жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
МДМ-де қыз мезгілінде серуенді ұйымдастыруға арналған дидактикалық ойындар жинағы
картотека мен дидактикалық ойындар жинағы
Қыс мезгілінде өткізілетін серуендердің түрлері
№ |
Серуеннің атауы
|
1 |
Қысқы табиғат (бақылау)
|
2 |
Аппақ мамық, қырауларым (бақылау)
|
3 |
Халің қалай, қысқы ағаш? (бақылау-зерттеу)
|
4 |
Сәби шырша (бақылау)
|
5 |
Ақ діңді ару (бақылау)
|
6 |
Тентек суретші (бақылау)
|
7 |
Қысқы күн көзі (бақылау)
|
8 |
Қыс келді- қар мен қуаныш әкелді! (бақылау-ойындар)
|
9 |
Жалтыраған жылтыр мұз (бақылау- зерттеу)
|
10 |
Қысқы ағаштарға (бақылау)
|
11 |
Аязға (бақылау)
|
12 |
Мұзға (бақылау)
|
13 |
Неткен таза, қысқы ауа! (бақылау)
|
14 |
Жұмбақ іздер! (бақылау- зерттеу)
|
15 |
Қыс-Ана жұмбақтары (жұмбақтар)
|
16 |
Ақ жұлдызшалар (бақылау-тәжірибе)
|
17 |
Ерекше ағаштар (бақылау)
|
18 |
Кім қонаққа ұшып келмек? (бақылау)
|
19 |
Қарға, қарға, қарғалар (бақылау)
|
20 |
Бұл ненің түтіні? (бақылау)
|
Қысқы табиғат (бақылау)
Мақсаты: Қыстың белгілері туралы білімдерін пысықтау, қыстағы экологиялық соқпақтар нысанын көрсету, табиғатты сүюге тәрбиелеу.
Серуеннің барысы
Балалар, айналамызда не өзгергенін қарап көріңдер?
Жылдың қай мезгілі басталды?
Қыстың қандай белгілерін білесіңдер?
Қазір қыстың қандай белгілері көрініп тұр?
Күн қысқарып,
Күн сәулесі азайды.
Аяз келіп,
Енді қыс та басталды.
Келіңдер, өзіміздің соқпағымызбен жүріп, ағаштар мен құстардың тіршілігінде қандай өзгерістер болғанын көрейік. (Ағаштардың сыртқы көрінісіне балалардың назарын аударады)
Жұмбақ жасыру:
Аяғы жоқ, қолы жоқ, сурет сала біледі. (Аяз)
Аң емес, бірақ ұлиды. (Жел)
Ақ сәбіз қыста өседі. «Мұз сұңгісі)
Ауладағы еңбек:
Серуенге алып шыққан заттарды жинап, оны қардан тазарту керек.
Қ.о: «Кім бұтаға бұрын жетеді?
Мақсаты: Шапшаңдықтарын, бұталарды айыра білу икемділігін дамыту.
Мазмұны: Балалар тәрбиешінің белгі беруімен белгіленген бұтаға дейін жүгіреді. Аталған бұтаны тез әрі дұрыс таңдаған ойыншы жеңеді.
Балалар, қыс айларын атаңдар.
Қазір қыстың қай айы?
Ұлтық ойын: «Таяқ лақтыру»
Мақсаты: Жергілікті жерде бағдарлау икемділігін арттыру.
Мазмұны: Ойнаушылар таяқты алады да, оны біраз қашықтыққа жететіндей етіп, борпылдақ қарға лақтырады. Таяқтың қадалған жеріне белгі салады. Барлық ойыншылар таяқты лақтырып болған соң ең алыс орынды анықтайды, оның иесі ұтып шығады.
Дербес ойын:
Жеке жұмыс: Таяқты дұрыс лақтыра алмаған балаға, лақтыру дағдысын меңгерту.
Құрал-жабдықтар: күректер, ойынға арналған таяқша.
Серуен №2
Аппақ мамық, қырауларым (бақылау-зерттеу)
Мақсаты: Қар мен оның қасиеттерін зерттеу. Балалардың байқағыштық қабілетін, ойлауын, зейінін дамыту; табиғат нысандарына деген қызығушылықтарын ояту.
Серуеннің барысы:
Тоқылмаған қолменен
Тігілмеген жібекпен-
Мамық кілем.
Күн мен айдың жүзінде,
Күмістей боп көрінген.
Бұл не? (қар)
Қардың түсі қандай?
Оны қолмен ұстап көріңдер, қалай сезіледі? (Мамық, саусымалы, суық)
Қарды лупамен қараңдар. Ол неден тұрады? (Қар ұшқындарынан)
Егер оны жылы орынға қойсақ, не болар еді? (Қар еріп кетеді)
Қар неден жасалған? (Судан)
Қардың қалай пайда болатынын білесіңдер ме?
Өте суық болатын жерден жоғары биікте су булары суға емес, ұсақ мұз түйіршіктеріне айналады. Олардың кішілігі шаң-тозаңдай болады. Олар бұлтқа енген соң жаңа мұз инелерімен бірігіп, барған сайын үлкейе береді де, бізге таныс қар-ұшқындары болып шығады.
Көркем сөз.
Далада қар борайды,
Ақ мамыққа орайды.
Көк мұз болып қатады,
Жып-жылтыр боп жатады.
Қардан не жасауға болады?
Балалар тәрбиешімен бірге қардан әртүрлі кескіндер жасайды.
Ауладағы еңбек: Ойын алаңын қардан тазарту.
Қ.о: «Нысанаға кім бұрын жетеді?»
Мақсаты: Жылдамдыққа, шапшаңдыққа баулу.
Мазмұны: Тәрбиеші бір нысананы белгілеп қояды. Сол нысанаға белгі бойынша балалар кім бұрын жетсе, сол жеңімпаз атанады.
Дербес ойын: Балалардың ойындарына қолдау көрсету.
Жеке жұмыс: Зерттеу жұмысын игере алмаған баламен, жеке жұмыс жүргізу.
Құрал-жабдықтар: күректер, сыпырғыш.
Серуен №3
Халің қалай, қысқы ағаш? (бақылау-зерттеу)
Мақсаты: Экологиялық соқпақ бойындағы ағаштардың қысқы күйін көрсету, олардың қысқы тіршілігін түсіндіру. Балалардың ойлауын, байқағыштық қабілеттерін дамыту, табиғатқа деген сүйіспеншілікпен қарауға тәрбиелеу.
Серуеннің барысы:
Балалар, ағаштарға қараңдар, олар қандай екен? Неліктен?
Ағаштар қыста қалай тіршілік етеді деп ойлайсыңдар? (Пікірлерін айтады)
Байқасақ, ағаштар да қысқа дайындалалы екен. Бүкіл жаз бен қыс бойы діңдері мен бұтақтарына крахмал қорын жинайды. Олардың шырыны біртіндеп қоюлана береді. Алғашқы суық алдында ағаштың жасушыларында крахмал дәндері толып тұрады. Кішкентай қоймалары лық толады. Қыс қоры дайын.
Азық қорын жасап алған ағаштар аяздан қорықпайды. Күшті аяз кезінде шырын жүруі тоқталады десе де болады. Ағашты ұйықтап қалған дерсің. Крахмал қантқа айналады. Крахмал қантқа қаншалықты көп айналса, ағаш соншалықты терең ұйқыға кетіп, тыныштық табады. Сондықтан қыста ағаштар нағыз ұйқыға кіріседі.
Қыста ағаштарда қандай өзгерістер болады?
Сендер қандай ағаштарды білесіңдер?
Тәрбиеші өлең оқып оны балалармен бірге жаттайды.
Суретші
Шеберін-ай аяздың Мәнерін де кілемнің,
Әйнектерді қағаз ғып, Өркешін де әр таудың,
Әшекейлеп қойыпты, Мүйізін де арқардың
Бірнеше ою ойыпты. Айнытпай – ақ салыпты.
Түрлі түсін гүлдердің, (М. Жаманбалинов)
Ауладағы еңбек:
Қарды ағаштардың діңіне үю.
Д.о: «Бұлар қалай болады?»
Мақсаты: Логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, анық сөйлеуге үйрету.
Мазмұны: Тәрбиеші балаларға мынандай сұрақтар қояды. «Ағаш неден өсіп шығады?, «Оларда кейін қандай өзгерістер болады?», «Көктемде ше?» т.с.с
Қ.о «Бір, екі, үш – аталған ағашқа ұш»
Мазмұны: Белгі бойынша аталған ағашқа кім бұрын жетсе, сол жеңімпаз.
Дербес ойын: Жеке жұмыс: Тақпақты қайталату арқылы, тілін дамыту.
Серуен №4
Сәби шырша (бақылау)
Мақсаты: Шыршаның сипаттамасымен таныстыру, қылқандарына бақылау жүргізе отырып, балалардың ойлау қабілеттерін, зейінін, ой-өрісін дамыту. Табиғаттың әсемдігін сақтауға деген ынталарын ояту.
Серуеннің барысы:
Бүгін біздің кімге қонаққа баратынымызды табыңдар.
Кішкентай бойжеткен,
Сұлу еді неткен?
Инелері біздей,
Әрі жасыл екен. (Шырша)
Дұрыс айтасыңдар, қараңдаршы, өзі кіп-кішкентай, әсем әрі сымбатты екен. Шыршаның ұшы қашан да сүйір болып келеді. Ағаштың пішіні жіңішке конусты еске салады. Бұл –көлеңке сүйгіш ағш. Оның бір ерекшелігі-ол үсікке, аязға сезімтал болып келеді.
Қылқандарына қараңдар, олар қысқа. Бұтақтарын жиі өскен қылқан жапқан.
Шыршаның діңі жіңішке, тіпті шаңғының таяқшасына ұқсайтынын көресіңдер.
Кішкентай шыршаның әсемдігіне қарап, айнала қооршай тұрып, шырша жырын айтқың-ақ келеді.
Балалар өзара қол ұстасып, шыршаны айнала тұрып, шырша жырын қайталайды.
Тіке-тікен тік пісте,
Қысы –жазы бір түсте. (шырша)
Көркем сөз.
Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар, Келіңіздер, келіңіздер,
Таңырқасып тұрмаңыздар. Би де билеп беріңіздер.
Сәнді шырша шақырады, Қызығы мол Жаңа жылдың,
Шырша жырын жырлаңыздар! Тамашасын көріңіздер! (Ж.Қалжа)
Ауладағы еңбек: Қарларды күреу.
Қ.о: «Епті бол!»
Мақсаты: Зейінді дамыту, допты лақтыруға және қағып алуға жаттықтыру.
Барысы: Балалар шеңбер бойымен тұрады да, допты қағып алуға тиісті ойыншының есімін атап, допты лақтырады. Допты түсіріп алған бала шеңберге тұрып, балалардың тапсырмасы бойынша доппен 2-3 жаттығу жасайды. Ойын осылай қайталана береді.
Дербес ойын: Жеке жұмыс: Лақтыру дағдысын меңгерту.
Серуен №5
Ақ діңді ару (бақылау)
Мақсаты: Қайыңның сипаттамасымен таныстыру. Балалардың ой-өрісін, ойлау қабілеттерін дамыту, ағаштар туралы білуге деген қызығушылықтарын арттыру. Ағаштарға сүйіспеншілікпен және ұқыптылықпен қарауға тәрбиелеу.
Серуеннің барысы
Балалар, біз бүгін ғажайып аруға қонаққа барамыз, ол кім деп ойлайсыңдар?
Ақ көйлекті, көк желек,
Орманда орны бір бөлек.
Әннің аты деседі,
Сызды жерде өседі... (Қайың)
Ару қайыңға қараңдаршы.
Ол қандай екен?
Оны қандай сөздермен атауға болады? (Ақ ару, ақ діңді сұлу және т.с.с)
Қайың ең әдемі ағаштардың бірі. Ол барлық жерде кездесді.. Мұның себебі –ол ауа-райын талғай беремейді. Өте құрғақ жерден бастап, батпақты аймаққа дейінгі алуан түрлі топырақта өсе береді.
Қайың жарық сүйгіш ағаш, ол көлеңкелі жағдайды көтере алмайды. Оның діңіне қараңдаршы. Қандай екен? Қайың діңінің ерекше тартымдылығы бар, онда ақ түс қара өрнектермен ұштасқан. Оның қабығы қайыңтоз деп аталады. Қайың ағашы көктемде гүлдейді.
Ұлттық ойын: «Бөрік лақтыру»
Мақсаты: Алысқа лақтыруға жаттықтыру.
Мазмұны: Барлық ойынға қатысушылар бір қатарға тұрып, алға қарай кіші доптарды алма-кезек лақтырады. Бәрінен жақынға лақтырған ойыншы доптарды жинап әкеліп балаларға таратып береді.
Допты үш мәрте алысқа лақтырған ойыншы ойынның жеңімпазы болады. Ойын осылай жалғасады.
Ауладағы еңбек: Ойын алаңын қардан сыпыру.
Д.о: «Ағашты ата»
Мақсаты: Ағаштарды жапырақтарына қарап ажырата білуге үйрету.
Мазмұны: Тәрбиеші балаларға ағаштардың жапырағын көрсетеді, балалар олардың қай ағашқа тән екенін айтулары керек.
Дербес ойын: Жеке жұмыс: Лақтыру дағдысын меңгерту.
Құрал-жабдықтар: Сыпырғыш, ойынға арналған доптар.
Серуен №6
Тентек суретші (бақылау)
Мақсаты: Таңғаларлық өрнектерге назар аудару, олардың қалай пайда болғанын анықтау; балалардың қиялдауын, байқағыштығын, қысқы өрнектердің әсемдігін көре білу икемділігін дамыту.
Серуеннің барысы
Тәрбиеші серуенді мынандай жұмбақ айтудан бастайды:
Таңертең бар, кешке жоқ,
Кеш түгілі, түсте жоқ.
Мен әдемі моншақпын,
Ірі емеспін, ұсақпын.
Мойнына ешкім таға алмас,
Мендей мөлдір таба алмас. (Шық)
Мұндай шық жерге қашан түседі?
Сендер шықты көрдіңдер ме?
Ауладағы еңбек:
Қардан төбешік жасау.
Келесі серуенде балармен бірге, аязды бақылау жұмысын жалғастыруға болады. Басқа өлең, ойын қолдану керек.
Қ.о: «Біз сенен қорықпаймыз, ару Аяз!»
Мақсаты: Балалардың қимылдау дағдыларын дамыту.
Мазмұны: Балалар шеңберге тұрады, тәрбиеші «аяз» болды.
Аяз: қолдарыңды үсітемін! (балалар қол шапалақтайды)
Аяз: аяқтарыңды үсітемін: (Балалар шеңберді бойлап жүгіреді)
Аяз: мұрындарыңды үсітемін (Балалар мұрындарын уқалайды)
- Келіңдер аяздың терезеге қандай өрнек салғанын көрейік. (өрнектерді қарайды)
- Кім не көрді? (Балалар алған әсерлерін айтады, қиялдайды)
Шық қайдан пайда болады?
Күннің көзі ұзаққа жерді қыздырады. Түнде ұйқыға кетеді. Күндіз оның жылуынан көп су буға айналады. Жай көзге ол көрінбейді. Бу ауада еркін қыдырып жүреді. Кеш болып ағаш жапырақтары, тастар-бәрі салқындайды. Осы суыған заттарға бу тиеді де, домаланып, тамшыға айналады, ол тамшы-шық. Түні бойы шық болып демалады. Күн шығып шықты қыздыра бастайды. Күн көзінің жылуына шыдай алмай, ол тағы буға айналады. Күн ұзаққа бу ауада болып кешке тағы шыққа айналады. Осылайша шық-тамшы аспан мен жер арасында қыдырады да жүреді. Ол ешқашан құрып кетпейді, Бірде суға, бірде буға айналып жүре береді.
Өзі судан жаралған, бірақ судан қорқады. (Мұз)
Дербес ойын: Жеке жұмыс: Жұмбақтың мағынасын түсіндіру.
Құрал-жабдықтар: Күрек, сыпырғыш.
Серуен №7
Қысқы күн көзі (бақылау)
Мақсаты: Қысқы күн көзіне назар аудару, қыста күн жарқырағанымен, қыздырмайтынын анықтау. Талдау, салыстыру икемділігін дамыту.
Серуеннің барысы
Балалар, мынаның не екенін табыңдар:
Алтын алма,
Көк аспанда жылжиды,
Таң ата жымиады,
Бірақ қыздырмайды. (Күн)
Күнге назар аударыңдар, ол қандай екен? Күн қыста қыздыра ма?
Қыста күн жер бетіне жақын тұрады. Оның сәулелері қысқа, нашар жылытады, тек жарық береді. Ал жазда жер бетінен биікте орналасады, сәулелері ұзарып, жерді жақсы жылытады, сондықтан бізде жарық қана емес, жылы да болады.
Күнді еркелетіп қалай атауға болады? (Қызыл күн, алтын күн т.б)
Егер күн сөніп қалса, не болар еді деп ойлайсыңдар? (Балалар өз пікірлерін айтады)
Балалар басын көтеріп, алақандарын жоғары созып, күн сәулесіне қуана қарау ұсынылады. Олар «Армысың, алтын күн! Сенің болғаныңа мың да бір рахмет!» деп сәлемдеседі.
Аспанда күн жүреді,
Мейірленіп күледі.
Жер бетіне аямай,
Шуақтарын төгеді.
Ауладағы еңбек:
Ойын алаңын қардан тазарту.
Ұ.о: «Балапандар»
Мақсаты: Балалардың зейінін, икемділігін дамыту.
Мазмұны: Ойыншылар үш топқа бөлінеді. Әр топта «ұябасар» және оның «балапандары» бар. Санамақтың көмегімен үш «лашын» таңдалады.
Үш топ «балапандар» өзара қол ұстасып, тізбек түзе «ұябасардың» соңынан ілеседі. «балапандар» былай әндетеді:
Қол ұстасып, сап түзеп.
Дос боламыз бәріміз,
Балапандар батырмыз.
Тайсалмаймыз лашыннан,
Әсемдікті көруге,
Серуенге барамыз!
Мұнда «ұябасарлар» соңынан «балапандарын» ілестіріп, әртүрлі бұрылыстар жасайды. Егер осы сәтте тізбек үзілетін болса, қалып қойған ойыншыларға «лашындар» шабуыл жасайды. «Лашын» енесінен ажырап қалған «балапандарды» ғана аулайды. Сондықтан «балапандар» қайтадан тізбекке тұруға тырысады. Ал «ұябасар» өз «балапандарын» тек «лашын» шабуыл жасар сәтте ғана қорғайды. Егер «ұябасар» өз «балапандарын» қорғау кезінде «лашынға» қолын тигізсе, ол ойыннан шығады.
Серуен №8
Қыс келді- қар мен қуаныш әкелді! (бақылау-ойындар)
Мақсаты: Қыста далада уақытты көңілді өткізуге-дөңестен, конькимен, шанамен, шаңғымен сырғанауға, қар лақтырып ойнауға, қардан кескіндер жасауға болатынына балалардың назарын аудару. Балалардың қимылдау дағдыларын, шыпшаңдығын, икемділігін, зейінін дамыту, табиғатпен қауышудан қуаныш алуды тәрбиелеу.
Серуеннің барысы
Балалар, сендер қысты ұнатасыңдар ма?
Не үшін?
Қыста далада қалай ойнауға болады?
Сұлық жатыр ақ дала,
Сирек жатқан аң ғана.
Көтеріп бір аяғын
Қаздарым тұр аулада. (Қыс)
Қардан не жасауға болады?
Ауладағы еңбек:
Құстарды азықтандыру.
«Қысқы ермектер» эстафеталық ойын
«Мерген». Балалар нысанаға (себетке, шеңберге, және т.с.с қар лақтырады)
«Бұғылар мен якуттар» Топ балалары «бұғы» және «якут» деп аталатын жұптарға бөлінеді. «Якут» - бала шанаға отырады, «бұғы» - бала оны мәреге дейін жеткізіп, одан соң жұптар орындарын ауыстырып, топтың барлық ойыншылары сөреге қайтып келгенше қайта жүгіреді. Тапсырманы кім тезірек орындаса, сол жеңімпаз болады.
«Қар мүсін». Балалар қардан мүсін жасайды. Мүсінді тезірек жасаған топ жеңіске жетеді.
Қазақ ойыны «Таяқ тастау» Ойыншылар қар жалына үшкір таяқ лақтырудан жарысады. Балалар екі топқа бөлініп, кезектесіп таяқ лақтырады. Тәрбиеші дұрыс лақтыруды белгілеп, ол үшін ойыншыға бір ұпай береді. Ойын соңында ұпайлар саны есептеліп, жеңімпаз топ анықталады.
Дербес ойын: Жеке жұмыс: мүсіндеу дағдысын меңгерту.
Құрал-жабдықтар: Күректер, ойынға арналған атрибуттар, себет.
Серуен №9
Жалтыраған жылтыр мұз (бақылау- зерттеу)
Мақсаты: Балаларды мұзбен таныстырып, білімдерін кеңейту. Мұздың сапасымен және қасиетімен таныстыру. Мұздың суық, мөлдір, қатты болатынын айту. Тәжірибе жасау арқылы мұздың неден пайда болатынын көрсету. Жылы жерге кірсе мұздың суға айналатынын айту. Қызығушылықтарын арттыру. Мұздың табиғатқа пайдасы жайлы әңгімелеу. Егер де өзендер мен басқа да су қоймаларының бетін мұз жаппаса, олардағы барлық тіршілік иелері үсіп, тоңып, өліп қалар еді.
Серуеннің барысы
Қазір жылдың қай мезгілі?
Қыстың қай айы?
Сендер қысты ұнатасыңдар ма?
Неліктен?
Мұз неден пайда болады деп ойлайсыңдар?
Жұмбақ жасыру.
Отқа жанбайды,
Суға батпайды. (Мұз)
Дұрыс айтасыңдар. Мен сендерге мұздың табиғатқа пайдасы жайлы әңгімелеп берейін. Балалармен бірге мұзға бақылау жасау.
Ауладағы еңбек:
Қар кескіндерін жасау.
Қ.о: «Біз сенен қорықпаймыз, ару Аяз!»
Мақсаты: Балалардың қимылдау дағдыларын дамыту.
Мазмұны: Балалар шеңберге тұрады, тәрбиеші «аяз» болды.
Аяз: қолдарыңды үсітемін! (балалар қол шапалақтайды)
Аяз: аяқтарыңды үсітемін: (Балалар шеңберді бойлап жүгіреді)
Аяз: мұрындарыңды үсітемін (Балалар мұрындарын уқалайды)
- Келіңдер аяздың терезеге қандай өрнек салғанын көрейік. (өрнектерді қарайды)
- Кім не көрді? (Балалар алған әсерлерін айтады, қиялдайды)
Дербес ойын: Жеке жұмыс: Жұмбақ жаттату.
Құрал-жабдықтар: Күректер, ойынға арналған атрибуттар, себет.
Серуен №10
Қысқы ағаштарға (бақылау)
Мақсаты: Балалардың
ағаштар туралы білімдерін бекіту. Сұрақ
–жауап арқылы сөздік қорларын,
ой-өрістерін дамыту. Қоршаған ортаға
деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
Серуеннің барысы
Жұмбақ
Өсіп
тұрған бұл не?
Жаз болса жайнап
Саясында
ән салып,
Құстар жүрген сайрап.
Салқын
түссе шешіліп,
Қалады өзі жайрап.
(ағаш)
Мысал
сұрақтар
-
Қазір жылдың қай мезгілі?
- Бүгін ауа
–райы қандай?
- Қандай ағаш түрлерін
білесіңдер?
- Ағаштардың бұтағынан
не көріп тұрсыңдар?
- Ағаштың пайдасы
бар ма?
- Ағаштан не жасайды?
-
Ағаштарды орынсыз шауып тастауға бола
ма?
Ауладағы
еңбек: Ойын
алаңын қардан тазарту.
Ұлттық
ойын: «Бөрік лақтыру»
Мақсаты: Алысқа лақтыруға жаттықтыру.
Мазмұны: Барлық ойынға қатысушылар бір қатарға тұрып, алға қарай кіші доптарды алма-кезек лақтырады. Бәрінен жақынға лақтырған ойыншы доптарды жинап әкеліп балаларға таратып береді.
Допты үш мәрте алысқа лақтырған ойыншы ойынның жеңімпазы болады. Ойын осылай жалғасады.
Д.о: «Ағашты ата»
Мақсаты: Ағаштарды жапырақтарын суреттеу бойынша ажырата білуге үйрету.
Мазмұны: Тәрбиеші балаларға ағаштардың жапырағын суреттейді, балалар олардың қай ағашқа тән екенін айтулары керек.
Дербес ойын: Жеке жұмыс: Лақтыру дағдысын меңгерту.
Құрал-жабдықтар: Күректер, ойынға арналған атрибуттар, себет.
Серуен №11
Аязға (бақылау)
Мақсаты: Балалардың
қыс мезгілі туралы білімдерін бекіту.
Табиғат құбылыстарын бақылай білуге
баулу. Сөздік қорларын, ой-өрісін дамыту.
Қоршаған ортаға деген сүйіспеншілікке
тәрбиелеу.
Серуеннің барысы
Көркем
сөз
Шашқандай
түнде күміс,
Аспан, жер екі арасы,
Сияқты
бұл көрініс,
Аяздың шекарасы.
Мысал
сұрақтар
-
Қазір жылдың қай мезгілі?
- Қыстың
қай айы?
- Бүгін ауа-райы қандай?
-
Аяз терезелерге не салып қояды?
- Аяз
екенін қайдан білдіңдер?
- Неге аяз
болғанда күміс шашқандай дейді?
Ауладағы еңбек:
Қар кескіндерін жасау.
Қ.о: «Біз сенен қорықпаймыз, ару Аяз!»
Мақсаты: Балалардың қимылдау дағдыларын дамыту.
Мазмұны: Балалар шеңберге тұрады, тәрбиеші «аяз» болды.
Аяз: қолдарыңды үсітемін! (балалар қол шапалақтайды)
Аяз: аяқтарыңды үсітемін: (Балалар шеңберді бойлап жүгіреді)
Аяз: мұрындарыңды үсітемін (Балалар мұрындарын уқалайды)
- Келіңдер аяздың терезеге қандай өрнек салғанын көрейік. (өрнектерді қарайды)
- Кім не көрді? (Балалар алған әсерлерін айтады, қиялдайды)
Дербес ойын: Жеке жұмыс: Қимылдау дағдысын меңгерту.
Құрал-жабдықтар: Күректер.
Серуен №12
Мұзға (бақылау)
Мақсаты: Балаларға
мұз туралы білімдерін бекіту. Сұрақ-жауап
арқылы сөздік қорларын, ой-өрістерін
дамыту.
Серуеннің барысы
Жұмбақ
Отқа
жанбайды,
Суға батпайды. (мұз)
Мысал
сұрақтар
-
Қазір қай жыл мезгілі?
- Мұз қалай
пайда болады?
- Мұздың түсі қандай?
-
Неге мұз отқа жанбайды?
- Ол неге суға
батпайды?
Ауладағы еңбек:
Құстарды азықтандыру.
«Қысқы ермектер» эстафеталық ойын
«Мерген». Балалар нысанаға (себетке, шеңберге, және т.с.с қар лақтырады)
«Бұғылар мен якуттар» Топ балалары «бұғы» және «якут» деп аталатын жұптарға бөлінеді. «Якут» - бала шанаға отырады, «бұғы» - бала оны мәреге дейін жеткізіп, одан соң жұптар орындарын ауыстырып, топтың барлық ойыншылары сөреге қайтып келгенше қайта жүгіреді. Тапсырманы кім тезірек орындаса, сол жеңімпаз болады.
«Қар мүсін». Балалар қардан мүсін жасайды. Мүсінді тезірек жасаған топ жеңіске жетеді.
Қазақ ойыны «Таяқ тастау» Ойыншылар қар жалына үшкір таяқ лақтырудан жарысады. Балалар екі топқа бөлініп, кезектесіп таяқ лақтырады. Тәрбиеші дұрыс лақтыруды белгілеп, ол үшін ойыншыға бір ұпай береді. Ойын соңында ұпайлар саны есептеліп, жеңімпаз топ анықталады.
Дербес ойын: Жеке жұмыс: Лақтыру дағдысын меңгерту.
Құрал-жабдықтар: Күректер. Құстаға арналған жем.
Серуен №13
Неткен таза, қысқы ауа! (бақылау)
Мақсаты: Балаларға
қыс туралы түсінік беру, қыстың
өзгешелігіне, сұлулыққа сүйсінуге
тәрбиелеу. Ақыл –ойын дамыту.
Қар
жауып тұр, күн шығып тұр, жылы, салқын,
аяз, сияқты жаңа сөздер қатарларының
мазмұнын түсіндіру.
Серуеннің барысы
Мысал
сұрақтар:
-
Балалар қазір жылдың қандай маусымы?
-
Оны қайдан білеміз?
- Балалар, біз
қандай киім киіп жүреміз?
- Бүгін күн
қандай?
- Балалар, қар қалай жауып
тұр?
- Қардың ақ ұлпалары жерге қалай
қонып жатыр?
Жұмбақ
1. Қыста
ғана болады
Ұстасаң қолың тонады
(қар)
2. Қолы
жоқ сурет салады
Тісі жоқ, тістеп
алады (аяз)
3. Жалт
–жұлт етеді
Ұстасаң еріп кетеді
(қар)
Ауладағы еңбек: Ойын алаңын қардан тазарту.
Қ.о: «Торғайлар мен көлік»
Мақсаты: Балаларды ептілікке, шапшаңдыққа баулу.
Мазмұны:
Алаңның шекарасы сызылады. Алаңның бір шетінде торғайлар, екінші шетінде гараж. Тәрбиеші «торғайлар ұясынан ұшады» дейді. Балалар орындарынан секіріп қимыл қозғалыстар жасайды. Гудок беріліп көлік көрінеді. Торғайлар үркіп, өз ұяларына ұшып кетуі тиіс. Ойын осылай жалғасады.
Дербес ойын: Жеке жұмыс: Лақтыру дағдысын меңгерту.
Құрал-жабдықтар: Күректер, ойынға арналған атрибуттар.
Серуен №14
Жұмбақ іздер! (бақылау- зерттеу)
Мақсаты: Қардағы іздерге бақылау жасау арқылы балалардың қызығушылықтарын ояту. Іздердің ненікі, кімдікі екенін анықтау. Өздерінің іздерін салып көрсету. Құстардың іздерін тауып көрсетулерін сұрау. Құстардың, адамдардың, көліктердің, шаналардың іздері. Қашан қалдырылғанын анықтау.
Серуеннің барысы
Балалар, біз бүгін қардағы іздерге бақылау жасайық. Зерттеу жүргізу арқылы кімнің іздері екенін анықтау. Өз іздерін салғызып көрсету. Әр нәрсенің өз ізі болады екен. Құстардың іздерін көрсету.
Қар үстіндегі іздер қандай болады екен? (әр түрлі екендерін айтады)
Мына жатқан ненің ізі? (құстардың ізі екенін айтады)
Ауладағы еңбек:
Құстарға жем беру. Жемшашарларын қардан тазарту.
Қ.о: «Құстар мен тор»
Мақсаты: Ептілікке, шапшаңдыққа тәрбиелеу.
Мазмұны:
Нұсқаушы балалардан «құсбегі» мен «құстарды» таңдап алады, басқа ойнаушылар – «құстар»: көгершіндер, қарлығаштар, кептерлер.
Шеңбер сызылады ол «тор», ортасына торғай отырғызылады. «Құсбегі» тордың маңайында өз тұтқынын қолын созып тордан шығарып алмақшы болып жүрген басқалардан қорғап жүреді. «Құсбегінің» қолы қай құсқа тисе сол «тұтқын» болып саналады. Егер «құсбегі» ұзақ уақыт ешкімді ұстай алмаса басқа бала сайланады.
Д.о «Бұл кімнің ізі?»
Мақсаты: Іздерді ажырата білуге үйрету.
Дербес ойын: Жеке жұмыс: Кімнің ізі екенін анықтау.
Құрал-жабдықтар: Күректер, ойынға арналған атрибуттар.
Серуен №15
Қыс-Ана жұмбақтары (жұмбақтар)
Мақсаты: Қыстың белгілері туралы білімдерін пысықтау, ойлауын, есте сақтау қабілетін, зейінін, табиғаттың әсемдігін көре білу икемділігін дамыту, табиғатқа деген сүйіспеншілік сезімдерін тәрбиелеу.
Серуеннің барысы
Қазір жылдың қай мезгілі?
Қай ай?
Қыстың қандай белгілерін білесіңдер?
Қазір қыстың қандай белгілері көрініп тұр?
Келіңдер қыс туралы өлеңдерді еске түсірейік
Күн қысқарып,
Күн сәулесі азайды.
Аяз келіп,
Енді қыс та басталды.
Жұмбақ жасыру:
Аяғы жоқ, қолы жоқ, сурет сала біледі. (Аяз)
Аң емес, бірақ ұлиды. (Жел)
Ақ сәбіз қыста өседі. «Мұз сұңгісі)
Далада жүреді, ат емес, еркін ұшады, құс емес. (Қарлы боран, бұрқасын)
Ауладағы еңбек:
Серуенге алып шыққан заттарды жинап, оны қардан тазарту керек.
Қ.о: «Кім бұтаға бұрын жетеді?
Мақсаты: Шапшаңдықтарын, бұталарды айыра білу икемділігін дамыту.
Мазмұны: Балалар тәрбиешінің белгі беруімен белгіленген бұтаға дейін жүгіреді. Аталған бұтаны тез әрі дұрыс таңдаған ойыншы жеңеді.
Балалар, қыс айларын атаңдар.
Қазір қыстың қай айы?
Ұлтық ойын: «Таяқ лақтыру»
Мақсаты: Жергілікті жерде бағдарлау икемділігін арттыру.
Мазмұны: Ойнаушылар таяқты алады да, оны біраз қашықтыққа жететіндей етіп, борпылдақ қарға лақтырады. Таяқтың қадалған жеріне белгі салады. Барлық ойыншылар таяқты лақтырып болған соң ең алыс орынды анықтайды, оның иесі ұтып шығады.
Дербес ойын: Жеке жұмыс: Лақтыру дағдысын меңгерту.
Құрал-жабдықтар: Күректер, ойынға арналған таяқ.
Серуен №16
Ақ жұлдызшалар (бақылау-тәжірибе)
Мақсаты: Қар ұшқындары мен олардың қасиеттеріне бақылау жүргізу, қар ұшқындарының алуан түрлі өрнектерін көрсету. Балалардың байқағыштығын, зейінін, әуесқойлығын дамыту, табиғатты сүюге тәрбиелеу.
Серуеннің барысы
Тәрбиеші жұмбақ жасырады: Қысқы ауада бұлыңғыр,
Қалықтайды жұлдызша.
Алақанға тоса алсам,
Жоқ болады қантша. (Қар ұшқыны)
Бұл не?
Қар ұшқынының ауада қалай қалықтайтынына қараңдар. Оны қолғаптарыңа тосып алып, лупамен көріңдер. Не көрдіңдер? (Балалардың пікірлері)
Қар ұшқынының өрнектері алуан түрлі болады, олардың ішінен өзара ұқсайтын біреуін де таба алмайсың.
Олар қолға қалай сезіледі? (Суық)
Қолғаптарыңды шешіп, қар ұшқынын алақанға тосып алыңдар.
Не болды? (қар еріп кетті)
Неліктен? (қар ұшқыны суық, қолымыз жылы)
Қар ұшқыны неге айналып кетті? (су тамшысына)
Ол неден тұрады? (судан)
Қараңдар, қар ұшқыны бір-бірден жер бетіне бірінің үстіне бірі түсіп жатыр, түсіп жатыр. Одан не пайда болады? (қар көрпесі, қар)
Күн сәулесі түскенде қар қандай болады? (жылтылдайды)
Одан не жасауға болады? (қар кескінін)
Тәрбиеші балаларға қар кескінін жасап ойнауды ұсынады.
Ауладағы еңбек:
Ойын алаңына алып шаққан заттарды қардан тазартып, жинау.
«Сенімді қол» ойыны
Мақсаты: Мергендікті дамыту.
Мазмұны: Ойын үшін қар жалы таңдалады.Ұзындықтары бірдей тағы бір немесе бірнеше таяқ керек болады. Кім найзаны қарға барынша терең қадай алса сол жеңімпаз.
Дербес ойын: Жеке жұмыс: Қадау дағдысын меңгерту.
Құрал-жабдықтар: Күректер, ойынға арналған таяқ.
Серуен №17
Ерекше ағаштар (бақылау)
Мақсаты: Ағаштардың қысқы келбетіне (қырау басуына), олардың ертегідегі ағаштарға ұқсауына назар аудару. Балалардың байқағыштық және ойлау қабілеттерін дамыту, табиғатты сүюге тәрбиелеу.
Серуеннің барысы
Балалар, мынау не болды екен?
Қар да емес, бал да емес.
Ағашты жапқан күміспен. (қырау)
Терезеге қонады.
Әсем ою ояды. (қырау)
Қырау жылдың қай мезгілінде түседі?
Оны қайдан көруге болады? (үйлердің шатырынан, саябақтағы орындықтардан, ағаштар мен шөптерден және т.с.с)
Қырау неден тұрады? (қардан, судан, будан)
Қырау өрнек салған ағаштарға қараңдар.
Олар қандай ағаштарға ұқсайды? (ертегідегі)
Ағаштардың қысқы тіршілігін білесіңдер ме? (олар ұйықтайды)
Жұмбақты шешіңдер.
Ақ қалпақты жігіттер.
Ұйқыда екен.
Қалпақтары тоқылмаған,
Тігілмеген. (қар басқан ағаштар)
Қырау өрнектеген ағаштардың әсемдігіне қараңдар. Біз құдды ертегі елінде жүргендейміз. Келіңдер, өзіміздің ағаштарға қарайық. Балалардың назарын ағаштардың келбетіне аудару.
Ауладағы еңбек:
Қарды ағаш діңіне үю.
«Сенімді қол» ойыны
Мақсаты: Мергендікті дамыту.
Мазмұны: Ойын үшін қар жалы таңдалады.Ұзындықтары бірдей тағы бір немесе бірнеше таяқ керек болады. Кім найзаны қарға барынша терең қадай алса сол жеңімпаз.
Дербес ойын: Жеке жұмыс: Қадау дағдысын меңгерту.
Құрал-жабдықтар: Күректер, ойынға арналған таяқ.
Серуен №18
Кім қонаққа ұшып келмек? (бақылау)
Мақсаты: Балаларды қыстайтын құстармен әрі қарай таныстыру. Білімдерін әрі қарай дамыту. Қыста құстар өліп қалмау үшін оларды тамақтандырып, күтіп аялауға тәрбиелеу. Қыстап қалатын құстарға қамқорлық көрсету.
Серуеннің барысы
Тәрбиеші балалармен бірге құс жемдеуіштеріне бақылау жүргізеді.
Балалар, сендер қандай құстарды көрдіңдер?
Жемдеуішке қандай құстар ұшып келді?
Мынандай өлеңдермен таныстырады.
Тас төбеде күн күлді,
Қошеметтеп оларды,
Қараторғай былтырғы,
Ұясына оралды. (Т.Молдағалиев)
Бірі қаңқ-қаңқ етеді, Бірі қарқ-қарқ етеді,
Бірі саңқ-саңқ етеді. Құстар легі қашанда,
Бірі шиқ-шиқ етеді, Үзілмейді аспанда.
Кімнің үйінде құстарға арналған жем салғыш бар?
Оған қай құстар ұшып келеді?
Осыдан кейін тәрбиеші балаларға мынандай логикалық тапсырма береді.
«Кім асханадан тамақтанады?» логикалық тапсырма.
Мен құстарды жемдеуішке кептірілген шетеннің бұтағын салып қойдым. Оған кішкентай сұр құстар ұшып келді (қыста олар қалада көп кездеседі), нанды шоқып жеді, ал шетенге тимеді. Одан соң төсі қызыл шағын мамықты құстар келді. Олар жүнін үрпитіп, біраз отырған соң шетеннің жидегін шоқи бастады. Келесі күні төсі сары құстар ұшып келді. Олар еттің майын өте ұнататын.
Асханадан қандай құстар тамақтанды? (торғай, шымшық, суықторғай)
Қыстайтын құстарды атаңдар. Олар неліктен осылай аталады?
Ауладаға еңбек:
Құстарға жемдеуіш ілу.
Қ.о: «Қақталған шынжыр»
Мақсаты: Шыдамдылықты, топты қорғау үшін бүкіл күш-қуатын жұмылдыру икемділігін, жолдастық көмек көрсету сезімін тәрбиелеу.
Мазмұны: Балалар бірдей екі топқа бөлінеді. Бір топ былай дейді: «қақталған шынжыр, бізді босатыңдар», Екіншісі «біздің қайсымыз?» - деп сұрайды. Бірінші топтың балалары ойыншының есімін атайды. Аталған бала жүгірген бойы екінші топтың шынжырын үзуге тырысады. Егер үзіп шықса, кез келген ойыншыны алады, үзе алмаса-өзі осы топта қалады.
Дербес ойын: Жеке жұмыс: Тақпақты жаттату.
Құрал-жабдықтар: Күректер, құстарға арналған жем.
Серуен
№19
Қарға, қарға, қарғалар (бақылау)
Мақсаты: Балаларды қыстайтын құстармен әрі қарай таныстыру. Білімдерін әрі қарай дамыту. Қыста құстар өліп қалмау үшін оларды тамақтандырып, күтіп аялауға тәрбиелеу. Қыстап қалатын құстарға қамқорлық көрсету. Қарғаға бақылау жасау.
Серуеннің барысы
Тәрбиеші балалармен бірге құс жемдеуіштеріне бақылау жүргізеді.
Мынандай өлеңдермен таныстырады.
Көркем
сөз
Қарға,
қарға, қарғалар
Қар үстінде
жорғалар
Боран соқса қор болар
Бұтаға
келіп қорғалар
Қысып кетсе сары
аяз
Мысал
сұрақтар
-
Балалар сендер қандай құстарды
білесіңдер?
- Қарға қандай құс?
-
Оның түсі қандай?
- Ол неге жылы жаққа
ұшып кетпейді?
- Қарға қайда өмір
сүреді?
- Ертегі кейіпкерінде қандай
рөл ойнайды?
Ауладаға еңбек:
Құстарға жемдеуіш ілу.
Қ.о: «Қақталған шынжыр»
Мақсаты: Шыдамдылықты, топты қорғау үшін бүкіл күш-қуатын жұмылдыру икемділігін, жолдастық көмек көрсету сезімін тәрбиелеу.
Мазмұны: Балалар бірдей екі топқа бөлінеді. Бір топ былай дейді: «қақталған шынжыр, бізді босатыңдар», Екіншісі «біздің қайсымыз?» - деп сұрайды. Бірінші топтың балалары ойыншының есімін атайды. Аталған бала жүгірген бойы екінші топтың шынжырын үзуге тырысады. Егер үзіп шықса, кез келген ойыншыны алады, үзе алмаса-өзі осы топта қалады.
Дербес ойын: Жеке жұмыс: Тақпақты жаттату.
Құрал-жабдықтар: Күректер, құстарға арналған жемдеуіш
Серуен
№20
Бұл ненің түтіні? (бақылау)
Мақсаты: Моржадан шыққан түтінге бақылау жасау. Ол ненің түтіні екенін айту. Неге біз, қыста пеш жағамыз? Түсіндіру. Түтіннің шығуы арқылы жел қайдан соғып тұрғанын анықтау. Үлкендердің еңбегіне қамқормен қарауға тәрбиелеу.
Серуеннің барысы
Тәрбиеші балалармен бірге үйдің төбесінен, моржадан шыққан түтінге бақылау жасайды.
Мысал
сұрақтар
-
Балалар сендер қалай ойлайсыңдар неге
моржадан түтін шығып жатыр?
- Біз неге
қыстың күні, пеш жағамыз? (Үйіміз жылы
болсын деп)
- Оның түсі қандай? (қара,
күйе)
- Түтіннің пайдасы бар ма? (жоқ
ол денсаулыққа зиян)
Ауладағы еңбек:
Серуенге алып шыққан заттарды жинап, оны қардан тазарту керек.
Ұлтық ойын: «Таяқ лақтыру»
Мақсаты: Жергілікті жерде бағдарлау икемділігін арттыру.
Мазмұны: Ойнаушылар таяқты алады да, оны біраз қашықтыққа жететіндей етіп, борпылдақ қарға лақтырады. Таяқтың қадалған жеріне белгі салады. Барлық ойыншылар таяқты лақтырып болған соң ең алыс орынды анықтайды, оның иесі ұтып шығады.
Қ.о: «Қақталған шынжыр»
Мақсаты: Шыдамдылықты, топты қорғау үшін бүкіл күш-қуатын жұмылдыру икемділігін, жолдастық көмек көрсету сезімін тәрбиелеу.
Мазмұны: Балалар бірдей екі топқа бөлінеді. Бір топ былай дейді: «қақталған шынжыр, бізді босатыңдар», Екіншісі «біздің қайсымыз?» - деп сұрайды. Бірінші топтың балалары ойыншының есімін атайды. Аталған бала жүгірген бойы екінші топтың шынжырын үзуге тырысады. Егер үзіп шықса, кез келген ойыншыны алады, үзе алмаса-өзі осы топта қалады.
Дербес ойын: Жеке жұмыс: Лақтыру дағдысын меңгерту.
Құрал-жабдықтар: Күректер.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген