырмашылық).

3) Оқудан кейінгі кезең (оқылымнан кейінгі тапсырма)

- Мәтінді қайта мазмұндау, аннотация жазу;

- Автор көзқарасын анықтау;

- Мәтін бойынша пікірталас, эссе, рефлексия жазу;

- Мәтінге негізделген функционалдық тапсырмалар орындау (кесте толтыру, диаграмма жасау, хат жазу, жарнама құрастыру, т.б).


3. Оқу сауаттылығын дамытуға арналған әдістер:

2-кесте

Әдістер

Сипаттамасы


«INSERT» әдісі


Оқушының мәтінге белсенді араласуына мүмкіндік береді.

Белгілер:

білемін,

+ - жаңа ақпарат,

- - басқаша ойлаймын,

? – сұрағым бар.

«Т кестесі» әдісі

Екі ұғымды салыстыру, себеп пен салдарды анықтауға арналған.

«Сұрақ қою» стратегиясы

Мәтін мазмұнын терең түсінуге және ақпаратты талдауға көмектеседі.

«Бес жолды өлең» (синквейн)

Мәтін мазмұнын жинақтап, негізгі ойды анықтауға үйретеді.

«RAFT» кестесі

Мәтін мазмұнына байланысты түрлі рөлде жазу (мысалы, кейпкер атынан хат, жарнама, мақала, т.б)

Функционалдық тасырмалар

Мәтіндегі ақпаратты күнделікті өмірде қолдануға бағытталған. Мысалы: баға салыстыру, кестеден мәлімет алу, хабарландыруды талдау, нұсқаулықты пайдалану.


Бүгінде ақпараттың тасқындап тұрған шағында, оқушылардың мәтінді дұрыс түсіну, ақпаратты талдау және өмірде қолдана білу қабілеттерін дамыту – білім беру саласындағы маңызды мәселелердің бірі. Орта білім мазмұнын жаңарту аясында функционалдық сауаттылықты арттыруға мән беріліп отыр. Сондықтан қазақ тілі пәні арқылы оқу сауаттылығын дамыту оқушылардың жан-жақты тұлға қалыптасауына, олдардың оқу, талдау, ойлау, коммуникативтік қабілеттерін арттыруға мүмкіндік береді. Мәтінмен тиімді жұмыс жүргізу аталған мақсаттарға қол жеткізудің негізгі құралы болып табылады.

Оқу сауаттылығын арттыруға арналған әдістерді бірнеше бөлікке бөліп қарастыруға болады.

1. Мәтінмен жұмыс жасауға бағытталған әдістер:

«5 сұрақ – 1 жауап» әдісі – мәтін соңында «кім?», «не?», «қашан?», «қайда?», «не істеді?» сұрақтарына жауап беріп, негізгі ойды анықтауға көмектеседі. Бұл тәсіл нақты ақпарат табуға және логикалық байланыс орнатуға үйретеді.

«Т кестесі» әдісі – екі ұғымды немесе кейіпкерді салыстыруға мүмкіндік береді. Кесте түрінде ақпарат ұсыну талдау мен қорытынды жасау қабілетін дамытады.

2. Талдау және шығармашылыққа бағытталған әдістер:

«Болжау» әдісі – мәтіннің атауы мен иллюстрациясына қарап, мазмұнын алдын ала болжауға бағыттайды. Бұл тәсіл логикалық ойлауды дамытады.

«RAFT» әдісі – оқушы мәтінді басқа тұрғыдан жазып көреді. Мысалы, кейіпкердің атынан хат немесе жарнама түрінде. Шығармашылық ойлау мен мазмұнды терең түсінуге мүмкіндік береді.

«Синквейн» әдісі – мәтін немесе кейіпкер туралы бес жолды өлең құрастыру тәсілі. Бұл әдіс оқушылардың сөздік қорын байытып, ойды ықшам жеткізуге үйретеді.

3. Сыни ойлауды дамыту әдістері:

«Ойлан – Талқыла – Бөліс» әдісі – оқушылар алдымен өз бетінше ойланып, жұппен талқылап, соңында ортақ қорытынды жасайды. Бұл тәсіл әр оқушыны ойын ашық айтуға және дәлелдеуге үйретеді.

«Венн диаграммасы» – ұқсастық пен айырмашылықты анықтауға арналған тиімді әдіс. Ол салыстыру және қорытынды жасау дағдыларын дамытады.

4. Функционалдық сауаттылықты дамыту әдістері:

«Инфографика талдау» – оқушыларға мәтін емес, кесте, жарнама немесе диаграмма түріндегі ақпаратты талдату. Бұл өмірлік жағдаяттармен байланыстырып, функционалдық сауаттылықты қалыптастырады.

«Рөлдік оқу» немесе «Оқушы – диктор» әдісі – мәтінді түрлі рөлмен оқу. Мысалы, диктор, кейіпкер немесе журналист рөлінде. Бұл тәсіл оқуға қызығушылық тудырып, тіл мәдениетін жетілдіреді.

Оқу сауаттылығын дамыту – жүйелі жүргізілетін, үздіксіз процесс. Мәтінмен жұмыс істеудің түрлі әдістерін қолдану оқушының ойлау мәдениетін, сөздік қорын және талдау қабілетін дамытады. Мұғалімнің басты мақсаты – оқушыны жай ақпарат қабылдаушыдан, ойланушы және талдаушы тұлға деңгейіне көтеру.

  1. Мұғалімдерге арналған практикалық ұсыныстар.

Оқу сауаттылығын дамыту үдерісі жүйелі және мақсатты ұйымдастырылған мәтінмен жұмысты талап етеді. Мұғалімнің кәсіби шеберлігі мен оқу үдерісін ұйымдастырудағы әдістемелік икемі – бұл бағыттағы басты фактор. Мәтінмен жұмыс жасатқызуда мұғалімдерге бірнеше қағидаттарға басты назар аудару ұсынылады.

Мәтінді таңдау қағидаттары.

Оқушылардың жас ерекшлегі мен сынып деңгейін ескеру. Төменгі сыныптарда қысқа, көрнекі мәтіндер, орта буында танымдық, өмірмен байланысы бар мәтіндер, жоғары сыныптарда публицистикалық және ғылыми мәндер қолданылу ұсынылады.

Мәтін мазмұнының тартымдылығы. Оқушы қызуғушылығын оятатын, заманауи тақырыптағы мәтін оқу ынтасын арттырады.

Тәрбиелік әлеуеті. Мәтінннің адамгершілік, ұлттық құндылықтар, экологиялық мәдениет (Адал азамат. Біртұтас тәрбие бағдарламасы) секілді мазмұндық астары болуы маңызды.

Мәтіннің құрылымдық ерекшелігі. Мәтін нақты мақсатқа сай, түсінуге жеңіл, логикалық байланысы айқын болуы керек.

Сабақ құрылымында мәтінмен жұмысты жоспарлау. Мұғалімге мәтінмен жұмысты сабақтың үш кезеңіне сәйкестендіріп жоспарлау тиімді.


3-кесте


Сабақтың басында

Сабақтың ортасында

Сабақтың соңында


Тақырыпқа болжам жасау, оқушылардың алдыңғы білімін еске түсіру.

Мәтінді оқу, талдау, түсінбеген тұстарын анықтау, ақпаратты сұрыптау, жүйелеу.

Қорытындылау, өзіндік пікірін білдіру, функционалдық сауаттылыққа арналған тапсырмаларды орындау, бекіту.


Әдіс-тәсілдерді тиімді қолдану. Қазіргі таңда оқу сауаттылығын дамыту тек қағаз бетінде емес, интерактивті ортада да жүзеге асырылуы тиіс. Ол үшін мынадай платформаларды пайдалануға да болады.

Padlet – мәтін бойынша ой бөлісу, топтық пікірталас алаңы.

Quizizz, Wordwall – мәтін мазмұнын бекітуге арналған онлайн тапсырмалар.

Canva, Gamma, Jamboard – мәтін мазмұнын визуализациялау, диаграмма мен инфографика жасау.

Mentimeter, Kahoot – оқушылардың түсіну деңгейін жылдам бағалау.

Сонымен қатар, жасанды интеллект құралдары мәтінмен жұмыс жасауда, ақпараттарды іріктеуде, сұрыптауда көмегін тигізе алады.

Бағалау және кері байланыс. Оқу сауаттылығын қалыптастыру барысында бағалау тек нәтиже емес, даму құралы болы тиіс. Ол үшін мұғалім бағалауда келесідей тәсілдерді қолдануына болады.

Дескриптор арқылы бағалау: мысалы, «мәтіндегі негізгі ақпаратты анықтайды, сұрақтарға жауап береді», «негізгі ойды анықтайды», «пікірін дәлелдейді».

Өзін-өзі бағалау парағы: оқушы өз жұмысын бағалайды, жетістіктерін және қиындықтарын бағалайды.

Кері байланыс түрлері: «Бүгін мен не білдім?...», «Мәтін маған не үйретті?», т.б

Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 16 қыркүйектегі №399 бұйрығына 35-қосымша «Негізгі орта білім беру деңгейінің 5-9 сыныптарына арналған «Қазақ тілі» оқу пәні бойынша үлгілік оқу бағдарламасынан 5-сынып бойынша оқу мақсаттарын ала отырып, тапсырма үлгісін төмендегідей ұсынуға болады.

О қылым бөлімі төмендедей бөлімшелерден тұрады.


4-кесте


5-сынып бойынша қамтылатын бөлімдер

Оқылым дағдысы бойынша оқу мақсаттары


1. Мәдениет: тіл және қарым-қатынас. Фонетика

5.2.1.1 мәтіндегі негізгі және қосымша ақпаратты түсіну, анықтау;

5.2.2.1 лексиканы ауызекі сөйлеу және жазба стильдік айырмашылықтарын мәтіндер арқылы тану;


2. Киіну. Сән. Талғам. Фонетика

5.2.3.1 жарнама құрылымы мен ресімделуі арқылы жанрлық ерекшеліктерін ажырату;

5.2.5.1 мәтін мазмұнын түсінуге, нақты ақпаратты анықтауға бағытталған сұрақтар құрастыру.

3. Отбасылық дәстүрлер мен мерекелер

5.2.4.1 ауызекі стильдегі мәтіндердің мазмұнын, тақырыбын және тілдік құралдарын салыстыру;

5.2.3.1 хаттың құрылымы мен рәсімделуі арқылы жанрлық ерекшеліктерін ажырату.

4. Жануарлар әлемі мен өсімдіктер дүниесі. Лексика

5.2.1.1 мәтіндегі негізгі және қосымша ақпаратты түсіну, анықтау;

5.2.3.1 хабарландырудың құрылымы мен рәсімделуі арқылы жанрлық ерекшеліктерін ажырату.

5. Бос уақыт және хобби. Морфология

5.2.2.1 лексиканы ауызекі сөйлеу және жазба стильдік айырмашылықтарын мәтіндер арқылы тану;

5.2.3.1 хабарлама құрылымы мен рәсімделуі арқылы жанрлық ерекшеліктерін ажырату.

6. Қиял әлемі. Морфология

5.2.2.1 лексиканы ауызекі сөйлеу және жазба стильдік айырмашылықтарын мәтіндер арқылы тану;

5.2.5.1 мәтін мазмұнын түсінуге, нақты ақпаратты анықтауға бағытталған сұрақтар құрастыру;

5.2.7.1 энциклопедиялар, балаларға арналған газет-журналдардан қажетті ақпаратты ала білу.

7. Көлік және жол белгілері. Морфология

5.2.3.1 нұсқаулық құрылымы мен рәсімделуі арқылы жанрлық ерекшеліктерін ажырату;

5.2.5.1 мәтін мазмұнын түсінуге, нақты ақпаратты анықтауға бағытталған сұрақтар құрастыру;

8. Адамның сырт келбеті мен мінезі. Морфология

5.2.4.1 ауызекі стильдегі мәтіндердің мазмұнын, тақырыбын және тілдік құралдарын салыстыру;

5.2.6.1 оқылым стратегияларын қолдану: жалпы мазмұнын түсіну үшін оқу, нақты ақпаратты табу үшін оқу.

9. Аспан әлемінің құпиялары. Синтаксис

5.2.6.1 оқылым стратегияларын қолдану: жалпы мазмұнын түсіну үшін оқу, нақты ақпаратты табу үшін оқу;

5.2.7.1 энциклопедиялар, балаларға арналған газет-журналдардан қажетті ақпаратты ала білу.

10. Саяхат және демалыс. Синтаксис

5.2.7.1 энциклопедиялар, балаларға арналған газет-журналдардан қажетті ақпаратты ала білу;

5.2.4.1 ауызекі стильдегі мәтіндердің мазмұнын, тақырыбын және тілдік құралдарын салыстыру;

5.2.3.1 хаттың құрылымы мен рәсімделуі арқылы жанрлық ерекшеліктерін ажырату.


Тапсырма үлгілері.

1-бөлім: Мәдениет: тіл және қарым-қатынас. Фонетика

Оқу мақсаты: 5.2.1.1 мәтіндегі негізгі және қосымша ақпаратты түсіну, анықтау.

Мәтін

Адам баласы бір-бірімен қарым-қатынас жасау үшін тілді қолданады. Тіл – халықтың мәдениеті мен тарихының айнасы. Тіл арқылы біз өз ойымызды білдіреміз, білім аламыз, сезімімізді жеткіземіз.

Ал сөйлеу – тілдің қолданыстағы түрі. Сөйлеу арқылы адам өз ойын нақты жеткізеді.

Мысалы, ана тілі сабақтарында мұғалімнің түсіндіргені де, оқушының жауабы да сөйлеуге жатады.

Тіл – қоғамдық құбылыс, ал сөйлеу – жеке адамның әрекеті. Егер тіл болмаса, бірін бірі түсінбес еді. Сондықтан тіл мен сөйлеу бір-бірімен тығыз байланысты.


1-тапсырма. Негізгі және қосымша ақпаратты тап.

Мәтінді оқы. Мәтіндегі мәліметтерді екі бағанға бөл.


Негізгі ақпарат

Қосымша ақпарат


Тіл – халықтың мәдениеті мен тарихының айнасы.

Мұғалімнің түсіндіргені де, оқушының жауабы да сөйлеуге жатады.






Десркиптор:

- мәтінді мұқият оқиды;

- негізгі ақпаратты ажыратады;

- қосымша ақпаратты ажыратады;

- мәтінннен нақты дәлел келтіреді.


2-тапсырма. «Дұрыс немесе бұрыс»

Мәтін мазмұнына сүйене отырып, төмендегі сөйлемдердің дұрыстығын анықта:



Сөйлем

Дұрыс

Бұрыс


Сөйлеу – тілдің қолданылу түрі.



Тіл мен сөйлеу – екеуі бір ұғым.



Тіл – жеке адамның әрекеті



Сөйлеу арқылы адамдар өз ойын жеткізеді.




Дескриптор:

- ақпаратты талдайды;

- дұрыс-бұрысын анықтайды.


2-бөлім: Киіну. Сән. Талғам. Фонетика

Оқу мақсаты: 5.2.3.1 жарнама құрылымы мен ресімделуі арқылы жанрлық ерекшеліктерін ажырату.

1-тапсырма. Жарнама мәтінін талда. Мәтінді оқып, төмендегі сұрақтарға жауап бер.

Мәтін

«Жаңа оқу жылын сәнді киімнен баста! «School Style» дүкенінде – мектеп формасына 20% жеңілдік.


Мекенжайы: М.Әуезов көшесі, 15

Байланыс телефоны: 8 700 123 45 67

Сұрақтар:

1. Бұл жарнама кімдерге арналған?

2. Жарнаманың негізгі мақсаты не?

3. Жарнама құрылымында қандай бөліктер бар?

4. Жарнама мәтінінен әсерлі сөздерді тап.

Дескриптор:

- жарнаманың құрылымын анықтайды;

- жарнамадаңы әсерлі сөздерді табады;

- тілдік ерекшеліктерін талдайды.


2-тапсырма: Жарнама құрылымын белгіле.


Жарнама бөлігі

Мәтіндегі үлгі


Атауы



Ұраны



Негізгі мазмұн



Байланыс дерегі




3-тапсырма. «Салыстыр және дәлелде»

Төмендегі екі жарнаманы салыстыр. Қайсысы әсерлірек деп ойлайсың? Неліктен?

1-жарнама: «Style Kids» дүкенінде жаңа үлгідегі мектеп киімдері сатылымда!

2-жарнама: «Smart School» дүкені – сенің жаңа образыңның бастауы! 15-30 тамыз аралығында 30% жеңілдік!

Дескриптор:

- екі мәтінді салыстырады;

- әсерлі жарнаманың белгілерін анықтайды;

- өз ойын дәлелмен жеткізеді.

3-бөлім. Отбасылық дәстүрлер мен мерекелер

Оқу мақсаты: 5.2.3.1 хаттың құрылымы мен рәсімделуі арқылы жанрлық ерекшеліктерін ажырату.


1-тапсырма. Мәтінді оқы және бөліктерін анықта.

Мәтін

Сәлем, Айнұр! Қалың қалай? 8 наурыз мерекесін қалай өткіздіңдер? Біз отбасымызбен дастархан басында отырып, бір-бірімізді құттықтадық. Анам дастарханға бауырсақ пен ет әзірледі. Мен әжеммен бірге тәттілер пісірдім. Ал әкем болса, бізге гүл сыйлады.

Келе жатқан Наурыз мерекесінде сендерді қонаққа шақырамыз. Әжем наурыз көже дайындамақшы. Келуге тырыс! Сау бол!


Сағынышпен, Айым.


Тапсырма: Мәтінді оқып, хаттың құрылымдық бөліктерін анықта:


Хаттың бөлігі

Мәтіненен мысал


Сәлемдесу

Сәлем, Айнұр!


Негізгі бөлім



Қоштасу




Дескриптор:

- хат құрылымын ажыратады;

- мәтін мазмұнын түсінеді;

-хаттың рәсімделу ерекшелігін ажыратады.

2-тапсырма. Қате кеткен хатты түзет.

Төменде берілген хатта құрылымдық және орфографиялық қателер бар. Сол қателерді анықтап, дұрыста.


Менің туған күнімде бәрі келді. Көптеген сыйлықтар алдым. Келесі жолы тағы келіңдер.

Меруерт

Дескриптор:

- хаттың құрылымының толық болмауын анықтайды;

- құрметтеу, сәлемдесу, қорытынды сөздерді қосады;

- қателерді түзетеді.

4-бөлім: Жануарлар әлемі мен өсімдіктер дүниесі. Лексика

Оқу мақсаты: 5.2.3.1 хабарландырудың құрылымы мен рәсімделуі арқылы жанрлық ерекшеліктерін ажырату.

1-тапсырма. Мәтінді оқы және құрылымын анықта.

Мәтін

Хабарландыру!

10 қазанда мектеп ауласында жоғалған ала түсті «Ақтөс» деген күшік ізделуде. Күшіктің мойнында көк түсті таспа бар. Тапқан адам 8-сынып оқушысы Айданаға хабарласуын сұраймыз.

Телефон: 8 705 999 88 44


Бөлігі

Мәтінен мысал


Тақырып


Хабарландыру

Мазмұн



Байланыс дерегі




Дескриптор:

- хабарландыру құрылымын анықтайды;

- негізгі ақпаратты табады.

5-бөлім. Бос уақыт және хобби. Морфология

Оқу мақсаты: 5.2.2.1 лексиканы ауызекі сөйлеу және жазба стильдік айырмашылықтарын мәтіндер арқылы тану.

