"МДҰ педагогтары үшін іскерлік ойын"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

"МДҰ педагогтары үшін іскерлік ойын"

Материал туралы қысқаша түсінік
мектепке дейінгі ұйымдарының педагогтары арасында өткізілетін ойын тренингі. педагогтардың іскерлік ойындарына қатыстыру үшін.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«МДҰ педагогтары үшін іскерлік»


Мақсаты: Педагог тәрбиешілердің біліктілігін, іскерлігін, кәсіби шеберлігін анықтау, әрбір педагог өз қабілетін көрсете отырып, өзара тәжірбие алуға үйрету, бірлесе топ болып жұмыстануды көздеу. Педагогикалық ізденімпаздыққа қызығушылығын тәрбиелеу.

Ойын шарты:

  • өзгелерді тыңдай білу

  • ортақ шешім шығару

  • ойынға белсене қатысу

  • регламент сақтау


Ойынның барысы.

Жүргізуші: Қайырлы күн! Біздің іскерлік ойынымызға қош келдіңіздер. Бүгінгі ойында біз ойнап, ойланып, бір - біріміз туралы көбірек білеміз.
Сол үшін ең бірінші бір - бірімізбен жақсы көңілмен амандасайық. Шеңберге тұрып мына жүрекшені бір - бірімізге жылы сөз айтып береміз. (барлығы шеңберге тұрады, жылы сөз айтып, жүрекшені бір - біріне береді).
Бүгінгі ойын екі топқа бөлініп жүргізіледі. Сол үшін қазір сендер мұнда жатқан парақтарды таңдайсыңдар (барлық педагогтар парақтарды алып болған соң, жүргізуші парақтардың сыртында бейнеленген суреттерге сәйкес топтарға бөлінуді ұсынады).

№ 1 Тапсырма:
Сұрақ - жауап сайысы (жүргізуші сұрақтар қояды, бірінші жауап берген топқа ұпай жүреді).
1) Стандарттың негізінде жасалған мектепке дейінгі ұйымдарда білім беру процесін мемлекеттік нормативті құжат (Үлгілік оқу жоспары).
2) ҚР Конституциясы қай жылы, айы қабылданды (30.08.1995ж).
3) Балабақшада білім беретін бағдарлама неше бөлімінен тұрады? (5 сала бөлімі).
4) Баланың даму деңгейінің көрсеткіші (Индикатор)
5) Ортаңғы топ жастағы балалардың оқу қызметінің ұзақтығы? (15-20 минут)
6)Әлеумет білім беру саласының оқу қызметтері (Өзін-өзі тану,қоршаған ортамен таныстыру,экология негіздері)

7) Ересек топ жастағы балалардың оқу қызметінің ұзақтығы (20-25 минут)
8) Тілдер туралы ҚР Заңы қай жылы қабылданды? (1997ж)

№ 2 Тапсырма: «Тәрбиешінің дұрыс сөйлеуін және оқуын дамыту»
Парақтарға жаңылтпаштар мақалдар жазылған (әр топтың бір қатысушысы шығып бір парақты таңдап алады, содан кейін оқиды):
1. «Бала бал арасын қуалады,

Бал арасы баланы қуалады»

2. «Гүлім гүлге қарап күлімдеді,,
Көгілдір гүлге қонған аралар гуілдеді



№ 3 Тапсырма: «Ойлан, тап»
«Қанағаттандырылмағандықтан» сөзі жазылған парақ беріледі, топтарға 5 минут уақыт беріледі, осы уақытта осы сөзден басқа сөздер құрастыру керек. Ең көп сөздер жазған топ ұпай алады.

4 Ойын «Іздермен жүр»

№ 5 Тапсырма: «Есте сақтау қабілетін дамыту»
Жүргізуші бір қатар зат есім сөздер айтады. 15 сөз айтқан соң, педагогтарға осы сөздерді дәл айтылған ретімен жазуға ұсынады.
Тапсырманы орындаған соң, жүргізуші өз парағынан сөздерді оқиды, педагогтар өз жазғандарын тексереді.

Мектеп, балабақша, кітап, сөмке, көйлек, телефон, қуыршақ, машина, кәмпит, гүл, диск, флешка, үстел, орындық, ноутбук.

6 Ойын: «Көз жұмып іздермен жүру»

.№ 7 Тапсырма: «Суретпен жұмыс»
Бұл тапсырмада әр топ берілген тақырып бойынша сурет салу салуы керек.

Бірінші топқа «Отбасы».

Екінші топқа «Балабақша».

Содан кейін әр топ өзінің суретін қорғайды.

Құрметті әріптестер, осымен біздің ойынымыз аяқталуына жетті. Енді ұпай санын санайық. осы парақтарға бүгінгі ойын туралы өз пікірлеріңізді жазуға ұсынамын.
рахмет, келесі кездескенше.





















1. «Бала бал арасын қуалады,

Бал арасы баланы қуалады»




2. «Гүлім гүлге қарап күлімдеді,,
Көгілдір гүлге қонған аралар гуілдеді







































Қанағаттандырылмағандықтан

















































Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
08.02.2022
735
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі