Икатова Сауле Балтабаевна, Еркеева Нурсул Ибрагимовна
Авторлық бағдарлама
«Мәтінмен жұмыс жүргізу арқылы оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру»
ӘОЖ 373
КБК 74.268
М 11
Құрастырушы автор: Икатова Сауле Балтабаевна,
Еркеева Нурсул Ибрагимовна
Пікір жазған:
Халықаралық ғылым мен білімді
қолдау орталығының директоры- Н.А. Жолтаева
Халықаралық ғылым мен білімді қолдау орталығының оқу-әдістемелік кеңес мәжілісінде талқыланып, 2023 ж. «22» желтоқсан № 555 хаттамасымен мақұлданған және баспаға ұсынылған.
«Мәтінмен жұмыс жүргізу арқылы оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру» : /авт.бағдарл., /әд.нұсқ. /
ISBN 978-601-02-2245-8
Түсінік хат
Тәуелсіз еліміздің білім беру жүйесінде болып жатқан көптеген оң өзгерістер қоғамның жас ұрпақ тәрбиесі үшін жауапкершілігі терең сезіліп отырған айқын.
Бүгінгі күні әлемдік қауымдастық қатарында өзіне лайық орнын белгілеген біздің мемлекетіміз үшін қазіргі заман талаптарына байланысты өзіндік көзқарасы, саяси түсінігі бар, білімді әрі жоғары білікті жас ұрпақ тәрбиелеу қажеттігі туындап отырғаны сөзсіз.
Қазіргі заман балалардың функционалды сауатты болуын талап етсе, соның бірі -оқу сауаттылығы.
Белсенді сабақтар мұғалімнің ашқан жаңалығы, өзіндік қолтаңбасы, әдістемелік ізденісі, қолданған әдіс-тәсілдері арқылы ерекшеленіп, шәкірт жүрегінен орын алады.
Қазіргі кезеңде оқушының өз бетімен білімге ие болу барысында оның белсенді іс-әрекетін ұйымдастыру оқу үдерісіне қойылатын негізгі талаптардың бірі болып табылады. Бұл тәсілдеме пәндік білімді, әлеуметтік және коммуникативтік дағдыларды ғана емес, сонымен бірге өзінің жеке мүдделері мен болашағын сезінуге,сындарлы шешімдер қабылдауына мүмкіндік беретін тұлғалық қасиеттерді де меңгеруге ықпал етеді.
Мұғаліммен бірлесіп шығармашылықпен айналысу және серіктес, кеңесші ретінде мұғалімнің қолдауы кезінде оқушының белсенді танымдық қабілеті тұрақты сипатқа ие болады деп бағдарламада көрсетілгендей. Сауат ашу пәнінде – мұғалім мен оқушы сөйлесу арқылы ,әлеуметтік қарым –қатынасы жақындата түседі және сөйлеу мен қарым-қатынас жасау мәдениеті нормаларын сақтауға дағдыландырады. Оқушы сабақ үдірісінде сұрақтар қою арқылы ойлырын жеткізіп отырады.
Авторлық бағдарламаның өзектілігі:Жалпы оқу дегенде тек поэзияны ғана мәнерлеп оқи білу деп түсінбеуіміз керек. Мен өзімнің қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында әрбір қарапайым сөйлемді дұрыс нақышына келтіре оқи білу, әрбір кейіпкер сөзін сол кейіпкер бейнесінде толғай білу, әрбір мақалдың негізгі ойын дұрыс айтып жеткізе білу, әрбір өлең жолдарын мәнімен, ұйқас, ырғақтарын ұғып тұрып жеткізу жолдарын үйретуге тырысамын. Ол үшін бала ең алдымен оқиын деп тұрған сөйлемнің, мақалдың немесе өлең жолдарының мағынасын, айтпақшы ойын анық түсіне білуі керек. Екіншіден, әрбір тыныс белгісінің мәнін ұғып, соны дұрыс пайдалана білуі тиіс. Үшіншіден, өлең сөздің ұйқас ырғақтарын, бунақ тармақтарын ажырата білуі керек. Демек, бұдан келіп шығатын қорытынды нағыз мәнерлеп оқи білетін бала қазақ тілі мен әдебиеті теориясынан толық білімді болып шығады екен. Бұлай дейтін себебіміз, егер оқушы қазақ тіліндегі тыныс белгілерін (пунктуация) не үшін қойылатынын, әдебиет теориясында теңеу, эпитет, метонимия, метафора, т.б. сияқты ұғымдардың қандай жерлерде не мақсатпен жазылатынын білмесе, онда оқушының мәтін мазмұнын дәл ұғып, түсінуі қиындау болар еді. Сондықтан ұсынылып отырған авторлық бағдарламадағы тапсырмалар оқушылардың оқылым дағдысын қалыптастырып, функционалдық сауаттылығын арттыруға бағытталған.
Авторлық бағдарламадағы қолданылатын жұмыс түрлері:
-оқушыға іштей оқытып, сөйлем немесе шумақ мазмұнын ұғып алуына мүмкіндік берілетіндей құрастырылған авторлық бағдарламаның мазмұны жеке- жеке оқушыға даралап оқытуға, топпен оқытуға мүмкіндік береді;
-балаларға кезекпен немесе барлық сынып оқушыларына бірден дауыстап оқытамын;
-егер кейіпкер сөзі не диалог болса баланың сол бейнеге енуіне жағдай жасаймын;
-теледидардан берілетін кештер мен айтыстарды үнемі көріп отыруын тапсырып, қадағалаймын;
-тек оқулық көлемімен шектелмей, өздерінің ұнатқан шығармаларын жаттап, сынып алдында айтуына мүмкіндік беремін ( бұл баланың ізденуіне мүмкіндік);
-кітапты дұрыс және мәнерлеп оқуды өте жақсы меңгерген оқушыларды сынып алдында -жеке оқытамын, әр түрлі шараларға қатыстырып отырамын;
Авторлық бағдарламаның мақсаты:
-
оқушылардың рухани дүниесін байыта отырып, эстетикалық, көркемдік, адамгершілік, азаматтық тәрбие беру;
-
оқырмандық талғамды қалыптастыру
-
ауызша сөйлеу мәдениетін қалыптастыру;
Міндеті:
-
әдебиетті өнер табиғатына сай оқи білуге, мән – мағынасын терең түсінуге мүмкіндік туғызу;
-
көркем әдебиетті оқуға деген қызығушылығын ояту;
-
жеке тұлғаның эмоциялық мәдениетін қалыптастыру;
Күтілетін нәтиже:
-
әдебиетті өнер табиғатына сай оқи біліп, мән – мағынасын терең түсінеді;
-
көркем әдебиетті оқуға деген қызығушылығын оянады
-
жеке тұлғаның эмоциялық мәдениеті қалыптасады;
-
шығармашылық қабілеті артады.
Авторлық бағдарламаның міндеттері:
Нормативті бөлім
-
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 604 бұйрығымен бекітілген Негізгі орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты;
-
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 бұйрығымен бекітілген Негізгі орта және жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарлары (2018 жылғы 4 қыркүйектегі № 441 бұйрықпен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген);
-
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі № 115 бұйрығымен бекітілген Негізгі орта білім берудің жалпы білім беретін пәндерінің үлгілік оқу бағдарламалары (2017 жылғы 25 қазандағы № 545 бұйрықпен ӛзгерістер мен толықтырулар енгізілген);
-
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі № 115 бұйрығымен бекітілген Жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін пәндерінің үлгілік оқу бағдарламалары (2017 жылғы 3 сәуірдегі № 352 бұйрықпен ӛзгерістер мен толықтырулар енгізілген);
-
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі № 115 бұйрығымен бекітілген Жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін пәндерінің үлгілік оқу бағдарламалары (2019 жылғы 7 наурыздағы № 105 бұйрықпен ӛзгерістер мен толықтырулар енгізілген);
-
«Оқулықтардың, оқу-әдістемелік кешендердің, құралдардың және басқа да қосымша әдебиеттердің, оның ішінде электрондық жеткізгіштегілерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2019 жылғы 17 мамырдағы № 217 бұйрығымен бекітілген оқу басылымдары;
Оқу нәтижелері:
-
өзара пікірталастыруға, өзінің пікірін дәлелді құруға дағдыланады;
-
топ ішінде белсенді тілдік қатынас орнатады;
-
проблеманы өздігінен шешуге ұмтылды, шығармашылық жұмыстарды орындауға үйренеді;
-
тапсырмада берілген сұрақтарға жауап іздеп, өзіндік пікір айтуға дағдыланады;
-
ауызша сөйлеу дағдылары жетіліп, мәтін құрастыру біліктері, ойларын логикалық түрде жүйелей алу ұстанымдары дамиды.
Жұмыстың ғылыми-әдістемелік деңгейі: жаңашылдық немесе қолданыстағы бағдарламалармен салыстырғанда осы бағдарламаға енгізілген жаңа түсініктемені қалпына келтіру мақсатында ұсынылған авторлық бағдарлама жаңартылған білім мақмұнына негізделіп типтік-үлгілі бағдарлама мақсаттарына сүйене отырып құрастырылған.
Бағдарламаның ғылыми табиғаты – оның жаңа білім беру парадигмасы
философиясына, әдіснамасына, психологиясына және педагогикалық ғылым мен практиканың соңғы жетістіктеріне сәйкес әзірленген.
Бағыттылығы:
-оқушыларда ББД қалыптастыру ғана емес, жеке тұлғасын дамыту және тәрбиелеу;
-алалардың психофизиологиялық және әлеуметтік денсаулығын сақтау;
-білім беру процесінің экономикалық, экологиялық, этнопедагогикалық, психологиялық бағыттылығын қамтамасыз ету;
-білім беру мазмұнының гуманистік, интеграциялық және инновациялық тәсілдерге сәйкестігін қамтамасыз ету және т.б.;
-ғылым талаптарына сәйкестікті қамтамасыз ету (проблеманың болуы, ғылыми гипотеза, проблеманы гипотетикалық шешу, ғылыми негізделген зерттеу жүргізу, зерттеу нәтижелерін зерттеу алдында алынған мәліметтермен салыстыру);
Білім өнімі: оқушылардың сабақ барысындағы танымдық, зерттеушілік іс-әрекетерінің барысында әзірленетін материалдар.
Оқушының оқу өнімі: конспект, тезистер, тарихи талдау, ғылыми мәселелерді өздігінен шешуі, нақыл сөздерін есте сақтау, эссе, шығарма таныстырылым, рөлдік ойындар, ізденіс жұмыстары, мазмұнын тану, ой қорыту, ойтолғау т.б.
Жаңартылған білім мазмұны бойынша күтілетін нәтиже – қазақстандық патриотизм мен азаматтық жауапкершілік негізінде, сыйластық, бірлескен жұмыс, ашықтық, білімі мықты, қарым-қатынас қабілеті, тәртібі қалыптасқан, кеңейтілген дағдыларды меңгерген: білімді функционалдық және шығармашылық қолдану; сыни ойлау; зерттеу жұмыстарын жүргізу; ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану; әртүрлі коммуникация түрлерін қолдану, оның ішінде тілдік дағдыларды меңгеру; топта және жеке жұмыс жасау, жұптық жұмыстарды орындай білу, алған білімдерін жинақтап, әртүрлі мәселелерді шешуде қолдану икемділіктерін дамыту.
Бағдарлама «Оқу жоспарының вариативті бөлігінің оқу бағдарламалары мен элективті курстарды сараптамадан өткізу және оларды жаңартылған білім беру мазмұны аясында әдістемелік қамтамасыз ету туралы ереже» (бұдан әрі – Ереже) Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі № 319-III «Білім туралы» Заңына (06.05. 2020 ж. енгізілген толықтырулар мен өзгертулер негізінде) сәйкес әзірленді.
Ақпараттық–әдістемелік бөлім
Авторлық бағдарлама түсінік хатта көрсетілгендей мақсат, міндеттерді жүзеге асыруға бағытталған. Бағдарламадағы тарауларға орай алынған тақырыптар білім беру стандартына сай игеруге тиіс материалдарды қамтиды. Ал осы тақырыпты игеруде қашықтан оқу барысында қолданылатын инновациялық тәсілдері тақырыптарды толық меңгеруге көмектеседі. Инновациялық әдіс-тәсілдер арқылы берілген тапсырмалар, шығармашылық жұмыстар формативті бағаланады. Шығармашылығын дамытатын, тақырыпқа сай берілген тапсырмалар оқушылардың даму рейтингін бақылап, мониторинг жасауға көмектеседі. Оқушы жұмысын бағалауда төмендегідей ерекшеліктерге:
-
оқушының шығарманы түсіне отырып, мәнерлеп оқуына;
-
талапқа сай, нақышына келтіріп, қашықтан айта білу шеберлігіне;
-
ақын шығармашылығын толығымен игеруіне;
-
қаламгерлер мұрасын дәріптеуге бағытталған түрлі шығармалар, көркемсөз оқу байқауларына қатысуына;
-
шығармашылық, ізденіс жұмыстарымен айналысуына баса назар аударған жөн.
Мәтінмен жұмысты бағалау критерийі
«9-10» - оқушы шығарма мазмұнын түсінудегі тыңдалым, айтылым, жазылым, сөйлесім дағдыларын еркін орындай алса, мазмұны мен идеясын еркін түсініп, тапсырмаларын орындай отырып, жұмысты мұқият орындаса қойылады.
«7-8» - оқушы тапсырманы шығарма мазмұнын түсіну барысында тыңдалым, айтылым, жазылым, сөйлесім дағдыларына байланысты қателер жіберсе, ойын жеткізуде немесе талдауда сәл қателіктер болғанда қойылады.
«5-6» - мәтінді оқығанмен, талдауда белсенділік танытпай, тыңдалым, айтылым, жазылым, сөйлесім дағдыларын орындауда қателері болса.
«3-4» - мәтінді оқуда қиналып, талдауда белсенділік танытпай, тыңдалым, айтылым, жазылым, сөйлесім дағдыларын орындауда жіберілген қателері көп болса, тақырыптан ауытқушылық орын алғанда қойылады.
«1-2» - шығарманы оқымай, мазмұнын мүлде игермегенде қойылады.
Мәтінмен жұмысты бағалау критерийі:
|
Критерийлер |
Дескриптор |
балл |
|
Мәтін мазмұнының меңгерілуі |
Мәтінді оқиды, түсінеді. |
1 |
|
көтерілген басты мәселені анықтайды, тірек сөздерді таба біледі. |
1 |
|
|
Негізгі мәселеге байланысты өз ойын толық жеткізіп айта алады. |
1 |
|
|
Барлығы: |
|
3 балл |
|
Шығарманы талдау |
әдеби туындыны тұтастай қабылдау мәдениеті, |
1 |
|
көркемдік бейнелеу құралдарын таба білуі |
1 |
|
|
Шығарманың түйінін тауып, құнды, әрі еркін жауап беруі |
1 |
|
|
|
|
3 балл |
|
Шығарма, эссе түрлері, ойтолғау, т.б жұмыс түрлерінің жүзеге асырылуы |
Ой реті сақталады; |
1 |
|
Дәйек сөздерді, мысалдарды, фактілерді дұрыс қолдана біледі; |
1 |
|
|
Тілдік нормаларға сай орындап жазады; |
1 |
|
|
|
Құрылымын сақтап жазады; |
1 |
|
|
|
4 балл |
|
Барлығы |
|
10 балл |
Нормативті бөлім
Күнтізбелік-тақырыптық жоспарлау
|
№ |
Сабақ тақырыбы |
Оқу мақсаты |
Сағат саны |
Білім нәтижесі |
||
|
Барлығы |
Теория |
Практика |
||||
|
1 |
Тәртіпті оқушылар |
Оқу сауаттылық тапсырмаларын орындау, функционалдық сауаттылықтарын қалыптастыру. Оқушыларды тәртіпке баулу |
1 |
1 |
|
Оқу сауаттылық тапсырмаларын орындайды, функционалдық сауаттылықтарын қалыптастырады.Оқушыларды тәртіпке баулиды. |
|
2 |
Көлсай көлдері |
Оқу сауаттылық тапсырмаларын орындау, функционалдық сауаттылықтарын қалыптастыру. |
1 |
1 |
|
Оқу сауаттылық тапсырмаларын орындайды, функционалдық сауаттылықтарын қалыптастырады. |
|
3-4 |
Шоқан Уалиханов |

Оқу сауаттылық тапсырмаларын орындайды, функционалдық сауаттылықтарын қалыптастырады |
|
5-6 |
Емтихан |

7-8 |
Сұлтан Баймағамбетов |

9-10 |
Қазақ отбасындағы талап |

11-12 |
Бала бидің білгірлігі |

13-14 |
Қазақ - қонақжай халық. |

15-16 |
Балалық шақ |

17-18 |
Төле би |

19-20 |
Ғалым туралы естелік |

21-22 |
Туризм: экотуризм |

23-24 |
Қазақстандағы шипалы сулар |

25-26 |
Ұрлық |

27-28 |
Тұңғыш Президент күні |

29-30 |
«ЭКСПО-2017» көрмесі |

31-32 |
Достық |

33-34 |
Бүркіт пен бүркітші жабдықтары |

35-36 |
Қорытынды |

\
Сабақ №1
|
Бөлім: |
|
|||||
|
Педагогтің аты-жөні |
|
|||||
|
Күні: |
|
|||||
|
Сабақ |
|
|||||
|
Сынып: |
Қатысушылар саны: - |
Қатыспағандар саны: |
||||
|
Сабақтың тақырыбы |
Тәртіпті оқушылар |
|||||
|
Сабақтың мақсаты |

Сабақ барысы |
||||||
|
Сабақ кезеңдері |
Мұғалімнің оқу іс-әрекеті |
Оқушының іс-әрекеті |
Бағалау |
Ресурстар |
||
|
Сабақтың басы |
Оқушылармен амандасып, түгелдеу. Ынтмақтастық атмосферасын қалыптастыру. Сабақ тақырыбы, мақсатымен таныстырылады. Оқушылар «Атомдар мен молекулалар» әдісі арқылы топқа бөлінеді. |
Оқушылар амандасады Оқушылар топқа бөлініп өз топбасшыларын сайлайды |
«Отшашу» әдісі Тілектер айтылады. |
|
||
|
Сабақтың ортасы |
1-тапсырма 1.Оқылым.Мәтінді оқып, астындағы тест тапсырмаларын орындаңыз.
Біз бесінші сыныпты
бастаған жылы жағрапия пәнінен мектеп директорының тәртіп жөніндегі
орынбасары сабақ беретінін естіп қорқып қалдық. Өйткені біздің
сынып оқушылары үшін «тәртіп» деген сөз онша ұнамайтын. Сыныпта бар
болғаны төрт-ақ ұл. Бірақ тәртіп бұзатын ұлдар емес, қалған он алты
қыз еді. Қыздар көп болғандықтан да, ұлдар тыныш жүретін, ал қыздар
ұлдар сияқты небір ойға келмейтін оқиғалар ойлап табатын. Біз аз
уақыттың ішінде осындай еркіндіктен айырылып қаламыз деп ойламаған
едік. 1-A; 2-B; 3-B; 4-B
2-тапсырма Қағаз ақша Бір тал қағаз ақшада 3000 түрлі бактерия барҚағаз ақша – лас заттардың ішіндегі ең ласы болып саналады. Жақында Нью-Йорк университетінің ғалымдары қағаз ақшаға зерттеу жасаған. Зерттеу нәтижесі бойынша бір тал қағаз ақшада 3000-нан астам бактерия бар екені байқалған. Бұл бактериялардың асқазан жарасы, өкпе қатерлі ісігі сынды ауруларға себепкер болу мүмкіндігі өте жоғары екен. Зерттеушілер келу қайнары ұқсамаған 1 долларлық 80 дана ақшаны зерттеу арқылы бұл қағаз ақшадағы бактерия, вирустар көптеген ауруларға себепші болатыны дәлелденген. Есіңізде болсын, қағаз ақша ұстағаннан кейін міндетті түрде қолды тазалап жууды ұмытпаңыз. 1.Бір тал қағаз ақшада 3000 түрлі бактерия бар Қағаз ақшада қанша бактериялардың түрі бар. Атап шық.---------------------------------------------------------------------------------2. Бір тал қағаз ақшада 3000 түрлі бактерия барС ені анаң дүкенге тұрмыстық затттар әкелуге жұмсады. Қолыңа қағаз ақшадан бесеу, темір ақшадан үшеу берді.Бактерия қағаз ақшада немесе темір ақшада көп болама?
Ойлан.-------------------------------------------------------------------------------------3.
Бір тал қағаз ақшада 3000 түрлі бактерияБактерия дегеніміз
не?------------------------------------------------------------------------------------------- |
Мәтінді оқиды Тест тапсырмаларын орындайды Мәтінді оқиды Сұрақтарға жауап береді |
«Отшашу» әдісі «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі «Смайликтер» арқылы |
Интерактивті тақта, стикер , смайликтер, көрнекіліктер
|
||
|
Сабақтың соңы 5 мин |
Қорытындылау. Бүгінгі сабақтан үйренген жақсы қасиеттерін еске түсіріп , айтып береді. Кері байланыс: «Рефлексиялық пирамида»
|
Пікір жазылған парақтарға өз ойларын жазып, сабаққа кері байланыс береді |
|
|
||
Сабақ №2

Оқушылармен амандасып, түгелдеу. Ширату. «Тілектер тізбегі» Психологиялық ахуал орнату мақсатында топтағы оқушыларға жанында тұрған оқушының бас әрпінен басталатын тілектер айтады. «Ой қозғау» әдісі арқылы оқушыларды жаңа тақырыпты меңгеруге ынталандыру |
Оқушылар амандасып, |
«Басбармақ» әдісі |
Суреттері бар қағаз
қиындылары |
||
|
Сабақтың ортасы |
1-тапсырма 1.Оқылым. Мәтінді оқып, астындағы тест тапсырмаларын орындаңыз.
«Солтүстік
Тянь-Шаньның маржандары» аталатын «Көлсай көлдері» Күнгей
Алатауында 1887 және 1911 жылдары болған жер сілкінісі салдарынан
пайда болған екен. Ал енді «Көлсай көлдері» деген атауға келсек,
көрікті көлсай көлінің өзі – Жоғары, Ортаңғы және төменгі Көлсай
деп аталатын үш көлден тұрады. Және де әр көлдің өзіндік
ерекшеліктері бар. Мысалы, Жоғары Көлсай – 1800 метр биіктікке
орналасқан. Тіпті осы үш көлдің тереңдігі де әр түрлі, жағадағы
көлсайдың терең жері – 24 метр екен. Ортаңғы Көлсайдың ұзындығы –
1150 метр, тереңдігі – 57 метр, ол өзіміз суретін Алматының
Арбатынан тамашалап жүрген төменгі Көлсайдың тереңдігі орта есеппен
60-85 метр көрінеді. Табиғаттың берген тағы бір сыйы, Көлсай
Көлдерінің барлығында дерлік патша балық еркін ойнақ салып жүр.
Әрине, аулауға қатаң тыйым салынған. Бұған қоса, осындағы Қайынды
көлі де – туристерді тартуға болатын көрікті де табиғаты әсем
көлдердің бірі. Қайыңды көлінің суы алуан түрлі тамақ ауруларына
мың да бір шипа екен. Мұны жергілікті тұрғындар жыр ғып
айтады. 2-тапсырма 2. Тыңдалым 1.Мәтінді тыңдап, астындағы тест тапсырмаларын орындаңыз.
Менің атым Қожа, фамилиям Қадыров. Бір
кезде Қадырұлы деп те жазып жүрдім. Бірақ жұрттың бәрі «ов» болып
жатқанда мұным жарамас дедім де, Қадыровқа қайтып келдім. Қадыр –
менің әкем. Ех, шіркін дүние-ай десеңші! «Әке» деген сөзді айтқанда
жүрегім қарс айырыла жаздайды - ау! Қандай жақын, қандай ыстық!
Балалар менің әкем үйтті, менің әкем бүйтті. Менің әкем ананы сатып
әперетін болды, менің әкем мынаны сатып әперетін болды деп мақтаныш
етіп жатады. Ал мен болсам, әкемнің қандай адам екенін де
білмеймін. Өйткені ол майданға аттанғанда, мен екі жастамын. Екі
жасар ақымақ не біледі, не түсінеді? Сол кеткеннен абзал әкем мол
кетті, оралмады. Ех, қайран әкем, егер сен тірі болсаң, мүмкін мен
әлемді шулатып жүрген сотқар Қожа емес, бұдан гөрі басқадай болар
ма едім?!.
2.
Асты сызылған сөзге сәйкесін табыңыз. Жауабы: 1-А; 2-А; 3-С; 4-А 3-тапсырма 3. Оқылым. Мәтінді оқып, астындағы тест тапсырмаларын орындаңыз. Отбасында берілетін бата. Бата – біреуге жақсы тілек білдіру үшін айтылатын сөз. Батаны жасы үлкен адамдар береді. Бата жастарды әдепті, сабырлы, білімді, адал, дәулетті, бақытты, кешірімді болуға, жерін, елін қорғауға шақырады. Бата отбасының бірлігін, адамгершілігін сақтауға ерекше қызмет атқарады. Бата тұрмыстағы әртүрлі оқиғаларға байланысты айтылады: сәбиді бесікке салғанда, жүре бастағанда, атқа алғаш мінгенде, сапарға шығар алдында, үйлегенде, т.б. Сондай-ақ әртүрлі мерекелерде, дастарқан басында тамақ ішкенде, т.б. жағдайларда бата береді. Бата отбасының бақытты болуына ықпал етеді деп есептеледі. Сондықтан бата алу үшін адамдар отбасында әдәпті, қонақжай болуға тырысады. Бата үйдегі адамдарды сыйластыққа тәрбиелейді. 1 . Біреуге жақсы тілек білдіру үшін айтылатын сөз не? А) бата В) бақыт С) әдепті D) сабырлы Е) адал 2. Батаны кімдер береді? А) жастар В) жасы үлкен адамдар С) балалар D) сәбилер Е)адамдар 3. Жастарды не әдепті, сабырлы болуға шақырады? А) бата В) бақыт С) әдепті D) сабырлы Е) адал 4.. Бата ненің бірлігін, адамгершілігін сақтауға қызмет атқарады? А) достықтың В) бақыттың С) отбасының D) адамның Е) мемлекеттің 5. Сапарға шығар алдында не айтылады? А) сапар В) бақыт С) оқиға D) тұрмыс Е) бата |
Мәтінді қоып, тест тапсырмаларын орындайды |

Кері байланыс: «Табыс ағашы» әдісі Түсіндім – ең жоғарысына жасыл стикерге жазып, жабыстыру Толық түсінбедім – ортасына қызыл стикерге жазып, жабыстыру Түсінбедім – ең төменіне көк стикерге жазып, жабыстыру |

Сабақ №3-4

Оқушылармен амандасып, түгелдеу. Сабақ тақырыбы, мақсатымен таныстырылады. Шаттық шеңбері Психологиялық ахуал орнату мақсатында тақпақты қайталаймыз: Қуанамын мен де Қуанасың сен де Қуанайық достарым Арайлап атқан күнге |
Оқушылар амандасып, Тақпақты қайталайды |
Смайликтер арқылы бағалау |
Интерактивті тақта, стикер , смайликтер, көрнекіліктер |
||
|
Сабақтың ортасы |
1-тапсырма 1.Мәтінді оқып, астындағы тест тапсырмаларын орындаңыз. Шоқан Уәлиханов. Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов (шын есімі Мұхаммедқанафия; 1835 —1865) — қазақтың ұлы ғалымы, XIX ғасырдың екінші жартысында Қазақстанда туған шығыстанушы,тарихшы,фольклоршы, этнограф, географ, ағартушы. Әжесі бала күнінде «Шоқаным» деп еркелетіп айтуымен, «Шоқан» аталып кеткен. Шоқан 1835 жылдың қараша айында Құсмұрын бекетінде қазіргі Қостанай облысы Сарыкөл ауданындағы Күнтимес ордасында (қыстауында) дүниеге келген. Әкесі Шыңғыс Уәлиханұлы аға сұлтан болған. Шоқанның өз атасы Уәли Орта жүздің ханы болған. Арғы атасы Қазақ Ордасының Ұлы ханы Абылай, Шоқан оның шөбересі. Шоқанның балалық шағы қыс кезінде Обаған бойындағы Күнтимес ордасында, жазда Есілдің оң саласы Аққанбұрлық алабындағы жайлауда өткен. Ол бала кезінен білімге бейім әрі құмар болған. Оған тәрбие беруде әжесі Айғанымның ықпалы күшті болды. Шоқан 12 жасына дейін Құсмұрындағы мектепте оқып, мұсылман діні білімімен танысты. «Жеті жұрттың тілін білуге тиісті» хан тұқымы болғандықтан, Шоқан ауылдық бастауыш мектепте оқып жүріп-ақ араб, парсы, шағатай тілдерінің негізін үйреніп алды 1 тапсырма. Шоқанның арғы атасы кім? А) Шыңғыс В) Уәли С) Абылай Д) Құсмұрын Е) Қанафия 2. Әжесі Мұхаммедқанафияны кім деп еркелеткен? А) Шыңғысым В) Уәлиім С) Абылайым Д) Шоқаным Е) Қанафиям 3.Оны кім тәрбиелеген? А) әжесі В) атасы С) әкесі Д) анасы Е) ұлы атасы 4. Шоқан қандай тілдерді білген? А) ағылшын, неміс, француз В) парсы, шағатай, қытай С) шағатай, парсы, араб Д) испан, украйн, араб Е) шағатай, орыс, монғол 5.Атасы Уәли қай жүздің ханы болған? А) орта В) ұлы С) хан болмағн Д) кіші Е) дара 2-тапсырма 2.Тыңдалым.Мәтінді тыңдап, астындағы тест тапсырмаларын орындаңыз. Театр өнері. «Театр» - көне грек сөзі. Ана тілімізге аударсақ, «көретін орын» деген қарапайым мағына береді. Қазақ театрының тарихы 1914-1915 жылдарынан басталады. Сол жылдары ана тіліміздегі алғашқы драмалық туындылар жазылып, әуесқой әртістердің күшімен сахнада қойылды. 1917 жылы маусым айында Ойқұдық жайлауында (қазіргі Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданы) Мұхтар Әуезовтің «Еңлік – Кебек» трагедиясы алғаш рет сахналанды. 1918-1924 жылдары Ақмолада, Көкшетауда, Орынборда, Шымкентте көптеген драмалық үйірмелер 2 тапсырма.. Театр ана тілімізге аударсақ қандай мағына береді? А) қарапайым В) көретін орын С) деген D) театр Е) көне 2. Қазақ театрының тарихы қашаннан бері басталады? А) 1918-1924 В) 1917 С) 1925 D) 1914-1915 Е) 1928 3. Қай жылы өнер ордасы Қазақтың мемлекеттік драма театры деп атанды? А) 1918-1924 В) 1917 С) 1925 D) 1914-1915 Е) 1928 4. Тұнғыш кәсіби театрымыз қай жылы ашылды? А) 1918-1924 В) 1917 С) 1925 D) 1914-1915 Е)ұйымдастырылды. Ал тұнғыш кәсіби театрымыз 1925 жылы Қызылорда қаласында ашылды. 1928 жылы өнер ордасы жаңа астана – Алматыға қоныс аударып, Қазақтың мемлекеттік драма театры атанды. 1928 5. Тұнғыш кәсіби театрымыз қай қалада ашылды? А) Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданы В) Алматы С) Қызылорда D) Шымкент Е) Орынбор |
Мәтінді оқып, тест тапсырмаларын орындайды |

Қорытындылау. Мен бүгін ... білдім Маған ... қызықты болды Маған ... қиын болды Мен келесі тапсырмаларды орындадым ... Мен ... екенін түсіндім Мен енді ... жасай аламын Мен ... үйрендім Мен ... жасай алдым Мен ... жасап көремін Мен ... таңқалдым Мен өмірде ... қолданамын Маған ... ұнамады |

«Смайлик» арқылы |
Стикер
|
||
Сабақ №5-6

Оқушылармен амандасып, түгелдеу. Ынтмақтастық атмосферасын қалыптастыру. Сабақ тақырыбы, мақсатымен таныстырылады. Оқушыларды топқа бөлу: Оқушыларды түрлі –түсті бояумен боялған «Жасыл», «Қызыл», «Көк» асықтарды таңдап алу арқылы топқа бөлінеді. |
Оқушылар амандасып, |
«Отшашу» әдісі |
|
||
|
Сабақтың ортасы |
1-тапсырма 1. Мәтінді тыңдап, астындағы тест тапсырмаларын орындаңыз. Емтихан. Емтихан – шәкірттер білімін тексеру тәсілдерінің бірі. Алғаш рет орта ғасырларда Еуропа университеттерінде қолданылған. 1703 жылы Мәскеуде тұңғыш рет Глюктің мектебі мен Санкт-Петербург Ғылым академиясы жанындағы гимназияда 1726 жылы шәкірттерден емтихан қабылданды. 1786 жылы халық училищелерінде көпшілік алдында жазда, қыста емтихан тапсыру тәртібі енгізілді. 1837 жылы «Уезд училищелері мен гимназияларындағы сыныақ ережелеріне» сәйкес оқушылардың білімін бағалауда 5 балдық жүйе және емтихан билеттері іске асырылады. Қазақстанда емтихан қабылдау алғаш рет жылына 2 рет Алтынсарин мектептерінде қолданылады. Қазіргі кезде оқу орындарында қабылдау емтихандары компьютерлік техниканың көмегі арқылы тестік тәсілмен жүргізіледі. 1 тапсырма. Емтихан тапсыруда неше балдық жүйе қолданылды? А) 5 В) 4 С) 3 Д) 10 Е) 7 2.Емтихан тапсыру алғаш рет қай ғасырда қолданылған? А) соңғы ғасырда В) ғасырдың басында С) орта ғасырда Д) жылдың соңында Е) жылдың ортасында 3. Глюктің мектебінде емтихан қашан қабылданды? А) 1726 В) 1786 С) 1837 Д) 1703 Е) 1756 4. Жылына неше рет көпшілік алдында емтихан тапсыру тәртібі енгізілді? А) 2 рет В) 3 рет С) 1 рет Д) тапсырмайды Е) 4 рет 5. Қай жыл мезгілдерінде емтихан қабылданған? А) қыс пен жазда В) жаз бен көктемде С)көктем мен күзде Д) қыс пен күзде Е) көктем мен күзде Жауабы: 1-A; 2-B; 3-A; 4-C; 5-E 2-тапсырма 2. Тыңдалым. Мәтінді тыңдап, астындағы тест тапсырмаларын орындаңыз. Қонақты үй иесі, қарсы алып, есікті өзі ашып, үйге енгізіп, соңынан өзі кіріп есікті жабады. Бұл – қонақпен еріп келген «құт» бірге кірсін дегені. Ал қонақты шығарып саларда, есікті қонақтарға аштырып, соңынан өзі жауып шығатын болған. Осы күнгідей қонақтарға есікті ашып, іштен жауап алу деген болған. Қазақ халқы қонақтарды «арнайы қонақ» (қонақ) «құдайы қонақ» (жолаушылар келе жатып түстеніп не бір күн түнеп шығатын қонақ) «қыдырма қонақ» (алыстан ағайын, туған туыстарын арнайы іздеп келіп, бір немесе бірнеше күн олардың сый-құрметін көріп қайтатын қонақ), «қылғыма қонақ» (қай үйден түтін шықса, қай үйге қонақ келсе, соны аңдып жүріп кеп қалатын сүйкімсіз қонақ) деп бөлген. Келген қонақтармен жөн сұрасқаннан кейін үй иесі қонағына ең жақсы тамақтарын беріп, риза етуге тырысады. Ең алдымен қонақтарға сусын, қымыз, шұбат, және т.б. беріледі. Содан кейін шай ішіледі. Шайды дәмділеп құю, қонақтарға орнымен сый-сиапат көрсету сол үйдегі әйелдер мен бойжеткен қызға үлкен сын болған. Шайды дәмділеп құйып бере алмаған бойжеткен қыз тәрбиесіз саналып, әңгімеге ұшыраған. Шай ішілген соң асқа дейін қонақтардың көңілді отыруына, яғни олардың бабын табуға үй иесі бар жағдайын жасайды. Ол үшін үй иесі әңгіме–дүкен құрып, қонақпен бірге отырады. 2- тапсырма 1.Қонақты кім қарсы алады? А.көрші В.әйелі С.қонақ өзі Д.үй иесі Е.бойжеткен 2.Қонаққа есікті кім ашады? А.ұл баласы В.қыз бала С.атасы Д.әжесі Е.үй иесі 3. Ал қонақты шығарып саларда, есікті кім жабады? А.қонақ өзі В.үй иесі С.келін Д.құда Е.немере 4. Қазақ халқы қонақтарды қалай бөлген? А.сұрама, арнайы В.құдайы, құдалық С.арнайы,құдайы, қыдырма Д.келетін,шақыру Е.қыдырма,шақырусыз 5. Ең алдымен қонақтарға не берген? А.қымыз, шұбат В.шай,май, бауырсақ С.сүт, кәмпит Д.сорпа,бауырсақ Е.бесбармақ, сорпа Жауабы: 1-D ; 2-E; 3-B; 4-C; 5-A |
Мәтінді оқиды тест тапсырмаларын орындайды |

Қорытындылау. Кері байланыс: «Аяқталмаған сөйлем» Бүгін мен ...... білдім Мен үшін ....... қызық болды Маған..... тапсырмаларды орындау оңай болды |
Сабаққа кері байланыс береді |
|
|
||
Сабақ №7-8

Оқушылармен амандасып, түгелдеу. Сабақ тақырыбы, мақсатымен таныстырылады. «Сәлем дос» оқушылар бір-бірімен құшақтасу арқылы сәлемдеседі.
.
|
Оқушылар амандасып, |
«Отшашу» әдісі |
|
||
|
Сабақтың ортасы |
1-тапсырма 1.Оқылым. Мәтінді оқып, астындағы тест тапсырмаларын орындаңыз. Сұлтан Баймағамбетовтың соғыстағы екі жылы ұрыстың от-жалыны ішінде өтті. Осы уақыт ішінде он төрт рет жараланды, бірақ госпитальда ұзақ жатпады. Ленинград майданының Синявино-Минск участогіндегі Сұлтан қызмет атқарып жүрген бөлімше шабуылға шығу жөнінде бұйрық алды. Фашистер пулеметтен күшті оқ жаудырып, біздің шабуылымызды кідіріп қалды. Осы кезде аға сержант Баймағамбетов дзотқа қарай еңбектей жөнелді. Ол дзотқа еңбектеп барып, кенет ұшып түрегелді де өзінің денесімен амбразураның аузын жауып,1943 жылы шілденің 25-і күні Ленинград облысы Киров ауданы Синявино елді мекенінде қаза тапты. КСРО Жоғарғы Кеңесі Төралқасының 1944 жылғы 21 ақпандағы Жарлығымен қолбасшылық тапсырмаларын үлгілі орындағаны және неміс-фашист басқыншыларымен ұрыстарда ерлік пен батырлық көрсеткені үшін аға сержант Сұлтан Баймағамбетовке қайтыс болғаннан кейін Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. Сол жылы Қостанайдағы Красный Пахарь көшесі Сұлтан Баймағамбетовтің есімімен аталды. 1.Сұлтан Баймағамбетов кім ? А.Кеңес Одағының Батыры, пулеметші В.Ұшқыш- ардагер С.Неміс-фашист басқыншылары Д.Жерлесіміз, Кеңес Одағының Батыры Е. Красный Пахарь 2.Ол қанша рет жараланды? А.он төртіншіВ.он төртС.төртеуД.екі Е.бірнеше 3.Қаламызда оның есімімен көшені қай жылы атады? А. 1943 жылы В.1942 жылы С.1941 жылы Д.1945 жылы Е.1944 жылы 4. Ленинград майданында қандай қызмет атқарып жүрген? А. аға сержантВ. бөлімше шабуылға шығу жөніндеС. өзінің денесімен Д. госпитальда ұзақ жатпадыЕ. он төрт рет жараланды Жауабы: 1-D; 2-B; 3-E; 4-E 2-тапсырма 2. Тыңдалым. Мәтінді тыңдап, астындағы тест тапсырмаларын орындаңыз. Қонақты үй иесі, қарсы алып, есікті өзі ашып, үйге енгізіп, соңынан өзі кіріп есікті жабады. Бұл – қонақпен еріп келген «құт» бірге кірсін дегені. Ал қонақты шығарып саларда, есікті қонақтарға аштырып, соңынан өзі жауып шығатын болған. Осы күнгідей қонақтарға есікті ашып, іштен жауап алу деген болған. Қазақ халқы қонақтарды «арнайы қонақ» (қонақ) «құдайы қонақ» (жолаушылар келе жатып түстеніп не бір күн түнеп шығатын қонақ) «қыдырма қонақ» (алыстан ағайын, туған туыстарын арнайы іздеп келіп, бір немесе бірнеше күн олардың сый-құрметін көріп қайтатын қонақ), «қылғыма қонақ» (қай үйден түтін шықса, қай үйге қонақ келсе, соны аңдып жүріп кеп қалатын сүйкімсіз қонақ) деп бөлген. Келген қонақтармен жөн сұрасқаннан кейін үй иесі қонағына ең жақсы тамақтарын беріп, риза етуге тырысады. Ең алдымен қонақтарға сусын, қымыз, шұбат, және т.б. беріледі. Содан кейін шай ішіледі. Шайды дәмділеп құю, қонақтарға орнымен сый-сиапат көрсету сол үйдегі әйелдер мен бойжеткен қызға үлкен сын болған. Шайды дәмділеп құйып бере алмаған бойжеткен қыз тәрбиесіз саналып, әңгімеге ұшыраған. Шай ішілген соң асқа дейін қонақтардың көңілді отыруына, яғни олардың бабын табуға үй иесі бар жағдайын жасайды. Ол үшін үй иесі әңгіме–дүкен құрып, қонақпен бірге отырады. 1.Қонақты кім қарсы алады? А.көрші В.әйелі С.қонақ өзі Д.үй иесі Е.бойжеткен 2.Қонаққа есікті кім ашады? А.ұл баласы В.қыз бала С.атасы Д.әжесі Е.үй иесі 3. Ал қонақты шығарып саларда, есікті кім жабады? А.қонақ өзі В.үй иесі С.келін Д.құда Е.немере 4. Қазақ халқы қонақтарды қалай бөлген? А.сұрама, арнайы В.құдайы, құдалық С.арнайы,құдайы, қыдырма Д.келетін,шақыру Е.қыдырма,шақырусыз 5. Ең алдымен қонақтарға не берген? А.қымыз, шұбат В.шай,май, бауырсақ С.сүт, кәмпит Д.сорпа,бауырсақ Е.бесбармақ, сорпа Жауабы: 1-D; 2-E; 3-B; 4-C; 5-A

Қорытындылау. «Бес қадам» әдісі *Бүгінгі сабақта не үйрендің? *Не ұнады? *Не түсініксіз болды? *Бүгінгі сабақта саған кім көмектесті?. |
Сабаққа кері байланыс береді |
|
|
||
Сабақ №9-10
|
Бөлім: |
|
||||||||
|
Педагогтің аты-жөні |
|
||||||||
|
Күні: |
|
||||||||
|
Сабақ |
|
||||||||
|
Сынып: |
Қатысушылар саны: - |
Қатыспағандар саны: |
|||||||

|||||||||
|
Сабақ кезеңдері |
Мұғалімнің оқу іс-әрекеті |
Оқушының іс-әрекеті |
Бағалау |
Ресурстар |
|||||
|
Сабақтың басы |
Оқушылармен амандасып, түгелдеу. «Жариялау» әдісі арқылы сабақ тақырыбы, мақсатымен таныстырылады. |
Оқушылар амандасып, Сабақ тақырыбы және мақсатымен таныс болады |
Смайликтер арқылы бағалау |
|
|||||
|
Сабақтың ортасы |
1-тапсырма 1.Мәтінді оқып, астындағы тест тапсырмаларын орындаңыз. Отбасында негізгі туыстық қатынас - ерлер жағымен есептелген. Сонымен қатар әйел жағымен де туыстық байланыстардың атаулары бар. Қыздан туған балаларды жиен деп атап, балалар үшін шешесінің туыстары нағашы, нағашы жұрт деп аталды. Қазақ салты бойынша жиенді ренжітуге болмайды, сұрағанын беріп, көңілін жықпауға тырысқан. Ағайын арасында берекесі бар адамдар- аталар мен әжелер болып есептелген. Туыстық жүйенің ең негізі, бел ортасы - отбасы саналады. Барлық алыс-жақын туыстық – осы отбасынан есептеледі. Қазақ отбасы негізінен үш ұрпақтан тұрады. Ол – ата, әке, бала. Үлкенді сыйлау, ақылын тыңдау көргенділік деп есептеледі. Қазақтың ежелгі дәстүрі бойынша тұңғыш немересін атасы мен әжесі өз қолына алып, немере ыстық болғандықтан балаларынан да артық көріп, тәрбиелеген. Тұңғыш немерелер ата-әжесін өз әке-шешесіндей санап, туған әке-шешесін тек қана өскеннен кейін де танып жатады. Кейде тұңғыш немересі кенже ұлының орнына, атасының қара шаңырағына ие болып та қалатын жәйт кездеседі. Әке - әулет басшысы, отбасы мүшелерінің тірегі, асырап сақтаушысы, қамқоршысы. Әке үйі барлық балалары үшін үлкен үй, қара шаңырақ деген киелі ұғымдармен сыйлы да құрметті. Қара шаңырақ, үлкен үй деп атайтын әкенің үйіне болашақта кенже ұл ие болып, қарттарды бағып-қағатын, көне салт бүгінгі қазақ отбасыларында да сақталған. 1. Қазақ отбасының әулет басшысы? А) Бала В) Қыз бала С) Ұл бала D) Әке Е) Ана 2. Қазақ отбасы неше ұрпақтан тұрады? А) Бір В) Екі С) Үш D) Төрт Е) Алты 3. Ағайын арасының берекесі кімдер? А) Туыс-туған В) Жамағат С) Көрші-көлем D) Аталар мен әжелер Е) Ауыл-аймақ 4. Негізгі туыстық қарым-қатынас А) Ерлер жағынан В) Әйелдер жағынан С) Нағашы жұрт жағынан D) Қайын жұрт жағынан Е) Құдалар жағынан 5. Ежелгі дәстүр бойынша тұңғыш немерені кімдер тәрбиелеген? А) Әке-шешесі В) Нағашылары С) Туыстары D) Қайын жұрты Е) Ата-әжесі Жауабы: 1-D; 2-C; 3-D; 4-A; 5-E 2-тапсырма 2.Тыңдалым. Мәтінді тыңдап, астындағы тест тапсырмаларын орындаңыз. Қазақ отбасындағы бірінші талап. Қазақ отбасында бірінші әке, содан кейін шеше, бұлар - отбасы мектебінің ұстаздары десек болады. Әке мен шешенің баласына қоятын ең басты талап-тілегі – «әдепті бала» болып өсуі. Сондықтан қазақ отбасы үнемі: «Әдепті бол, тәрбиесіздік жасама, көргенсіз болма» деген сияқты сөздерді балаларының құлағына құйып өсірген. Қазақ отбасында өз баласын мейірімділікке, имандылыққа баулыған. Үнемі отбасында осылай тәрбие көрген бала өздігінен тіл алғыш, адал, тиянақты, ұқыпты болып шыға келеді. Тәрбие бастауы әдептілік деп білген ата-ана әуелі баласына өздерін сыйлап-құрметтеуді, өзгелерге, әсіресе сыпайылық танытуды үйреткен. 1.Қазақ отбасында баласын неге баулыған? А) мейірімсіздікке, ақылсыздыққа В) имансыздыққа, мейірімділікке С) мейірімділікке, имандылыққа Д) имандылыққа, ақылдылыққа Е) жауыздыққа, имандылыққа 2. Отбасы мектебінің ұстаздары кімдер? А) іні-сіңілі В) қыз-келіншек С) оқушы, бала Д) әке-шеше Е) әке, аға 3.Ата-анасы баласын әуелі неге үйреткен? А) өздерін сыйлап-құрметтеуді В) өздерін ұялтуды С) өздерін аяламауды Д) өздерін сыйлап-құрметтемеуді Е) өздерін алдауды 4.Қандай сөздерді құлағына құйып өсірген? А) тәрбиесіздік жаса, көргенсіз бол В) ақылсыз бол, көргенсіз болма С) имансыз бол, тәрбиелі бол Д) тәрбиесіздік жасама, көргенсіз болма Е) тәрбиесіздік жасама, мейірімсіз бол 5.Тәрбие бастауы не? А) әдепсіздік В) әдептілік С) ақылсыздық Д) тәрбиесіздік Е) ұқыпсыздық |
Мәтінді оқып тапсырмаларды орындайды |

Қорытындылау. БҮҮ кестесі
|
Сабаққа кері байланыс береді |
Кесте арқылы |
БҮҮ кестесі |
|||||
Сабақ №11-12
|
Бөлім: |
|
|||||
|
Педагогтің аты-жөні |
|
|||||
|
Күні: |
|
|||||
|
Сабақ |
|
|||||
|
Сынып: |
Қатысушылар саны: - |
Қатыспағандар саны: |
||||
|
Сабақтың тақырыбы |
Бала бидің білгірлігі |
|||||
|
Сабақтың мақсаты |
Оқу сауаттылық тапсырмаларын орындау, функционалдық сауаттылықтарын қалыптастыру |
|||||
|
Сабақ барысы |
||||||
|
Сабақ кезеңдері |
Мұғалімнің оқу іс-әрекеті |
Оқушының іс-әрекеті |
Бағалау |
Ресурстар |
||
|
Сабақтың басы |
Оқушылармен амандасып, түгелдеу. Сабақ тақырыбы, мақсатымен таныстырылады. Оқушыларды топқа бөлу: оқушылардың заттарын алып оны топтарға бөліп қояды, әр оқушы өз затын тауып белгіленген орынға отырады. |
Оқушылар амандасып, Оқушылар топқа бөлініп өз топбасшыларын сайлайды |
«Басбармақ»әдісі |
|
||
|
Сабақтың ортасы |
1-тапсырма. Бала бидің білгірлігі Бала би қартайған шағында елінің игі жақсылықтарымен кеңесіп отырып: «Жерден ауырне, судан терең не, оттан ыстық не, көктен биік не?» - деп сұраған екен. Бұған ешкім ауыз тұшырлықтай жауап бере алмапты. Сонда Бала бидің өзі шешіп берген екен дейді: Жерден ауыр дегенім – ақыл-білім, Судан терең дегенім – оқу-ғылым. Оттан ыстық дегенім - адамның өмірі. Көктен биік дегенім - тәкәппардың көңілі. Бала бидің пікірінше, жерден ауыр не? А) адам өмірі В) ақыл-білім С) тәкәппар көңілі Д) оқу-ғылым Е) кітап 2. Бала бидің пікірінше, адам өмірі неден ыстық? А) жалыннан В) жақсылықтан С) тозақ отынан Д) оттан Е) күннен 3. Бала бидің сұрағына кім жауапберді? А) Қазыбек би В) шәкірті С) өзі Д) Төле би Е) баласы 4. «ауыз тұшырлықтай» тіркесінің мағынасы? А) жылы сөз В) ауыр сөз С) аузы ашық Д) ауыз ашитындай Е) көңіл толатындай Жауабы: 1-а. 2-в.3-е.4-д 2-тапсырма . Құмырсқа Құмырсқа – әлемдегі ең көп тараған жәндіктердің бірі. Қазақ «құмырсқадай қажырлы», «құмырсқадай құжынаған», «құмырсқадай еңбекқор» деген тіркестерді бекер айтпаған. Олардың біз білмейтін қызық қыры көп. Оны ғалымдар зерттеп, бұқараға жеткізіп отыр. Құмырсқаларды зерттейтін ғылым - мирмекология деп аталады. Осы мирмеколог мамандардың құмырсқадай тынбай талаптанып, қайнаған тіршілікті зерттеуі нәтижесінде бізге олар туралы көптеген қызықты деректер белгілі болды. Құмырсқа жер жүзінде ең көп тараған жәндік. Әлемдегі ең құрметті мимекологтардың бірі Эдвард Уилсонның есебі бойынша, бүгін жер бетінде 10 квадриллион, яғни онның 15 дәрежесіндей құмырсқа бар екен. Жан басына шаққанда, бір адамға миллион құмырсқадан келеді, ал жалпы үлесі барлық адамның үлесіндей. Мәтін қай стильде жазылған А) ресми стиль В) ауыз екі стиль С) ғылыми стиль Д) көркем әдеби стиль Е) публицистикалық стиль 2.Мәтіннің тақырыбы қандай? А) жәндіктер туралы В) құмырсқалар илеуі туралы С) құмырсқалар туралы Е) мирмекологтартуралы Д) құмырсқалар еңбегі 3. «Құмырсқадай құжынаған» тіркесінің мағынасына сай келмейтін қатарды көрсетіңіз. А) көп, быжынап кетті В) көп, ығы- жығы С) қаптап кетті, қайнады Д) қажырлы, еңбекқор Е) қайнаған, қалың 4. Құмырсқаларды зерттейтін ғылым қалай аталады? А) биология В) мирмекология С) ботаника Д) зоология Е) нумерология Жауабы : 1-а. 2-д. 3-с. 4-а 3 –тапсырма. Сақ патшасы Ұлы сақ ордасының қазынасы құлқынын тескен Кир патша Сырдарияның ұлы арнасына кеп тоқтап,қайтыс болған күйеуінің орнына патша болған Тұмар ханымға елші жібереді: -Сақтардың ұлы ордасының жесір ханымы маған әйел болсын! Екеуміз екі елдің басын қосып, бірігіп билейік. Бұл дегеніңіз – Тұмар ханымның басына құмай (бақыт) құсының қонғаны!-деп сәлем айтады. Кирдің ойлағаны елінің елдігі емес, байлығы екенін түсінген Тұмар құда түсе келгендерге: -Келген жолдарыңызбен кері қайтыңыздар. Желегім желбіреп отырған қыз емеспін. Әңгіме менің жеке өз басым туралы болса, онда мәселе бір басқа. Мен елімнің падишасымын. Мен иілсем - елімнің иілгені. Мидиялықтардың патшасы Кир ниетінен қайтып, отанына оралсын. Қаншама құдіретті болса да,Күн тәңірімнің күні ертең кімді қолдап, кімге зауал әкелерін қайдан білейік. Кир көзін маған емес, менің еліме салып отыр. Ал еліме бұғау салдыртпаймын, ата-баба аруағы жатқан жерді жаттың табанына таптатқызып қоймаймын. Соны есінде сақтасын,-деп қайыра сәлем айтып жібереді. 1.Мәтінге сай емес тақырыпты таңдаңыз А) Ұлы сақ ордасы В) Тұмар патшайымның қайсарлығы С) Кирдің арманы Д)Елдестірмек елшіден Е) Елі үшін туғандар 2. Тұмар патшайым тарихта қандай атпен белгілі? А) Қыз Жібек В) Зарина патшайым С) Қыз Қорлан Д) Томирис патшайым Е) Амазон патшайымы 3. Кир қай елдің патшасы А) Иран В) Рим С) Сақ елінің Д) Мидия Е) Македония 4. Асты сызылған сөзге қандай жалғау жалғанған? А) септік жалғау В) көптік жалғау С) ілік септігі Д) жіктік жалғау Е) тәуелдік жалғау Жауабы: 1-в. 2-в. 3-с. 4-а 4 –тапсырма. Ана тілі ...Әділіне жүгінсек, адамзаттың адамзат болып қалуына барлық халықтың бәрі қажет. Олардың тілдері мен мәдениіттерінің бәрі қажет. Ал мәдениет пен тіл тек белгілі бір ортада ғана өркен жайып, көсегесін көгерте алады. Анасын қадірлемеу қандай хайуандық болса, ана тілі тағдырына енжарлық та – адамгершілікке жатпайтын өрескелдік. Елінің тәуелсіздігін ойлайтын адам тілінің кемелденуіне де қолғабысын аямауы тиісті. Шығыстың ежелдегі ірі данышпаны: «Дүниені түзеткің келсе, әуелі өзің түзел, сонан соң балаң мен достарыңды түзе»,-деген екен. Егер ана тілімізге шын жанымыз ашитын болса, оны әуелі өзіміз үйреніп, сонан соң балаларымыз бен достарымызға үйреткеніміз абзал. 1. Мәтін тақырыбын анықтаңыз А) Ананы қадірлеу В)Достық туралы С) Ана тілі жайында Д) Бала тәрбиесі Е) Адам мінезі туралы 2. Тағдырына сөзінің жасалуы А) түбір, тәуелдік жалғау, септік жалғау В) жалғау, көптік жалғау, жұрнақ С) түбір, септік жалғау Д) жіктік жалғау, жалғау Е) түбір, жұрнақ, жалғау 3. мәтіндегі көсегесін көгерту тіркесті не мағына береді? А)жолы болу В) соққыға жығу С) от жағу Д) өркендеу Е) насихаттау 4. Зат есімнен жасалған туынды етістікті белгілеңіз А) адамгершілік В) өркен жаю С) дами алады Д) кемелдену Е) үйреткен Жауабы: 1-в. 2-а. 3-а. 4-д 5- тапсырма . Төле би Төле би беріде, елге белгілі болған кезде, бір балаға дауласып, екі әйел алдына келіп жүгінеді. Әйелдердің бірі: Мынау балаиды мен есін білмейтін жас күнінде жоғалттым, соны мынау әйел тауып алды ма, әлде ұрлап алды ма, оны білмеймін, әйтеуір асырап алыпты. Бүгін танып сұрасам, «өз балам» деп бермейді, -дейді. Екінші әйелтұрып: Балам өзімдікі, өзім таптым. Мынау босқа жармасып тұр, - дейді. Төле би екі әйелдің сөздерін тыңдап болып, біраз ойланып отырып калады. Содан кейін: Бірің балаңды жоғалтқаныңды, енді бірің тапқаныңды растап шығарлық мұнда басқа куә жоқ. Сондықтан мынадай билік еткім келеді,- дейді де, баланың екі қолынан екі әйелге ұстатып қойып, қара балтаны ұстап көтеріп тұрып: «Екеуіңе қара қылдай қақ бөліп беремін, осыған ризасыздар ма?» - дейді. Сонда балаға ие болып жүрген әйел: Біреуге тірі кеткенше, жартысы болса да, өзімізде қалсын, бөлсең бөл! – деп безеріп тұрып алады. Ал баланы таныған әйел: Ойбай, биеке-ай! Қайда жүрсе де, тірі болсын, шаба көрмеңіз! –деп безек қағады. Содан барып Төле би: Бала мына жоғалтқан әйелдікі, өйткені ол баланың тірілігін тілеп тұр, баласын өзіне бер,- деп билік айтады. Мәтіннің негізгі ойы қандай? А) менмендік туралы В) өзімшілдік туралы С ) өшпенділік туралы Д) балалы үй базар Е) бала адамның бауыр еті 2. «Безек қағады» тіркесі қай мағынада қолданылған? А) қобалжу В) абыржу С) жалыну Д) таңғалу Е) сескену 3. әйелдікі сөзіндегі қосымша түрі А) зат есімнен сын есім тудыратын жұрнақ В) буын үндестігіне бағынбайтын қосымша С) сын есімнен етістік тудырушы жұрнақ Д) сөз түрлендіруші жұрнақ Е) етістіктен зат есім тудырушы жұрнақ 4. Мәтін немен аяқталды? А) Жоғалтқан әйел өз баласын алды В) тапқан әйел алды баланы С) Төле би алды баланы Д) бала ешкімге бұйырмады Е) баланы әкесі алды Жауабы: 1-Е. 2-В. 3-В. 4-В.5-С |
Мәтінді оқиды, тапсырмаларды орындайды |

Қорытындылау. «Рефлексия пирамидасы» Мен үйренген төрт мәлімет Мен білген үш мәлімет Менің көбірек білгім келетін екі мәлімет Есте сақтау керек маңызды бір мәлімет |
Сабаққа кері байланыс береді |
|
|
||
Сабақ №13-14

Оқушылармен амандасып, түгелдеу. . «Сәлем дос». Оқушылар бір-бірімен құшақтасу арқылы сәлемдеседі. |
Оқушылар амандасып, |
«Шапалақ» әдісі |
|
||
|
Сабақтың ортасы |
Мәтінді оқып, астындағы тест тапсырмаларын орындаңыз. Қазақ - қонақжай халық. Қазақ халқы танымаса да, «құдайы қонақпын» деген адамды қарсы алады. Жол жүріп келе жатқан адам кез келген ауылға, үйге келіп, қонақ бола береді. Қазақ үшін қонақты қарсы алмау, күтпеу-ұят. Қонақты қарсы алуға, шығарып салуға ерекше мән береді. Қонақ келгенде үй иесі алдынан шығып қарсы алып, есікті өзі ашып, үйге кіргізіп, өзі қонақтардан кейін кіріп, есікті жабуы керек. Қонақ күту-қазақ халқының ең жауапты ісі. Оларды риза етуге тырысады. Ең алдымен, қонақтарға қымыз, шұбат беріледі. Содан кейін шай ішіледі. Шайдан кейін қонақтардың көңілді отыруына үй иесі бар жағдайды жасайды. І-нұсқа Мәтінге байланысты тест тапсырмалары: 1. Қазақ халқы қандай адамды қарсы алған? А) «қырсық қонақпын» В) «құдайы қонақпын» С) «құдайсыз қонақпын» Д) «жаман қонақпын» Е) «жабайы қонақпын» 2. Қонақ күту қандай іс? А) өтірік іс В) жауапсыз іс С) жалған іс Д) жауапты іс Е) айлакер іс 3.Ең алдымен қонақтарға не беріледі? А) су, айран В) шұбат, су С) шай, қымыз Д) қымыз, сорпа Е) қымыз, шұбат 4. Қазақ халқы үшін не істемеу ұят болады? А) қонақты алдау, өтірік айту В) қонақты қарсы алмау, жалған сөйлеу С) қонақты қарсы алмау, күтпеу Д) қонақты ұру, күтпеу Е) қонақты күтпеу, қуу 5.Қазақ халқы неге мән көп берген? А) шығарып салуға, қарсы алуға В) қуып жіберуге, қарсы алуға С) қарсы алуға, күтпеуге Д) шығарып салуға, жалған сөйлеуге Е) шығарып салуға, қарсы алмауға |

Қорытындылау. «Жетістік баспалдағы» Бүгінгі сабақтан үйренген жақсы қасиеттерін еске түсіріп , айтып береді. |
Сабаққа кері байланыс береді |
|
|
||
Сабақ №15-16

Ұйымдастыру Оқушылармен амандасып, түгелдеу. Сабақ тақырыбы, мақсатымен таныстырылады. Оқушыларды топқа бөлу «Серігіңді ізде» әдісі арқылы 2 адамнан топқа бөлінеміз. |
Оқушылар амандасып, Топқа бөлінеді Топ басшыларын сайлайды |
Смайлик арқылы бағалау |
|
|
||
|
Сабақтың ортасы |
1-тапсырма Балалық шақ Менің туған жанұям – кәдімгі жанұялардың бірі. Оның басқа жанұялардан ешқандай айырмашылығы жоқ. Әкем кедей шаруадан шыққан. Әкемнің аздаған білімі болатын. Қолы өнерлі еді.Сондықтан ол – ағаш ұстасы, шешем сауыншы болды. Колхозымыз жақсы болып, жұрт дәулетті тұрды. Біздің үйіміз ауылдың шетінде тұратын. Кішкене бақшамызда алма, шие, алша, қарақат өсетін. Үй сыртындағы алаңда балалар асыр салып ойнайтын. Өзімнің үш жасар кезім әлі есімде. Апам Зоя Мамыр мейрамы күні мені мектепке ала барды. Мен орындыққа шығып тұрып,тақпақ айттым. Оқушылар мені мақтап, қол шапалақтады.Содан былай мен мектепке баруды арманеттім. Ағам мен апамдай сабақ оқығым келеді. (90 сөз) 1.Менің туған жанұям қандай? А) қарапайым В) кедей С) бай D) жай Е) кәдімгі 2. Әкем шыққан отбасы? А) жұмысшы В) бай С) әнші D) кедей шаруа Е) колхозшы 3. Ауылдың шетінде ... тұрған. А) біздің мектебіміз В) үй С) біздің үйіміз D) үлкен бақша Е)оқушылардың үйі 4. Анам кім болған? А) сатушы В) сауыншы С) саудагер D) ұстаз Е) дәрігер 5. Кішкене бақшамызда нелер өсетін? А) алма, алмұрт, шие В) қарақат, қауын, алма С) алша, қарақат, шие D) жемис-жидектер, алмұрт, алша Е) алша, қарақат, алма 2-тапсырма Сұхбат – Балам, келесі жылы мектепті бітіресің. Қандай мамандықты таңдамақсың? – Мұғалім болмақ ойым бар. – Жақсы мамандықты таңдадың. Мектепте дұрыс тәрбие беруге көп мән бер. Ұмытпа: білім беру басқа, тәрбие беру басқа. – Ол үшін не істеу керек? – Адам әулі өзін түзету керек. Өзінің ішкі жан дүниесін жек көру, қызғану, алдау сияқты жаман қылықтардан тазалау керек. Сырты қандай таза болса, іші де сондай таза болу керек. Өзін тәрбиелей алмаған адам басқаны тәрбиелей алмайды. Адам өзін жас кезінен бастап тәрбиелеу керек. Үлкен ағаштың қисығын түзете алмайсың, сынып кетеді. Ал жас шыбықты түзету оңай, сондықтан жас кезіңнен білімді, тәрбиелі бол. 1. Марат нешінші сыныпта оқиды? А) бастауыш сыныпта В) соңғы сыныпта С) сегізінші сыныпта D) бітірген Е) жоғары сыныпта 2. Марат қандай мамандықты таңдаған? А) тәрбиеші В) заңгер С) құрылысшы D) мұғалім Е) дәрігер 3. Білім мен тәрбие бір нәрсе ме? А) Иә, бірдей. В) Иә, бір-біріне ұқсайды. С) Жоқ, бірдей емес. D) Иә Е) Дұрыс жауап жоқ. 4. Жаман қылықтардың бірі. А) тәртіпті В) адамгершілік С) өнегелі D) қызғану Е)сыпайы 5. Жас шыбықты түзету оңай, ал үлкен ағашты түзету қиын» деген сөйлемнен қандай мағына шығады? А) Жас кезде ойнап-күлу керек, тәрбиені үлкейгенде алуға болады. В) Тәрбиені жас кезде алу керек, үлкейгенде кеш болады. С) Жас кезде не үйренсең, үлкейгенде соның жемісін көресің. D) Тәрбиені үлкейгенде алуға болады. Е) Жас кезінен оқу керек. Жауабы: 1-тапсырма: 1-E; 2-D; 3-C; 4-B; 5-E 2- тапсырма:1-B; 2-D; 3-C; 4-D; 5-B 3-тапсырма Сақ патшасы Ұлы сақ ордасының қазынасы құлқынын тескен Кир патша Сырдарияның ұлы арнасына кеп тоқтап,қайтыс болған күйеуінің орнына патша болған Тұмар ханымға елші жібереді: -Сақтардың ұлы ордасының жесір ханымы маған әйел болсын! Екеуміз екі елдің басын қосып, бірігіп билейік. Бұл дегеніңіз – Тұмар ханымның басына құмай (бақыт) құсының қонғаны!-деп сәлем айтады. Кирдің ойлағаны елінің елдігі емес, байлығы екенін түсінген Тұмар құда түсе келгендерге: -Келген жолдарыңызбен кері қайтыңыздар. Желегім желбіреп отырған қыз емеспін. Әңгіме менің жеке өз басым туралы болса, онда мәселе бір басқа. Мен елімнің падишасымын. Мен иілсем - елімнің иілгені. Мидиялықтардың патшасы Кир ниетінен қайтып, отанына оралсын. Қаншама құдіретті болса да,Күн тәңірімнің күні ертең кімді қолдап, кімге зауал әкелерін қайдан білейік. Кир көзін маған емес, менің еліме салып отыр. Ал еліме бұғау салдыртпаймын, ата-баба аруағы жатқан жерді жаттың табанына таптатқызып қоймаймын. Соны есінде сақтасын,-деп қайыра сәлем айтып жібереді. 1.Мәтінге сай емес тақырыпты таңдаңыз А) Ұлы сақ ордасы В) Тұмар патшайымның қайсарлығы С) Кирдің арманы Д)Елдестірмек елшіден Е) Елі үшін туғандар 2. Тұмар патшайым тарихта қандай атпен белгілі? А) Қыз Жібек В) Зарина патшайым С) Қыз Қорлан Д) Томирис патшайым Е) Амазон патшайымы 3. Кир қай елдің патшасы А) Иран В) Рим С) Сақ елінің Д) Мидия Е) Македония 4. Асты сызылған сөзге қандай жалғау жалғанған? А) септік жалғау В) көптік жалғау С) ілік септігі Д) жіктік жалғау Е) тәуелдік жалғау Жауап кілті: 1-в. 2-в. 3-с. 4-а Ана тілі ...Әділіне жүгінсек, адамзаттың адамзат болып қалуына барлық халықтың бәрі қажет. Олардың тілдері мен мәдениіттерінің бәрі қажет. Ал мәдениет пен тіл тек белгілі бір ортада ғана өркен жайып, көсегесін көгерте алады. Анасын қадірлемеу қандай хайуандық болса, ана тілі тағдырына енжарлық та – адамгершілікке жатпайтын өрескелдік. Елінің тәуелсіздігін ойлайтын адам тілінің кемелденуіне де қолғабысын аямауы тиісті. Шығыстың ежелдегі ірі данышпаны: «Дүниені түзеткің келсе, әуелі өзің түзел, сонан соң балаң мен достарыңды түзе»,-деген екен. Егер ана тілімізге шын жанымыз ашитын болса, оны әуелі өзіміз үйреніп, сонан соң балаларымыз бен достарымызға үйреткеніміз абзал. 1. Мәтін тақырыбын анықтаңыз А) Ананы қадірлеу В)Достық туралы С) Ана тілі жайында Д) Бала тәрбиесі Е) Адам мінезі туралы 2. Тағдырына сөзінің жасалуы А) түбір, тәуелдік жалғау, септік жалғау В) жалғау, көптік жалғау, жұрнақ С) түбір, септік жалғау Д) жіктік жалғау, жалғау Е) түбір, жұрнақ, жалғау 3. мәтіндегі көсегесін көгерту тіркесті не мағына береді? А)жолы болу В) соққыға жығу С) от жағу Д) өркендеу Е) насихаттау 4. Зат есімнен жасалған туынды етістікті белгілеңіз А) адамгершілік В) өркен жаю С) дами алады Д) кемелдену Е) үйреткен Жауап кілті: 1-в. 2-а. 3-а. 4-д |

Сабақ №17-18

Ұйымдастыру Оқушылармен амандасып, түгелдеу. Оқушыларды топқа қағаз қиындыларынан фигуралар құрастыру арқылы бөлу. |
Оқушылар топқа бөлініп топ басшыларын сайлайды |

1-тапсырма Төле би Төле би беріде, елге белгілі болған кезде, бір балаға дауласып, екі әйел алдына келіп жүгінеді. Әйелдердің бірі:
1.Мәтіннің негізгі ойы қандай? А) менмендік туралы В) өзімшілдік туралы С) өшпенділік туралы Д) балалы үй базар Е) бала адамның бауыр еті 2. «Безек қағады» тіркесі қай мағынада қолданылған? А) қобалжу В) абыржу С) жалыну Д) таңғалу Е) сескену 3. әйелдікі сөзіндегі қосымша түрі А) зат есімнен сын есім тудыратын жұрнақ В) буын үндестігіне бағынбайтын қосымша С) сын есімнен етістік тудырушы жұрнақ Д) сөз түрлендіруші жұрнақ Е) етістіктен зат есім тудырушы жұрнақ 4. Мәтін немен аяқталды? А) Жоғалтқан әйел өз баласын алды В) тапқан әйел алды баланы С) Төле би алды баланы Д) бала ешкімге бұйырмады Е) баланы әкесі алды Жауап кілті: 1-Е. 2-В. 3-В. 4-В.5-С |

Қорытындылау. «Рефлексия» Бүгінгі сабақтан үйренген жақсы қасиеттерін еске түсіріп , айтып береді. |
Сабаққа кері байланыс береді |
|
|
||
Сабақ №19-20

Ұйымдастыру Оқушылармен амандасып, түгелдеу. Презентация арқылы сабақ тақырыбы, мақсатымен таныстырылады. Оқушыларды топқа «Сандар» арқылы бөлеміз. Яғни 1,2,3 деп саналамыз. 1саны болған адамдар 1 топты құрайды. |
Оқушылар амандасып, Топқа бөлінеді топ басшыларын сайлайды |
«Бағдаршам» әдісі |

1- тапсырмалары 1-мәтін. Ғалым туралы естелік Омбыдағы Кадет корпусында Шоқан Потанинмен дос болады. Потанин – қазақ халқының ауыз әдебиетін зерттеуші, ғалым Шоқан туралы естеліктерінде былай деп жазады: «...Мен Шоқанмен корпусқа оқуға келгенде таныстым. Ол орысша білмеді, мен қазақша білмедім. Бірақ Шоқан орыс тілін тез үйреніп алды. Екеуміз де кітап оқуды жақсы көрдік, әсіресе саяхатшылар туралы кітапқа қатты қызығатынбыз, сондықтан екеуміз жақсы дос болып кеттік. Мен қазақ даласы мен географиясы туралы білгенімді дәптерге жазып жүрдім. Шоқан сол жазуларды өз әңгімесімен толықтырады. Сөйтіп, біз қазақтардың бүркітпен аңға шығуын толық жаздық. Шоқан кейіннен оқуда орыс достарынан да озып кетті. Ақылды, дарынды балаға үлкендер де қызыға қарайтын. Демалыс күндері оны офицерлер мен Сібір шенеуніктері үйлеріне шақыратын. Ол қаладағы өнерлі, білімді адамдармен көп араласып тұрды. Шоқан өте көп оқитын, саяхатшы болуды армандайтын. Қаладағы кітапханадан кітап алу сол кезде тек Шоқанға ғана рұқсат етілді. Ол әкелген кітаптарды мен де оқитынмын. Біз Шоқаннан үлкен болсақ та, білім жағынан ол бізден әлдеқайда жоғары еді. Корпус оқушылары үшін Шоқан «Еуропаға ашылғантерезе» секілді еді». 1-мәтінге байланысты тест тапсырмалары 1.Мәтінге сәйкес келмейтін ақпаратты таңдаңыз. А) Ш.Уәлиханов Кадет корпусында оқыды. В) Шоқан Потанинмен жақын жолдас болды. С) Потанин Шоқаннан бірнеше жас кіші болды. D) Екі дос саяхатшылар туралы кітаптарды көпоқитын. 2.Мәтінде жауабы бар сұрақты таңдаңыз. А) Шоқан Омбыда қайда тұрды? В) Шоқан кітапханада кіммен танысты? С) Шоқан мен Потанин қалай дос болды? D) Шоқанның саяхатқа кімдермен барды? 3.Мәтінге сәйкес ақпаратты таңдаңыз. А) Шоқан өте дарынды, алғыр еді. В) Шоқан ешкімге сырын айтпайтын. С) Шоқанның достары қазақша жақсы білді. D) Шоқан дарынды балаларға қызыға қарайтын. 4.Мәтіндегі басты тірек сөздерді табыңыз. А) Омбы, естелік, саяхат В) Қазақ, Шоқан, география С) Шоқан, Потанин, дос, оқу D) Шоқан, кітапхана, Еуропа 5. Мәтінбойынша толық және нақты ақпаратты табыңыз. А) Шоқанның өнерлі достары өте көп. В) Ол білімді адамдармен жақсы таныс болатын. С) Шоқан қаладағы өнерлі, білімді адамдарменжақын араласты. D) Шоқан қаладағы өнерлі, дарынды балаларменараласып тұратын. 6.Мәтіндегі негізгі ойды анықтаңыз. А) Шоқанның орыс тілін тез меңгеруі В) Шоқанның саяхатшы болуды армандауы С) Оқу кезіндегі Шоқанның зеректік танытуы D) Шоқанның корпус оқушыларынан ерекшелігі |

Қорытындылау. «Бағдаршам» әдісі Бүгінгі сабақтан үйренген жақсы қасиеттерін еске түсіріп , айтып береді. |
Сабаққа кері байланыс береді |
|
|
||
Сабақ №21-22
|
Бөлім: |
|
|||||
|
Педагогтің аты-жөні |
|
|||||
|
Күні: |
|
|||||
|
Сабақ |
|
|||||
|
Сынып: |
Қатысушылар саны: |

Ұйымдастыру Оқушылармен амандасып, түгелдеу. Сабақ тақырыбы, мақсатымен таныстырылады. Оқушыларды топқа бөлу«Ән шумақтары» әдісін қолдану. Танымал әуендердің жалғасын табуы керек. Әр қағазда өлеңнің басы жазылған таңдап алған адам оны жалғастыруы керек. |
Оқушылар амандасып, |
«Екі жұлдыз бір тілек»әдіс |

1-тапсырма Туризм: экотуризм 1-мәтін Қорғалжын мемлекеттік қорығының көлдер жүйесі дүние жүзі мен жергілікті ғалымдар, биолог, эколог, оқушылар, студенттер, туристердің қызығушылығын туғызатын Қазақстанның ерекше қорғалатын інжу-маржаны болып табылады. Мысалы, Теңіз-Қорғалжын көлдер жүйесінің сулы-батпақты аумақтары 1974 жылы сулы-батпақты аумақтар туралы Рамсар конвенциясына сәйкес ғаламдық маңызы бар сулы-батпақты аумаққа жатқызылды. 2000 жылы Теңіз көлі «Тірі көлдер» деп аталатын әлемнің бірегей көлдері жүйесіне енсе, 2007 жылы Қазақстанның биоәртүрлілігін сақтау Ассоциациясының бастамасымен Қорғалжын мемлекеттік қорығы халықаралық дәрежедегі маңызды орнитологиялық аумақтар тізіміне енгізілді. 2008 жылдың маусымында Қорғалжын мемлекеттік табиғи қорығы Орталық Азиядағы алғашқы нысандардың бірі болып ЮНЕСКО-ның әлемдік мұралары тізіміне енгізілді. Қорық аумағының қайталанбас бірегейлігін шөлейтті аумақта орналасқан ішкі континенталды сулары; құстардың Орталық-Азиялық және Сібірлік-Оңтүстік еуропалық ұшу жолдарының қиылысқан жерінде орналасуы, далалық, шалғындық, галофитті және су қауымдастықтарының қатар кездесуі, сирек және жойылып кету қаупі төніп тұрған құстардан тұратын биоәртүрліліктің молдығының ерекшеліктері қалыптастырады. Бұған қоса қорық аумағының ұзақ уақыт бойы қорғауда болуы тұмса табиғатты бастапқы күйінде сақтауға мүмкіндік берді. Аталған табиғи жағдайлар аумақты рекреациялық мақсатта игеруге мүмкіндік береді. 1.Мәтін қай стильде жазылған? А) публицистикалық стиль В) ғылыми стиль С) көркем әдебиет стилі Д) ресми-ісқағаздар стилі Е) ауыз екі сөйлеу стилі 2. 2008 жылы Қорғалжын мемлекеттік табиғи қорығы қандай тізімге енгізілді? А) «Тірі көлдер» деп аталатын әлемнің бірегей көлдері жүйесіне В) Теңіз-Қорғалжын көлдер жүйесінің сулы-батпақты аумақтарына С) Орталық-Азиялық және Сібірлік-Оңтүстік еуропалық ұшу жолдарына Д) ЮНЕСКО-ның әлемдік мұралары тізіміне Е) Рамсар конвенциясына сәйкес ғаламдық маңызы бар сулы-батпақты аумаққа 3. Берілген үзінді мәтіннен алынған ба? Қорық аумағының қайталанбас бірегейлігін шөлейтті аумақта орналасқан ішкі континенталды сулары; құстардың Орталық-Азиялық және Сібірлік-Оңтүстік еуропалық ұшу жолдарының қиылысқан жерінде орналасуы, далалық, шалғындық, галофитті және су қауымдастықтарының қатар кездесуі, сирек және жойылып кету қаупі төніп тұрған құстардан тұратын биоәртүрліліктің молдығының ерекшеліктері қалыптастырады. А) Иә В) жоқ 4. Қай жылы Қазақстанның биоәртүрлілігін сақтау Ассоциациясының бастамасымен Қорғалжын мемлекеттік қорығы халықаралық дәрежедегі маңызды орнитологиялық аумақтар тізіміне енгізілді. А) 2000 В) 2007 С) 1974 Д) 2018 Е) 2015 5. Қорық 1974 жылы сулы-батпақты аумақтар туралы Рамсар конвенциясына сәйкес ғаламдық маңызы бар сулы-батпақты аумаққа жатқызылды. Себебі: А) жойылып кету қаупі төніп тұрғандықтан В) далалық, шалғындық, галофитті және су қауымдастықтарының қатар кездескендіктен С) сулы-батпақты аумаққа жататындықтан Д) құстардың Орталық-Азиялық және Сібірлік-Оңтүстік еуропалық ұшу жолдары қиылысқандықтан Е) қайталанбас бірегейлігін шөлейтті аумақта орналасқандықтан |

Сабақтың соңы 5 мин
|
Қорытындылау. «Ауа райы» әдісі Бүгінгі сабақтан үйренген жақсы қасиеттерін еске түсіріп , айтып береді |
Сабаққа кері байланыс береді |
|
|
||
Сабақ №23-24

|||
|
Сабақтың басы |
Ұйымдастыру Оқушылармен амандасып, түгелдеу. «Шаттық шеңбері» оқушылар сынып ішін айнала дөңгелек болып орналасады. Мұғалімнен бастап: «Жазира бүгінгі күнің сәтті өтсін» осылайша оқушылар 1 сөйлем тілек білдіреді. Сабақ тақырыбы, мақсатымен таныстырылады. Оқушыларды топқа «Есімдер арқылы» www.classtools.net сайты бөлу. Сайтқа сыныптағы адам аттарын тізіп жазамыз сайт өзі топқа бөліп ұсынады. |

1-тапсырма 1-мәтін. Қазақстанда шипалы су шығатын әрі емдік балшығы бар табиғаты ғажап әдемі жерлер көп. Мұндай шипалы су, емдік балшығы бар, табиғаты көрікті жерлерде емдеу-сауықтыру, демалыс үйлері салынған. Демалыс үйлері, туристік базалар, санаторийлер орналасқан жерлерді география тілінде рекреациялық аудандар деп атайды.
Рекреация — күш
жинау, яғни еңбек етіп шаршаған немесе денсаулығы нашарлаған
кісілердің тынығып, ем қабылдап, күш-қуатын қалпына келтіру деген
сөз. Қазақстанның химиялық құрамы әр алуан минералды бұлақ көздері, шипалы балшығы бар көлдері, тынығуға әдемі көрікті жерлері курорт-санаторий жүйелерін дамытуға өте қолайлы. Қазір Республикамызда 120-дан астам курорт, санаторий, демалыс үйлері бар. Санаторийлер емдеу түріне қарай минералды сумен, климатпен емдейтін болып екіге бөлінеді. 1.Демалыс үйлері, туристік базалар, санаторийлер орналасқан жерлер қалай аталады? А) курорттық аудан В) санаторий С) рекреациялық аудан Д) сауықтыру орталығы Е) шипажайлы аудан 2. Берілген сөйлем мәтінмен сәйкес келе ме? ҚазірРеспубликамызда 150-ден астам курорт, санаторий, демалысүйлері бар. А) сәйкес келеді, бірақ мәтінде 130 курорт бар делінген В) сәйкес келеді, бірақ мәтінде 110 курорт бар делінген С) сәйкес келмейді Д) сәйкес келеді Е) сәйкес келеді бірақ, мәтінде қателік кеткен 3. Тиісті сөзді қойыңыз Санаторийлер емдеу түріне қарай минералды сумен, ............ емдейтін болып үшке бөлінеді. А) ауамен В) дәрі-дәрмекпен С) тамақпен Д) диетамен Е) климатпен 4. Бурабай, Мойылды, Ауыл, Сер, Рахман бұлақтары, Шымған, Жаңақорған курорттары қай жылдары ашылды. А) 1920-1925 В) 1834-1880 С) 1925-1930 Д) 1915-1920 Е) 1910-1920 5. ХІХ ғасырдың орта кезінде қандай мәліметтер белгілі бола бастайды? А) Шығыс Қазақстандағы Рахман бұлағы В) Қазақ жерінде табиғи емдік қасиеті бар жерлер туралы алғашқы мәліметтер С) Демалысүйлері, туристікбазалар, санаторийлерорналасқанжерлер Д) Қазақстанның химиялық құрамы әр алуан минералды бұлақ көздері Е) Табиғаты ғажап әдемі жерлер 2. Мәтіндерді оқып, стилін, жанрын салыстырыңыз. |

Қорытындылау. «Хат жазу» әдісі Бүгінгі сабақтан үйренген жақсы қасиеттерін еске түсіріп , айтып береді.. |
Сабаққа кері байланыс береді |
|
|
|||
Сабақ №25-26

Ұйымдастыру Оқушылармен амандасып, түгелдеу. Сабақ тақырыбы, мақсатымен таныстырылады. |
Оқушылар амандасып, |
«Смайлик» арқылы бағалау |

