400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Маужырап барқыт қоңыр күз

Материал туралы қысқаша түсінік
материал бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған. Оқушыларға күзгі табиғат, күзгі табиғат құбылыстарының ерекшеліктері туралы жазған ақын-жазушылардың, суретшілердің, композиторлардың шығармаларымен таныстыра отырып, күз-байлық, күз-береке, күз-молшылық, күз-шаттық, күз-қуаныш екенінін оқушы санасына жеткізу. Тапқырлыққа, ізденімпаздыққа жетелеу, ой – өрісін дамыту. Табиғатты аялауға, қорғауға баулу
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы: Маужырап барқыт қоңыр күз

Сабақтың мақсаты: « Оқушыларға күзгі табиғат, күзгі табиғат құбылыстарының ерекшеліктері туралы жазған ақын-жазушылардың, суретшілердің, композиторлардың шығармаларымен таныстыра отырып,

күз-байлық, күз-береке, күз-молшылық, күз-шаттық, күз-қуаныш екенінін оқушы санасына жеткізу. Тапқырлыққа, ізденімпаздыққа жетелеу, ой – өрісін дамыту. Табиғатты аялауға, қорғауға баулу.

Мұғалім

Бұлттар төніп, жерге шөгіп,

Дымқыл тұман басады,

Шөп сарғайып,өңі тайып,

Дала реңі қашады.

Бой жаза алмай, ойнай алмай,

Денең мұздап тоңады,

Бөбектерім айтыңдаршы

Бұл қай кезде болады?

+ Бұл күзде болады.

-Йә, ендеше біздің бүгінгі сынып сағатымыздың аты « Маужырап барқыт қоңыр күз» деп аталады (слайд1)

Жүргізуші:

Ал, балалар,балалар,

Енді бері қараңдар

Бізге қонақ келмекші

Сендерді бір көрмекші

Әуелі жұмбақ жасырам

Қулығымды асырам.

Таба алсаңдар шешімін

Қонағымды ортаға шақырамын.

(слайд2)

«Көк майсалы көрікті,

Алқаптағы көп егін

Бұл күндері киіпті,

Сары жібек көйлегін»

-Бұл не ,балалар?

+ Күз

- Бүгінгі сынып сағатымыздың қонағы Күз аруын ортаға шақырайын

Күз аруы

Уа, халайық, дархан далам армысың,

Табиғатым жаны жайсаң тал мүсін

Күз аруы бүгін келіп тұр міне,

Алмақ болып бар халқымның алғысын.

Мен – Күз аруымын. Сендерді көргеніме қуаныштымын.

Мұғалім: Қош келдің, Күз аруы! Төрлет!

Күз аруы;

-Достар, күз айларын атаңдаршы.

+ Қыркүйек, Қазан, Қараша

-Ал қазір мен күз айларын ортаға шақырайын


Музыка дауысы естіледі

1-бала: (Қыркүйек) Дильназ Т

Бірінші қыркүйек

Білімге бастады.

Мал мен аң жүр билеп,

Құс шарлап аспанды.


2-бала: (Қазан) Дильназ М

Жаңартқан ғаламды

Жаңбырлы ғажап ай

Осынау заманды

Орнатқан қазан ай.


3-бала: (Қараша) Ажар

Мол байлық тергені

Шаттығы қаншалық.

Қарашы, өрледі

Қараша ән салып.


Қыркүйек

- Достар, еске түсірейікші күз туралы қай ақындар жазып еді?

Сол тақпақтарды кім айтып береді?


+Абай Құнанбаев «Күз»

+ Жеңіс Қашқынов «Ұнатам күзді мен»

Қарашы далаға,

Реңі сары ала.

Пісті алма албырап,

Сарғайды бал құрақ

Аспанда қаптаған

Бұлт тыным таппаған

Жөңкіліп көшеді,

Суық жел еседі.

Алқаптан бидайды

Қоймаға ел жинайды.

Тырнасы тізілген,

Ұнатам күзді мен


Қазан Дильназ М

-Күз туралы біздің сыныптың да оқушылары шағын шығарма жазыпты. Солардың кейбіреулерін оқып тамашалайық

№5 Арсен, №6 Нұрдәулет №7 Абылай №8 Мағжан №9 ДильназМ №10 ДильназБ №11 ДильназТ №12 Адия



-Балалар, енді жұмбақ шешіп көрелік

Ұзын мұртты сарылар, 14-слайд

Қойынында наны бар

+ бидай 15-слайд

-шеңбер жасап өседі

Желмен бірге көшеді 16-слайд

+қаңбақ 17-слайд


18-слайд Бидай мен қаңбақ

Автор- Мұстафа

Бидай-Ақмарал 19-слайд

Қаңбақ-ДильназБ


21-слайд

- Күз мезгілін суретшілер де бейнелеген. Солардың бірі орыс халқының атақты суретші- пейзажисі Исаак Левитан Оның шығармасы «Алтын күз деп аталады.

- Күз мезгіліне арнап біздің де оқушылар сурет салған, тамашалайық.

22-34-слайдтар


- Күз мезгіліне арнап сазгерлер ән шығарған екен.

Поляк композиторы Фредрих Шопен өзінің пьесасын күзге арнапты Тыңдап көрелік


Қараша Кәусар

- күз мерекелі мезгіл.

1-тоқсанда біз қандай іс-шара өткіздік тамашалайық

36-47-слайдтар

Әрсеннің сыйлығын беру


49-54-слайдтар Ұйқасын тап ойыны

1. Пісетін кезі дәл Күзде

Мезгілсіз оны үзбе.

Аузыңнан кетпес бал дәмі

Оның аты-(шабдалы)

2. Кіп-кішкене болса да

,Ағаштың басын иеді.

Жемістерін айырып,

Танисың ба...?(шиені)

3. Жапырақты тасалап,

Өсетін жері- бақша-бақ.

Күрең қызыл шіркін-ай,

Оның аты....(таңқұрай)

1) Тиінге жаңғақ жинауға көиектесейік

2) көзді байлап муляждан жеміс –көкөністердің атын айту

3) ән айтудан жарыс

55-60 слайдтар Туған күн иелерін құттықтау

Ән « Ертегілер» орындайтын Ақмарал

















































Күз аруы

Уа, халайық, дархан далам армысың,

Табиғатым жаны жайсаң тал мүсін

Күз аруы бүгін келіп тұр міне,

Алмақ болып бар халқымның алғысын.


Мен – Күз аруымын. Сендерді көргеніме қуаныштымын







































«Р.Мәрсеков атындағы орта мектеп» КММ



Л.К.Кутубаеваның

2А-сыныбында өткізген

«Маужырап барқыт қоңыр күз»

атты ашық сынып сағаты.




































2014-2015 оқу жылы

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
20 қаңтар
1231
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі