15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
М.Дулатов «Шешенің балаларын сүюі» Әдебиеттік оқу 4 сынып
Бекітемін:
Пәннің аты Әдебиеттік оқу |
Уақыты:27.11.2018ж.
|
Кабинет: №205 Класс 4 «А» |
Мұғалім Дошаева А.Қ. |
Сабақтың атауы |
М.Дулатов «Шешенің балаларын сүюі»
|
||
Мақсаты
Күтілетін нәтиже
Түрі
Сабақтың жабыдығы
|
Сабақтың мақсаты:. Білімділік : ХХ ғасыр әдебиетінің көрнекі өкілі М.Дулатов өмірі мен шығармашылығына қысқаша тоқталып, « Шешенің балаларын сүюі » өлеңімен таныстыру. Оқушылардың М. Дулатұлының өмірі мен шығармашылығы туралы алған білімдерін кеңейту. Өлеңнің мазмұны мен идеясын ұғындыру; Дамытушылық: Берілген тапсырмалар арқылы оқушылардың шығармашылық ізденістерін қалыптастыру, ойлау, сөйлеу қабілеттерін дамыту; Тәрбиелілік: оқушылардың өмірдегі ең ардақты жан – ананы сүюге,қадірлеуге, перзенттік парызын өтеуге тәрбиелеу.Ананы сыйлауға, қадірлеуге, ұйымшылдыққа, мейірімділікке тәрбиелеу. Күтілетін нәтиже: М.Дулатовтың өмірі мен шығармашылығын біледі;Өлеңнің тәрбиелік мәнін түсінеді;Әр бала анасын сыйлауды,қадірлеуді үйренеді.
Сабақтың міндеттері: 1. Өз ойын еркін жеткізуге ықпал ету; 2. Өзін және өзгені бағалай алуға ықпал ету;. 3.Өзіндік пікір қалыптастыруға негіз болу;. Сабақтың типі: Жаңа білім беру Сабақтың түрі: Аралас сабақ. Сабақтың әдіс-тәсілдері: СТО технологиясы, топтастыру, сұрақ-жауап, Сабаққа қажетті ресурстар: Оқулық, стикер, маркерлер, ақынның портреті, суреттер, шаңырақ.
|
||
Психологиялық ахуал |
Сабағымызды бастамас бұрын ортаға шығып шаттық шеңберін құрайық. Қане айта қойыңыздар сіздер не көріп тұрсыздар? (шаңырақ) Шаңырақты қайда орналастырамыз. (киіз үйдің үстіңгі бөлігіне) Бұл шаңырақ уығымен тұр. Бәріміз ортаға шығып киіз үйдің құрылысын құрастырамыз. Бір шаңырақ астында біз, Оқимыз,үйренеміз,жалықпаймыз Білімнің шыңына біз шарықтаймыз! Уықтың түсі арқылы топқа бөлу І топ-Арман тобы (көк) ІІ топ- Күн тобы (жасыл) ІІІ топ- Мейірім тобы (қызыл) ІV топ- Жұлдыз тобы (сары) Топ басшысын сайлау. Бағалау парақтарын үлестіру. 5 мин |
Тренингке қатысады, топқа бөлінеді |
|
Қызығушылықты ояту |
Үй тапсырмасын тексеру. Әмірхан Абдуллинның «Ақкөл жағасында» (4 оқушыдан сұраймын басы,ортасы,аяғы) Үй тапсырмасын қорыту 1.Оқиға қалай басталды? 2.Ахаң балаларды кездесуге қай жерге шақырды? 3.Ақкөлде қандай балықтар бар еді? 4.Ахмет не туралы жұмбақ жасырды? 5.Жұмбақтан басқа балалар тағы не айтысты? 6.Жұмбақ пен жаңылтпашты олар қайдан үйреніпті? Балалар өткен тақырыпта балалардың айтқан жұмбақ, жаңылтпаштары ұнады ма? Ендеше, мен сіздерге мынадай жұмбақ жасырайын, сіздер таба қойыңыздар. Бала
бала, бала деп, Біздің қазақ әдебиетінде Ана тақырыбына қалам тартпаған жазушы кемде- кем. Ана бізге жарық сыйлаушы, өмірдің тірегі, шаңырағымыздың ұйытқысы. Ендеше біздің бүгінгі жаңа тақырыбымыз осыған арналмақ. Міржақып Дулатұлының «Шешенің балаларын сүюі» өлеңімен танысамыз. 7 мин
|
||
Мағынаны тану |
Өлеңді үнтаспадан тыңдату Өлеңнін мағынасын ашу -Бұл өлеңнің тақырыбы ананың балаға деген махаббаты. Негізгі идея тақырыппен тығыз байланысты. Идеясы ананы сүю,балаға ананың қадірін ұқтыру. Автор туралы мәлімет. Міржақып Дулатұлы – қазақтың белгілі ақыны, жазушы, ағартушы-педагог. 1885 жылы 25 қарашада Қостанай облысының Сарықопа ауылында дүниеге келген. Міржақып Дулатұлы ауыл мектебінде оқып, сауат ашқан. Болашақ ақын 1897-1902 жылдары Торғай қаласындағы орыс-қазақ мектебінде оқиды. Содан кейін ауыл мектебінде мұғалім болып жұмыс істейді. Мұғалімдікпен қатар өлең де жаза бастайды. Ақынның ең алғашқы өлеңі «Жастарға» деп аталады. 1909 жылы «Оян, қазақ!» атты өлеңдер жинағы басылды. Көп жыл қуғында жүріп, 1935 жылы түрме ауруханасында ауыр науқастан қайтыс болады. Дәптермен жұмыс: Ақпанның жиырма алтысы Міржақып Дулатұлы (1885-1935) «Шешенің балаларын сүюі» Сөздік
жұмысы |
||
Сергіту сәті |
Анашым –анажаным. Балалар хормен ән орындайды. Аналарын еске алып сергіп алады. 2 мин |
||
Ой толғаныс |
Оқушылар енді топтық жұмыстар жасайық 1-топ
Сатылай кешенді талдау. Арман тобы 4-топ. Полиглот ойыны. Суреттер арқылы қазақ,ағылшын орыс тілдерінде айту. (Ана, әже, бала, отбасы) Мейірім тобы 8 мин
Қорытындылау Сұрақ-жауап. Сұрақтар қою І топ. М. Дулатов кім? Қай жылы дүниеге келген? ІІ топ. М.Дулатовтың ең алғаш шығарған өлеңі қалай аталады? 1909ж жарыққа шыққан кітабы? ІІІ топ. Көз жасын көлдету деген не мағынаны білдіреді екен? Өлеңде ананың қамқорлығы айтылған тұстарды тауып оқы.
IV
топ.
Өлеңнің тәрбиелік мәні қандай? М.Дулатов
қай жылдары қайтыс болды? 5 мин Рефлекция Ислам жолы да Ананы бәрінен артық ардақтауды талап етеді. Әділ патшаның: « Құдайдың көңілінен қалай шығуға болады?» — деген сұрағына, дана уәзірі: « Анаңды қуанту арқылы », — деп жауап берген. - Балалар, анамызды біздер өзіміздің жақсы қылығымызбен, жақсы сөздерімізбен қуанта аламыз. Олай болса қазір жылдың қыс мезгілі болғанымен тақтада тұрған құшақ жайған ананың суретіне гүлді жылы тілек айту арқылы көңілдерін жаз етейік. 3 мин
|
||
Үйге тапсырма |
Үйге тапсырма: М.Дулатовтың «Шешенің балаларын сүюі» өлеңін жаттау.«Менің аяулы анам»тақырыбында эссе жазу. 1мин |
Күнделіктеріне жазып беремін |
|
Бағалау |
Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау
|
Бағалау парақшасын толтырады. 2 мин |
|
Кері байланыс |
|
Жетістіктер баспалдығы |
|

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген