Сабақтың қысқа мерзімді жоспары
|
№ 1 сабақ Бөлім атауы: Мәтіндер әлемі |
Курс атауы: «Мәтінмен тіл дамыту » |
Сыныбы: 4 Күні: Мұғалім: |
|||
|
Тақырыбы: Тіл және сөйлеу |
|||||
|
Оқу мақсаты: |
Шығармашылық тапсырмаларды орындату арқылы дербес оқу-іздену дағдыларын қалыптастыру және оқу, жазу сауаттылығын арттыру. |
||||
|
Сабақ мақсаты |
Барлық оқушылар: мәтінге байланысты сөз тіркестерін жазады Көптеген оқушылар: жаңа сөздерді талаптанып көркем жазады, тапсырмаларды орындайды Кейбір оқушылар: тақырыпқа байланысты тапсырмалар өздігімен орындайды |
||||
|
Алдыңғы тақырып |
|||||
|
Жоспар |
|||||
|
Сабақтың кезеңдері |
Педагогтің әрекеті |
Оқушының әрекеті |
Бағалау |
Ресурстар |
|
|
Сабақтың басы |
Психологиялық ахуал Күнде шат күліп біз, Шаттанамыз бәріміз. Өміріміз көңілді, Мәңгілік достықпен, Мақтанамыз бәріміз. Қызығушылықты ояту, миға шабуыл Сөйлемді аяқта «Сөйлеу дегеніміз....» |
Психологиялық ахуалға берілген өлеңді дауыстап айтып, тілді жаттықтыру және жаңа сабаққа назар аудару. |
Мұғалімнің ауызша бағалауы |
Жұмыс дәптері Суреттер Карточкалар Презентация |
|
|
Ортасы |
Мағынаны тану Ширату. Айтылым. - Адамдарға сөйлеу не үшін қажет - Жазбаша сөйлеуді кішкентай бала жүзеге асыра алады ма? - Біздің тіліміз қандай? Тыңдалым. Адамдарға сөйлеу не үшін қажет қалай ойлайсындар? Балалар ерте заманда адамдар өз ойларын бір-біріне жеткізу, түсіндіру үшін әр түрлі іс-қимылдармен қолданған, немесе тастарға сурет салған ( кітаптан тастарға салынған суреттерді көрсету) , әр түрлі жалаушалар, белгілер пайдаланған. Уақыт өте еңбек арқылы ойлары дамып, тілдері де дами бастады. Біздің тіліміз қандай? Дүние жүзінде халық та көп, тіл де көп. қазақ ұлтының тілі, қазақ тілі. Айтылым. Қазақ тілі- көркем, сұлу да бай тіл. Жазбаша сөйлеуді кішкентай бала жүзеге асыра алады ма? Неліктен? Ауызекі сөйлеуді сәби кімнен үйренеді? Деңгейлік тапсырмалар 1-тапсырма 1 деңгей. Оқылым. Мәтінді түсініп оқу. Сұрақтарға жауап беру. Қазақ тілі – мәдени, асыл мұра Қай ұлтты, халықты алсақ та, бәрінің де өзіне лайық тілі бар. Халық өзінің тілін ең ардақты нәрсе деп санайды, сүйеді. Ана тілін сүймеген адам, қырғыз ақыны Сарноғаев айтқандай, халқын сүйіп те жарытпайды. Орыстың ұлы жазушысы В.Г.Короленко: «..Менің тілім өз балаларыма түсініксіз боп қалады-ау дегенді ойласам, жаным түршігеді», - депті. Сол сияқты барлық елдің ойшыл азаматтары өз ана тілінің тағдырына немқұрайды қарамайды. Жаны ашып, оның қамын жеп жүреді. Тілді жасаушы – халықтың өзі. Сондықтан тіл халыққа қызмет етеді. Ана тілін қадірлемеген халықтың болашағы жоқ. Ал әдебиетті мәдениет қаймағы деп қана қою жеткіліксіз. Ол халықтың, ұлттың кескін-келбеті деуге болады. Өйткені шынайы көркем шығарма халықтың тұтас тарихын, өткен-кеткен не қилы тағдырын суреттеп бере алады. Қазақ тілі – дамыған, жетілген, бай, икемді тілдің бірі. Бұл пікіріміздің растығын кезінде кемеңгер Абай дәлелдеген болатын. Ол Пушкин, Лермонтов, Крыловтардың шығармаларын аударып бір дәлелдесе, солардай етіп, сөздің майын тамыза жазу арқылы екінші рет дәлелдеді. Қазір қазақ тілі мейлінше дамып, байып, жетілді. Нақты әдеби тіл жасалды. Орта мектептер үшін барлық пән қазақ тілінде жазылып жүр. Демек, саяси экономия сияқты өте қиын ғылымдардың өздері де қазақ тілінде зерттеледі, жазылады. Міне, мұның бәрі қазақ тілінің бай тіл екенін, ол тілде не алуан ғылымға байланысты жаңа сөздер, терминдер, фразалар пайда болғанын білдіреді. Қазақ тілінің байлығы – қазақ халқының, қазақ ұлтының байлығы. Осы байлықты бағалай білуіміз керек. Сонда ғана біздің Қазақстан кез келген жұртпен иық теңестіре алатын іргелі ел бола алады. - Тілді не үшін мұра етіп қалдырды? 2 – деңгей. 2-тапсырма. Жазылым. Жеке жұмыс Мақалды оқып, мақалға сәйкес 4 жолды өлең құрастырып жазу. Өнер алды - қызыл тіл 3-деңгей. 3-тапсырма. Қазақ тілі туралы шағын эссе жазу. Айтылым. «Сұраққа жетіп ал» әдісі А.Ж.Егізбаев бойынша СТО, диалогтік оқыту Қазақ тілі – мәдени, асыл мұра Мәтіні бойынша сұрақ құру және сол сұраққа жауап беру. |
Оқушылар сұраққа жауап береді, жұмысты берілген түріне қарай орындайды |
Отшашу арқылы бір-бірін бағалау.
Бас бармақ арқылы өзін-өзі бағалау. «Мадақтау» |
|
|
|
Соңы |
Қорытынды Бүгінгі сабақта қызықты тапсырмалар орындадық, тіл және сөйлеу туралы түсінік алдыңдар. Рефлексия Паровоз Бірінші вагонға адамды орналастыру – сабақта шаршамадым, өте қызықты өтті, бәрі түсінікті Екінші вагонға адамды орналастыру – сабақ көңілімнен шықты, жаттығу орындау қызықты болды, біраз қиындықтар болды. Үшінші ең соңғы вагонға адамды орналастыру – шаршадым, сабақ қиын болды, дыбыстарды, сөздерді айта алмадым.
|
|
|
|
|
|
Оқушылардың білімін формативті бағалау |
|||||
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Мәтінмен тіл дамыту - Мәтіндер әлемі

шағым қалдыра аласыз