Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Медиа сауаттылық авторлық бағдарлама

Материал туралы қысқаша түсінік
Медиа сауаттылық бойынша дайын авторлық бағдарлама Мазмұны Түсінік хат...............................................................................................................................2 – 3 Бағдарлама мазмұны..................................................................................................................4 Күнтізбелік тақырыптық жоспар......................................................................................5 – 6 Сабақ үлгілері.......................................................................................................................7 – 29 Қосымша..............................................................................................................................30 – 62 Қорытынды................................................................................................................................63 Пайдаланылған әдебиеттер..........................................................................................
Материалдың қысқаша нұсқасы


Мазмұны


Түсінік хат...............................................................................................................................2 – 3

Бағдарлама мазмұны..................................................................................................................4

Күнтізбелік тақырыптық жоспар......................................................................................5 – 6

Сабақ үлгілері.......................................................................................................................7 – 29

Қосымша..............................................................................................................................30 – 62

Қорытынды................................................................................................................................63

Пайдаланылған әдебиеттер.....................................................................................................64



































Түсінік хат

Қазіргі демократиялық қоғамда медианың (коммуникация құралдары) қоғамдық пікірді қалыптастырудағы рөлі өте үлкен. Медианың негізгі міндеті – азаматтарға елде және әлемде болып жатқан оқиғалар жайында ақпарат беру. Қазіргі заманда сауатты адамның оқи алуы, санай алуы және жаза алуы аздық етеді. Әртүрлі медиа мен түрлі ақпараттық арналар арқылы ақпарат келіп түседі. Оқушылардың ақпаратты табу үшін, пайдалы қырынан пайдалану үшін, сыни тұрғыда ойлап-қорыту үшін қабілет-қарымы жетпей жатады. Ол үшін медиа және ақпараттық сауаттылық деп аталатын дағдыны мықтап игеру керек.

Біздің өмірімізді ақпараттық және коммуникациялық технологиялардан бөліп қарау мүмкін емес. Медиасауатты адам болу үшін ақпаратпен және ақпараттық технологиялармен дұрыс жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру керек.

Медиасауаттылық – бейнелерді (образдарды), дыбыстарды және хабарламаларды алу, талдап-сараптау және бағалау қабілеті, сонымен қатар медиа әлемде жеке мақсаттарда дұрыс байланыс орнату қабілеті.

Медиасауаттылыққа мына құзіреттер жатады:

Эстетикалық және шығармашылық:

медиаконтентті зерделеу, жасау және түсіндіру қабілеті.

Бұл қабілеттерді оқушылар өз беттерінше медиаконтент жасау арқылы қалыптастыра алады. Байланыс және коммуникация: медианың жәрдемімен қарым-қатынас орнату және түрлі медиа рөлдерді жобалай білу қабілеті, яғни ақпарат тұтынушы және ақпарат жеткізуші болып көру. Оқушылар бұған серіктестік орнату және тәжірбиелік тапсырмаларды орындау барысында үйренеді. Байланыс орнату дағдылары өз көзқарастарын білдіруге дағдылануға көмектеседі. Сыни ойлау және талдау: медиаформаларды және олардың мазмұнын әртүрлі талдау құралдарының көмегімен түсіну, түсіндіру және бағалау қабілеті. Қауіпсіздік: мәселелерді шешу және жағымсыз жағдайлардан аулақ болу. Интернеттегі қауіпсіздік туралы айтар болсақ, адамның жеке өміріне зиян келтіретін контенттен және қауіпті байланыстардан сақ болу керек. Медиа және ақпараттық сауаттылық – медианы, бұқаралық ақпарат құралдарын және басқа да ақпарат көздерін (кітапхана, мұрағат, мұражай) тиімді пайдалану қабілеті. Бұл сыни ойлау және өмір бойы оқу, іздену, білім алу дағдыларымен байланысты. Бұлар – азаматтық қоғамда белсенді өмір сүріп, әлеуметтену үшін өте қажетті дағдылар.

Бағдарлама мақсаты – оқушылардың бойында коммуникация құралдарын қауіпсіз пайдалануға қажетті құзіреттерді қалыптастыру; өз көзқарасын білдіруге, жеке танымын қалыптастыруға, өмір бойы ізденуге, оқуға, жаңа білім алуға машықтануға көмектесу


Міндеті:

  • баспасөзде жазылған, теле және радиобағдарламаларда, кинофильмдерде айтылған, интернетте және басқа да ақпарат көздерінде жарияланған ақпаратты зерделеп, талдап-сараптап, сыни бағалап және іріктей алатын болуы керек

  • Әртүрлі коммуникация құралдарындағы хабарламалардың шығу мақсаты мен себептерін түсініп, осыған байланысты сенімді ақпаратты таңдай алулары керек;

  • Көпшілікке арналған ақпаратты, сондай-ақ ақпараттық технологиялардың мүмкіндіктерін саналы түрде әрі тиімді пайдалана білулері керек

  • Ақпараттық хабарламаларды әртүрлі формада дайындай алулары қажет;

  • Бұқаралық ақпарат құралдары мен медианың рөлін бағалап, олар бетпе-бет келетін қатерлерді түсіне білулері керек

Күтілетін нәтижелер:

  • көпшілікке арналған ақпараттың жеке тұлғаға, қоғамға, мәдениеттің қалыптасуына ықпалын түсінеді;

  • сөз бостандығына жауапкершілікпен қарайды, оның шегін біледі;

  • БАҚ таратқан ақпараттың мазмұнын, оқиға мен құбылыстардың берілуін сыни тұрғыда қабылдай алады;

  • виртуалды және медиа ортада өзін әдепті, жауапты, салмақты ұстай алады, хабарламалар дайындап, оны бұқаралық ақпарат құралдары арқылы тарата алады;

  • виртуалды ортада байланыс орнатқанда зиянды немесе біреуді қорлайтын, кемсітетін сөздерді пайдаланбайды;

  • көпшілікке арналған тиянақты дайындалған сапалы ақпаратты тапсырыспен жазылған, жалған, асығыс дайындалған, сапасыз ақпараттан ажырата біледі;

  • неліктен бір ақпаратты әртүрлі адамның әртүрлі қабылдайтын біледі, түсіндіре алады.














Бағдарлама мазмұны


«Ақпарат» және «медиа»: Медиалық және ақпараттық сауаттылық(МАС), Бұқаралық ақпарат құралдарының түрлері, БАҚ-ң қазіргі рөлі, Медиа мен аудитория: ықпал етуші қайсы?, Ақпараттық соғыстар, Медиа көмегімен манипуляция жасау, Фейк:жалған ақпаратты кім және не себепті шығарады?, Ақпаратты сыни қабылдау, Ақпараттық стандарттар (І тоқсан )

Ақпараттық стандарттар және жаңа медиа дәуіріндегі этика: Өзін-өзі реттеу механизмдері, БАҚ-та алауыздық тудырудың маркерлері, Ақпараттық шақыртулар мен қауіп-қатер(теория), Жеке және қоғамдық медиагигиена , Ақпараттық қауіпсіздік қағидалары, Қазіргі заманғы ақпарат көздері және олардың сипаты. Жаһандық ақпарат кеңістігі. (ІІ тоқсан)

Әлеуметтік медиа және Интернет: Интернет деген не?!, Интернет тарихы жайында бірер сөз, Әлеуметтік медиа: мүмкіндіктер мен қатерлер, Интернет пен әлеуметтік желілердің қоғамға ықпалы, Ақпараттық жанрлар:сұхбат, репортаж, Ақпарат стандарттары, Журналистикадағы өзін-өзі реттеу, Ақпарат сапасын бағалау әдістері, Жаңалықтарды таңдайтын технология:бақылау, аудитория. (ІІІ тоқсан)

Қазіргі заман жасөспірімдерінің психологиялық бейнесі: Есеюдің қиындықтары, Медиа әлем мен жасөспірім, Жасөспірім және Интернет, Компьютердегі және онлайн ойындар, Жасөспірім және БАҚ, Желідегі этикалық ережелер. (IV тоқсан)













Күнтізбелік тақырыптық жоспар


Бөлімдер

Сабақтың №

Тақырыптар

Сағат саны

Мерзімі

Ескерту

1-тоқсан

9



«Ақпарат» және «медиа»

1

Медиалық және ақпараттық сауаттылық(МАС)

1



2

Бұқаралық ақпарат құралдарының түрлері

1



3

БАҚ-ң қазіргі рөлі

1



4

Медиа мен аудитория: ықпал етуші қайсы?

1



5

Ақпараттық соғыстар

1



6

Медиа көмегімен манипуляция жасау

1



7

Фейк:жалған ақпаратты кім және не себепті шығарады?

1



8

Ақпаратты сыни қабылдау

1



9

Ақпараттық стандарттар

1




2-тоқсан

7



Ақпараттық

стандарттар және жаңа медиа дәуіріндегі этика

10

Өзін-өзі реттеу механизмдері

1



11

БАҚ-та алауыздық тудырудың маркерлері

1



12-13

Ақпараттық шақыртулар мен қауіп-қатер(теория)

2



14

Жеке және қоғамдық медиагигиена

1



15

Ақпараттық қауіпсіздік қағидалары

1



16

Қазіргі заманғы ақпарат көздері және олардың сипаты.

Жаһандық ақпарат кеңістігі.

1




3-тоқсан

10



17

Интернет деген не?!

1



Әлеуметтік медиа және Интернет

18

Интернет тарихы жайында бірер сөз

1



19

Әлеуметтік медиа: мүмкіндіктер мен қатерлер

1



20

Интернет пен әлеуметтік желілердің қоғамға ықпалы

1



21

Ақпараттық жанрлар:сұхбат, репортаж

1



22

Ақпарат стандарттары

1



23

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
09.08.2023
1072
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12