400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Мəдени мұра - халық игілігі". 6-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Өзін-өзі тану пəнінің мұғалімдерінн арналған
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Өзін-өзі тану» сабағының жоспары


Мектеп № 30 Мерзім 20.04.2018 Мұғалім Шакиртова Маржан Сериккановна

Сынып 6 Оқушылар саны 24 Тақырып Мәдени мұра – халық игілігі .

Құндылық ақиқат Қасиеттер адалдық, ой тазалығы, жинақылық .


Мақсаты: Оқушыларға мәдени мұра туралы түсінік беру арқылы ақиқат құндылығының мәнін ашу.

Міндеттері:

  • Оқушыларға халықтық мұраға адал болу туралы түсінік беру

  • Оқушыларды өзін және ұлтын тани отырып ой тазалығын дамыту

  • Оқушыларды ұлттық құндылықтарды құрметтеуге, жинақылыққа тәрбиелеу.

Ресурстар: (құралдар, мәліметтер)

https:||m.yotube.com>watch

2.7 сынып оқулығы, жұмыс дәптері.

Сабақ барысы:
Ұйымдастыру кезеңі. Тыныштық сәті.
«Су асты патшалығына ойша саяхат».

Ескерту

Дәйексөз.
Елдің елдігін сақтайтын – әдебиеті, тарихи, салт-дәстүрі

Абай

Сұрақ:

  1. Дәйексөздің мағынасын қалай түсінесіңдер?


Мұғалімнің сыйы. Домбыраның пайда болу тарихы туралы қысқаша мағлұмат беру.

Домбыра – қазақтың бас аспабы. Ұрпақтан ұрпаққа бабамыздың көзіндей аманатқа қалдырылып, осы уақытқа дейін қылы қисаймай жеткен халқымыздың көне мұрасы. Алғаш домбыраның шыққан жері түркі халықтардың алтын бесігі Алтай тауы болып саналады. Моңғол Алтай тауының Жарғалант-Қайырқан жотасының бір үңгірінен табылған домбыра тектес көне-саз аспабы, екі ішекті, тоғыз пернелі. Ағаштың қабынан таспаланып, тілініп, басы бұғы мен бұланның басына ұқсас. Табылған саз аспабының пішіні бүгінгі алтай домбырасына ұқсас.табылған саз аспапта түрікше «Жұпар күй әуені бізді сүйіспеншілікке бөлейді» - деп жазылған.

Көкірекке толған кезде бар қуаныш, бар бақыт

Сандуғаш боп, бұлбұл болып сайрайды ол әр уақыт

Көкірекке толған кезде бар қасірет, бар қайғы

Бөзінген боп боздайды ол, бозінген боп сарнайды –

деп, Қадыр Мырзалиев сезім құбылуын, ішкі жан сырын білдірудегі домбыраның рөлін осылайша танытады. Ақындардың жан жүрегіне ыстық зат бірінші кезекте қағаз бен қалам болса, екіншісі – домбыра екенін айтады. Өйткені, домбыра қазақ жұртының көзі, тарихы, менталитеті, арманы, бақыты.

«Ақсақ киік» Сәкен Сейфуллин өлеңі бойынша бейнежазбасын баяндау

Сұрақтар:
1. Бейнежазбада не бейнеленген?
2. Хан мен баласының мінезін айтып беріңіздер?
3. Күйшінің мінез ерекшеліктері қандай?
4. Неліктен ханның жасақшылары күйшіге қайғылы хабарды айтқызбақ болды?
5. Не себептен күйші қайғылы хабарды домбыра арқылы жеткізді?
6. Домбыраның құдіретін бағалаңыз? Қазіргі таңда рөлі қандай?


Топпен ән айту.

Домбыра туралы ән. Әні, сөзі Бота Бейсенова


Сабақтың соңғы тыныштық сәті. Баяу әуен қойылады.

Бауыржан Момышұлы: «Домбыра - қазақтың қасиетті дүниесі. Оны тарта алмасаң да қадірлей біл. Балалар, сендердің бойына халықтың рухани байлығың сіңіру осы домбырадан басталады. Домбыраны қастерлей білмесек, халықтың жанын түсіне алмаймыз. Ал халықтың жанын түсінбеу деген – тамыры шабылған ағашпен тең».










Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
22 қазан
751
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі