400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Мазасыздану жағдайында психологиялық тұрғыдан қолдау көрсетудің әдіс-тәсілдері

Материал туралы қысқаша түсінік
Әдістемелік нұсқаулықта мазасыздану жағдайында психологиялық тұрғыдан қолдау көрсетудің әдіс-тәсілдері, мазасыздықты анықтауға арналған тест, әдістемелер, психологиялық тренингтер мен жаттығулар, ұсыныстар ұсынылған. Әдістемелік нұсқаулық магистрларға, студенттерге, мектеп мұғалімдеріне арналған.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі

Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті


Педагогика факультеті

Педагогика және психология кафедрасы







А.С. Ережепова

Мазасыздану жағдайында психологиялық тұрғыдан қолдау көрсетудің әдіс-тәсілдері



Әдістемелік нұсқаулық



Picture 4




Ақтөбе, 2019

УДК 159.9.018




Мазасыздану жағдайында психологиялық тұрғыдан қолдау көрсетудің әдіс-тәсілдері. Әдістемелік нұсқаулық/ Ережепова А.С. – Ақтөбе, 2018. – 31 б.




Әдістемелік нұсқаулықта мазасыздану жағдайында психологиялық тұрғыдан қолдау көрсетудің әдіс-тәсілдері, мазасыздықты анықтауға арналған тест, әдістемелер, психологиялық тренингтер мен жаттығулар, ұсыныстар ұсынылған. Әдістемелік нұсқаулық магистрларға, студенттерге, мектеп мұғалімдеріне арналған.



Пікір берушілер:

Баишев университеті, п.ғ.к., доцент А.С. Мустояпова

Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті, п.ғ., аға оқытушы А.К. Тоғайбаева



Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің Педагогика факультеті «Педагогика және психология» мамандығының 4 курс студенті А.С. Ережепованың университет ректорының №__ «__» ___ 20__ жылғы бұйрығымен бекітілген дипломдық жоба жұмысының өнімі ретінде шығарылды.



УДК 159.9.018










Ережепова А.С., 2019 ж.




Мазмұны

Түсінік хат................................................................................................................4

Филипстің мектептегі мазасыздықты анықтауға арналған тесті........................5

Мазасыздану және депрессияны анықтау шкаласы.............................................9

«Спилбергер-Ханиннің мазасыздану шкаласы» сұрақнамасы.........................11

«Ж. Тейлордың мазасыздануды анықтайтын тұлғалық» тесті.........................16

«М және Д» әдістемесі (мазасыздану және депрессия).....................................18

«Әлемде жоқ жануар» әдістемесі.........................................................................21

Мазасыздануға арналған тренингтер...................................................................23

Мазасыздануды жоюға арналған арт-терапиялық жаттығулар........................27

Мазасызданған баламен әңгімелесу бойынша ұсыныстар................................30

Пайдаланылған әдебиеттер...................................................................................31

































Түсінік хат


Қaзіргі кезде aдaм өмірінде көптеген психикaлық мaзaсыздaнудың туындaуынa себеп болaтын жaғдaйлaр көп-ақ. Осығaн орaй aдaмдaрдың психикaлық мaзaсыздaнулaрды бaсынaн өткізу ерекшеліктері мен психикaлық мaзaсыздaнулaрдaн кейінгі өздерін ұстaуы мен тұлғaлық сипaттaры әр түрлі болaды.

Қaзіргі тaңдa эмоциялық тұрaқсыздықпен, сенбеушілікпен, жоғaры aлaңдaушылықпен ерекшеленетін мaзaсыз бaлaлaр сaны едәуір көп ұлғaйғaн. Мaзaсыздaнудың пaйдa болуы және орнығуы бaлaның жaс кезеңіндегі қaжеттіліктерінің қaнaғaттaнбaуымен бaйлaнысты.

Мaзaсыздaну мәселесі қaзіргі психологиядaғы ең өзекті мәселелердің бірі болып тaбылaды. Aдaмның теріс уaйымдaулaрының aрaсындa aлaңдaушылық ерекше орын aлaды, жиі ол жұмысқa қaбілеттіліктің төмендеуіне, қызметтің өнімділігіне, қaрым-қaтынaстaғы қиындықтaрғa әкеледі. Жоғaры aлaңдaушылық бaр aдaм кейіннен әртүрлі сомaтикaлық aурулaрғa тaп болуы мүмкін. Түрлі сомaтикaлық aурулaрды түсіну өте қиын. Мaзaсыздық жaғдaйындa біз, әдетте, бір эмоция емес, әр түрлі эмоциялaрдың орнын толтырaмыз, олaрдың әрқaйсысы біздің әлеуметтік қaрым-қaтынaстaрымызғa, біздің сомaтикaлық жaй-күйімізге, қaбылдaуғa, ойлaуғa, мінез-құлқынa әсер етеді. Бұл ретте әртүрлі aдaмдaрдың дaбыл жaғдaйы әртүрлі эмоциялaр тудыруы мүмкін екенін ескеру қaжет. Қорқынышты субъективті уaйымның негізгі эмоциясы қорқыныш болып тaбылaды.

Бұл әдістемелік нұсқaулықтa жaлпы мaзaсыздaнуғa aрнaлғaн түрлі әдістемелер, жaттығулaр, психологиялық тренингтер топтaстырылғaн.

Ұсынылып отырғaн әдістемелік нұсқaулық психологтарғa, мұғaлімдерге, студенттерге көмекші құрaл ретінде үлкен көмегін тигізеді деп сенеміз.

Әдістемелік соңындa пaйдaлaнылғaн әдебиеттер тізімі берілген. Aл мaзмұны қaжетті мaтериaлдaрды тез тaбуғa көмектеседі.















№1. Әдістеме. Филипстің мектептегі мазасыздықты анықтауға арналған тесті

Мақсаты: кіші және орта жастағы балаларда болатын мазасыздықтың түрін және деңгейін зерттеу.

Нұсқау: «Балалар қазір сіздерге мектепте өздеріңді қалай сезінетіндеріңізді анықтауға арналған бірнеше сұрақтан тұратын сауалнама ұсынылады. Сұраққа дұрыс және шынайы жауап беруге тырысыңыз, бұл жерде дұрыс немесе бұрыс жақсы немесе жаман жауаптар жоқ. Жауап парағының жоғарғы жағына өз аты-жөніңізді және класыңызды жазыңыз. Егер сұраққа келіссеңіз «+», егер келіспесеңіз «-» белгісін қойыңыз.

Сауалнама

1. Барлық класты бір деңгейде ұстап тұру қиынға соға ма?

2. Егер мұғалім сізден өткен материалдан қаншалықты білетіндігіңізді тексеретінін айтса, сіз толқисыз ба?

3. Класта мұғалімге ұнайтындай жұмыс жасау саған қиындық келтіріме?

4. Сен сабаққа жауап бере алмағаныңа мұғалімнің қатты ашуланған кейіпі түсіңе кіретін кезі бола ма?

5. Класта сені әлде кімнің ұрып соққан кезі болды ма?

6. Сен сабақты түсінбейінше мұғалім жаңа материалды түсіндіруге асықпауын жиі қалайсың ба?

7. Тапсырманы орындауда немесе жауап беруде сен қатты толқисың ба?

8. Қарапйым нәрседен қателесемін бе деп, өз ойыңды айтуға батылың жетпейтін кездер бола ма? 

9. Сабақ айтуға шақырғанда сенің тізең қалтырай ма?

10. Түрлі ойындар ойнаған кезде сені кластастарың жиі күлкі қылы ма?

11. Сен күтпеген төмен баға алып қалған кездерің болды ма?

12. Сенде екінші жылға қалдырама деген күдік бар ма?