1-Тапсырма Мәтінді мұқият тыңдап, төмендегі тапсырмаларды орындаңыз. Ұрлық Бұрын бір ел болыпты, халқының бәрі ұры екен. Кеш батса болды, көршісінің үйіне ұрлыққа түседі екен. Ұрылар үйіне келсе, олардың да үйін де біреулер тонап кететін көрінеді. Ұрылар елі осылайша өмір сүріпті. Бір күні осы елге бір адал кісі көшіп келеді. Әлгі адам кешті өз үйінде кітап оқумен өткізеді. Түн болғанда ұрлыққа келген ұрылар шамы жанып тұрған үйден адамды көреді де, өз жөндеріне кетеді. Осылайша біраз уақыт өтеді. Енді жұрт адал адамға ренжи бастайды. Адал адам жұрт тілегіне қарсы келе алмай, ол да кеш бата үйінен кетіп, таң ата оралып жүреді. Тек жұрт сияқты ұрлыққа бармайды. Ол түнді өзен жағасында аспандағы айға, ағып жатқан суға қарап, көпір үстінде өткізіп жүреді. Таңертең үйіне келсе, ұрылар үйін тонап кетеді екен. Біраз уақыттан кейін адал адам кедейге айналады. Ал ұрлықпен айналысып жүрген отбасылар байып, ұрлықпен айналыспайтын болады. Адал адамның үйіне ұрлыққа түскен ұрылар ештеңе таба алмай, кедей бола бастайды. Байығандар адал адам сияқты түнде табиғатты тамашалап, көпір үстінде жүруді әдетке айналдырады. Осыдан қала халқы бай, кедей болып бөлінеді. Енді бай адамдар өздері ұрлық істемейді, бірақ кедейлерге ұрлық істетеді. Осылайша байығандар одан әрі байып, кедейлер кедейлене береді. Бірте-бірте байлар өздері ұрлауды да, өзгелерді ұрлыққа жалдауды да қояды. Бірақ енді байлығын ұрылардан қорғауды ойлайды. Содан ақылдаса келіп, сақшы жиып, түрме салады. Арада біраз жыл өткенде әлгі қаланың тұрғындары «ұрлық» деген сөзді ұмытады. Өздері ұры болса да, енді олар «бай», «кедейміз» дейді екен. Сонда баяғы адал адам ғана өзгермеген еді. Бірақ ол да ұзамай өмірден өтіпті. Елдің айтуына қарағанда аштан өліпті. 1. Мәтіннен 1 қоғамдық, 1 тұрмыстық мәселені анықтаңыз. 1. __________________________________________________________________ 2. __________________________________________________________________ 2. Мәселенің бірін таңдап, бүгінгі заман көрінісімен байланыстыра отырып, өз пікіріңізді 4- 5 сөйлеммен түсіндіріңіз. ________________________________________________________________________ ________________________________________________________________________ 3. Берілген сұрақтардың бірін таңдап, жұпта диалогке түсіңіз. Сөйлеу кезінде кідіріс, екпін, интонацияны ескеріңіз. 1. Қоғамдағы құқықтық сауаттылықты қалай арттыруға болады? 2. Еліміздегі балалар құқығы қалай қорғалады? 3. Өз құқығын білмеудің салдары қандай болады? 4. Жастар арасындағы тәртіп бұзушылықтың себебі неде? |

Қорытындылау. *НЕ білдім? *НЕ маңызды? *НЕ түсініксіз? Бүгінгі сабақтан үйренген жақсы қасиеттерін еске түсіріп , айтып береді |
Сабаққа кері байланыс береді |
|
|
||
Сабақ №27-28

Интерактивті тақта, стикер , |
|||
|
Сабақтың ортасы |
1- Тапсырма 1. Мәтінді оқыңыз. Мәтіннен қандай ой түйдіңіз? 1991 жылдың 1 желтоқсанында Қазақстан алғаш рет бүкілхалықтық президент сайлауын өткізіп, президенттік басқару институтына көшті. Арада 20 жыл өткен соң, 2011 жылдың желтоқсанында, парламент депутаттары бұл күнді ресми мереке ретінде тойлау керек деген бастама көтерді. Осылайша, 2011 жылдың желтоқсанында Парламенттің жалпы отырысында «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Заңға өзгеріс енгізілді. Президент тиісті құжатқа қол қойған соң, 2012 жылдың 1 желтоқсанынан бері бұл күн мемлекеттік мереке деңгейінде тойланып келеді. Шыны керек, алғашында бұл мерекені Қазақстан халқы толық түсінбеді. Оның үстіне, Тәуелсіздік күні, Астана күні, Наурыз немесе Жаңа жыл сияқты емес, ешқандай атрибуты жоқ. Бірақ бес жыл ішінде халықтың бойы әбден үйренген сияқты. Оның біз байқаған бірнеше белгісі бар. Біріншіден, Тұңғыш Президент күнін халық бір күнгі демалыс деп асыға күтетін болды. Ал кейбір ұйым қызметкерлері, әсіресе, мемлекеттік қызметшілер мерекеге берілетін сыйақыға қуанады. Егер бұл күн аптаның демалыс күніне дәл келсе, онда үкіметтің арнайы бұйрығымен басқа күнге ауыстырылып, халық қатарынан бірнеше күн демалады. Екі жыл депутаттар Астана қаласының атын Нұрсұлтан Назарбаев атымен атауды ұсынған еді. Бірақ бұл бастамаға Президенттің өзі қарсы болды. Ол Астананың аты өзгермейтінін айтқан болатын. Қазақстанда Назарбаев атындағы көше болмағанымен, Иорданиядағы Амман қаласында, Шешенстандағы Грозный қаласында, Түркияның бір емес, бірнеше қаласында, Татарстан астанасы – Қазан қаласында Нұрсұлтан Назарбаев атындағы көшелер бұрыннан бар.
2. Сіздің ойыңызша, Тұңғыш Президент күнін тойлау қажет пе? Ойыңызды «ПТМС формуласы» бойынша білдіріңіз. Бірінші сөйлем: «Менің ойымша, ...» Екінші сөйлем: «Оның себебін былай түсіндіремін: … » Үшінші сөйлем: «Оны мына фактілермен, мысалдармен дәлелдей аламын: …» Соңғы сөйлем: «Осыған байланысты мынадай қорытынды шешімге келдім: ...». 3. Қалаңызда «Тұңғыш Президент күні» мерекесі жоғары деңгейде тойланды. Өткізілген ісшаралар туралы шолу жазыңыз.

«Отшашу» әдісі
«Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі
«Смайликтер» арқылы

Қорытындылау. «Ауа райы» рефлексия Бүгінгі сабақтан үйренген жақсы қасиеттерін еске түсіріп , айтып береді. |
Сабаққа кері байланыс береді |
|
|
|||
Сабақ №29-30
|
Бөлім: |
|
|||||
|
Педагогтің аты-жөні |
|
|||||
|
Күні: |
|
|||||
|
Сабақ |
|
|||||
|
Сынып: |
Қатысушылар саны: - |
Қатыспағандар саны: |
||||
|
Сабақтың тақырыбы |
«ЭКСПО -2017» көремесі |

Ұйымдастыру Оқушылармен амандасып, түгелдеу. «Еркін тыныс» психологиялық ахуал орнату. Балалар, денелеріңді түзу ұстап, бастарыңды жоғары көтеріп,ыңғайланып отырыңдар. Көздеріңді жұмсаңдар да болады. ауаны терең жұтып, еркін тыныс алыңдар. Өздеріңнің тыныс алуларыңды бақылап, бақыт пен тыныштыққа толы таза ауаның тұла бойларыңа толғанын сезінесіңдер. Ал енді, көздеріңді ашсаңдар да болады. Сабақ тақырыбы, мақсатымен таныстырылады. |
Оқушылар амандасады |
«Басбармақ» әдісі |
|
||
|
Сабақтың ортасы |
1-тапсырма. 1. Мәтінді тыңдап, бос орынға қажетті сөздер мен терминдерді қойыңыз. Тұңғыш Елбасы Н.Назарбаевтың халықаралық «ЭКСПО-2017» көрмесінің жабылу рәсімінде сөйлеген сөзінен үзінді: «ЭКСПО-2017» көрмесі табысты өтті. Қазақстан экономикасын дамытуға оң әсер етті. Туроператорлардың қызметіне деген сұраныс 1,8 есе артты. Елорда бюджетіне қызмет көрсету саласынан түскен салық 1,2 есе өсті. Қазақстанның астанасы бүкіл әлемнің назарын өзіне аударды. Жалпы, ЭКСПО аясында 6 мыңнан астам түрлі іс-шара өткізілді. ЭКСПО бүкіл әлемнің зияткерлік және технологиялық потенциалын көрсетуге мүмкіндік берді. Мұнда баламалы энергия көздері саласындағы 140-қа жуық ғылыми жаңалық көпшілік назарына ұсынылды. ЭКСПО көрмесін өткізу арқылы біздің ел «жасыл» технологияларды дамыту идеясын қолдайтынын тағы да дәлелдей түсті. Жалпы, біздің көрме «таза энергетиканы» жаһандық деңгейде дамытуға айрықша үлес қосатынына сенімдімін. «ЭКСПО» көрме кешені инновациялық мақсатта одан әрі қызмет ететін болады. Осымен халықаралық «ЭКСПО-2017» мамандандырылған көрмесін жабық деп жариялаймын! 1. ЭКСПО өткізіліп жатқан уақытта туристік қызметке деген __________ 1,8 есе өсті. 2. Көрме барлық елдің _______________________ потенциалын көрсетуге жол ашты. 3. Халықаралық көрме өткізу арқылы еліміз «жасыл» технологияларды __________ дәлелдеді. 4. Көрме кешені _____________________ мақсатта одан әрі қызмет ететін болады. 2. Жұбыңызбен «ЭКСПО-2017 көрмесі бізге не берді?» деген сұрақ бойынша диалогке түсіңіз. Ойыңызды дәлелдеу үшін аргументтер келтіріңіз 2-тапсырма. Маған спорттық киім ұнайды Әр адам әдемі , ұқыпты көрінгенді қалайды. Жарасымды киінген адам сүйкімді көрінеді. Киім кию стилі адамның өзіндік ерекшелігін, талғамын білдіреді.Киім таңдағанда дене бітімін ескеру қажет. Мен көбіне спорт стилінде киінгенді ұнатамын. Спорттық киім жүріс- тұрысқа ыңғайлы, өзіңді еркін сезінесің. Спорттық киім денеңді қыспайды, кимылыңды шектемейді.Спорттық киімдер жоғары технологиялы материалдардан жасалады. Олар денеге ауа жібереді. ылғал тигізбейді. Бұл киімдер спортпен шұғылдансаң да, жай қыдыруға кисең де ыңғайлы. Спорттық киімдер көбіне қанық ашық түсті болады. Ашық түстер менің көңіл күйімді көтереді. Қазақстан құрамысының спорттық киімі көк түсті. Маған қатты ұнайды. Аспан түстес көк бірден көңіліңді көтереді. Бірақ олардың дизайны өзгеріп отырады. Ол дизайнды өз талғамына қарай таңдауға мүмкіндік береді.(111 сөз) 1.Әдемі киінген адам қандай көрінеді? A) Жарасымды. B) Жарасымсыз. C)Жалқау. D) Ақылды. E) Оқымысты. 2. Киім кию стилі нені білдіреді? A)Aдамның өзіндік жарасымды болғанын. B) Aдамның өзіндік сүлулығын. C)Aдамның көркін. D) Aдамның жүріс- тұрысын. E)Aдамның өзіндік ерекшелігін. 3.Мен көбіне қандай киім кигенді ұнатамын? A) Cән стилінде . B)Әдемі стилінде. C) Cпорт стилінде .D) Бай стилінде. E)Cоңғы стилінде. 4.Спорттық киім жүріс- тұрысқа қандай? A) Ыңғайлы B) Ыңғайсыз. C) Жылы .D) Тар. E) Денені қысады. 5. Спорттық киім ыңғайлығы неде? A) Ыңғайсыз .B)Денеңді қыспайды. C) Денеңді қысады. D) Тарын. E) Үлкен. |

Қорытындылау. «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі арқылы сабақтың ұнаған жеріне екі жұлдызшамен баға бер, бір тілегіңді арна. |
Сабаққа кері байланыс береді |
|
|
||
Сабақ №31- 32

1-тапсырма Мәтінді оқып, төмендегі тапсырмаларды орындаңыз Достық – адамдардың бір-біріне адал, қалтқысыз сеніп, бір мүдделі, ортақ көзқараста болатын қасиеті. Достық өзара жауапкершілік пен қамқорлықтың, рухани жақындықтың белгісі. Нағыз достық кісіге шабыт беріп, өмірде кездесетін түрлі сәтсіздіктерге мойымауға, басқа түскен қайғы мен қиыншылықты бірге көтеруге жәрдемдеседі. Дос-жарандардың мінездері әр түрлі болып келуі мүмкін. Мысалы, біреуінде қызбалық не шабандық, екіншісінде тұйықтық не жігерсіздік байқалса да, бұлар достыққа кедергі бола алмайды, қайта нағыз достық осындай кемшіліктерден арылуға көмектеседі. Сатқындық, екі жүзділік, өтірікшілік, өзімшілдік достықпен сыйыспайды. Қазақтың дәстүрлі әдеп жүйесінде достыққа үлкен көңіл бөлінеді. Халық арасында достық туралы мақал-мәтелдер жеткілікті: “Дос жылатып, дұшпан күлдіріп айтады”, “Досы жақсының, өзі де жақсы”, “Дүниеде адамның жалғыз қалғаны — өлгені, қайғының бәрі соның басында”. Достыққа қарама-қарсы ұғым — қастық пен күншілдік. Мұндай сезімге ерік алдырғандар басқаның қуаныш-қызығын, ырыс-бағын көтере алмайды, дос дегеннің не екендігін білмейді. Дұрыс дос таңдай білу — өмірлік мақсаттардың бірі; Саясаттанудағы Достық ұғымы мемлекеттер арасындағы саяси, экономикалық, мәдени мүдде тұрғысынан ынтымақтастық орнату шараларын бейнелеу үшін қолданылып жүр. Қазір бізге достық бұрынғыдан бетер қажет. Достық – бұл өмірдегі ешнәрсемен бағаланбайтын құндылық. Дос табу оңай, ал оны сақтау одан да қиын. Достық қатынасқа нәзіктікпен қарап, берік сақтау керек. Өйткені ол да баптауды қажет ететін нәзік өсімдік сияқты. Біздер достықты сақтау үшін жан-тәнімізбен еңбектенбеуіміз керек. Қайтарымын қажет етпей, берудің жолдарын үйрену керек. Сенім мен жарқын көңіл – достықты берік ететін тірек саналады. Өзі шынайы дос бола білген адамның достары да көп болады және жер бетінде өзін жалғыз сезінбейді.
А) сенім береді В) шабыт береді С) құндылық береді Д) шынайылық береді Е) адалдық 2. Достыққа не кедергі бола алмайды? А) сатқындық В) адалдық С) сыйластық Д) шынайылық Е) мінез 3. Өмірлік мақсаттардың бірі А) дос таңдай білу В) достықты таңдай білу С) еңбек түрін таңдай білу Д) арманға қол жеткізу Е) бақытты болу 4. Саясаттанудағы Достық ұғымы мемлекеттер арасында не үшін қажет? А) сенімді арттыру үшін В) қарым- қатынас үшін С) саяси тұрақтылық үшін Д) ынтымақтастық орнату үшін Е) дос болу үшін 5. Достықты берік ететін не? А) сенім мен жарқын көңіл В) татулық С) саяси тұрақтылық Д) ынтымақтастық Е) шыдамдылық 2-тапсырма Мәтінді оқып, төмендегі тапсырмаларды орындаңыз Ажал аузындағы махаббат
Бір жұп ғашықтар болыпты.
Жігіт әлсіз, жасқаншақтау болса керек. Қашан да қиындыққа жолықса
алдымен қалыңдығын сынап көруге мәжбүрлейтін болса керек. Ал
бойжеткен осы үшін назаланатын. 1. Қыз неге назаланады? А) ғашығына көңілі толмай В) жігіті ренжіте береді С) теңізге шыққанына Д) қиындықта сыналғанына Е) дауылға 2. Олар қалай аман қалды? А) қайықтың сынық ағашын ұстап В) кемедегілер көмектесті С) малтып аман қалады Д) тасты ұстап аман қалады Е) акула көмектеседі 3. Қыз жігітін қалай сынайды? А) «мені құтқар» дейді В) «қалай құтыламыз» дейді С) «сен қорқасың ба?» дейді Д) «тез кемеге жетейік» дейді Е) «мен сені сүймеймін» дейді 4. қызды жігіт қалай құтқарды? А) кемеге жеткізді В) итеріп жіберді С) құтқарған жоқ Д) білегін тіліп жіберді Е) акуланы өлтірді 5. жігіт неге құрбан болды? А) жүрегі сүйіспеншілікке толы болды В) қорқып қашты С) әлжуас болды Д) ерлік көрсетті Е) махаббатын дәлелдегісі келді
3-тапсырма Мәтінді оқып, төмендегі тапсырмаларды орындаңыз Сөзден тосылу Наушабай дейтін кісі жол жүріп келе жатып, Абайдың үйіне түсіпті. Жайғасып отырған соң ол: - Абайжан, өзіңе асыл сөз, алғыр ой тауып айтқан кісі болды ма? - деп сұрапты. Абай сәл ойланып отырыпты да: - Менің Әбдірахман деген балам бар еді.Оны тоғыз жасында Семейдегі орыс мектебіне оқуға бердім. Оны бітірген соң, Петербурға жібердім. Қыс оқып, жаз демалысқа үйге келді. Сұрастырып байқасам, оқуы жақсы көрінеді.Баламның алымдылығын сынап білейін деп ойладым да, бір күні жай әңгімелесіп отырып: - Қалқам Әбіш, осы әлемдегі жаратылыста ақ зат асыл ма, қара зат асыл ма? - деп сұраған едім. Ол іркілместен: - Ақ зат асыл ғой, - деді. - Неге, қара зат асыл емес пе? - дедіммен. Әбіш бетіме қарап күлді де: - Қараны қалай асыл дейсіз? - деді. Мен: - Біріншіден, адам баласы барлық дүниедегі жаратылысты көзбен кереді емес пе, - дедім,- Бірақ көздің ағы көрмейді, ортасындағы кішкене қарашығы ғана көреді. Қараның асылдығына осы дәлел. Екіншіден, қағаз ақ, одан адам оқып білім ала алмайды, үстіне жазған қара сиядан өнер-білім алады. Үшіншіден, жас шақта адамның сақал-шашы қара болады. Осыған байланысты жас күнде адамда ақыл, білім, қайрат көп болады. Қартайғанда шаш-сақал ағарады. Ал, адамда ақыл, білім, қайрат та азаяды. Сондықтан ақтан қараны асыл ма деп ойлаймын, - дедім.
Сонда - Оның бәрін қалай білдіңіз? - деді. - Ақылмен білдім, - дедім мен. - Олай болса, ақыл мида болмай ма, ал ми ақ зат емес пе! Екіншіден, ақыл - нұр, жарық зат. О да аққа ұқсамай ма?- деді.
Мен баламның тауып айтқан сөзіне риза болып,
маңдайынан 1. Басты кейіпкерлер кімдер? А) Абай мен Наушабай В) Наушабай мен Әбіш С) Абай мен Әбдірахман Д) Әбдірахман мен Әбіш Е) Наушабай 2. Әбіш демалысқа қайдан келді? А) Семейден В) Петербордан С) Санкт Петербург Д) Омбыдан Е) Петербурдан 3. Қараның екінші қасиеті А) сақал- шаш қара болады В) көздің қарашығы қара С) сия қара Д) қара сиядан өнер- білім алады Е) қара әдемі түс 4. Әңгімедегі жалқы есімдерді ата А) ақ-қара В) сақал- шаш С) Наушабай, ақыл Д) Абай мен сөз Е) Абай, Әбіш, Наушабай 5. Бұл әңгімеден не түйдің? А) жас жігіт бәрін біледі В) Абайдан баласы ақылды С) көп оқыған адам біледі Д) Әбіш тапқыр Е) көпті көрген адам бәрін біледі 4-тапсырма Мәтінді оқып, төмендегі тапсырмаларды орындаңыз Патшаның қызы неге бақытсыз?..
Ертеде патшаның екі қызы
болыпты. Патша екі қызын да жақсы көріп, қолынан келгенше оларды
ештеңеден қақпай, қалағандарын жасап, айқандарын екі етпеуге
тырысады екен. Дегенменде, екі қыз өсе келе мінездері өзгере
бастапты. ]Бір күні білімді бір адам патшаға қонаққа келіпті.
Патшаның қайғылы түрін көріп, себебін сұрапты. Патша: «Е-е-е…
сұрама, күлмейтін бір қызым бар, дертін ешкім білмейді»-дейді.
«Патшам, рұқсат етсең, сарайыңызға қонақ болайын. Мүмкін қызыңыздың
қайғысының себебін табармын», — дейді жолаушы. Патша қуана рұқсат
етіпті. 1. Патшаға кім келді? А) емші В) білгір С) білімді адам Д) қу адам Е) бақсы 2.Қыздар не істеп жүр? А) ерігіп жүр В) қайғырып жүр С) дәптерге жамандықтарды жазып жүр Д) дәптерге көргендерін жазып жүр Е) дәптерге жақсылықтарды жазып жүр 3. Үлкен қыз қалай қуанды? А) жақсылықтар есіне түсіп В) жамандықтардан құтылып С) дәптерді ауыстырып Д) саяхатшыны көріп Е) әкесінің сөзінен кейін 4.Өзің осы ертегіден не түйдің? А) үнемі көңілді жүру керек В) жақсылық жасау керек С) білімді болу керек Д) дәптерге көргеніңді жазу керек Е) жақсылықты білу керек 5. Неліктен үлкен қыз өзінің дәптерін ауыстырып қойғанын білмеді? А) сарайдағылар екеуіне бірдей қарағандықтан В) екі дәптер бірдей болғандықтан С) әкесі екеуін де жақсы көргендіктен Д) жазулары бірдей болғандықтан Е) ұйқысы қанбағандықтан 5-тапсырма Ы.Алтынсарин «Такаппарлық»
Вениямин Франклин деген даңқты
білім иесі, Америка жұртының кісісі, он сегіздегі жас күнінде,
Медера деген қаланың бір қарт адамына қонақ болып, шығар уақытта
қарт ішкергі бір есіктен шығарып салуға алып келіпті. Франклин бұл
кісіге сөйлесе келе жатып, алдында не барын аңғармай, есікке
жақындағанда қарт дауыстапты: - Еңкей, еңкей - деп. Сүйдегенше
болмай, есік аласа екен, маңдайшасына Франклин маңдайымен тарс ете
түсіпті. Сонда қарт күліп айтты дейді: - Бұл кішкентай реніш сізге
екіншіде ақыл болар; ұмытпағайсың, сен жассың, өмірің алдыңда,
басыңды тым жоғары ұстамай, төмен иіңкіреп жүрсең, мұнанда артық
неше соққылардан құтыларсың. Бұл сөзді Франклин сексен жасқа
келгенше ұмытпай, "Сол қарттың ақылы маған көп пайда болды және
басын жоғары көтерген тәкаппарлықтың әлек болғанынкөзіммен көрдім"
деп әрдайым айтушы еді. А) Бір қарт адамға қонақ болып келді. В) Қарттың немересі болатын С) Қартты қарттар күнімен құттықтайын деген мақсатпен D) Қарт көмекке шақырған еді Е) Америкаға қонақ болып келді. 2. Франклин мен қарт сөйлесіп келе жатады, сол кезде Франклинге қарттың ескерткен сөзін мәтінге сүйене отырып себебін табыңыз. А) Ұмытпағайсың, сен жассың В) Бұл кішкентай реніш сізге екіншіде ақыл болар; ұмытпағайсың, сен жассың, өмірің алдыңда, басыңды тым жоғары ұстамай, төмен иіңкіреп жүрсең, мұнанда артық неше соққылардан құтыларсың. С) Өмірің алдыңда, басыңды тым жоғары ұстама D) Басыңды тым жоғары ұстамай, төмен иіңкіреп жүр 3. Мәтінде қарт шал Вениямин Франклинге айтқан кеңесін дұрыс деп ойлайсыз ба? А) Иә, дұрыс, өйткені кішіпейіл болу керек В) Жоқ, еңкейген сайын басыну көбейеді. С) Иә, себебі ол қария. D) Жоқ, келіспеймін. Е) Жоқ, әркімнің сөзін тыңдамай, алған беттен таймау керек.

Сабақ №33-34
|
Бөлім: |
|
|||||||||||
|
Педагогтің аты-жөні |
|
|||||||||||
|
Күні: |
|
|||||||||||
|
Сабақ |
|
|||||||||||
|
Сынып: |
Қатысушылар саны: - |
Қатыспағандар саны: |
||||||||||

||||||||||||
|
Сабақ кезеңдері |
Мұғалімнің оқу іс-әрекеті |
Оқушының іс-әрекеті |
Бағалау |
Ресурстар |
||||||||
|
Сабақтың басы |
Ұйымдастыру Оқушылармен амандасып, түгелдеу. Слайдтан көрсету арқылы сабақ тақырыбы, мақсатымен таныстырылады. |
Оқушылар амандасып, |
«Бағдар шам»әдісі |
|
||||||||
|
Сабақтың ортасы |
1-тапсырма Бүркіт пен бүркітші жабдықтары Томаға. Бүркіттің екі көзін жауып тұратын, дулыға тәрізді, теріден жасалған жабдық. Оны шымыр былғары немесе құстың үлкен-кішісіне қарай икемге келетін жұмсақтау көннен жасайды. Томағаның жоғары жағына төбесіне артық шығып тұратын ілмек айдар кигізіп, шешкен кезде құсбегі саусағына оңай іле салуға ыңғайлы етеді. Төбе тұсына, милықтарына сәндік үшін алтын, күмістен құйылған кішігірім әшекейлі құйма орнатады. Тұғыр. Бүркіт отыратын құрылғы. Биіктігі құс отырғанда шалғысы жерге тимейтіндей мөлшерде, шамамен 1,5-2 қарыс (30-40 см) жуаңдығы бір білем, 3-4 сирағы бар ағаштан жасалады. Биялай. Бүркітшінің оң қолына киетін қолғап. Бүркітті қолына қондырғанда, алып жүргенде бүркіт тұяғы қолды зақымдамау үшін және бүркіттің де қолды мықты қысып, орнықты отыру үшін лайықты жасалған. Оның іші киіз, сырты жұмсақ иленген тауешкі, елік терісінің қалың мойнағынан алынған қолғапты бас бармағы бар, қалған төрт саусағы тұтас тұйықталған. Жеңінің сыртынан сұға салатын болғандықтан жең әрі кең, әрі ұзын жасалады. 1. Бүркіт пен бүркітші жабдықтары Бүркіт отырытын құрылғы А) жіп Б) ердің қасы В) тұғыр 2. Бүркіт пен бүркітші жабдықтарыТөбе тұсына, милықтарына сәндік үшін алтын, күмістен құйылған кішігірім әшекейлі құйма орнатады. Әшекейлі құйма дегеніміз не? 3. Бүркіт пен бүркітші жабдықтары

Қорытындылау. Бәрін түсіндім Әлі де көп білгім келеді Көмек қажет етемін Бүгінгі сабақтан үйренген жақсы қасиеттерін еске түсіріп , айтып береді. |
Сабаққа кері байланыс береді береді |
|
|
||||||||
Мұғалім пайдаланатын әдебиеттер:
1.Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі №319 «Білім туралы» Заңы.
-
2018-2019 оқу жылында Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беретін ұйымдарында оқу процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы: Әдістемелік нұсқау хат. – Астана: Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы, 2018. – 372 б.
3.Оқушыларды оқып-үйрену. Оқу құралы. «Назарбаев Зияткерлік мектептері» АҚ «Педагогикалық өлшеулер орталығы» филиалы. Астана, 2014.
-
«Қазақ тіліне арналған дидактикалық тапсырмалар»
-
Ж.Жеткізген «Қазақ тілі грамматикасы» Алматы «Кітап» 2007
-
Р.Сыздықова «Емле және тыныс белгілері»
-
Балаларды дербес оқудың педагогикалық ұйымының мәселелері.
Зайцев В.Н. Оқуды үйренетін қорықтар. — Москва, Просвещение, 1991ж.
-
Қазақ тіліндегі сөздерді әдеби
9.Ш. Уәлиханов. Жиналған жұмыстар, Бес том, 1-том, 1961 ж
10.С. Муқанов Өсу жолдарымыз (мақалалар жинағы), Алматы,
-
Қазақ фольклористикасы, Алматы, 1972, 168-бет.
-
Халық поэмалары, Алматы, 1939.
-
Қазақ әдебиеті, Алматы, 1941—1972
-
Әдебиет теориясы, Алматы, 1938, 1940, 1952, 1960.
-
Жумалиев. қазақ эпосы мен әдебиет тарихының мәселелері, Алматы, 1958.
-
М. Томанов: «Қазақ тілінің тарихи грамматикасы» А-1988 ж.
-
«Қазақ тілі мен әдебиеті» журналдары
Оқушыларға пайдалануға ұсынылатын әдебиеттер:
-
Ш.К.Бектұров «Қазақ тілі» «Атамұра» 2006
-
Қ.Ибрагимов «Қазақ тілі әдістемесі» «Шың-кітап» 2007

Ақын-жазушылар шығармаларының жинағы
-
Б.Тоғысбаев, А.Сужикова «Тарихи тұлғалар» Алматы,2006
-
Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы,2005
-
Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі. Алматы, 2008
-
Қазақтың би-шешендері
-
Газет, журнал материалдары
-
А. Байтұрсынов: «Әдебиет танытқыш»
-
Мақал – мәтелдер жинағы
-
Диалектологиялық сөздік
-
6- сыныпқа арналған қазақ тілі мен әдебиеті оқулығы.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз

шағым қалдыра аласыз