1-тапсырма. «Диктор мен блогер»

Топтық жұмыс:

1-топ – «Дикторлар» (жазба стильмен сөйлейді)

2-топ – «Блогерлер» (ауызекі стильмен сөйлейді)

Мұғалім бір тақырып береді, мысалы: «Менің сүйікті ісім –кітап оқу». Әр топ сол тақырыпқа 3-4 сөйлеммен өз стилінде сөйлеп шығады.

Дикторлар: «Кітап оқу – адамның рухани дамуына ықпал ететін пайдалы іс».

Блогерлер: Мен кітап оқығанды жақсы көрем! Әсіресе қызықты детективтерді!

Десркиптор:

- ауызекі және жазба сөйлеудің тілдік белгілерін қолданады;

- өз стилін дәл анықтайды.

Мәтінмен жұмыс жасатудағы мұғалімнің кәсіби рөлі. Мәтінмен жұмыс жүргізу үдерісінде мұғалім:

- ақпарат жеткізуші емес, оқу процесінің бағыттаушысы болуы тиіс;

- оқушыға дайын жауап емес, сұрақ қою арқылы ойлануға мүмкіндік береді;

- оқушылардың пікірін тыңдап, дәлелдеу мәдениетін қалыптастырады;

- сабақта диалогтік оқыту мен зерттеу әдістерін ұштастыруы тиіс.

Тәжірибеде қолдану нәтижесі. 2024-2025 оқу жылында «Мәтінмен жұмыс жасау арқылы оқу сауаттылығын дамыту жолдары» тақырыбы аясында 5-сыныптарда тәжірибелік жұмыс жүргізілді. Тәжрибені жүргізудегі негізгі мақсат – оқушылардың мәтінді түсіну, талдау, өз ойын дәлелдеп айту қабілетін арттыру. Жұмыс үш кезең бойынша жүргізілді: дайындық кезеңі, негізгі кезең, қорытынды кезең.

1-сурет




Тәжірибе кезіндегі 5-сыныптардың сабақтары


2024-2025 оқу жылы барыснада жүргізілген жұмыстар нәтижесінде оқушылардың оқу сауаттылығы айтарлықтай артты. Оқу жылының басында жүргізілген бастапқы диагностика мен жыл соңындағы қорытынды бағалау нәтижелері салыстырылып, оң нәтижелер байқалды.

Тәжірибе басталғанға дейін оқушылардың басым көпшілігі:

- мәтінді үстірт оқып, негізгі толық ойды түсінбеді;

- сұрақтарға нақты дәлелмен жауап беруде қиналды;

- мәтіндегі ақпаратты өмірлік жағдаяттармен байланыстыруда қиналды;

- кейбір оқушылар өз пікірін жүйелі әрі сауатты жеткізе алмады.

Тәжірибе соңында:

- оқушылар мәтінді мағыналық бөліктерге бөліп, басты ойды анықтай алды;

- сұрақтарға дәлелмен жауап беру, мәтіннен дәйексөз келтіру, автор көзқарасын талдау дағдылары қалыптасты;

- оқушылар өз ойын жүйелі түрде ауызша және жазбаша білдіре бастады;

- мәтінмен жұмысқа қызығушылық пен белсенділік арта бастады;

- кейбір оқушылар өз бетінше шағын мәтіндер құрастырып, функционалдық сауатттылыққа арналған тапсырмаларды шығармашылықпен орындауға үйрене бастады.

Жоғарыда айтылған нәтижелерді сандық сапада көрсететін болсақ.


5-кесте

Көрсеткіштер

Тәжірибеге дейін

Тәжірибеден кейін


Мәтінді түсіну және негізгі ойды анықтау

37%

78%

Негізгі және қосымша ақпаратты анықтау

42%

87%

Мәтінді талдау және дәлелдер келтіру

28%

74%

Өз пікірін жүйелі жеткізу

32%

80%

Мәтінді өмірмен байланыстыру қабілеті

40%

82%

Функционалдық сауаттылыққа арналған тапсырмаларды орындау сапасы

38%

85%

Сабақтағы белсенділік пен қызығушылық

45%

90%


Тәжірибе барысында қол жеткізілген көрсеткіштердің пайыздық үлесі


Тәжірибе нәтижесі көрсеткендей, оқу сауаттылығы тек мәтінді түсіну деңгейімен шектелмей, оқушылардың ойлау мәдениеті, дәлелдеу қабілеті оқу және жазу сауаттылығын дамытқаны байқалды. Жоғарыда ұсынылған әдістерді жүйелі қолдану оқушылардың мәтінмен жұмысқа деген қызығушылығын арттырды. Оқушылар өз оқуына жауапкершілікпен қарап, өзін-өзі, өзара бағалау, кері байланыс, рефлексия жасауға дағдыланды.

2-сурет





Оқушылардың мәтінмен жұмыс істеу барысы


Оқу сауаттылығының артуы пәндік нәтижелерге де оң әсер етті . Әсіресе, жазба жұмыстарының ішінде диктант, эссе, БЖБ, ТЖБ тапсырмаларын жазуда сапа артты. Тәжрибе нәтижесінде оқу сауаттылығының деңгейі айқын көтерілді. Бұл көрсеткіштер мәтінмен жүйелі әрі мақсатты жұмыс жүргізудің тиімділігін дәлелдейді. Мұндай тәсілдер оқу үдерісінде оқушыны тек мәтінді оқушы емес, ойланушы, талдаушы және өз ойын жеткізуші тұлға ретінде қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Мәтінмен жұмыс – оқу сауаттылығын дамытудың негізгі өзегі. Мұғалім мәтінді дұрыс таңдап, тиімді әдістермен, заманауи құралдармен және жүйелі кері байланыспен жұмыс істеген жағдайда оқушының түсіну, талдау және ой қорыту қабілеті едәуір артады. Оқу сауаттылығына тек қорытынды аттестаттау болатын 9,11-сыныптарда ғана жеке дайындық ретінде қарау – қате түсінік. Оқушылардың оқу сауаттылығы, мәтінмен жұмыс істей алу дағдылары төменгі сыныптардан жүйелі, кешенді түрде қалыптасуы тиіс.































Қорытынды

Оқу сауаттылығын дамыту – қазіргі білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі. Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында мәтінмен тиімді жұмыс жүргізу оқушылардың мәтінді түсіну, саралау, бағалау және өз ойын еркін жеткізе білу дағдыларын дамытудың ең тиімді жолдарының бірі болып табылады. Бағдарлама барысында қолданылған әдіс-тәсілдер – жобалау, дебат, кейс-стади, проблемалық сұрақтар, кластер құру, цифрлық мәтіндермен жұмыс сияқты технологиялар – оқушылардың оқу белсенділігін арттырып, функционалдық сауаттылықты қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Сондықтан мәтінмен тиімді жұмыс жүргізу әдістемесін жүйелі түрде қолдану – білім беру сапасын арттырудың кепілі.

Қазіргі заманғы білім беру жүйесінің басты мақсаты – оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту, яғни алған білімдерін өмірде тиімді пайдалану дағдыларын қалыптастыру. Бұл тұрғыда оқу сауаттылығының негізі – мәтінмен жұмыс жүргізу арқылы жүзеге асады. Мәтінмен жұмыс – оқушылардың сыни ойлау қабілетін дамытуға, ақпаратты талдай білуге, өз пікірін дәлелді жеткізуге мүмкіндік береді.

Ұсынылған авторлық бағдарламада оқу сауаттылығын арттыруда мәтінмен жұмыс жүргізудің тиімді әдіс-тәсілдері қарастырылды. Бағдарламада мәтіннің құрылымы мен түрлерін танып-білу, мәтінді түсіну және талдау, жазу дағдыларын дамыту, сыни ойлау қабілетін қалыптастыру бағытында түрлі әдіс-тәсілдер ұсынылды. Мысалы, «Тоқтап оқу», «Синквейн», «Сауалнамамен жұмыс», «Миға шабуыл», «Иллюстратор», «Шығармашылық жұмыстар жазу», «РАФТ» кестесі, «Жалғастыру» жұмысы, «Жіңішке және жуан сұрақтар», «Синквейн», «Бағытталған оқу» сияқты әдістер оқушылардың оқу сауаттылығын арттыруға ықпал етеді.

Мәтінмен жұмыс барысында оқушының логикалық ойлау қабілеті артады, ақпаратты сын тұрғысынан саралап, салыстырып, шешім қабылдауға дағдыланады. Бұл дағдылар қазіргі замандағы ақпараттар ағынында өз пікірін қалыптастыруға және маңызды ақпаратты іріктеуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, мәтінмен жұмыс жасау – оқушылардың сөздік қорын байытып, тіл байлығын жетілдіруге, шығармашылық қабілетін ұштауға септігін тигізеді.

Әдістемелік ұсынымда мәтін мазмұнына сай шығармашылық жұмыстар ұйымдастыру арқылы оқушылардың қызығушылығы оянып, оқу процесіне ынтасы арта түсетіні байқалды. Әсіресе көркем мәтіндермен жүргізілген шығармашылық тапсырмалар – эссе жазу, үзінді жалғастыру, кейіпкерге хат жазу, сахналық көрініс қою сынды жұмыстар оқушыны ойлануға, ізденуге жетелеп, оның танымдық белсенділігін дамытады.

Жалпы алғанда, мәтінмен тиімді жұмыс жүргізу – оқу сауаттылығын арттырудың басты құралы екені анық. Авторлық бағдарламада ұсынылған әдіс-тәсілдер – оқушының оқу әрекетіне деген қызығушылығын арттырып қана қоймай, оның дербес ойлауын, тіл мәдениетін, зерттеушілік қабілетін қалыптастыратын маңызды құрал ретінде қызмет етеді. Мұндай бағыттағы жұмыс – білім берудің сапасын арттырып, тұлғаның жан-жақты дамуына ықпал етеді.

Әдістемелік ұсынымның тиімділігі – оқушылардың тек мәтінді түсініп қана қоймай, оның мазмұнын бағалау, интерпретация жасау және өз пікірін негіздеп жеткізе алу дағдыларының қалыптасуына ықпал етуінде. Сонымен қатар, мұғалімдердің әдістемелік шеберлігін жетілдіру арқылы оқу үдерісінің сапасын арттыруға мүмкіндік береді. Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту үшін мәтінмен жұмыс жүргізудің маңызы зор. Бұл бағдарлама оқу сауаттылығын арттыру бағытындағы тиімді құрал ретінде ұсынылады.

Қорытындылай келе, оқу сауаттылығын арттыру бағытындағы бұл әдістемелік ұсыным заманауи білім беру талаптарына сай келетін, шығармашылық пен зерттеушілік қабілетті дамытуға бағытталған тиімді құрал ретінде ұсынылады. Оқушылардың мәтінмен жұмыс арқылы оқу сауаттылығын арттыру – білім беру жүйесінің маңызды міндеттерінің бірі болып табылады.






























Пайдаланылған әдебиеттер


Мұғалімдер үшін:

1. «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Респyбликасы Оқy-ағартy министрінің 2022 жылғы №348 бұйрығы

2. Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 16 қыркүйектегі №399 бұйрығына 35-қосымша «Негізгі орта білім беру деңгейінің 5-9 сыныптарына арналған «Қазақ тілі» оқу пәні бойынша үлгілік оқу бағдарламасы

3. «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі. – Астана, 2025

4. 2025-2026 оқу жылында Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектептерінде білім беру процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы әдістемелік нұсқау хат. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі. Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы. – Астана, 2025. 173 б.

5. Әлімжанова Р. Қазақ тілін оқыту әдістемесі. – Алматы; «Рауан», 2020. -256 б. https://rauanpublishing.kz/

6. Әлімжанов Д., Маманов Ы. Қазақ тілін оқыту методикасы. – Алматы, 2022

7. Исабаев У. Қазақ тілін оқытудың дидактикалық негіздері. – Алматы, 2021

8. Күлмағамбетова Б.К. Қазақ тілін оқыту методикасы. – Алматы, 2020

9. Артықова Т.М., Қыстаубаева Ж. Қазақ тілі. Оқыту әдістемесі. А:, 2019

10. Мұғалімге арналған нұсқаулық. «Назарбаев Зияткерлік мектебі» ДББҰ, 2020


Оқушылар үшін:

1. Абдуллина А. Функционалдық сауаттылық және мәтінмен жұмыс. – Алматы: «Рауан», 2022 – 198б. https://rauanpublishing.kz/

2. Ермекова Т.Н., Отарбекова Ж., Мұнасаева Р. Қазақ тілі, оқулық. Арман-ПВ баспасы, 2017 ж













Қосымша



Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі

__________________________________________________________________

білім беру ұйымының атауы


Қысқа мерзімді сабақ жоспары


Сабақтың тақырыбы: Қонақ күту дәстүрі


Бөлім:

3-бөлім: Отбасылық дәстүрлер мен мерекелер. Лексика

Педагогтің аты-жөні:


Күні:


Сынып: 5

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Қонақ күту дәстүрі

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары:

5.1.4.1. тірек сөздер мен жетекші сұрақтар арқылы негізгі ойды анықтау;

5.3.5.1 оқылым және тыңдалым материалдары бойынша негізгі ақпараттарды сақтай отырып, жинақы мәтін жазу.

Сабақтың мақсаты

- тірек сөздер мен жетекші сұрақтар арқылы негізгі ойды анықтайды;

- оқылым және тыңдалым материалдары бойынша негізгі ақпараттарды сақтай отырып, жинақы мәтін жазады.

Құндылықтар

ТӘУЕЛСІЗДІК ЖӘНЕ ОТАНШЫЛДЫҚ ҚҰНДЫЛЫҒЫ: отбасының дәстүрлері мен құндылықтарын білу.

ӘДІЛДІК ЖӘНЕ ЖАУАПКЕРШІЛІК: оқу тапсырмасын орындауда табандылық, еңбекқорлықтың болуы.


Сабақтың барысы


Сабақтың кезеңі//

уақыты

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар


Сабақтың басы

3 минут
















Сабақтың ортасы




7 минут






І. Ұйымдастыру кезеңі

«Қонақ келді» ситуациялық ойыны

Мақсаты: сабақтың тақырыбын ашу, сабаққа баспалдақ қалыптастыру, эмоциялық фон қалыптастыру

Мұғалім: Сәлеметсіңдер ме, оқушылар? Мен сендерге қонақ болып келіп отырмын.

Келген қонаққа не деп айтамыз?

Жетекші сұрақтар:

- Біз не істедік?

- Бұл қандай дәстүрге жатады?

  • Күнді, сабақтың тақырыбын жазғызу.

  • Киіз үй арқылы топқа бөлу.

Оқушылар сұрақтарға жауап береді. Қонақты қарсы алады.


ҚБ. Ауызша қолдау

Мақсаты: оқушыларды сабаққа ынталандыру


Қазақ тілі, оқулық. Арман ПВ баспасы

5-сынып










ІІ. Жаңа сабақ. Қызығушылықты ояту кезеңі

ЖЖ. «Төрге шық» ойыны

Интерактивті тақтада 3 сурет көрсетіледі.

1. Қонақ күтіп отырған отбасы

2. Дастархан

3. Төр

Тыңдалым алды тапсырма: тақтада берілген тірек сөздерді пайдаланып сөйлем құрастырыңдар.

Тірек сөздер: қонақ, сәлем беру, дастархан.

Жетекші сұрақ:

- Суреттерде не бейнеленген?


Мақсаты: тірек сөздер арқылы негізгі ойды анықтату.

Оқушылар тірек сөздерді пайдаланып, сөйлем құрайды. Сұрақтарға жауап береді.




САРАЛАУ:

Диалог арқылы қолдау

ҚБ. «Асық арқылы бағалау». Өзара бағалау + Мұғалімнің бағалауы

Мақсаты: оқу мақсатына сай әділ бағалауға үйрету.


Дескриптор:

-тірек сөздерді сипаттайды;

- 1-сөйлемді құрастырады;

- 2-сөйлемді құрастырады.

Презентация

















10 мин

ІҮ. Ж. «Комикс» әдісі

Тыңдалым тапсырмасы:

Мәтінді мұқият тыңдап, негізгі ойды анықтаңдар


Жетекші сұрақтар:

- Суреттерде қандай әрекеттер бейнеленген?

- Бұл қандай дәстүр?

- Қонақты күтіп алу ненің белгісі?

- Өлеңдегі негізгі айтылған ой?


Мақсаты: тірек сөздер мен жетекші сұрақтар арқылы негізгі ойды анықтату.


«Адал азамат. Біртұтас тәрбие» бағдарламасының «ТӘУЕЛСІЗДІ ЖӘНЕ ОТАНШЫЛДЫҚ ҚҰНДЫЛЫҒЫ: отбасының дәстүрлері мен құндылықтарын білу» жүзеге асырылады.

Оқушылар комикс түрінде суреттерді қарай отырып, өлең мәтінін тыңдайды.



САРАЛАУ:

Жеке қолдау

ҚБ. «Асық арқылы бағалау». Өзіндік бағалау + Мұғалімнің бағалауы

Мақсаты: оқу мақсатына сай әділ бағалауға үйрету.

Дескриптор:

-мәтінді мазмұнын түсінеді;

- жетекші сұраққа жауап береді;

- негізгі ойды анықтауға қатысады.

Комикс.

ЖИ құралдары:

Chat GPT + Canva Al








10 мин

Ү. ТЖ. «Еркін жазу» стратегиясы

Функционалдық сауаттылыққа арналған тапсырма

Тапсырма: тыңдалым мәтіні бойынша негізгі ақпаратты сақтай отырып, жинақы мәтін жазыңдар.


Мақсаты: 2-оқу мақсатын жүзеге асыру.



Оқушылар тыңдалым мәтіні бойынша негізгі ақпаратты сақтай отырып, жинақы мәтін жазады.


САРАЛАУ: Нәтиже арқылы саралау

(Кейбір оқушылар тірек сөздер, мәтін бөліктерін пайдалана алады)

ҚБ. «Асық арқылы бағалау».

Өзара бағалау

Мақсаты: оқу мақсатына сай әділ бағалауға үйрету.

Дескриптор:

-жинақы мәтін жазады;

-тыңдалым мәтініндегі негізгі ақпаратты сақтайды.

Электронды кітапша

10 мин

Ү. Бекіту. Функционалдық сауаттылыққа арналған тапсырма: Өз өмірлеріңмен байланыстыра отырып, қонақ күту дәстүрінің бір бөлігін көрсетіңдер.


1-топ. Қонақ келгенде қалай қарсы алу керек?

2-топ. Қонаққа қандай тағам ұсыну керек?

3-топ. Қонаққа қандай сый көрсету керек?

Оқушылар өз өмірлеріңмен байланыстыра отырып, қонақ күту дәстүрінің бір бөлігін көрсетеді.

САРАЛАУ: Топтық жұмыс арқылы саралау

ҚБ. «Асық арқылы бағалау»

Өзіндік бағалау

Дескриптор:

-қонақ күту дәстүрінің бір бөлігін көрсетеді;

-топтық жұмысқа қатысады.

Көрініске қажет декорация, киімдер

Сабақтың соңы

5 минут


Оқушы рефлексиясы «Қоржын» әдісі


Маған барлығы түсінікті – жасыл асықтар


Маған сәл қиындау болды – сары асықтар


Мен ештеңе түсінбедім – қызыл асықтар

Бағалау парағындағы жиналған асықтар санын баллға айналдыру

Интерактивті тақта
















Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
05.01.2026
0
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі