Материалдар / Мазмұн 6 сынып Информатика

Мазмұн 6 сынып Информатика

Материал туралы қысқаша түсінік
Барлық оқушылар: Мазмұн кестесінің түрлерін біледі. Көптеген оқушылар: Өзгермелі стильдерді қолданып мазмұндар кестесін құрады. Кейбір оқушылар: Мазмұнның түрлерін ажыратады және мазмұнға сілтеме жасайды.
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

4-бөлім. «Мәтіндік құжатпен жұмыс жасау»

Күні: 29.04.24 – 04.05.24

Мұғалімнің аты-жөні: Молдашева М.Б.

Сыныбы: 6 Ғ

Қатысқандар:

Қатыспағандар:


Сабақтың тақырыбы

    1. Мазмұн

Осы сабақта қолжеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

6.2.2.1 сілтемелерді ұйымдастыру (гиперсілтемелер, мазмұны, тақырыптар, түсіндірмелер)

Сабақтың мақсаты

Барлық оқушылар:

Мазмұн кестесінің түрлерін біледі.

Көптеген оқушылар:

Өзгермелі стильдерді қолданып мазмұндар кестесін құрады.

Кейбір оқушылар:

Мазмұнның түрлерін ажыратады және мазмұнға сілтеме жасайды.

Сабақ кезеңі

Педагог әрекеті

Оқушы әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы



2 мин.


Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен сәлемдесу.

Сыныпта жағымды ахуал орнату “Жылы жүрек-ізгі тілек”

сергіту сәті. Оқушылар журекті бір-біріне ұсыну арқылы ізгі тілектерін айтады.

Топтастыру

(Топтық ережемен таныстыру интербелсенді тақтада топтың ережелері көрсетіледі)

  1. Мұғалімнен бағыт-бағдар алу

  2. Тәртіп сақтау, ынтымақтастыққа жұмыс жасау

  3. Уақытқа бағыну

  4. Белсенді қатысу

  5. Бір-бірін тыңдау

Оқушыларға сәттілік тілеу)

Топтастыру. 2 топқа қағаз қиындылары арқылы бірігеді.

1-топ: Білімділер. 2-топ: Ақылдылар.

(Ұ) “Миға шабуыл” әдісі бойынша өткен және жаңа тақырыптарды еске түсіру:

  • Мазмұн ұғымын және оның қандай мақсатта қолданылатынын білесің бе?

  • Қалай ойлайсың кітаптың мазмұны мен мазмұн ұғымдарының мағынасы бірдей әлдем әртүрлі ма(сурет 1)?

  • Қағаз түріндегі оқулық пен электрондық кітаптың мазмұндары арасындағы айырмашылық қандай?

  • Мәтіндік редакторда мазмұн қалай жасалады?


Қалыптастырушы бағалау: Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.

Тапсырма орындауға қажетті құралдары


Оқулықпен жұмыс.

(Т) «Ортақ тұжырым» әдісі. Әр топ оқулықтан берілген тапсырма бойынша топ ішінде талқылап, ортақ тұжырым шығарып, төмендегі ВЕНН диаграммасына салады.



(Т) №1- тапсырма: ВЕНН диаграммасы.

Венн диаграммасын қолданып, автоматты және қолмен жасалған мазмұнның ұқсастықтары мен айырмашылықтарын талда.

Дескриптор:

-Автоматты құрылған мазмұн кестесінің ерекшелігін жазады.

- Қолмен жасалған мазмұн кестесінің ерекшелігін жазады.

- Екі ұғымның (автоматты және қолмен жасалған мазмұндар) ұқсастығын жазады.


Қалыптастырушы бағалау: Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.

Тапсырма орындауға қажетті құралдары

Сабақтың ортасы



10 мин.


(Ж) №1-тапсырма:

Ұсынылған тақырыптардың біреуін таңда: спорт, музыка, әдебиет, мәдениет, өнер, кино, туризм және т.б. Оны ашу үшін таңдалған тақырып бойынша мазмұнға кесте жаз.

Дескриптор:

- Ұсынылған тақырыптардан өзіне ұнағанын таңдап алады.

- Таңдалған тақырып бойынша мазмұнға кесте жазады.


Қалыптастырушы бағалау: Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.

Тапсырма орындауға қажетті құралдары


(Д) №2-тапсырма:

Мазмұн кестесін құрудың ең оңай жолы - кірістірілген тақырып стильдерін пайдалану. Microsoft Word мәтіндік редакторында енгізілген тақырыптардың тоғыз түрлі стильдері бар: «1-тақырып» - «9-тақырып». Мәтіннің жеке бөліктеріне мазмұн элементтерінің деңгейлерін тағайындауға болады. 1-тапсырмадағы мазмұн кестесіне бірнеше кірістірілген стильдерді қолданып көр.

Дескриптор:

- Microsoft Word мәтіндік редакторында енгізілген тақырыптардың тоғыз түрлі стильдерін пайдаланады.

- №1-тапсырмадағы мазмұн кестесіне бірнеше кірістірілген стильдерді қолданады.


Қалыптастырушы бағалау: Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.

Тапсырма орындауға қажетті құралдары

Сабақтың соңы



7 мин.


(Д) Рефлексия

«Еркін микрофон» әдісі арқылы оқушылар төменде берілген сұрақтар бойынша өз ойларымен бөліседі.


1. Мазмұн кестесі дегеніміз не? Оның мазмұннан айырмашылығы неде?

2. Мазмұн кестесінің қандай түрлерін білесіңдер?

3. Мазмұн кестесін құру үшін қандай стильдерді қолдана аламын?

4. Өзгермелі стильдерді қолдана отырып, жеке стильдерді пайдаланып мазмұндар кестесін қалай құруға болады?

5. Құрылған мазмұн кестесін қалай жоя аламын? Болашақта анықтама алу үшін жасаған мазмұнын сақтай аласың ба?

Қалыптастырушы бағалау: Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.

Тапсырма орындауға қажетті құралдары



Материал жариялап тегін
сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!