13. Ойынға іріктеу болғанда, мені алмайды деген оймен ойыннан бас тартуға тырысасың ба?

14. Сабақ айтуға шақырғанда сенің бүкіл денең қалтырайтын кез бола ма?

15. Сенің ұнатқан ісіңді кластастарыңнын бірде-біреуі орындағысы келмейтін кездері болды ма?

16. Тапсырманы орындауды бастар алдында қатты толқисың ба?

17. Ата-анаң ойлаған бағаны алу саған қиынға соға ма?

18. Класта жағымсыз жағдайға түсіп қаламын ба,  деп кейде қорқасын ба?

19. Сабаққа жауап беруде қателессең, кластастарың күлкі қылған кездері болды ма?

20. Сен өз кластастарыңа ұнайсың ба?

21. Тапсырманы жақсы орындадым ба деп ұайымдайсың ба?

22. Сен класта жасаған жұмысыңнын бәрін есте жақсы сақтағаныңа сенімдісің бе?

23. Мектепте мұғалімнің сұрағына жауап бере алмай тұрғаның кейде түсіңе жиі ене ме?

24. Сенімен кластағы балалардың көпшілігі дос екені рас па?

25. Сенің жұмысыңнын қортындысы кластастарыңның жұмыс қортындысымен салыстырылатынын білсең, сен ынтамен жұмыс істейсің бе?

26. Сенен бір нәрсе сұрағанда аз толқысам екен деп жиі армандайсың ба?

27. Сыныптастарыммен ерегесіп қаламын ба деп қорқатын кездерің болды ма?

28. Мұғалім сенің сенің сабаққа дайындығыңды тексеретінін айтқанда жүрегіңнің қатты соға бастағанын сезесің бе?

29. Сен жақсы баға алсаң, достарың сені жақсы көрінгісі келеді деп ойлай ма?

30. Кластастарың саған ерекше ынтамен көзқараста болатынын сезесің бе?

31. Сенің көңіліне тиетіндей бірдеңе айтатын кластастарың бар ма?

32. Үлгерімі төмен оқушылар, өзінен достарын алшақтатып алады деп ойлайсың ба?

33. Кластастарыңның көпшілігі саған назар аудармайтынға ұқсай ма?

34. Сырт көзге қызық көрінемін бе деп жиі қысыламысың?

35. Саған деген мұғалімнің көзқарасына ризасың ба?

36. Кластас балалардың аналары сияқты сенің анаң көңілді кеш ұйымдастыруға көмектесе ме?

37. Айналадағы адамдардың сен туралы ойы сені толғандыра ма?

38. Бұрыңғыға қарағанда болашақта жақсы оқитыныңа үміттенесің бе?

39. Өзіңді кластастарың сияқты мектепте жақс ыкиінемін деп санайсың ба?

40. Сабаққа жауап беріп тұрғанда, басқалар мен туралы не ойлайды деп жиі ойланасың ба?

41. Класта ерекше қабілеті жоқ балаларға қарағанда, ерекше қабілеті бар балалар қандай да бір құқықа ие бола ма?

42. Сенің ісің алға басқан кезде кластастарыңның  кейбірі сені қызғана ма?

43. Кластастарыңның саған деген көзқарасына ризасың ба?

44. Мұғаліммен жеке қалғанда өзіңді жақсы сезінесің бе?

45. Сенің сыртқы тұлғаңа және жүріс-тұрысыңа кластастарыңның күлкі қылған кезі болды ма?

46. Мектептегі өз жұмысыңды орындауда, басқа балаларға қарағанда мазасызданамын деп ойлайсың ба? 

47. Сен сабаққа жауап бере алмаған кезде жылағың келіп тұрғанын сезесің бе?

48. Сен кешке ұйқыға жатқанда ертең мектепте не болады екен деп мазасызданған кезің бола ма?

49. Қиын тапсырманы орындау үстінде бұрын жақсы білетін нәрсеңді мүлдем ұмытатыныңды кей-кезде сезінесің бе?

50. Тапсырманы орындау үстінде қолың қалтырай ма?

51. Мұғалім класқа тапсырма беріп жатқанда, сен өзіңнің күйгелектене бастағаныңды сезінесің бе?

52. Мектепте сенің біліміңді тексеремін деп қорқыта ма?

53. Мұғалім класқа тапсырма беріп жатқанда, сен оны дұрыс орындай алмайтын шығармын деген үрей қорқынышыңды сезінесің бе?

54. Сен орындай алмаған нәрсені кластастарың орындағанын түсіңде көретін кез болды ма?

55. Мұғалім сабақты түсіндіріп жатқанда сенің ойыңша кластастарың саған қарағанда жақсы түсінетін сияқты ма?

56. Мектепке келе жатқан жолда мұғалім бақылау жұмысын беретін айтса қатты мазасызданасың ба?

57. Сен тапсырманы нашар орындаған шығармын деп сезінесің бе?

58. Мұғалім тақтаға тапсырма орындауға шақырғанда сенің қолың ақырын қалтырай ма?

Қортындылау және өңдеу.

Тест кілтіне сәйкес жауаптар өңдеуге бөлінеді. Мысалы сұраққа бала «иә» деп жауап берсе, кілтте бұл сұрақта «-» белгісіне байланысты, баланың жауабы жоқ болады. Кілтке сәйкес келмеген жауаптардан мазасыздықтың бар екені көрінеді.

Өндеуі төменгідей:

1) Тестің барлық түріне сәйкес емес жалпы сандар егер олар 50% -дан жоғары болса, онда баланың мазасыздық қалпы «жоғары» деп алуға болады, егер тест сұрақтарының жалпы саны 75% -дан көп болса, онда «ең жоғары» мазасыздық күй болғаны.

2) Сәйкес келген сандардың әрқайсысын мазасыздықтың тобына бөлеміз.

Мазасыздықтың деңгейі бірінші жағдайдағыдай анықталады.

Мектептегі ішкі эмоционалдық жағдай мазасыздықтың синдромдары (факторлар) мен санына байланысты талданады.


Факторлар

Сұрақтар №

Мектептегі жалпы мазасыздық. Мектептегі әртүрлі эмоционалдық күйлер.

2,4,7,12,16,21,23,26,28,46,47,48,49,

50,51,52,53,54,55,56,57,58,

Σ=22

Әлеуметтік стресті уайымдау.

5,10,15,20,24,30,33,36,39,42,44

Σ=11

Қажеттілікті өтеудегі сәтсіздік кедергілері. Жоғарғы нәтижеге жетудегі қажеттіліктен өте алмау. 

1,3,6,11,17,19,25,29,32,35,38,41,43,

Σ=13

Үрейдің көрінісі. Өз мүмкіндіктерін ашпау, тұйықтық, өзін басқаша сезіну.

27,31,34,37,40,45,

Σ=6

Білімді тексеру үстіндегі үрей.

2,7,12,16,21,26,

Σ=6

Айналасы күткен нәтижеден үрейлену.

3,8,13,17,22,

Σ=5

Физиологиялық тұрғыдан қарсыласудың төменгі табалдырығы. Қорқыныш ортақ факторларға мазасыздықпен қарау.

9,14,18,23,28,

Σ=5

Мұғаліммен қарым-қатынастағы үрейлену мәселесі. Балалардың оқу үлгерім мәселесі.

2,6,11,32,35,41,44,47,

Σ=8

 

Кілті:

«+» - иә

«-»  - жоқ

1-         11+       21-           31-            41+             51-

2-         12-        22+          32-            42-              52-

3-         13-        23-           33-            43+             53-

4-         14-        24+          34-            44+             54-

5-         15-        25+          35+           45-              55-

6-         16-        26-           36+           46-              56-

7-         17-        27-           37-            47-              57-

8-         18-        28-           38+           48-              58-

9-         19-        29-           39+           49-

10-       20+      30+          40-            50- 

Қортынды:

1) Сәйкес емес сандар белгісі ( «+» - «иә», «-» - «жоқ») әр факторда (абсолютті сәйкес емес сандар пайызы <50%,  >50%, >75%).

2) Бұл мәліметті жеке диаграмма түрінде көрсетеді.

3) Барлық сандар үшін әр сәйкес емес сандар өлшемінің абсолютті мағанасын (<50%, >50%, >75%)

4) Мұндай мәліметтерді диаграмма түрінде береді.

 



















№2. Әдістеме. Мазасыздану және депрессияны анықтау шкаласы


Мазасыздану мен депрессияны анықтауға Д.Голбде ұсынған шкаланы пайдалануға болады.

Голбде жасаған қадамдық алгоритм әдістемесі көмегімен аз уақыт жұмсап мазасызданудың көрініс беруін дұрыс диагностикалау мүмкін. Бұл диагностикалық әдістемені дұрыс пайдалану үшін келесі шарттар орын алуы керек:

  1. Мазасыздану симптомдары анық байқалатын болса.

  2. Оны ағзаның стресске дұрыс жауабы деп есептесеңіз.

  3. Егер мазасыздану соматикалық аурулармен байланысты болмаса.

Мазасыздану шкаласы

  1. Сіз өзіңізді ашу кернеп абыржығаныңызды сезінесіз бе?

  2. Шамадан тыс тынышсызданасыз ба?

  3. Тез ашуланасыз ба?

  4. Босаңсуыңыз оңай ма?

Егер сіз бір сұраққа ғана «иә» деп жауап берсеңіз, сіздің мазасыздануыңыз нормада. Егер екі сұраққа оң жауап берсеңіз келесі сұрақтарға жауап беріңіз.

  1. Ұйқыңыз тынышсыз ба?

  2. Басыңыз немесе мойныңыз ауырып, тамағыңыздың қысылып тұрғанын сезінесіз бе?

  3. Сізде келесі симптомдар байқалады ма: бас айналу, қалшылдап кету, бірден терлеу, іш өту, тіл шаншып кету және басқа мазасыздану белгілері?

  4. Денсаулығыңыз сізді жиі мазасыздандыра ма?

  5. Ұйқыға бөленуіңіз қиын ба?

Нәтижесін талдау

Жоғарыда берілген тоғыз сұраққа берген жауаптардың ішіндегі әр «иә» дегені бір баллмен бағаланады. Жинаған баллдар 5 және одан көп болса мазасыздану деңгейі өте жоғары деп бағаланады.

Мазасыздануды төмендету үшін әр адам өзінің психологиялық жағдайына теріс әсерін тигізетін симптомдарды анықтап алуға мүмкіндік беретін қадамдық алгоритмді пайдалануға болады.

Қорқыныш тудыратын симптомдар:

  1. жүректің күшті немесе жылдам соғуы;

  2. тершең болу;

  3. дірілдеп, қалтырап кету;

  4. ауыздың құрғап қалуы (дәрі қабылдамай ақ).

Көкірек пен іш симптомдары:

  1. тыныс алудың қиындығы;

  2. тұншығып қалу;

  3. көкіректің ауыруы;

  4. жүрек айнуы немесе асқазанның ашу.

Психикалық жағдайларды көрсететін симптомдар:

  1. бас айналуы, талып қалу;

  2. заттардың бұлыңғырланып, оларды қабылдау ақиқатқа сай болмауы;

  3. өз-өзін басқара алмай қаламын немес жынданып кетемін деген қорқыныш;

  4. өліп қалатын шығармын деген қорқыныш.

Жалпы симптомдар:

  1. бірде дене қызып, бірде қалтырапдірілдеу;

  2. дененің ұйып қалуы.

Ішкі кернеу симптомдары:

  1. бұлшық еттердің тартылып қалуы, ауыруы;

  2. босаңси алмау;

  3. шамадан тыс зорлану, өзін «атылуға даяр мылтықтай» сезінуі;

  4. тамаққа бір нәрсе тұрып қалғандай болып жұтынуға қиналу.

Басқа ерекше симптомдар:

  1. күтпеген нәрселерден қатты сескену;

  2. мазасызданған кезде зейінді шоғырландыруға, ойлануға қиналу;

  3. ызақор болу;

  4. ұйқының бұзылуы.

Осы диагностикалық тұжырымдамалардың қай-қайсысы сізідң психологиялық жағдайыңызды сипаттайтынын анықтап алғаннан соң оның немен байланысты орын алғанын мамандармен отырып талдаған дұрыс. Өйткені бұл ауытқулардың басым көпшілігі соматикалық мәселелермен байланысты екені дәлелденеді (шаршау және қажу, бұлшық еттерге салқын тиген, невралгия т.с.с.). Оларды емдеу арқылы адам көптеген өзін мазасыздандырып жүрген симптомдардан қол үзіп кетеді.


















№3. Әдістеме. «Спилбергер-Ханиннің мазасыздану шкаласы» сұрақнамасы


Мазасыздануды тұлғаның қасиеті ретінде өлшеу өте маңызды, себебі бұл қасиет тұлғаның көп мінез-құлқын қамтиды. Мазасызданудың белгілі бір деңгейі – тұлғаның белсенді іс-әрекетінің міндетті және табиғи ерекшелігі. Әр адамда өзінің оптимальді немесе ықыласты мазасыздануы бар – бұл маңызды мазасыздану. Жеке адамдық мазасыздану деп тұрақты индивидуалды мінездеме түсіндіріледі, яғни субъектінің мазаға бейімділігін, сонымен қатар онда кең «вейер» ситуациясын толық қауіпті ретінде қабылдау немесе әрқайсысына анық реакциямен жауап беру тенденциясы жауап беруі бар екендігінің болжамын бейнелейді. Бейім ретінде жеке тұлғалық мазасыздану анық стимулдарды қабылдауда белсендіріледі. Олар адамның қауіпті болып, оның абыройында, өзін өзі бағалауында, өзін өзі құрметтеуінде қауіпті арнайы ситуациямен байланысты болып бағаланады.

Ситуативті және реактивті мазасыздану.

Мазасыздану – күй ретінде уайымдалатын субъекті ретінде эмоциялармен, күштермен, абыржумен, уайым басқандықпен, невроздықпен сипатталады. Бұл күй стрестік ситуацияға эмоцияналды реакция ретінде пайда болып, уақытта интенсивті және динамикалы болуы мүмкін.

Жоғары мазасыздану категориясына қатты жеке тұлға өзін өзі бағалауына және өмірлік әрекетіне қауіпті ситуацияның кең диапозонында мазасызданудың белгілі күйімен қайталауға бейім. Егер психологиялық тест зерттелушіде жеке адамдық мазасыздануының жоғары дәрежесін көрсетсе, онда бұл адамда мазасыздану күйінің әр түрлі ситуацияда пайда болатынын болжауға мүмкіндік береді. Спилбергердің ұсынған әдістеме шкаласын орыс тілінде Ю.Л.Ханин адаптациялаған.

Спилбергер сұрақнамасы мазасыздануды жеке адамдық қасиет ретінде және күй ретінде бөліп өлшеуге арналған. Жеке адамдық мазасыздану деп тұрақты индивидуалды сипаттама түсініледі. Ол субъектің үрейге деген бейім болуын бейнелейді және көптеген жағдайларды қауіпті қабылдауға тенденциясы бар екенін болжайды. Бейімділік ретінде жеке адамды мазасыздану адам өзінің мәртебесіне, өзіндік бағалауына, өзін-өзі сыйлауына қатер тигізетін ерекше жағдайлар мен байланысты кейбір стимулдарды қауіпі деп қабылдағанда белсендіріледі.

Жағдайға байланысты мазасыздану немесе реактивті мазасыздану күйі ретінде эмоцияларды субъективті түрде бастан өткізумен сипатталынады. Бұл күй стрестік жағдайға деген эмоционалды реакция ретінде пайда болады.

Ол субъектің мазасыздануға деген бейім болуын бейнелейді және көптеген жағдайларды қауіпті қабылдауға тенденциясы бар екенін болжайды. Бейімділік ретінде жеке адамдық мазасыздану адам өзінің мәртебесіне, өзіндік бағалауына өзін-өзі сыйлауына қатер тигізетін ерекше жағдайлар мен байланысты кейбір стимулдарды қауіпті деп қабылдағанда белсендіріледі. Жағдайға байланысты мазасыздану немесе реактивті мазасыздану күйі ретінде эмоцияларды субъективті түрде бастан өткізумен сипатталынады. Бұл күй стрестік жағдайға деген эмоционалды реакция ретінде пайда болады.

Ч.Д.Спилбергердің тұжырымдамасына сәйкес қобалжуды жағдай ретінде, ал мазасыздануды тұлғаның бір қасиеті ретінде қарау керек. Мазасыздану - бұл төніп тұрған қауіпке деген реакция, диффуздық объектісіз қорқыныштың эмоционалдық жағдайы, ол белгілі емес қауіп сезумен сипатталады. Ал қорқыныш белгілі бір қауіпке деген реакцияны көрсетеді. Мазасыздану - бұл индивидуалды психологиялық ерекшелік, ол әр түрлі өмірлік жағдайларда тынымсыздықты сезінуінің жоғары болуға өте бейім болудан тұрады.

Автордың ойынша аталған екі психикалық көріністерді өлшейтін өлшеу мүмкіндігі бар, оларды былай белгілеуге болады: А — state ( жағдай — мазасыздану) және А - trait ( мазасыздану - қыр) , яғни уақытша өтпелі ерекшеліктер және үнемі орын алатындар. Сұрақтама жеке және топтық тест түрінде бола алады. 1976 - 1978 жылдары SТАІ нұсқасын Ю.Л.Ханин модификациялап және орыс тіліне бейімдеді, ол қазір Спилбер - Ханиннің реактивті және тұлғалық мазасызданулар шкаласы деген атпен белгілі.

Шкала 2 бөлімнен тұрады, әрбір бөлімінде 20 тапсырма бар. Бірінші шкала (SТАІ:х1) адам өзін дәл осы уақытта қалай сезінетінін анықтау үшін, ал екінші шкала ( SТАІ:х2) субъектінің мазасыздануды тұлғалық қасиеті ретінде диагностикалайтынын аныктауға бағытталған.

Шкаланың әрбір бөлімі өзінің жеке инструкциясына ие, жауап бланктарын толтыру қиын емес, тексеру ұзақтығы 5-8 минутқа созылады. Сұрақтаманың әрбір сұрағы респонденттердің төрт балдық шкаласымен бағаланады. Бағалау шкаласы позициясының вербальды интерпретациясы бірінші және екінші бөлімдерде әртүрлі. SТАІ:х1:үшін «жоқ» - 1 бал, «жоқ деуге болады» - 2 бал, «иә деуге болады» - 3 бал, « иә» - 4 бал. SТАІ : х2: үшін « ешқашан деуге болады» - 1 бал, «ешқашан» - 2 бал, «иә деуге болады» - 3 бал, «әрдайым десе болады» - 4бал.,

Ю.Л.Ханин мазасызданудың көріну деңгейіне нормативтер алды: 20-34 бал аралығы - төмен деңгей, 35-44 орта деңгей, 46 -дан жоғарғы – жоғарғы деңгей. Бұл сұрақтама қолданбалы зерттеулерде кеңінен қолданылады, және сенімді диагностикалық мәліметтері үшін жоғары бағаланады.

Мақсаты: Жағдайлық және тұлғалық мазасыздану дәрежесінінің бағасы. Дәл осы уақыттағы адамның мазасыздану деңгейін зерттеу және тұрақты мінездеменің мазасыздану деңгейін зерттеу.

Бұл тест сол сәттегі мазасыздық деңгейі (реактивті мазасыздық көңіл күй ретінде) мен тұлғалық мазасыздықты (тұрақты сипат ретінде) бағалаудың сенімді ақпараттық тәсілі болып саналады. Тұлғалық мазасыздық көптеген жағдайларда қауіп ретінде қабылдап, себепсіз мазасызданады. Реактивті мазасыздық қысылу, тынышсыздану, күйгелектеумен сипатталады. Реактивті мазасыздықтың жоғарғы деңгейі зейін мен сезімнің үйлесімін бұзады. Мазасыздықтың өте жоғары деңгейі невротикалық жанжалдың туындауына, эмоциалық немесе невротикалық, психосоматикалық аурулардың қозуына соқтырады.

Қолданылатын құрал жабдықтар: Спилбергердің өзін өзі бағалау шкаласының бланкасы, нұсқау мен 40 сұрақ пікір қосады. Оның 20-сы ситуативті мазасыздануды бағалауға арналған және 20-сы тұлғалық мазасыздануға арналған.

Нұсқау: Әр берілген сөйлемге зейін аударып оқыңыз және сәйкес графадағы санды сызыңыз, яғни қазіргі сәтте өзіңізді қалай сезінесіз, соған тәуелді жауап беріңіз.

Тесттік материал (сұрақтар 1 бөлім.)

Жағдайлық мазасыздану шкаласы


№

Пікір

Жауаптар

Ешқ.

әрд.

Жиі

әруақыт.

1


Мен сабырлымын.

1

2

3

4

2

Маған ештеңе қауіп төндірмейді.

1

2

3

4

3

Мен ынталанудамын.

1

2

3

4

4

Мен іштей қысыламын.

1

2

3

4

5

Мен өз өзімді бос сезінемін.

1

2

3

4

6

Мен жабырқау күйдемін.

1

2

3

4

7

Мені мүмкін болатын сәтсіздіктер қобалжытады.

1

2

3

4

8

Мен жан тыныштығын сеземін.

1

2

3

4

9

Мен мазасызданудамын.

1

2

3

4

10

Мен іштен қанағаттанушылықты сеземін.

1

2

3

4

11

Мен өз өзімен сенімдімін.

1

2

3

4

12

Менің жүйкем қозып тұр.

1

2

3

4

13

Мен өз өзімен орын таппай тұрмын.

1

2

3

4

14

Мен ызақормын.

1

2

3

4

15

Мен қысылуды, кұштенуді сезбеймін.

1

2

3

4

16

Мен ризамын.

1

2

3

4

17

Мен толқудамын.

1

2

3

4

18

Мен өте қозудамын және өз өзімен келе алмай тұрмын.

1

2

3

4

19

Мен қуаныштымын.

1

2

3

4

20

Менің жаныма жайлы тигендей.

1

2

3

4


Үрейленуге арналған тест ІІ бөлім.

Тұлғалық мазасыздану шкаласы


№

Пікір

Жауаптар

Ешқ.

әрд.

Жиі

әруақыт.

1


Менің көңіл күйім әрдайым көтеріңкі болады.

1

2

3

4

2

Мен ашушаң боламын.

1

2

3

4

3

Менің көңіл күйім тез бұзылуы мүмкін.

1

2

3

4

4

Мен басқалар сиақты сәтті болғым келеді.

1

2

3

4

5

Мен келіспеушіліікті қатты жақсы көремін.

1

2

3

4

6

Мен күш келгенін жұмыс істегім келгенде сезінемен.

1

2

3

4

7

Мен сабырлы, салмақты, жинақты адаммын.

1

2

3

4

8

Мені мүмкін болған қиыншылықтар уайымдайды.

1

2

3

4

9

Мен әшейін нәрселерге уайымшылмын.

1

2

3

4

10

Мен толығымен бақыттымен.

1

2

3

4

11

Мен барлығын жүрегіме жақын қабылдаймын.

1

2

3

4

12

Маған өз өзімен сенушілік жетіспейді.

1

2

3

4

13

Мен өзімді қорғанышсыз сеземін.

1

2

3

4

14

Мен қиыншылықтар мен сыншыл ситуациялардан қашуға тырысамын.

1

2

3

4

15

Менде көңілсіздік болады.

1

2

3

4

16

Менде өзіме риза болатын кездер болады.

1

2

3

4

17

Мен әр түрлі әшейін нәрселерге көп көңіл бөлемін және олар мені уайымдаттырады.

1

2

3

4

18

мен кейде сәтсіздіктерді сеземін.

1

2

3

4

19

Мен салмақты адаммын.

1

2

3

4

20

Мен жұмыс туралы ойлағанда мені қобалжу, уайым басады.

1

2

3

4


Кілті:

Жағдайлық мазасыздану СМ=(3,4,6,7,9,12,13,14,17,18)    -   (1,2,5,8,10,11,15,16,19,20)

Тұлғалық мазасыздану ТМ=(2,3,4,5,8,11,12,14,15,17,18,20) - (1,6,7,10,13,16,19) + 35 (сан35)








































№4. Әдістеме. «Ж.Тейлордың мазасыздануды анықтайтын тұлғалық» тесті

(Мазасыздануды анықтайтын тұлғалық шкала)

Бұл әдістемені 1953 жылы Ж.Тейлор өңдеп шығарған. Ол ММРI-дың құрамына, қосымша шкала ретінде кіреді. Ресейде Т.А.Немчинмен 1966 жылы бейімделген.

Мақсаты: Зерттеушілердің тұлғалық мазасыздану деңгейін анықтау.

Материал: 50 сұрақтан тұратын, бланк-әдістеме.

Нұсқау: Сізге тұлғалық сапаларға қатысты әдістемеге жауап беру керек. Бұл жерде жақсы және жаман жауаптың болуы мүмкін емес, сондықтан өз ойыңызды жазыңыз, ұзақ уақыт ойланып отырудың қажеті жоқ. Алғаш ойыңызға келген жауапты көрсетіңіз. Егер сұрақпен келіссеңіз қасына «Иә» деген жауап жазыңыз, ал егер келіспесеңіз «Жоқ» деп жауап беріңіз, егер нақты анықтай алмасаңыз «Білмеймін» деген жауапты қолдануға болады.

Мәліметтерді өңдеу кілттің көмегімен жүзеге асады.

Кілт: 1-37 сұраққа жауап «Иә» болса – 1балл, «Жоқ» - 0 балл; 38-50 сұраққа жауап «Жоқ» болса – 1балл, «Иә» - 0 балл.

Кілтпен сәйкесінше баллдың нәтижесі есептеледі және оған «білмеймін» деген жауабының санымен, екіге бөлінеді.

Бағаның сипаттамасы:

0-5 балл – мазасызданудың төмен деңгейі;

5-15 балл – төменге жақын орташа мазасыздану;

15-24 балл – жоғарыға жақын орташа мазасыздану;

25-40 балл – жоғары мазасыздану;

40-50 балл – өте жоғары мазасыздану деңгейі.

Жоғары мазасызданудағы адамдардың психологиялық портреті:

Оларға жағдайды кең көлемде қабылдау, өзін-өзі бағалауға, престижге деген кез-келген қызығушылықта қиындаса, оны қауіптендіруші, апаттық етіп қабылдауға бейім болып келеді. Қабылдауға сәйкес эмоционалды жауапта пайда болады.

Бұндай адамдар ашушаң, тітіркенгіш және үнемі жанжалға, қорғанысқа дайын болып келеді. Ереже бойынша, оларға кеңеске, өтінішке және ескертулерге адекватты емес жауап қайтару тән. Әсіресе өзін-өзі бағалауға, престижге байланысты сұрақтар келсе, аффективті жауап, жүйке жүйесінің күйзелісі байқалады.

Жоғары мазасызданушы адамдарға, олар жұмысты оңай жасай алатын болсада, көп шарт қоюға болмайды, бұндай шарттарға адекватты емес жауап кедергі болуы мүмкін және ұзақ уақыт бойынша нәтиже көрсетпеуі де мүмкін.

Төмен мазасызданудағы адамдардың психологиялық портреті:

Ашық көрінген байсалдылық тән. Өзін бағалауға, престижіне деген кең көлемде қауіпті сезінуге әрқашан бейім емес. Мазасыздану күйінің көрінісі ерекше маңызды және тұлғалық мәнді жағдайларда байқалуы мүмкін (емтихан, стресстік жағдайлар, отбасылық жағдайға шынайы қауіп және тағы басқалары). Жекелік жоспарда бұндай адамдар салмақты болады, өз өмірлеріне, іс-әрекеттеріне уайымдауға ешқандай себеп жоқ дейді. Жанжал туғызу, аффективті күйзеліс көрсету өте аз.

Қорытынды жазуды тұлға қырларының тұрақтылығы ретінде бастауға болады, сәйкес мәліметті Тейлор және Спилберген әдістемесі бойынша анализдеуге болады. Содан кейін қысқаша жалпылау беріледі. Қорытынды жазатын кезде жоғары және төмен мазасызданушы адамдардың психологиялық портретін қолдануға болады.

Қорытындының ұсыныстар бөлімі мазасыздану деңгейін көрсету коррекциясы бойынша нақты ұсыныстармен мінезделуі қажет.

Жоғары мазасызданушы адамдарға ұсыныс:

Сәттілікте сенімділік сезімін қалыптастыру керек.

Төмен мазасызданушы адамдарға ұсыныс:

Іс-әрекеттегі мативациялық компоненттерді есепке алу, тыпсармаларды орындауда қызығушылық және жауапкершілік сезімін сезінуге белсенділік таныту.

Кеттел мен Шелер тұлғалық және жағдайлық мазасыздану арасындағы айырмашылықтарды көрсетті.

Тұлғалық мазасыздануға тұрақты мінез-құлық, қырлар, адамның мазасыздануға қарым-қатынасы туралы көріністері жатады, оның бейімділігі және тенденциясы туралы:

а) жағдайдың кең аймағын қауіптендіруші ретінде қабылдау;

б) әртүрлі деңгейдегі мазасыздану күйінің көрінісіне жауап қайтару.

Мазасыздану – жағдайлық, эмоционалды қысыммен уайымдауды обьективті мінездеу, ашушаңдық және тағы басқа күй ретінде көрініс табады.




















№5. Әдістеме. «М және Д» әдістемесі (мазасыздану және депрессия)


Мақсаты: жүйке процестерінің ерекшеліктерімен байланысты көрініс беретін мазасыздану және депрессия жағдайларының орын алуын анықтау.

Орындау ережесі. Тапсырманы топпен немесе жеке-дара орындауға болады. Зерттелінушілерге келесі нұсқау беріледі: «Сіздерге 20 сұрақтан тұратын сауалнама берілген. Бұл тест көмегімен өздеріңіздің күй-жағдайларыңыз бағаланады. Сұрақтарға тез және барынша дұрыс жауап беруге тырысыңыздар. Жауаптарыңыз бес нұсқада болуы мүмкін: «еш уақытта», «өте сирек», «жиі», «өте жиі» кездеседі. Жауап парақта сұрақ номерінің тұсында берілген осы нұсқалардың біреуін (+) плюс деп белгілеңіз. Жауаптарыңызды талдау арқылы Сіздердің эмоционалдық жағдайларыңыз баллдық жүйемен бағаланады. Тапсырмаға түсінбей қалсаңыз оны алуға болады».

Зерттелінушіге жауап парақ беріліп, оны толтыру ережесі түсіндіріледі.

Тапсырмалар:

  1. Сіз өзіңіздің бұрынғыдай жылдам қимылдамай, асықпай, аяқты жай басатын болғаныңызды байқадыңыз ба?

  2. Сізді бір нәрсе мазалағанда ұйқыңыз бұзылады ма?

  3. Сіз өзіңіз жабыраңқы сезімде, тұнжыраңқы болып жүресіз бе?

  4. Ешқандай себепсіз мазасызданып, бір нәрсе болатындай сезімге бөленіп жүретін кезіңіз болады ма?

  5. Достыққа және мейірбандыққа қажеттілігіңіз төмендегенін байқадыңыз ба?

  6. Сіздің өміріңізде қуаныш пен бақыттылық аз деген ойға бөленесіз бе?

  7. Сіз өзіңізді бұрынғыдай қызығушылықтар кернемейтінін, көптеген нәрселерге немқұрайлы қарайтындай сезінесіз бе?

  8. Сіз бір орында отыра алмайтындай мазасызданған кезіңіз болды ма?

  9. Бір нәрсені күту сіздің жүйкеңізді тоздырады ма?

  10. Жаман түс көресіз бе?

  11. Сіз ешқандай себепсіз басқа біреулерге немесе бір нәрсеге байланысты қауіптеніп, мазасызданған кездеріңіз болды ма?

  12. Сізге ешкім көңіл аудармай, ешкімнің сізді түсінгісі келмей жүргендей сезімге бөленіп, өзіңіздің жалғызсыраған кездеріңіз болады ма?

  13. Қолдарыңыз бен аяқтарыңызға орын таба алмай мазасызданған кездеріңізді байқадыңыз ба?

  14. Сіз өзіңіздің шыдамсыз, тұрақсыз, әбігерленгіш екеніңізді байқадыңыз ба?

  15. Өзіңіздің жалғыз қалғыңыз жиі келеді ме?

  16. Жақын адамдаррыңыз сізді жақтырмайтын немесе немқұрайлы қарайтын кездерін байқадыңыз ба?

  17. Көпшілік ішінде өзіңізді ыңғайсыз сезініп, бөгеліп қалған кездеріңіз болды ма?

  18. Сізге өзіңіздің достарыңыз немесе жақындарыңыз сізден гөрі бақытты деген ой келеді ме?

  19. Шешім қабылдау үшін көп ойланасыз ба?

  20. Көптеген сәтсіздіктерге өзім кінәлімін деген сезім сізді мазалайды ма?

Жауап парақ


Тапсырмалар

номері

Жауап

вариант-

тары

Жауап белгісі

Тапсырмалар номері

Жауап вариант-тары

Жауап беолгісі

Тапсырмалар номері

Жауап вариант-

тары

Жауап белгісі


1

еш уақытта өте сирек

жиі

өте жиі



8

еш уақытта өте сирек

жиі

өте жиі



15

еш уақытта

өте сирек

жиі

өте жиі



2

еш уақытта өте сирек

жиі

өте жиі



9

еш уақытта өте сирек

жиі

өте жиі



16

еш уақытта өте сирек

жиі

өте жиі


3

еш уақытта өте сирек

жиі

өте жиі



10

еш уақытта өте сирек

жиі

өте жиі



17

еш уақытта өте сирек

жиі

өте жиі



4

еш уақытта өте сирек

жиі

өте жиі



11

еш уақытта өте сирек

жиі

өте жиі



18

еш уақытта өте сирек

жиі

өте жиі


5

еш уақытта өте сирек

жиі

өте жиі



12

еш уақытта өте сирек

жиі

өте жиі



19

еш уақытта өте сирек

жиі

өте жиі


6

еш уақытта өте сирек

жиі

өте жиі



13

еш уақытта өте сирек

жиі

өте жиі



20

еш уақытта өте сирек

жиі

өте жиі


7

еш уақытта өте сирек

жиі

өте жиі



14

еш уақытта өте сирек

жиі

өте жиі







Бағалау шкаласы:

  1. еш уақытта – 5 балл;

  2. өте сирек – 4 балл;

  3. сирек – 3 балл;

  4. жиі – 2 балл;

  5. өте жиі – 1 балл.

Нәтижесін талдау ережесі

Егер коэффициенттер суммасы +1,28 және одан көп болса

зерттелінушінің мазасыздану бойынша жағдайы жақсы екенінің белгісі. Суммасы -1,28 және одан төмен болса – зерттелінушінің мазасыздануы,

депрессиясы және эмоционалдық зорлануы жоғары екенін көрсетеді. Аралық көрсеткіш (-1,29-дан +1,27-ге дейін) мазасызданудың орта мағынада екенін көрсетеді.

Мазасыздану көрсеткішінің жоғарылағаны адамның себепсіз невротикалық реакциялары орын алуымен, өзінің және жақындарының денсаулығына деген уайымдауының жоғарылауымен сипатталады. Егер көрсеткіші төмен болса адамның неше түрлі тітіркенддіргіштерге әсерленуі төмен болады.






























№6. Әдістеме. «Әлемде жоқ жануар» әдістемесі


Максаты: Оқушылардың салған суреті арқылы олардың мазасыздануларын анықтау.

Жабдықталуы: Түрлі-тұсті қалам, сурет қағаздары.

Зерттеу-барысы: Ең алдымен балалардың зерттеу ісіне қаншалық дайын екендіктері, яғни ынта-тілектерінің болуы ескеріледі. "Әлемде жоқ жануар" салу керектігі түсіндіріледі.

Нәтиженің өңделуі: Салған суреттің интерпретациясы жасалынады.

Адамның эмоциясынан, көзқарасынан, пікірінен, сөзінен өзін тануға болады. Алайда бұл аса оңай іс емес. Кей жағдайда жаңа жұмысқа қабылдау үшін де психологиялық тест беріп жатады. Өмірде жоқ жануардың суретін салғызу арқылы адам туралы көп нәрсеге көз жеткізуге болады. Өзіңізді танығыңыз келсе үш минут ішінде көп ойланбай, әлемде болмаған жануардың суретін салып, біз ұсынған белгілерге көз жүгіртіңіз.

Ең алдымен суреттің бетте қалай орналасқанына мән беріңіз:

• неғұрлым жоғары салынса – өзіңізді өзіңіз жоғары бағалайтыныңыздың белгісі;

• төмен салынса – өзіңізді лайықты деңгейде бағаламайсыз;

• оң жақта тұрса – табандысыз;

• сол жаққа салынса – қиялшыл;

• алға қарап тұрса – өз пікірінен танбау.


Picture 7


Енді детальдарына жіті мән беріңіз:

• Басы денесінен үлкен болса – бұл суретті салған адамның зейінділік деңгейі жоғары;

• көзі анық салынса – үрейі басым;

• кірпіктері бар болса – өзгелердің пікіріне тәуелді;

• тісі ақсиып тұрса – өзгелерден қорғану үшін шешен сөйлеуге тырысады;

• тілі көрініп тұрса – сөйлемей отыра алмайды;

• ерні түрлі түспен боялса не шеті анық салынбаса – оңай қорқытуға болады;

• құлағы үлкен болса – басқалар мен туралы не айтады екен деп елеңдейді;

• мүйізі не артық элементтері болса – ашуға бейім;

• қауырсынын салса – наразылық;

• қанат – қадалған көздердің, бүкіл назардың ортасында болғысы келеді;

• табаны – қорғанатын тірегі бар;

• құйрық – өзіне берер бағасын оның бағытына қарап біліңіз;

• тікенек – болашақ ата-ана болуға, бастық болуға дайын;

• сызық – тез ренжігіш;


Picture 10


Енді жануарға атау қойыңыз:

• екі жануардың атын біріктіре салсаңыз – артық ойланып бас қатырмайтын, ақылды жан болғаныңыз;

• күрделі, қиын атау қойсаңыз – жүйкеңіз жұқа не ойыңыз тым ұшқыр.













«Иә»

Picture 4


Мақсаты: мазасыздану деңгейін тыныштандыру және төмендету.

Ұзақтығы: 15 минут.

Өтілу барысы: көзді жұмыңдар, өздеріңді ормандамын деп ойлаңдар. Жапырақ иісін иіскеп, құстар әнін тыңдап, орманда қыдырыңдар. Қыдырып жүріп, үңірге жақында. Қабырғасын қолмен ұстап, тастың қаттылығын сезіңдер. Үңгірдің қасында сарқырап су ағып жатыр. Соны тап, судың аққанын есті және орман тыныштығын, құстардың әнін. Осының барлығына жаныңды аш: салқынға, тыныштыққа, дыбысқа өзің ыңғайлы орынға отыр, осылармен ыңғайға кел, бүкіл айнала сіздің денеңізді, бастан аяқ толтырсын «иә» деген сөз барлық әсерге енсін осы сөз бен сіздің жаман көңіл-күйіңіз кетсін. Иә, бұл мен (атыңызды атаңыз).

Иә, менің тамаша бүгінім мен ертеңім. Ішіңізден күлкі сезіңіз. Өз өткеніңіз, бүгін, ертеңіңізге күлімдеңіз. Бұл күлкі өте майда, жұқа, жаңа ашылңан раушан гүл сияқты, ол сіздің ішіңізде ашылады, сөйтіп бүкіл денеңізге хош иісі таралады. Өзіңізге айтыңыз «Мен бақытты, салмақты болғым келеді әрі мен сондай боламын».


"Көз фиксоциясы"

Picture 13

Мақсаты: Мазасыздану деңгейін төмеңдету.

Ұзақтығы: 10-15 минут

Бой жазып адам алдына тура қарау керек, үлкен емес затты таңдап алып немесе түсті дақты, зат бір орнында болу керек. Сол затқа назар аударып, оны зерттеу қажет. Тыныс алу ерекше, терең.

Бөтен ойды алып тастау керек, ойлар, проблемаларды ұмыту, ішіңізден "Мен бой жаздым" деп айту керек. "жағымды бой жазу иық, арқаға, одан аяқтарыма тұседі. Мен өзімді керемет сезінемін мазасыздық жайылуда".


«Сілку»


Мақсаты: Адам бойындағы жағымсыз ойлардан жеңіл жолмен қалпына келтіреді, бойдағы мазасыздықтан арылуға көмектеседі.

Барысы: Бұл жаттығу сізді қарапайым және жеңіл қалпыңызға келтіреді және бойыңыздағы жағымсыз ойлардан арылтады. Айналаңызда кеңістік қалатындай етіп еркін тұрыңыз. Екі қолыңыздан бастап, сілки бастаңыз, енді шынтағыңызды, екі иығыңызды сілкіңіз. Енді еңкейіп, екі аяғыңыздан бастап екі қолыңызды сілкіңіз. Суда жүзіп жүрген қаздың үстінен түскен судай сіздің бойыңыздағы жағымсыз энергиялар түсіп қалады. Бетіңізді де сілкіңіз жақсы болады. Енді міне менің бойымдағы ауыртпалықтардың барлығы бойымнан шығып кетті деп елестетіңіз.


«Джунглидегі жаңбыр»


Мақсаты: Бұл жаттығу иық, мойын, омыртқа аймақтарындағы бұлшық еттің жиырылуын жоюға, босаңсуға, шаршағанды басады. Жаттығу топта мазасыздығы жоғары балалармен бұлшықеттегі қысымды жояды.

Шеңберге тұрып, «Джунглидегі жаңбыр» психологиялық жаттығуын орындаймыз.

Қанекей, шеңбер жасап, бір-біріңізбен тығыз тұрыңыздар. Өздеріңізді ну ормандағыдай елестетіңіздер. Ауа-райы алдымен күн ашық, өте ыстық және қапырық болатын. Міне, кішкене жел тұрды. Алдыңызда тұрған адамның арқасында қолыңызбен жеңіл қимылдар жасаңыздар. Жел күшейіп, қол қимылы да жылдам бола түседі. Дауыл басталды, қол қимылдары да айналдыра жасалып, күшейді. Сосын ақ жауын жауды (жұбыңыздың арқасын жеңіл түрде қағасыз). Міне, нөсер басталды (саусақтарымен қимылдар жасап, алақанмен жоғары-төмен жүргізесіз). Нөсер үдей түсті (барлық саусақтарыңызбен қатты қағасыз). Қайта нөсерлетті, ақ жауын жауды, дауыл тұрды, қатты жел тұрды, ол қайта басталды. Сосын табиғатта барлығы тынышталды. Қайта күн шықты. Ал, енді 180 градусқа айналып, ойынды жалғастырыңыздар.


"Белгілі бір эмоционалды қалыпқа бұрылу"


Мақсаты: Мазасыздану деңгейін төмендету.

Өтілу барысы: Ойша толқыған, мазасыз эмоционалды қалыпты бір әуенмен, түспен, пейзажбен, ал тыныш бой жазған қалыпты өзге көрсеткіштермен байланыстыру. Мазасыздану, қалып кезінде алдымен 1-ші қалыпты, кейін екінші, сосын 3-шісіне көшу, осыны бірнеше рет қайталау.

«Ақ тілек»


Picture 19


Мақсаты: балалардың көңіл күйін жоғарылату, өмірге деген қызығушылықтарын арттыру.

Барысы: Түрлі түсті шарлардың ішіне түрлі тақырыпта тілектер жазып салынған, оқкшылар шарларды таңдап алып, тілектерді оқиды.


Жаттығу

Топ мүшелері шеңбер құрап отырады.

Нұсқаулық: «Қазір араларыңыздан кейбіреулеріңізге қандайда бір эмоциялық сезім немесе жағдай жазылған текшелер беріледі. Олар текшеде жазылғанды ешкімге көрсетпей оқиды. Одан кейін текшені иеленген әр адам онда жазылған сезімді немесе жағдайды вербальды емес түрде бейнелейді. Тапсырманы кезекпен жартылай шеңбердің ортасына шығып, топқа арқасымен қарап тұрып жасайды. Қалғандарымыздың міндетіміз – адамның бет-жүзін көрмей арқасынан бақылау, қандай сезім немесе жағдайды бейнелегенін анықтау».

Бұл жаттығуға арналған сезімдер мен жағдайлардың тізбегінің үлгісі: қуаныш, қайғы, таң қалу, шыдамсыздық, қорқыныш, мазасыздану және т.с.с.

Әрбір бейнелеуден кейін бақылаушылар бейнеленген сезім немесе жағдайға қатысты жорамалдарын айтады, ал жаттықтырушы оны айтады. Одан кейін: «Сіз жағдайды анықтау кезінде қандай белгілерге сүйендіңіз?» деген сұрақ қоюға қандайда бір жағдайға тән пантомимикалық және дене қимылдық көріністердің «банкін» жинауға мүмкіндік береді.


Жаттығу

Топ мүшелері шеңбер құрап отырады.

Нұсқаулық: «Қазір біз бір-бірімізге қандайда бір сезімді немесе күйді атап доп лақтырамыз, ал допты тосып алғанда, антоним-қарама-қарсы сезім немесе күй атаймыз. Мысалы, мен допты Талшынға лақтырамында: «Мұңлы» - деп айтамын. Талшын допты тосып алып антонимі «көңілді» деп атайды да, допты басқа бір адамға лақтыра сезім немесе күй айтады.

Мұхият болыңыздар, допты барлығында болып шыққанша, бір адамға қайта лақтыруа болмайды».

Бұл жаттығу әрбір қатысушының сезімдер мен күйлерді вербализациялау саласындағы мүмкіндіктерін дамытуға септігін тигізеді.
























Арт-терапия

Психотерaпияның мaңызды сaлaлaрының бірі қaзіргі тaңдa aрт-терaпия болып тaбылaды. Aрт-терaпия дaму үстіндегі психотерaпиялық әдістердің жaңa түрі болып тaбылaды. Aтaлғaн терaпияның түрі қaзіргі тaңдa үлкен жетістіктерге ие.

Aрт-терaпия сөзін қaзaқшaғa тікелей aудaрғaндa «өнермен емдеу» деген мaғынaны білдіреді. Оны ғылымға, жaлпы қолдaнысқa ең алғaш енгізген Aдриaн Хилл болды.

Aрт-терaпияны жүргізу бaрысындa мүшелер сaны – 15-20 aдaмнaн aспaу керек. Одaн көп болғaн жaғдaйдa, қaтысушылaрғa дa, сонымен қaтaр, сол жұмысты жүргізушіге яғни психотерaпевке де оңaйға соқпaйды.

Aрт терaпияның түрлері – музыкaлық терaпия, қозғaлмaлы би терaпиясы, дрaмa терaпиясы, ертегі терaпиясы, қуыршaқ терaпиясы, гүл терaпиясы, фото терaпия, оригaми, этнотерпия, киндер-сюрприз, құм терaпиясы, aртсинтез терaпиясы, библиотерaпиясы, мaскa терaпиясы т.б.


"Портрет"

Aрттерaпия техникaсы

Picture 16


Мақсаты: "Мен" бейнесінің өзгеруі және мазасыздануға қарым-қатынастың өзгеруі.

Барысы: Ақ қағазға бояумен немесе қарындашпен өздерінді қалай көргілерің келсе, салыңдар. Еңді бөлшектер қосындар, шаш салыңдар. Оны түспен бояндар. Әрі қарай көз салындар. Күшіңіздің мені көздерінде, сондықтан көзді айқын, ашық, жалындатып салыңдар.

Портреттегі көздеріңіз куаныш пен бейқамдықты бейнелесін. Бетiңіз бой жазған және тыныш күлкіде болсын. Бет-жүзіңіз махаббат, түсіністік, білдірсін. Портрет жасай отырып, ең жақсы қасиеттерді бейнелеңіз. Портретте өзіңізді қандай көргіңіз келсе, солай бейнелеңіз. Қолды салуды ұмытпаңыздар, олар күшт, әрі нәзік болсын.

Портретті аяғына дейін салыңыз. Тағы да қарап, нені қосу, нені алу керек, ойланыңыз.

Өз бейнеңізді жетілдіріңіз, портретті "Иә - бұл мен, жетілген, бақытты жанмын" деген сөздермен тірілтіңіз.




«Сурет салу»


Picture 1


Мақсаты: шығармашылықты дамыту, сезім, эмоцияны білдіру.

Ұзақтығы: Ұзақтығы: 30 минут.

Әрбір топ мүшесі қағаз алып, қарындашпен өз мазасыздану күйін сурет салу түрінде білдіреді.


«Суретті аяқта»

Мақсаты: Оқушылардың көңіл-күйін көтеру.

Барысы: Қатысушыларға плакатқа немесе тақтаға сурет салу ұсынылады. Әр оқушы бір бірінің ойын түсініп, кезек-кезек шығып, суретті жалғастыру. Соңында шыққан суретті бағалап, әркім өзі салған суретпен нені бейнелеуге тырысқанын және қандай сурет шыққанын бағалайды.


«Ермексаз (пластилин) терапиясы»


Picture 25

Мақсаты: жүйке жүйесін тыныштандырады, қолдың ұсақ моторикасын дамытады, саусақтарға массаж ретінде пайдаланылады.

Нұсқау: қатысушылар дайын салынған суреттерге пластилинмен суретке тән түстермен бояйды, жағады.


«Шалқан» ертегісі



Мақсаты: оқушылардың өмірге құлшынысын арттыру, жігерлендіріп, көңіл-күйін көтеру. Сыныптастар арасындағы байланысты нығайту, эмоционалды жігер беру, бірін-бірі кеңірек танып-білуге, қатысушылардың өз мүмкіндіктерін шамалауға және күз, көктем мезгіліндегі шаршағанндықтарын төмендету.

Шарты: қатысушылар жеті топқа бөлінеді. Олар: шалқан, шал, кемпір, қыз, мысық, күшік, тышқан. Жүргізуші ертегіні айта бастайды. Әр топ өз есімдерін естіген кезде белгілі бір іс-әрекет жасайды. Мысалы: шалқан дегенде сол топ мүшелері «Мен осындаймын!» деп дауыстап айтуы тиіс. Шал дегенде – «уф» деп отырып тұрады, кемпір – «уух» деп қолын көтеріп қайта түсіреді. Қыз – «ля-ля-ля», күшік – лав, гав десе, мысық – мяу, мяу, тышқан – Ай эм маус! деп айтады.


Мазасызданған баламен әңгімелесу бойынша ұсыныстар

  • Бәсекеден және жылдамдықты есептейтін қандай да бір жұмыс

түрлерінен қашыңыз.

  • Баланы айналадағы адамдармен салыстырмаңыз.

  • Көбінесе дене байланысын, релаксацияға жаттығу қолданыңыз.

  • Баланың өзі-өзі бағалауын жоғарлатыңыз, не үшін екенін білетіндей

жиі мадақтаңыз.

  • Балаға назарын есімін айтып аудартыңыз.

  • Сенімді жүріс-тұрыс үлгілерін көрсетіңіз, барлық жағдайда балаға үлгі болыңыз.

  • Балаға жоғарлатылған талаптарды ұсынбаңыз.

  • Баланы тәрбиелеуде бірізді болыңыз.

  • Балаға шамаңыз келгенше аз ескерту жасаңыз.

  • Қажет жағдайда ғана жазалауды пайдаланыңыз.

  • Жазалау кезінде баланың абыройын түсірмеңіз.





























Пайдаланылған әдебиеттер тізімі


  1. Психикалық күйзелістен кейінгі адамдардың тұлғалық типтік ерекшеліктері / А. Сәрсен // Мектептегі Психология в школе. – 2014. –(№5).-71

  2. Жундыббаева А.К., Саутенкова М.Ю. Тревожность как характерная особенность подростково-юношеского возраста. АкМУ ХАБАРШЫСЫ, педагогика ғылымдар сериясы, 2013 №1 (54)

  3. Нұрмұхамбетова Т.Р. Тәжірибелік психология. II бөлім. Психологиялық кеңес беру және психокоррекция (студенттерге, оқытушыларға, психологтарға арналған оқу-әдістемелік құрал). –Шымкент, 2007. -216 бет

  4. Жақсы көңіл-күй – жан азығы / З. Мамешова // Қызықты психология. – 2016. –(№9).

  5. Тоғайбаева А.К., Рамазанова Д.Ж. – Психологиялық жаттығулар жинағы, 2015ж.

  6. Рудестам К. Групповая психотерапия. СПб, 1998г.-372с.

  7. Оқушылардың қарым-қатынасындағы қиындықтарды ойын арқылы түзету / Г. Абелманова // Мектептегі Психология в школе. – 2018. –(№10).-124

  8. Күйзеліспен күресудің психологиялық аспектілері / Н. Ілиясова //

Мектептегі Психология в школе. – 2018. –(№7).-121

39


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
6 ұстаз жүктеп алған
17 қаңтар
5704
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі