Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Мәтінмен жұмысты сын тұрғысынан ойлау арқылы ұйымдастыру.

Материал туралы қысқаша түсінік
Коучинг сабағы бойынша рефлексивтік есеп
Материалдың қысқаша нұсқасы

Екінші коучинг сабағы бойынша рефлексивтік есеп


«Білекке сенген заманда, Ешкімге есе бермедік.

Білімге сеңген заманда, Қапы қалып жүрмелік»

Абылай хан


Коучингтің тақырыбы: Мәтінмен жұмысты сын тұрғысынан ойлау арқылы ұйымдастыру.

Коучингтің мақсаты: Сын тұрғысынан ойлауды дамыту берілген мәтіндегі мәліметтерді талдауға, интерпретациялауға, бағалауға үйренеді.

Коучингтің міндеттері:

1. Мәтінді талдау барысында іс-әрекетке жаңа әрі түрлендірілген тәсілді еңгізуге дайын болады;

2. Сын тұрғысынан ойлауға, қарсы пікір айтуға, мәтін бойынша баламалы шешімдер қабылдауға баулынады;

3. Ынтымақтастықта, жағымды ортада бірлесіп жұмыс жасайды;

4. Іс-тәжірибеде сын тұрғысынан ойлауды қолданады.

Күтілетін нәтиже:

1. Сын тұрғысынан ойлауды өз тәжірибелерінде қолданады, мәтін негізінде талдау жұмыстарын жасайды.

2. Сын тұрғысынан ойлаудың тиімділігін түсінеді.

3. Сын тұрғысынан ойлауда тұлға өзіндік жетілуіне және қажеттілігіне қарай мәтіннен мәліметтер алады.

4.Шығармашылық тұлғалық қабілеттері дамиды, дарынды қабілетті балалар өзінің жоғары деңгейін байқатады

Коучингке бұл тақырыпты таңдау себептерім: алғаш тәжірибеден өтуге келген кезімде мектеп әкімшілігі «Оқушының сөйлеу тілін дамытуда мұғалімдермен жұмысты ұйымастыру» туралы ұсыныс жасады. Сондай-ақ алдыңғы өткізілген коучингтің рефлексиясында әріптестерімнің басым көпшілігі сын тұрғысынан ойлаудың тың стратегияларын үйренгілері келетінін айтқан болатын, сондықтан осы ұсыныстарды ескере отырып коучингті осы бағытта өткізуді жоспарладым. Менің бұл тақырыпты алудағы тағы да бір себебім, мұғалімдердің мәтінмен жұмысты ұйымдастыруда баланың шығармашылық, танымдық деңгейіне байланысты тапсырмалардың өз дәрежесінде болмауы. Соның салдарынан топтағы көшбасшы балалардың қызығушылығы төмендеп үлгерімі төмен оқушылар мәтінмен толық жұмыс жасай алмай қиындыққа кездеседі. Сабақ барысында, коучинг барсында көшбасшыларға әркезде арқа сүйеп мүмкіндік жасап отыруымыз керек. Коучингке бастауыш және гуманитарлық бағыттағы пән мұғалімдері қатысты.

Мектептегі білім сапасын көтеруге бұл әдіс тиімді болып табылады, себебі сын тұрғысынан ойлау стратегияларында оқушының академиялық білімі жан-жақты сарапқа салынады. Берілген бір тапсырманың өзі түрленіп бірнеше рет оқушыдан сұралады, мұның өзі оқушы білімін бекіте түседі. Мұғалімдер дайындаған тапсырмасын бірнеше үлгіде түрлендіріп дайындайды, себебі алдында отырған шәкірттерінің білім деңгейін ескереді.

Сын тұрғысынан ойлау мәнмәтінді есепке ала отырып, бақылау мен тыңдау арқылы дәлелдер жинастыру және шешім қабылау үшін талапқа сай өлшемдерді қолдану сияқты дағдыларды дамытуды қарастырады. Сондықтан оқушыларға бақылау, талдау, қорытынды жасау және интерпретациялау дағдыларын дамытуға мүмкіндік жасау керек. Мәтінмен жұмысты сын тұрғысынан ойлау арқылы ұйымдастыру оқушылардың оқуға деген қызығушылығын арттырады, білімін жетілдірумен қатар олардың танымдық қасиетін арттыра отырып, кері байланыс жасауға, шығармашылық тапсырмалар орындауға, теориялық материалды өз бетімен оқып-үйренуге, зерттеуге мүмкіндік береді.

«Мәтінмен жұмысты сын тұрғысынан ойлау арқылы ұйымдастыру» тақырыбындағы коучинг «Тілек» шаттық шеңберін құрудан басталды. Мұғалімдер бір-біріне жақсы тілектер айтты. Бұл іс-әрекет олардың бірлесіп жұмыс жасауына жағымды ықпал етті. Құстар мен үй жануарларының суреттер топтамасын ұсыну арқылы коучигке қатысқан мұғалімерді екі топқа бөліп алдым. Топ мүшелері арасында ынтымақтастық қарым –қатынас байқалды. Әр топ өздерінің аттарын кластер құру арқылы қорғау барысында олардың өз топтарының атын ерекше қорғағанын, қорғау барысында алдағы жетістіктерге байланысты шаттық сезімдері байқалды. Топтың атын қорғау барысында тіл көркемдігі мен ой ұшқырлығы байқалды. Мұғалімдерге интербелсенді тақта арқылы коучингтің тақырыбы мен мақсат-міндетін таныстырдым. Мұғалімдер топта жұмыс істеу ережесін еске түсірді. Оны интербелсенді тақтады толықтырып өттім. Мұғалімдерде жоғары көңіл-күй тудыру мақсатында «Табыс» сөзіне сергіту сәтін ұйымдастырдым. Мұғалімдер менің көрсетуім бойынша дене мүшелерімен көзбен, мұрынмен, шынтақпен, аяқпен, иықпен жаттығу жасады. Сергіту сәтін сабақта оқушылардың шаршаған кезеңінде түрлендіріп ұйымдастыру оқушылардың дене бітіміне, көңіл күйіне, салауатты өміріне, сабаққа ынтасының артуына, зейінінің көтерілуіне және тұрақтануына оң әсерін тигізеді.

Екі топқа да «Оқушының сипаттамасы: мазасыз Альма» мәтінін таратып бердім. Топ мәтін бойынша негізгі екі проблеманы өздері анықтады. Мәтінмен мұғалімдер жеке толық танысты, одан кейін мәтінді жұппен талдау ұсынылды. Жұппен талдау барысында мәтін бойынша даулы пікірлердің көп болғанын байқадым. Кей жұптардың мәтіндегі кейбір сюжеттерге түрлі көзқараспен қарап өзіндік ой түйді. Одан әрі мәтін бойынша өз ойларын топта талқылады. Топ мүшелері мәтіндегі кейіпкердің ерекшеліктерін талдай отырып, оның бойындағы қабілетті саралап түйіндеп, кемшілікті жою үшін көмек беру жолын қарастырды. Топтарға интербелсенді тақтада «Балық қаңқасы» стратегиясының қадамдарын түсіндірдім. Енді «Оқудағы кедергілерді анықтау» проблемасы бойынша барлық топ мүшелері «Балық қаңқасы» стратегиясымен жұмыс жасап, берілген проблеманы шешудің жолдарын қарастырды. Тақырыпқа сай жұмыс жүргізді. Жұмыс жүргізе отырып жұмыстың нәтижесін анықтады. Әр топ дайындаған постерін ортаға ұсынды, қорғады.

Проблеманы шешудің жолдарын қарастыру барысында топ мүшелері арасында ынтымақтастық қатынастың беки түскені байқалды. Топ мүшелері бір-біріне дем беріп қолдау көрсетіп отырды. Кері байланыс кезінде балық қаңқасы стратегиясының тиімділігі кері байланыс кезінде жазылды. Мұндай жүргізілген жұмыстар мұғалімдердің іс-тәжірибесін толықтырып, жұмысының нәтижел болуына ықпал етеді. Топ мүшелері сын тұрғысынан ойлау стратегиясын мәтінді талдауда тиімді қолдана білді.

Балық қаңқасы стратегиясында жасалған жобаларының эстетикалық талғамы, проблеманы шешудің жолдарын таңдауы, нәтижесіне қарай бір топ екінші топты «Екі жұлдыз, бір тілек» бойынша бір-бірін бағалады.

Екі топтың жұмысын қорытындыламас бұрын «Кедергі және оны жою» бейнефильмі көрсетілді. Бейнефильм бойынша топ мүшелерінің пікірі сұралды. Бұл бейнефильмнің негізгі идеясы бірлікте, бір бағытта, түсіністікте жұмыс жасағанда ғана табысты нәтижеге қол жеткізугі болады. Бүгінгі коучнингкке қатысқан әр топ мүшесі бірлікте түсіністікте, бір бағытта жұмыс жасап және пікір қорғауда қолдау көрсеткендіктен жұмыстары нәтижелі болды.

Коучинг барысында сабақтарда тақырыпқа байланысты стратегияларды түрлендіріп пайдалануға болатынын айта келіп, бірнеше стратегиялардың пайдалану қадамдары көрсетілді.

«Үміт ағашы» негізінде рефлексия жасалды, онда алған әсерін, тиімді әдістерді, пайдаланған стратегияларды, ұсыныстарын, өзіндік көзқарастарын, ойларын, пікірлерін білдірді. Коучинг өз деңгейінде өтті, кері байланыс кезінде жағымды пікірлер айтылды. Жас маман Жанар Кері байланыста «осындай коучингтер жиі өткізіліп тұрса, бүгінгі коучингтен мен бірнеше әдіс-тәсілдерді меңгердім» деген тілек айтты. Сондай-ақ коучинг барысында бірінші өткізілген коучингте өз ойын еркін айта алмай қысылатын бастауыш пәні мұғалімі Гаухардың постер қорғауда көсіліп еркін сөйлегені, өз ойын нақты жеткізгені, мені ойға қалдырды, біз мұғалімдер белгілі бір рамканын ішінде ғана жұмыс жасайды екенбіз де өз шығармашылығымызды тежеп отырады екенбіз, мен коучинг барысында соны аңғардым. Топ мүшелерінің жұмысын бағалап ризашылықпен коучинг қорытындыланды.

Кездескен кедергілер: Кей мұғалімдердің тақырыптан ауытқып кетуі, уақытты тиімді пайдаланбау, проблеманы шешу барысында даудың туындауы.

Сәтті жақтары: сын тұрғысынан ойлау туралы мәлімет алғаннан кейін, мәтінмен жұмыс жасау барысында бірінші және екінші топтың мәтін бойынша дайындаған идеясы және оны шешудің жолдарын өте жоғары дәрежеде қарастырған. Мұғімдер белсенділік танытты, топта ынтымақтастық орнату арқылы бірлескен жұмысты ұйымдастыра білді. Топ жұмысының сәтті болуына топтағы көшбасшылардың әсері болды. «Кедергі және оны жою» бейнебаянын талдауда мұғалімдер әр түрлі пікірлер айтты, сол пікірлерін дәлелдеуге ұмтылды. Кедергі және оны жою жолында топ мүшелері диалогтік қатынасқа түсе отырып, сұрақтың да жеңіл және күрделі түрлерін тиімді пайдаланды.

Дәл осы бейнефильмді сыныпта да көрсетіп оқушының пікірін білген жағдайда олардың арасында да өзгеріс болатының топ мүшелері сөздеріне арқау етті. Бейнефильм коучинг бойы жүргізген жұмыстарының нәтижесі екенін аңғарды. Танымдық белсенділіктері, топта жұмыс жасауы нығайып, бір-бірлеріне деген сенімділіктері артты.

Коучинг сабақ нәтижесінде қатысушы әріптестерім неге қол жеткізе алды:

1.Оқушылардың өздеріне жұмыс жасату, мәтін бойынша проблеманы анықтау оны шешу жолдарын қарастыру, ең соңғы нәтижесін анықтатуды. Оқушының интеллектуалдық-шығармашылық қабілетін анықтауға бағытталған тапсырмалардың түрлерін беруді.

2.Оқушыға сенім арту, жақсы қасиеттерін бағалай отырып, топ көшбасшыларына ерік беру керектігін және оқушылардың оқушылардан сұрауына, пікірлесуіне жағдай жасалу қажет екендігі туралы пікірлері қалыптасты.

3.Бағалаудың түрлерін сабақ барысында түрлендіріліп қолданудың тиімділігін. Мысалы: «Екі жұлдыз, бір тілек», бірін-бірі бағалауы.

4.Оқушының өз ойын білдіруде еркіндік берудің қажеттілігін, оқушының ойын бұзбауға, жауабына кедергі жасамау керектігі туралы. Сабақ барысында оқушыларды көбірек сөйлетіп, өз білімдерін көрсетуге мүмкіндік берілудің қажеттілігі туралы пікір қалыптасты.

Өткізілген коучинг сабақтарынан кейін мұғалімдермен кәсіби әңгіме жүргізу барысында әріптестерімнін осы коучинг сабағынан алған білімдерін өздері сабақ беретін сыныптарында пайдаланып жаңаша сабақтар көрсетіп жүргендеріне көзім жетті. Тіпті сабаққа селқостық танытып, атсалыспай отырытын оқушының өзі топ ішінде көшбасшылық танытып, жандана түскенін көрдім. Мұғалім Жанар Есенғалиқызы өз сабағында ақындардың жыл мезгілдеріне байланысты өлеңдерін құрастырту арқылы оқушыларды топтарға бөліп алды. Өткізген сабағында сын тұрғысынан ойлау стратегиясының түрлерін пайдалану арқылы оқушыларды сыни тұрғыдан ойлатып өз идеясын сенімді түрде білдіртуге ықпал етті. «Сын тұрғысынан ойлау» технологиясының стратегияларын сабақта тиімді пайдалана алды. Әріптесім Жанар Есенғалиқызы өз пікірін маған былай білдірді «Коучинг сабақтарынан кейін сабақтарды дәстүрлі, баяғыдай жаттығу жазғызып, оқулықты оқыту арқылы өткізудің тиімсіздігін түсініп, жаңа әдіс-тәсілдермен өту қажеттілігін байқадым. Оқушыларымның оқуға ынтасын арттыру үшін тапсырмаларды түрлендіре отырып өткізу нәтижесінде олардың пәнге деген қызығушылықтары артып, үлгерімдерінің жақсарғандығына көзім жетті».







Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
09.11.2018
753
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12