Сабақтың
тақырыбы Мәтіннен өткенді қайталау
Сабақтың
мақсаты :
а)
Түрлі әдістерді пайдалана отырып
балаларды тапқырлық,жылдамдық,есте
сақтау қабілеттерін артыру.Сөйлеу тілін
жетілдіріп,шешендік өнерге баулу;
ә)
Оқушылардың туған жер тарихына деген
патриоттық сезімін ояту,адамгершілікке
баулу, халық даналығы,халық өсиеттерінен
нәр алғызу,сөз өнеріне деген қызығушылығын
арттыру;
б)
Ой еркіндігіне,ізденімпаздыққа
баулу,сөйлеу мәдениетін жетілдіру,өз
бетімен әрекеттенуге дағдыландыру.
Сабақтың
түрі:
Өткенді еске
түсіру
Сабақтың
әдісі:
сұрақ – жауап,тіл
дамыту.
Сабақтың
көрнекілігі:
үлестірмелі кеспе қағаздар,суреттер.
Халықтық
педагогика
Адамға саусағыңды шошайтпа.
элементтерін
қолдану:
Пәнаралық
байланыс:
әдебиет
Сабақтың
барысы:
а)
Ұйымдастыру кезеңі :
Оқушылармен
амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын
тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл
бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ә)
Үй тапсырмасын пысықтау:
Үйге
берілген жаттығуды тексеремін.
1.
Омонимдер дегеніміз не?
2.Синоним
дегеніміз не?
3.Антоним
дегеніміз не?
4.Ашық,қара,күшті
сөздерінің антонимін тауып бер.
5.Сұлу
сөзінің синонимін тап.
б)
Жаңа сабақты түсіндіру :
Мәтін
– «байланысу, бірігу» деген мағынаны
білдіретін сөз. Ол сөйлегенде,жазғанда
пайда болады да,қажетті бір тұтас ойды
аяқтайды.
Мәтіннің
тақырыбы болады.Мәтін
сөздерден,сөйлемдерден,абзацтардан
тұрады.
Мәтін
әр түрлі мазмұнға құрылады.Онда оқиғалар
хабарланады,баяндалады,әңгімеленеді,құбылыстар
сипатталады,суреттеледі.
Мәтінге
газет-журнал материалдары,өлең
шумақтары,оқулықтағы сөйлесу жатады.
Жаңа
сабақтан кейін суретке қарап мәтін
құрайды.
Жаттығулармен
жұмыс жүргіземін.
Кеспе
қағаздарды таратып,жауап талап етемін
Білімді
бекіту : 1.Мәтін дегеніміз не?
2.Мәтін
мен мазмұнның байланысы дегенді қалай
түсінесіңдер?
3.Мәтіннің
тақырыбы дегеніміз не?
Үйге
тапсырма: Үйге «Менің борышым» деген
тақырыпқа мәтін құрап келуге беремін.
Бағалау:
Оқушылар білімдеріне қарай бағаланады.