400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Мәтінмен жұмыс жүргізу

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақ тілі сабағындағы мәтіндерге байланысты жаттығу жұмыстары оқушылардың мәтінді түсіну, талдау және ойын дұрыс жеткізу дағдыларын дамытады. Сабақ барысында әртүрлі тапсырмалар арқылы оқушылардың сөздік қоры молайып, тілдік сауаттылығы артады. Бұл сабақтың негізгі мақсаты – мәтіннің мазмұнын меңгертіп, оқушылардың сөйлеу және жазу мәдениетін жетілдіру. Мұндай жаттығулар оқушылардың сыни ойлауын, шығармашылық қабілетін және өз пікірін дәлелдей білуін қалыптастырады. Сабақтың басқаларға пайдасы – тиімді әдіс-тәсілдерді қолдану арқылы білім сапасын арттыруға мүмкіндік береді. Негізгі ойы – мәтінмен жүйелі жұмыс жасау арқылы оқушылардың қазақ тілінде еркін қарым-қатынас жасау құзыреттілігін дамыту.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақ тақырыбы: Мәтінмен жұмыс жүргізу

Сабақтың мақсаты: Оқушылармен сабақтың тақырыбы жайында ой пікірлерімен бөлісу және етістіктің етіс категориясын қайталау, тапсырмаларды орындау.

Міндеттері:

- оқушылардың ауызекі сөйлеу тілдерін дамыту, ауызша , жазбаша сауаттылықтарын тексеру;

- мәтінмен жұмыс істеуге машықтандыру;

- мәтіндегі сөйлемдерге грамматикалық талдаулар жасау;

- мәтін бойынша ойын бірізді жүйелі түрде айтуға үйрету;

Сабақтың әдіс – тәсілдері : сұрақ – жауап, түсіндіру, ізденіс, тексеру

Сабақтың типі: жаңа сабақты меңгерту

Интеграциялық мүмкіндігі : әдебиет, орыс тілі

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

1. Оқушыларды түгендеу.

2. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

ІІ. Үй жұмысын тексеру

1. Етістіктің шақ түрлерін сұрау.

ІІІ. Жаңа сабақ.

а/ Мәтін бойынша берілген сөздермен жұмыс.(аудармасы кітапта)

Кереге , киелі мүлік, қанатты үй, керегесі кең, уық, шаңырақ, жұп – жұмыр, баспана, бас сұғу.

1. Жаңа сөздерді қатыстырып сөз тіркестерін құрастыру. Ағаш кереге, бесік киелі мүлік, киіз үй қанатты үй, киіз үйдің керегесі кең, киіз үй уығы, біртұтас шаңырақ, жұп – жұмыр қол, халық баспанасы, үйге бас сұғу.

2. Жаңа сөздерді қатыстырып сөйлем құрастыру.

ә/ Мәтінмен жұмыс .«Киіз үй»

1.. Мәтінді мәнерлеп оқу.

2. Мәтін бойынша өз ойын айту.

б/ Мәтін бойынша грамматикалық тапсырмаларды орындау.

1. жаз, бер, айт – сөздерін етіс жұрнақтарымен жазыңдар.

2. барғызды, көргізді - сөздеріне морфологиялық талдау.

3. «Киіз үй» мәтінінің арасынан сөйлемдерге синтаксистік талдау.

в/ Оқулықтағы 4,5 –тапсырмаларды орындау. 82бет.

ІҮ. Сабақты бекіту.

1. Киіз үй кімнің баспанасы?

2. Киіз үйдің бөлшектері қандай?

3. Киіз үй қандай шаңырақ?

4. Қазақ халқы киіз үйді қалай ұстаған?

Ү. Үйге тапсырма.

1. Мәтінді мазмұндау.

2. Етіс категориясын жаттау.

ҮІ.Бағалау.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
01.07.2026
9
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі