Материалдар / Мәтінмен жұмыс жасау жолдарын белсенді әдіс- тәсілдер арқылы қарастыру

Мәтінмен жұмыс жасау жолдарын белсенді әдіс- тәсілдер арқылы қарастыру

Материал туралы қысқаша түсінік
Мәтінмен жұмыс жасау жолдарын белсенді әдіс- тәсілдер арқылы қарастыру
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қостанай облысы әкімдігі

білім басқармасының

«Қостанай қаласы білім бөлімінің

Б.Момышұлы атындағы

5 жалпы білім беретін мектебі» КММ

қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Агайсина Айтгуль Аусаровна


Мәтінмен жұмыс жасау жолдарын белсенді әдіс- тәсілдер арқылы қарастыру


Қазіргі кезде оқытудың басты ерекшелігі — оқу үрдісін жаңаша ұйымдастыру, оқушылардың оқудағы іс-әрекеті арқылы ойлау, сөйлеу, өз ойын еркін жеткізу, шығармашылық қабілетін жетілдіру, өз бетінше білім алу үдерісінде бірлесе әрекет ету. 

Осыған байланыста елімізде оқушының функционалдық сауаттылығын қалыптастыру мәселесі өзекті болып отыр. Ондағы басты мақсат жалпы білім беретін мектептерде Қазақстан Республикасының зияткерлік, дене және рухани тұрғысынан дамыған азаматын қалыптастыру, оның әлемде әлеуметтік бейімделуі болып табылады. Яғни, оқушылардың мектепте алған білімдерін өмірде тиімді қолдануына үйрету. Оқушылардың функционалдық оқу сауаттылығын дамытуда мәтінмен жұмыстың маңызы зор.

Мәтінмен жұмыс дегеніміз — мәтін мағынасын толық түсіну, яғни мәтін ішіндегі сөздерді түсінуі болып табылады,егер жеке сөздер түсінікті болмаса, мәтін де түсініксіз болады.

  • Мәтінді оқығаннан кейін орындалатын жұмыстар қатарына мына жұмыстарды енгізуге болады:

  • Мәтінді орыс тіліне аудару- мағынасын түсіну;

  • Мәтінге жоспар құру- мәтіндегі оқиғалардың кезегін анықтау;

  • Мәтіннің мазмұның жоспар бойынша айту- мәтіннің мазмұнын өз сөзімен айту;

  • Мәтінге байланысты логикалық сұрақтар құрастыру- берілген сұрақтарға жауап алу;

  • Мәтінге қатысты берілген жаңа сөздермен жұмыс істеу- жаңа сөздерді дауыстап оқу, сөздің мағынасын ашу, сөз тіркестерін құрастыру;

  • Мәтіндегі сөздердің бірнешесіне фонетикалық, морфологиялық талдаулар жасау- фонетика, морфология бөліміндерін қайталау;

  • Мәтін мазмұнын суретке түсіру- оқушы мәтіннің мазмұның суреттер арқылы бейнелеу;

  • Мәтінге байланысты топпен жұмыс- мәтіннің бөлімдерің әр топқа бөліп беру;( шағын көрініс жасау)

  • Мәтін бойынша сұхбат құрастыру- оқушылардың белсенді сөйлеу әрекетінде оқығанды түсіну.

  • Мәтін- лексика мен грамматикалық бірліктердің негізі. Бұл байланыс мәтіндерді анықтауға, сұрыптауға және жүйелеуге қажет.

  • Мәтінді рөлге бөліп оқыту-оқушының мәтінге байланысты бейімделуі

  • Мәтіннен мақал-мәтелдерді,нақыл сөздер мен қанатты сөздерді,фразеологиялық тіркестерді тауып жазу(бар болса)-оқушының логикалық ойлау қабілетін дамыту.

Осындай жұмыс түрлерін өткізе отырып, мәтінмен жұмыс жүргізу кезінде оқушылардың ой-өрісін дамытуға,терең білім алуларына мүмкіндік туады, сонымен қатар лексикалық мәтіндерді талдай отыра оқушының грамматикалық жағынан білімі де меңгеріледі.

Мәтінмен жұмыс – сабақта өтілетін әртүрлі жұмыстардың жиынтығынан құралады. Олар:

1. Дыбыстармен жұмыс.

2. Сөздіктермен жұмыс.

3. Сөздік қорларын жетілдіру.

4. Тіл дамыту.

5. Ережемен жұмыс

6. Ауызша сөйлей білуге дағдыландыру.

Осы тұрғыдан келгенде мәтінді меңгертуде сөздің жұмысының рөлі үлкен.

1. Төл дыбыстарымыз бар сөздерді оқытушы дауыстап өзі оқып, сонан қайталау керек.

2. Жаңа сөздерді тақтаға жазып есте сақтауын қадалап, оған байланысты сөздерді дыбыстап оқытуға, іштей қайталауға дағдыландыру керек.

3. Қиын сөздерді, сөз тіркестерін жекеше оқытып, дәптерге жазғызып, хормен оқыту керек.

4. Тақырыпты қаншалықты меңгергендігін байқатып, сөйлете білуге дағдыландыру мақсатында мәтіннің мазмұнын қысқаша баяндауды үйрету керек.

5. Мәтінге байланысты сұрақ қойғызып, жауап алу керек.

Мәтінді меңгертуде осындай амал тәсілдерді қолданған тиімді. Мәтін оқылып болған соң, ондағы әр сөзді оқушылардан қалай түсінгеніне көңіл бөлу керек. Түсінбеген сөздерін мұғалім өзі қосымша түсіндіріп, әр сөздің мағынасына тоқталу керек. Мәтінде кездесетін сөздер мен сөз тіркестеріне де айрықша мән беру қажет Біз оқытып жүрген оқулықта тақырыпқа сай мәтіндер көп. Оқулықтары мәтіндердің күрделігі сол мәтінмен жұмыс істейтін оқушылардың білім деңгейіне байланысты болу керек. Мәтінді оқытудың мынадай түрлері бар

1) Дауыстап оқу: бұл әдісті жүргізе отырып, оқушының сөйлеу элементтерін меңгергендерін байқауға болады. Дауыстап оқытудың тағы бір тиімділігі мынада: оқушылар бірінің қатесін бірі естіп және оны түзетеді.

2) Іштей оқу. Бұл жұмыстың мақсаты оқушылардың шапшаң оқу дәрежесін анықтау. Мысалы: мұғалім оқушыларға іштей оқу үшін бір мәтін беріп, қай жерге келгенде кітаптарын жауып, мұғалімге бітіргенін байқатады. Осыған қарап ұстаз олардың оқу шапшаңдықтарынан мөлшерін белгілеп отырады.

3) араласып немесе кезектеп оқу.

4) буынға бөліп оқу.

5) мәнерлеп оқу.

6) Сөйлемді мағынасына, айтылуына қарай дауыс ырғағымен оқу. Сабақта бірімен мәтінді тек оқытып қана қоймай, сол мәтіннің тәрбиелік мәніне байланысты мақал-мәтелдер, өлеңдер, қанатты сөздер алып, қосымша дәптермен жұмыс жүргіземін. Одан басқа, оқушылардың назарын сол мәтіннің авторына аударады. Мысалы: бүгінгі сендердің қызығып тыңдаған әңгімелерді кім жазған екен? Ол жазушыны естеріңе сақтадыңдар ма? Автордың қандай туындыларын білесіңдер? Кітабын тағы оқығыларың келеді ме?-деген сұрақтар қойылады. Сонымен бірге ол автор туралы буклет, реферат, хронологиялық таблица, сөзжұмбақ жасаймыз. Егер ол автор ақын немесе композитор болса, ол кісінің өлеңдері мен әндерін жаттаймыз, күй табақтар, қара сөздер, поэмалар, термелер бар аудиокассеталар тыңдаймыз, берілген оқиғаға байланысты оқушылар өз ойларын суреттер арқылы да жеткізеді. Әр мәтінге байланысты портреттер, суреттер, дидактикалық материалдар қолданамын. Оқушыны қызықтыратын мәтіндер таңдау, оқушылық қызығушылығын есепке алу, жұмыста қазақша сөйлеуге, жаттығуға бағыттау, оны ұйымдастыруда мұғалімнің рөлі ерекше. Мұғалім сабақта әр түрлі әдіс-тәсідерді пайдалана білу керек. Ол негізгі әдістер: әңгімелесу, көрнекілік, техникалық құралдар қолдану, жұмысты қазақша сөйлесу түрінде жүргізу, оқушының танымдық мәніндегі тапсырмаларды орындауы арқылы білімқуушылығын, өз бетімен шығармашылық жұмыс істеуіне жағдай жасау, қазақша жазу, дұрыс сөйлеу дағдысын қалыптастыру, қазақша білімін конкурстарда, конференцияларды, олимпиадаларда көрсетуге жағдай жасау керек.

Осындай жұмыс түрлерін жүргізу кезінде оқушылардың ой-өрісін дамытуға, терең білім алуларына мүмкіндік туады.

Тілдерін дамыту үшін мынадай сайыс сабақтың түрлерін айтқым келеді. Мақсаты: Оқушылардың тілдерін дамыту, логикалық ой - өрістерін дамыту.

1. «Бір сөзбен айт» сайысы: Әр топқа 6 парақ қағаз беріледі. Парақтарда оқу құралдары, пәндер, мамандықтар, жемістер,үй жануарлары, азық-түліктер, дене мүшелері, көкөністер,түстер, аңдар, киімдер, отбасы мүшелері деген сөздер жазылған. Оқушы қолына тиген парақтағы сөзді оқып, сол сөзге қатысты бірнеше сөз айту керек. Мысалы: парақтағы сөзде оқу құралдары деп жазылған, оқушы дауыстап оқымай, біраз ойланып кітап,қалам,өшіргіш, қарындаш, сызғыш дейді.

«Сөз жарысы» сайысы.

2 топтан екі оқушы шығып тақтада берілген сөздердің аудармасын тауып жарысады. Қай топ бірінші болса, сол топ жеңімпаз атанады.

Жазу арқылы жүйелі сөйлеуді, сөйлеу стилін үйрету және ауызекі сөйлеуге жұмыс жасатуға болады. Ауызекі сөйлеу әдісінің бірі - диалог арқылы дамыту. Диалог құру үшін белгілі бір тақырыпта оқуға байланысты оқушының сөздік қорын дамыту, жаңа сөздер үйретіп, мағынасын ұқтыра отырып, оларды жасайтын формаларды меңгертіп, сөйлем құрауға үйрету, сөз бен сөзді байланыстыруға, ауызша ойларын жүйелі айтуға, әңгімелеуге жаттықтыру керек.Сонда оқушы диалог құру кезінде сауатты сөйлеуге, қазақ тілінің грамматикасын ескере отырып диалог дұрыс құруға тырысады.Бұл оқушының тілін дамытады.

Оқушылардың тіл дамыту және сауаттылығын арттыру жұмысы:

- ауызша

1. Мәтінмен жұмыс

А) талдау, в) сұраққа жауап беру, В) салыстыру

- Жазбаша

1.Шығармашылық жұмыс

А) сурет бойынша мәтін құрау,Б) кесте толтыру,В)өлең шығару.

Мұғалім әр сабақта оқушыға жағдай жасап түрлі технологияларды жүйелі қолданып, оларды шығармашылықпен пайдалана білсе,жақсы нәтижелерге қол жеткізуге болады ; қазақ тіліне қызығушылық көтеріледі, ауызекі сөйлеуі дамиды, коммуникативтік дағдылар қалыптастырылады.

Қорыта айтқанда, қазақ тілін үйрету жұмыстарын орындау дұрыс жолға қойылған жағдайда ғана, тіл үйрету сабақтарының мақсаты шешілері сөзсіз.




Пайдаланған әдебиеттер


1. Айтмамбетова Б. Жаңашыл педагогтар идеялары мен тәжірибелері. -А., 1991.

2. Артықова Т.М. Қыстаубаева Ж. Қазақ тілі . Оқыту әдістемесі.А:, 2005 ж.

3. Әбенбаев С. Мектептегі тәрбие жұмысының әдістемесі. -А., 1999.

4. Қуанышбаева А.Жаңа технологиялық әдіс-тәсілдерді пайдалану.А: Қазақ тілі: Әдістеме. Республикалық ғылыми-әдістемелік журнал, №2,2004. 47 б.

5. Мүрсәлиева Ж.Т. «Қазақ тілі сабағында ауызекі сөйлеу дағдыларын дамыту», 2001

6. Оралбаева Н. Жақсылықова Қ. Орыс тіліндегі мектептерде қазақ тілін оқыту әдістемесі, А: 1996 жыл.

Материал жариялап тегін
сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!