400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Медициналық қызметкердің коммуникативті біліктілігі мен құзыреттілігі.

Материал туралы қысқаша түсінік
- психикалық әрекет нәтижелерін зерттеу арқылы емделушінің психологиялық жағдайындағы өзгерістерді айыра білу дағдыларын көрсетеді. - медициналық сұхбат құрылымын, қарым-қатынас жасау жолдарын, құрылымын түсіндіреді. - емделушіге бейімделінген медициналық сұхбаттың лайықты үлгісін таңдайды. - «Өзін-өзі реттеу және аутогендік жаттығу» әдісіне бейімделеді.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Семей» Медициналық колледжі» мекемесі

Учреждение «Медицинский колледж «Семей»




Ашық сабақ

Открытый урок

Open Lesson



Оқу-әдістемелік кешені

Учебно-методический комплекс



Пән: Психология негіздері және коммуникативтік дағдылар

Предмет:


Мамандық: 0301000 «Емдеу ісі»

Специаность:


Біліктілік: 0301013 «Фельдшер»

Квалификация:


Тақырып: Медициналық қызметкердің коммуникативті біліктілігі мен құзыреттілігі.

Тема: Коммуникативная компетентность и квалификация медицинского работника

Lesson topic: Communicative competence and qualification of medical personnel

Оқытушы: Заманбеков Қ.Ж.

Преподаватель:



ӘБК мәжілісінде қаралды

Хаттама №________________

«____»____________ 20__ ж.

ӘБК төрайымы __________

Рассмотрено за заседании ПЦК

Протокол №________________

«____»____________ 20__ ж.

Председатель ПЦК __________


1


Оқу-әдістемелік кешеннің мазмұны

Содержание УМК


1 Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартынан көшірме.

Выписка из ГОСО РК


2 Типтік оқу бағдарламасынан көшірме

Выписка из типовой учебной программы


3 Жұмыс бағдарламасынан көшірме

Выписка из рабочей программы


4 Сабақтың әдістемелік әзірлемесі

Методическая разработка занятия

































2

Қазақстан Республикасының мемлекеттік

стандартынан көшірме

Выписка из государственного стандарта РК


ҚР МЖМБС 29.07.2016-661

ГОСО РК 29.07.2016-661


Психология негіздері және коммуникативтік дағдылар:

Основы психологии и коммуникативные навыки:

- психикалық әрекет нәтижелерін зерттеу арқылы емделушінің психологиялық жағдайындағы өзгерістерді айыра білу дағдыларын көрсетеді.

- медициналық сұхбат құрылымын, қарым-қатынас жасау жолдарын, құрылымын түсіндіреді.

- емделушіге бейімделінген медициналық сұхбаттың лайықты үлгісін таңдайды.

- «Өзін-өзі реттеу және аутогендік жаттығу» әдісіне бейімделеді.

Білуі керек:

- басты танымдық үрдістер айырмасын түсіндіреді;

- медицина қызметкері әрекетіндегі сезіну, қабылдау, ұсыну және басқа да танымдық үрдістерді қолданады.

- парасаттылық деңгей мен ойлана білу стилін бағалайды.

- түрлі жағдайларда медицина қызметкері, емделуші мен емделушінің туған туыстары арасында тиімді қарым-қатынас жасау әдісін қолданады.

- емделушінің медицина қызметкеріне айтқан проблемасын анықтайды.

- қарым-қатынас жасаудың вербалді және вербальді емес тәсілдерін қолданады.

- қарым-қатынас жасау және қарым-қатынас үрдісі мәселелерін қолданады және оларды практикада тиімді қолданады.

- тестілеу және сауалнама жүргізу дағдыларын қолданады және алған нәтижелерін өзінше түсіндіреді.

- қарым-қатынас құзыреттілігінің маңызын қоғамдық денсаулық сақтау мамандарының денсаулық сақтау ұйымы әкімшілігімен, медицина қызметкерлерімен, емделушілермен тиімді жанжалсыз өзара әрекет ету үшін бағалайды.

- психоэмоциялық шиеленісушілік, жеке бас тынышсыздық жағдайын бағалайды.

Знать:

Істей білуі керек:

- ес, көңіл жаттықтыру дағдыларын жаттықтырады.

- емделушінің психикалық үрдісінің бұзылысын танып білу дағдыларын жаттықтырады.

- емделушілермен әңгімелесулер жүргізу жағдайларын жаттықтырады.

- емделушінің мінез-құлқына қадағалау жүргізеді;

- емделушімен, туған туыстарымен, оның отбасымен және айналасындағылармен тиімді қарым-қатынас жасау қағидасын қолданады.

- медициналық сұхбаттың құпия болу қағидасын қадағалайды.

- емделушімен, оның отбасы мүшелерімен қарым-қатынас жасау кезінде азабы мен қасіретін бөліседі.

- өндірістік дау-жанжалдар кезінде даулы жағдаяттарды жоюға көмектеседі.

Уметь:

Мамандық бойынша білім беретін оқу бағдарламасын меңгеру нәтижесінде білім алушы:

6.4 0301013 - «Фельдшер» біліктілігі бойынша бүтіндей оку-тәрбие процессі барысында қалыптасатын маманның біліктілік деңгейіне сәйкес келетін базалық құзыретке ие болуы тиіс.

БҚ 3 – Қарым-қатынас және командадағы жұмыс

БҚ-3.2 Командадағы жұмыс: түрлі командаларда жұмыс жасай отырып, жауакершілікті көрсетеді

КҚ-3.1 Мейірбикелік күтім: емделуші-орталықтанған тәсілді қолдана отырып, емделушінің отбасы мен айналасындағылардың қатысуымен мейірбикелік күтімді жүзеге асырады.


3


Типтік оқу бағдарламасынан көшірме

Выписка из типового учебного плана


Мамандық: 0301000 «Емдеу ісі»

Специальность:


Біліктілік: 0301013 «Фельдшер»

Квалификация:


Тақырыптық жоспар:

1.Түсіндірме жазба

2. Пән сағаттарын бөлу

3. Пән мазмұны мен шамамен алынған тақырыптық жоспарлары

4. Теория мен практикасының шамамен алынған тақырыптық жоспарлары

5. Оқыту және сабақ беру әдістері

6 Пәнді бағалау

7. Жабдықтары мен жарақтары

8. Ұсынылған әдебиеттер тізімі

Тематический план:

Пән бойынша барлық сағат: 108

Всего часов по предмету:

Теория: 36

Тәжірибе: 72

Практика:


Типтік оқу бағдарламасы: «Психология негіздері және коммуникативтік дағдылар» медициналық білімдегі базалық оқу пәні ретінде кәсіби бағытталған тұлғаның шығармашылық потециалын ашуда маңызы зор. Психология мен коммуникативтік дағдылар бойынша алынған білім болашақ маманның қалыптасуы үшін психологиялық құбылыстарды, емделуші тұлғасы мен фельдшер қызметін талдауға, тұлғаның өзін-өзі талдауы мен өзін-өзі тануына және өзін-өзі жетілдіруіне арналған біліктер мен дағдыларды меңгеруге қажет.

Типовая учебная программа:


Пәннің мазмұны: тұлғаның психологиялық құзыреттілігін психика және психикалық қызмет механизмдерін дамыту үрдісінің негізгі заңнамалары білімі негізінде қалыптастыру, тұлғаның психогигиеналық қатысымы мен тиімді қарым-қатынас жасау дағдыларын, сондай-ақ кәсіби маңызды коммуникативтік дағдыларды дамыту.

Содержание дисциплины:


Теориялық сабақ: 2

Теоретическое занятие:

Тәжірибелік сабақ: 4

Практическое занятие:



4

Жұмыс бағдарламасынан көшірме

Выписка из рабочей программы

Мамандық: 0301000 «Емдеу ісі»

Специальность:


Біліктілік: 0301013 «Фельдшер»

Квалификация:


Пән: Психология негіздері және коммуникативтік дағдылар

Предмет:

Курс ІІІ семестр VІ


Осы тақырыпқа берілген барлық сағат саны: 6

Общее количество часов на данную тему:

Теория: 2 сағат

Тәжірибе/Практика: 4 сағат


№ 36 сабақ

Тақырып: Медициналық қызметкердің коммуникативті біліктілігі мен құзыреттілігі.

Тема:


Сабақтың түрі: тәжірие

Вид урока:


Сабақтың типі: Бекіту сабағы

Тип урока:


Сағат саны: 2

Количество часов:

Сабақтың өтетін орны:

Место проведения урока:

Білім алушы білу керек: Коммуникативтік құзыреттілік туралы түсінік. Медицина қызметкерінің коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастыратын психологиялық сипаттамасы: аффилиация, эмоциалдық тұрақтылық, эмпатия, сензитивтілік, рефлексия.

Обучающийся должен знать:

Білім алушы игере білу керек: коммуникативтік құзыреттілік, эмпатиялық қабілетті дамыту және диагностикасы.

Обучающийся должен уметь:

Оқытушыға арналған әдебиеттер: Ш.С. Сатиева. «Психология» (дәрістер курсы) – Семей: «Талант» баспасы. - 2007. - 196 бет.

Литература для преподавателя:

Білім алушыға арналған әдебиеттер: Жарықбаев Қ.Б. «Психология негіздері». Алматы. - 2005. - 415 бет.

Литература для обучающихся:


5

Теориялық сабақтың әдістемелік әзірлемесі

Методическая разработка теоретического занятия


Мамандық: 0301000 «Емдеу ісі»

Специальность:


Сабақтың типі: бекіту

Тип занятия:


Өткізу әдісі: тәжірибе

Методика проведения:


Сағат саны: 2

Количество часов:


Сабақтың өтетін орны:

Место проведения занятия:


Сабақтың тақырыбы: Медициналық қызметкердің коммуникативті біліктілігі мен құзыреттілігі.

Тема урока:


Сабақтың мақсаты: Студенттерді әртүрлі жағдайларда науқаспен, оның туысқандарымен, әріптестерімен тиімді қарым-қатынас орнатуына қажетті дағдыларды қалыптастыру және дамыту, медицина қызметкерінің коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастыратын психологиялық сипаттамасы: аффилиация, эмоциалдық тұрақтылық, эмпатия, сензитивтілік, рефлексия.

Цель занятия:


Сабақтың міндеттері: Жаңа тақырыптың барысында жаңа мәлімет беру

Задачи занятия:


Білімділік: Тұлға жөнінде білімдерін толықтыру, бір-бірінің ойларына ден қойып, өзгелердің пікірімен санасу дағдыларын жетілдіру. Жаңа сабақты тыңдауға қызығушылық танытып, сабаққа белсенді араласуға ынталандыру.

Образовательная:

Дамытушылық: Студенттердің бойында ұйымшылдық, жауапкершілік сезімін арттыру. Топта жұмыстануды, өзгелердің пікірімен санасуды, топта өз пікірін еркін білдіруді үйрету.

Развивающая:


Тәрбиелік: Адам баласы материалдық және рухани өмірдің ортасында тіршілік ету барысында, өзі өмір сүріп отырған қоғамның, ұжымның, топтың, жеке бастың өзіне тән ақыл-ой, ерік-жігер, мінез-құлық ерекшеліктерімен көрінуге тырысу. Қоғам мүшелерінің бәріне ортақ біркелкі мінез-құлықтың, қасиеттің болуы мүмкін емес екенін, әр адам тұлға екендігін ескере отырып, қоғам мен тұлға арасындағы қарама-қайшылықтарды таба білуге және оны шешуге студенттерді бағыттау.

Воспитательная:


Сабақтың жабдықтары: дәріс, презентация, мультимедия, сөз жұмбақ, тест,

Оснащение занятия:


Пәнаралық байланыс: Әлеуметтану

Межпредметная связь:


Пәнішілік байланыс: Коммуникация негіздері, анатомия, хирургия

Внутрипредметная связь:

6


Теориялық сабақ барысының технологиялық картасы

Технологическая карта конструирования этапов теоретического занятия




Сабақ бөлімдерінің атауы

Название раздела занятия

Уақыт тәртібі

Временной режим


1

Ұйымдастыру кезеңі

Организационная часть



2 минут



2

Оқытушының кіріспе сөзі

Целевая установка занятия



3 минут



3

Білімнің негізін өзектілей (негіздеу). Үй тапсырмасын тексеру

Актуализация опорных знаний, над которыми обучающиеся работали дома по теме



25 минут



4

Жаңа тақырыпты түсіндіру

Изложение нового материала



40 минут


5

Жаңа тақырыпты бекіту

Закрепление новой темы



10 минут


6

Баға қою

Выставление оценок



5 минут


7

Үй тапсырмасы

Домашнее задание



5 минут

















7

Теориялық сабақтың барысы

Ход теоретического занятия

1. Ұйымдастыру кезеңі. Студенттермен сәлемдесу, отырғызу, жоқ студенттерді белгілеу, сабақты босату себептерін анықтау.

Организационная часть.

2. Оқытушының кіріспе сөзі. Медициналық қызметкердің коммуникативтік құзыреттілігі. Студенттерді әртүрлі жағдайларда науқаспен, оның туысқандарымен, әріптестерімен тиімді қарым – қатынас орнатуына қажетті дағдыларды қалыптастыру және дамыту, медицина қызметкерінің коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастыратын психологиялық сипаттамасы: аффилиация, эмоциалдық тұрақтылық, эмпатия, сензитивтілік, рефлексия.

Сіздер қалай ойлайсыздар: медициналық қызметкерге коммуникативтік құзыреттілік пе не әлде коммуникативтік біліктілік керек пе? Құзыреттілікті таңдағандар «Құзыреттілік» тобы болады, ал біліктілікті таңдағандар «Біліктілік» тобы болады.

Целевая установка занятия. (обзор темы и цели занятия)

3. Білімнің негізін өзектілеу (негіздеу). Үй тапсырмасын тексеру. Ал енді, алдыңғы теориялық сабақтан алған мағлұматтарды еске түсірейік.

1. Коммуникация дегеніміз не?

«Коммуникация» - бұл тілдесу (вербальды) және тілдеспей, ыммен түсінісу (вербальсыз) ақпарат алысу. Бір – бірімен тілдесу – бұл адамдар арасындағы әлеуметтік – психологиялық процесс. Тілдесу немесе ыммен ақпарат алысу арқылы түсінісу заңды құбылыс, соңғы жылдары тілдесу арқылы түсінісу ғылымда «коммуникация» терминімен алмастырылып отыр. Коммуникацияның негізіне – бірге қиналыс білдіру, сыйлау мен шынпейілділік, өзара түсіністікті жеңілдететін факторлар жатады. Мейірбике үшін бұл процесстің мақсаты науқастың бойында қалған құпияны зерттеп – білу болып табылады. Осындай оқып – зерттеудің, білудің нәтижесінде науқас жайында, сондай – ақ өзі жайында да хабардар бола алады.

2. Коммуникативтік үрдіс, дағдылар туралы түсінік.

Ортақ әрекеттесудің қажетті шарты – арақатынас жасау арқылы адамдар арасында жанасу бекітіліп, дамуы, ақпарат алмасуы, бірін – бірі тануы және қоса әрекеттесуі. Арақатынасының негізінде жататын коммуникативтік үрдіс. Яғни ақпараттың бір адамнан басқа адамға немесе бір топқа тасымалдануы және бұл хабарды басқалардың қабылдауы.

Медициналық қызметкердің де өз міндетін атқару барысында басқа адамдармен түрлі қарым – қатынас, байлангыс жасауға мәжбүр болады: оның ішінде – науқаспен, туыстарымен, әріптестерімен, басқа медициналық қызметкерлермен (мейірбикелермен, кіші мейірбикелермен, мекеме әкімшілігімен және т.б.) Медициналық қызметкер мен сырқат адамның қарым – қатынасының жоғары дәрежеде болуы маманның кәсіби дамуына үздіксіз әсер етеді.

Коммуникативтік дағдылар – медициналық қызметкердің жұмыс барысына байланысты басқа субьектілермен (адамдармен, науқаспен, оның жақындары мен туысқандарымен, әріптестерімен және т.б.) тиісті дәрежеде қарым – қатынас жасай отырып, медициналық жәрдем шараларының тиімділігі мен нәтижесін арттыру.

3. Медиина қызметіндегі коммуникациялық дағдылардың маңыздылығы.

Коммуникативтік дағдылар – медициналық қызметкердің жұмыс барысына байланысты басқа субьектілермен (адамдармен, науқаспен, оның жақындары мен туысқандарымен, әріптестерімен және т.б.) тиісті дәрежеде қарым – қатынас жасай отырып, медициналық жәрдем шараларының тиімділігі мен нәтижесін арттыру.

Қатынасуда субектілер (адамдар) сөз, мимка және дене қимылы арқылы, бір-біріне мәлімет тасымалдап, әрекеттеседі. Вербальды коммуникация – адамдардың қатынасу үшін белгі (знак) жүйесі ретінде сөзді қолдануы. Вербальды емес коммуникация – қатынасу үшін тілден басқа белгілерді қосымша пайдалану (жест, мимика, дауыс ырғағы, көзбен жанасу). Өзара мәлімет алмасу арқылы қарым -қатынасқа түскен алдамдар сұхбаттаса келе, бірін – бірі түсініп, танысады. Өзара қарым – қатынас жасау үшін, кем дегенде екі адам болуы қажет, олардың әрқайсысы субъектерінде саналады.

Қатынасу арқылы адамдар бір – бірімен коммуникативтік тұрғыдан әсер ететуі мүмкін. Адамдардың бір – бірімен араласуында түрлі әлеуметтік және психологиялық спецификалық комумуникативтік кедергілер байқалуы мүмкін. Оның себептері – қатынасқан адамдардың, бір – бірінен қатты айырмашылығы болуы, оның ішінде: бірін – бірі түсінбеуі және мамандық, саясчи, діни, әлеуметтік көзқарастарының болуы. Коммуникативтік кедергілер тек психологиялық негізінде де дамуы мүмкін, олар адамдардың жекеше (индивидуальды)психологгиялық ерекшеліктеріне сәйкес келеді.

4. Коммуникатор, коммуникант дегеніміз кім?

Коммуникатор – ақпаратты жіберуші адам. Коммуникант (адресат) – ақпаратты қабылдаушы адам. Коммуникация арнасы – жіберушіден қабылдаушыға ақпараттың жүру жолы. Адамдардың өзара қатынасқа түсуі – олардың іс – әрекетіне тікелей байланысты болады.

5. Коммуникативті біліктілік дегеніміз не?

Коммуникативтік біліктілік – кәсіби маңызды қасиет. Мамандығына байланысты медициналық қызметкер үнемі және тығыз, қарқынды қарым – қатынас жасауға мәжбүр болады: науқастармен және олардың туыстарымен, жақындарымен, басқадай медициналық қызметкерлерімен (дәрігер, әріптестері, мейірбикелер, кіші мейірбикелер, мекеме әкімшілігімен т.б). Тиісті мамандық дәрежеге және табысқа жету үшін медициналық қызметкер қатынасу білгерлігін, басқа адамдармен қарым – қатынас тәсілдерін, үнемі дамытып, жетілдіріп отыруы қажет. Науқаспен тиімді психологиялық жанасу арқылы нақтылы түрде және толық мәлімет жинастыру мүмкіншілігі туады. Медициналық қызметкердің алдында тұрған мәселелердің нәтижелі шешілуі, ауру адаммен сенімділігін және түсіністік жағдайға жетуі, оның қарым – қатынас икеміне, яғни коммуникативті білгерлігіне байланысты.

6. Науқаспен қарым-қатынас жасау ережелері?

Науқасқа көбірек көңіл бөлу, оны сабырландыра білу, тәртіпті сақтаудың, дәрілерді үнемі қабылдаудың қажеттілігін ұғындыра білу, сауығуының немесе жағдайының жақсару мүмкіндігіне сендіру, кейбір науқастарға нақты диагнозын дұрыс психологиялық күйзеліске түсірмей айта білу. Алайда, медицина қызметкері мен науқас арасында мұндай психологиялық жанасу тұрақтанбаса, ол нұсқаулықтарды немқұрайлы орындап, басқа медициналық қызметкерге бас бұрып немесе өзін – өзі емдеуге мәжбүр болады.

7. Медициналық қызметкер қандай қасиеттерге ие болуы керек?

  • Моральдіқ – шыдамдылық, батылдық, нәзіктік, шыншылдық, адалдық, қарапайымдылық, еңбексүйгіштік, қамқоршылық.

  • Эстетикалық – сөздіз таза сырт келбет, жаман әдеттердің болмауы, тазалық.

  • Интеллектуалдық – эрудиция, инициативалық, логикалық, жоғары дәрежелі медициналық қызметкер болып қалыптасуға деген талпыныс.

Актуализация опорных знаний, над которыми обучающиеся работали дома по теме:

4. Жаңа тақырыпты түсіндіру.

Медициналық қызметкердің коммуникативті біліктілігі мен құзіреттілігі.

Жоспары:

1. Медициналық қызметкердің коммуникативті біліктілігі мен құзыреттілігі атты сабақтың студенттерден жеке сұрау

2. «Медициналық қызметкердің кұзыреттілігі» тақырыбына ситуациялық көрініс.

3. «Психология негіздері және коммуникативтік дағдылар» пәнінен медициналық қызметкердің коммуникативті біліктілігі мен құзыреттілігіне арналған сөзжұмбақ.

4. «Құзыреттілік» және «Біліктілік» тобының арасында «Сұрақ – жауап» ойыны.

5. «Адам – анатомиясы» атты ситуациялық есеп шешу.

6. Жаңа тақырыпты бекіту «Көңіл ағашы» рефлексия.

  1. Медициналық қызметкердің коммуникатвті біліктілігі мен құзі

Коммуникативтік құзіреттілік – адамдармен өзара әрекет пен қарым-қатынас тәсілдерін білуді, түрлі әлеуметтік топтарда жұмыс істеу дағдыларын , қоғамдағы түрлі әлеуметтік рөлдерді орындауды, өмірдегі нақты жағдайларда шешім қабылдау үшін байланыстың түрлі обьектілерін қолдана алу білігін, мемлекеттік тіл ретінде қазақ тілінде, халықаралық қатынаста шетел тілінде қатынас дағдылары болуын қарастырады, яғни бірлесіп жұмыс істеуді бағалау, адамдар арасындағы сенімділік, бірін – бірі түсіну, тыңдау, сыйлау, этикет сақтау, дәстүрді білу, дау жан-жалды шеше алу, бұзылған қатынастарды түзету, өз қателігін түсіне білу, топпен жұмыс жасай алу, орындаушылардың жұмысын дұрыс ұйымдастыру, басқару шешімдерін таба алу және қолдана білу қабілеттері.

Медициналық қызметкер – науқас арақатынасының екі түрі белгілі: императивті және диалог. Императивті қатынас – науқастың тәртібін бақылау және белгілі бір әрекет жасауға оны мәжбүрлеу. Императивті қатынастың негізгі ерекшелігі – науқасты мәжбүрлеу мақсаты жасырын емес ашық түрде жүргізіледі. Мұнда әсер ету құралдарына жататындары – бұйрық, нұсқау, талап.

Императивті қатынас түрін қолдану, мақсат және этика тұрғысынан, әлеуметтік әрекет түрлерінде ғана қолайлы болады. Мысалы, төтенше және жедел жағдайларда, команда, бұйрық және тыйым салу арқылы, сырттай бағынышты жағдайды және талапты орындату. Дәрігер – науқас арақатынасында императивті тәсілді қолдану көбінесе орынсыз және этикаға сәйкес емес болады.

Диалогтық қатынаста науқасқа дәрігер тарапынан ұстамдылық көрсетіліп, тепе-теңдік жағдайы туады. Өзара әрекеттесудің келесі ережелерін айнытпас орындағанда ғана диалогты қатынасқа нәтижелі түрде жетуге болады:

  1. Науқастың өзекті жағдайына өзінің толық көңіл – күйін аудару.

  2. Науқас ықпалдарына априорды (алдын ала) сенім білдіріп, оны бағалаусыз қабылдау.

  3. Науқасты өзіне тең деп сесптеп, оны «өз жекешелік ойы мен меншікті өз шешімі бар» деп қабылдау.

  4. Қатынасуды жеке тұлғалау (персонофикациялау) – қарым – қатынасты, сұхбатты өз атынан жүргізіп, басқалардың пікірлеріне және беделділердің көзқарасына сүйенбей, тек өзінің нақтылы сезімдері мен талаптарын көрсету.

Дәрігер науқастың ішкі жан – дүниесін, ол ашуда немесе қобалжуда, мұңлы немесе өкініш жағдайында болғанына қарамастан дұрыс қатынас жасауға және дұрыс шешім қабылдауға тиіс. Осыған орай медициналық қызметкердің кәсіби қасиеті ретінде коммуникативтік толеранттылық - яғни сабырлық, аяушылық және т.б. айта кетуге болады. Медицина қызметкерінің коммуникативтік толеранттылығы науқастың жеке ерекшеліктерін, оның ішінде жағымсыз қасиеттерін, оғаш қылықтарын обьективті түрде қабылдауы тиіс. Коммуникативтілік құзіреттілігінің қалыптасуының негізі ретінде қандай да бір әлеуметтік топқа, басқа да адамдармен қарым – қатынас орнатуға мұқтаждықта болу (қажетсіну). Медицина қызметкерінің коммуникациялық құзіреттілікті қалыптастыратын психологиялық қасиеттер.

Аффилиация (лат. affiliate -қосу,қосылу)- адамның басқа адамдардың қоғамында болуға ұмтылуы. Аффилиацияға бейімдік субъект ықтимал қауіптілігі бар стресс жағдаятына ұшырағанда байқалады. Бұл орайда басқа адамдармен қоғамдастық оның күрделі де қауіпті жағдайда өзін ұстауы мен реакцияларының сипатын тексеріп сынап алуына мүмкіндік береді. Іштей аффилиация бауыр басушылыққа немесе адалдық сезімі ретінде, ал сырттай аффилиация – өзге адамдармен байланыста болуынан көрінеді. Мейірбикенің жұмысында ұзақ уақыт бойы әртүрлі әлеуметтік топтармен іскерлік қарым-қатынаста болғандықтан аффилиация науқастарға немқұрайлы қарауға жол бермейді.

Басқа адамды түсіну және сезіну мейірбикенің жеке тұлғалық психологиялық қасиеттеріне, яғни эмпатия қабілетіне байланысты болады. Сондықтан, бұл әдісті игеру үшін, мейірбике алдымен өзінің жекеше тұлғалық эмпатиялық қасиеттерін дамытып жетілдіруі қажет. Егер науқаста дәрігерді таңдау құқығы болса, дәрігерде ондай мүмкіншілік жоқ, ол әр ауру адаммен қатынас жасауға даяр болуы керек. Мұнда дәрігердің алғашқы қатынасуы өте мағыналы болады, себебі бір қалыптасқан алғашқы пікірді өзгерту оңай болмайды. Эмпатия – өзге адамның жан-дүниесінің сыры мен күй-жайын білу қабілеттілігі және оған жанашырлық білдіру. Басқаның қунаыш-сүйініштерін дұрыс сезіне білу қасиеті. Дәрігердің эмоционалды қатынасы науқаспен психоолгиялық қатынас орнатуға, ол жайлы толық және нақты ақпарат алуға, оның ішкі күйі жайлы білуге және науқасқа сенім тудыруға, ем-шараның дұрыс қолданып жатқанына науқастың көзін жеткізу.

Медициналық қызметкердің тағы да бір коммуникативті құзіреттілігі ретінде эмоционалды тұрақтылық орын алады. Эмоционалдық тұрақтылық науқастармен қарым-қатынаста болғанда өз-өзін ұстауға, қақтығыстардың болмауына бірде-бір септігін тигізеді. Сенімнің пайда болуына науқас дәрігермен кездескендегі, оның алғашқы әсері, оның дауысы, сыртқы келбеті өте маңызды. Егер науқас келбетсіз, ұйқысыраған, шаршаған, басқа заттармен айналысқан дәрігерді көрсе, ол сенімін жоғалтып, өзіне қарай алмайтын адам басқаларға да көмектесе алмайды деп шешеді. Тәртібіндегі және сырт келбетіндегі теріс өзгерістерді науқастар тек жақсы білетін, сенетін медицина қызметкерлеріне кешіре алады. Медициналық қызметкер науқасқа мына жағдайларда сенім шақырады: егер ол сабырлы, өзіне сенімді, менменшіл болмаса, тәртіп манерасы – жылдам, шешімді, адамгершілікпен бірге жүрсе. Дәрігер белгілі шешім қаыблдағанда, науқас өмірі мен денсаулығына оның шешімінің әсері мен қорытындысын бағалап, жауапкершілік сезімін күшейтуі қажет. Дәрігерге деген ерекше талаптар оның шыдамдылығын қажет етеді.

Қоршаған адамдардың дәрігерді шынайы сезіммен қабылдамауында, яғни науқастардың, дәрігерге ем-шара барысында өзіндік кері байланыс орнатуында сезімталдық септігін тигізеді. Бірақ дәрігердің науқастарға деген сезімталдылығы тым жоғары болмауы керек. Себебі дәрігердің өзін-өзі бағалауына кері әсерін тигізеді. Науқастың жағымсыз қатынасы дәрігердің сезімталдылығының жоғары болуы кәсіби құзіреттілігіне күмәндануға әкеліп соғады.

Рефлексия латынша бейнелеу ұғымын береді, адам санасының өзін-өзі білуге, ішкі жан-дүниесін, психикалық жай-күйін тануға бағытталған. Қарым-қатынасқа түсушінің басқа адам оны қалай қабылдайтынын түсінуі. Рефлексия үдерісі тұлағның өзіндік өсуіне, өзіндік жетілуіне көмектеседі. Позитивті рефлексия өзінің жақсы және жаман қасиеттерін көруге, жақсы қасиеттерін дамытуға, жаман қасиеттерін жоюға көмектеседі. Нәтижесінде тұлғаның өзі жайлы позитивті көзқарас қалыптасады және сақталады. Негативті рефлексия кезінде адамның өзін-өзі бағалауы төмендейді. Ондай адам әрдайым өзінің мүмкіндіктерінің төмен екені әрдайым есіңде болады.


1. «Медициналық қызметкердің кұзыреттілігі» тақырыбына ситуациялық көрініс.

Автор: Қаржаубайұлы көшесі бойында жол апаты кезінде науқас көліктің қатты соққысынан зардап шекті. Соған көмекке шақырылған жедел-жәрдем қызметкерлердің іс-әрекетін көріңіздер. Арада 10мин өтті

Куәгер: Алло?

Диспетчер: Алло,сәлеметсізбе, жедел-жәрдем тыңдап тұр

Куәгер: Қаржаубайұлы көшесінің бойында бір кісіні көлік қағып кетті. Тезірек жедел-жәрдем жіберуіңізді сұраймын

Диспетчер: Нақты мекен-жайды айтыңыз.

Куәгер: Қаржаубайұлы мен Дулатова көшесінің қиылысында

Диспетчер: Науқас қандай халде?

Куәгер: Ес-түссіз

Диспетчер: Қоңырау қабылданды, жедел-жәрдемді күтіңіз

Автор: Арада 10мин өтті

Жедел-жәрдем келеді.

Фельдшер: Жедел-жәрдем кім шақырды?

Куәгер: Мен

Фельдшер: Толық аты-жөніңізді айтыңыз

Куәгер: Зейнелхан Бекзада

Фельдшер: Қай жеріңізде ауырсыну бар? Басыңыз айналып, жүрегіңіз айнып тұрған жоқпа? Есіңізді біліп тұрсызба?

Науқас: Аяғым ауырып тұр. Басым ауырып тұр.Есімді біліп тұрмын

Фельдшер: Қандайда бір дәріге аллергияңыз барма?

Науқас: жоқ

Фельдшер: Медбике, анальгин мен димедрол дайындаңыз

Фельдшер: Толық аты-жөніңіз

Науқас: Қалиев Мұрат Оразмухаметович

Фельдшер: Туған күніңіз

Науқас: 12.21.1993 ж.

Фельдшер: Мекен-жайыңыз

Науқас: Глинки 18а, кв 70

Фельдшер: Носилка әкеліңіз

Фельдшер мен медбике аяғына шина салады, жол бойы қан қысымын өлшейміз. Барғаннан кейін кезекші дәрігерге журналға қол қойғызады.

Кезекші дәрігер: Дене қызуын өлшейді, журналға тіркейді

Автор: Кезекші дәрігер травматологты шақырады. Содан кейін травматолог келеді

Травматолог: Медбике, науқасты рентгенге және томографияға жіберіңіз.

ІІ. «Психология негіздері және коммуникативтік дағдылар» пәнінен медициналық қызметкердің коммуникативті біліктілігі мен құзыреттілігіне арналған сөзжұмбақ.

1. Өзге адамның жан дүниесін түсіну қабілеті? (Эмпатия)

2. Латын тілінен sensus – сезім білдіреді. ( Сенсетивтілік)

3. Латынша бейнелеу ұғымын білдіреді? (Рефлексия)

4. Ақпаратты схема түрінде ұсыну (Схематизация)

5. Жүйенің негізгі ақпараттандырушы мүшесі (Анализатор)

6. Тікелей қарым-қатынас жасайтын коммуникация түрі (Вербалды)

7. Қатынасуды жеке тұлғалау қалай аталады (Персонофикация)

8. Сөйлеудің 2 қызметі (Сигнефаготивтік)

9. Адамның басқа адамдардың қоғамына болуға ұмтылу (Аффилиация)

10. Индивидтің өзің басқа адаммен, идеалмен теңестеру үрдісі (Идентификация)












Э

М

П

А

Т

И

Я


















С

Е

Н

С

Е

Т

И

В

Т

І

Л

І

К









Р

Е

Ф

Л

Е

К

С

И

Я























С

Х

Е

М

А

Т

И

З

А

Ц

И

Я







А

Н

А

Л

И

З

А

Т

О

Р



















В

Е

Р

Б

А

Л

Д

Ы

















П

Е

Р

С

О

Н

О

Ф

И

К

А

Ц

И

Я
















С

И

Г

Н

Е

Ф

А

Г

О

Т

И

В

Т

І

К










А

Ф

Ф

И

Л

И

А

Ц

И

Я







И

Д

Е

Н

Т

И

Ф

И

К

А

Ц

И

Я
















ІІІ. «Құзыреттілік» және «Біліктілік» тобының арасында «Сұрақ – жауап» ойыны.

Құзыреттілік тобының сұрақтары:

1. Императивті қатынас – науқастың тәртібін бақылау және белгілі бір әрекет жасауға оны мәжбүрлеу. Императивті қатынастың негізгі ерекшелігі – науқасты мәжбүрлеу мақсаты жасырын емес ашық түрде жүргізіледі. Мұнда әсер ету құралдарына жататындары – бұйрық, нұсқау, талап.

2. Позитивті рефлексия өзінің жақсы және жаман қасиеттерін көруге, жақсы қасиеттерін дамытуға, жаман қасиеттерін жоюға көмектеседі.

3. Медициналық қызметкердің тағы да бір коммуникативті құзіреттілігі ретінде эмоционалды тұрақтылық орын алады. Эмоционалдық тұрақтылық науқастармен қарым – қатынаста болғанда өз – өзін ұстауға, қақтығыстардың болмауына бірде – бір септігін тигізеді.

Біліктілік тобының сұрақтары:

1. Медициналық қызметкер науқасқа мына жағдайларда сенім шақырады: егер ол сабырлы, өзіне сенімді, менменшіл болмаса, тәртіп манерасы – жылдам, шешімді, адамгершілікпен бірге жүрсе.

2. Фельдшер науқастың ішкі жан-дүниесін, ол ашуда немесе қобалжуда, мұңлы немесе өкініш жағдайында болғанына қарамастан дұрыс қатынас жасауға және дұрыс шешім қабылдауға тиіс.

3. Өзара әрекеттесудің келесі ережелерін айнытпас орындағанда ғана диалогты қатынасқа нәтижелі түрде жетуге болады:

  1. Науқастың өзекті жағдайына өзінің толық көңіл-күйін аудару.

  2. Науқас ықпалдарына априорды (алдын ала) сенім білдіріп, оны бағалаусыз қабылдау.

  3. Науқасты өзіне тең деп сесптеп, оны «өз жекешелік ойы мен меншікті өз шешімі бар» деп қабылдау.

  4. Қатынасуды жеке тұлғалау (персонофикациялау) – қарым-қатынасты, сұхбатты өз атынан жүргізіп, басқалардың пікірлеріне және беделділердің көзқарасына сүйенбей, тек өзінің нақтылы сезімдері мен талаптарын көрсету.


ІV. «Адам – анатомиясы» атты ситуациялық есеп шешу. Тандаған адам мүшесіне анықтама беріп ситуациялық есеп шешу.

  1. Ми - ('дұрыс айтылуы — мый) —латын тілінен encephalon деп аталады. Сүтқоректілерде мінез – құлыққа жауапты орталық нерві жүйесінің меңгеру торабы. Ми баста бассүйек қуысында орналасады. Ол мынадай бөлімдерден тұрады: сопақша ми, ми көпірі, мишық, ортаңғы ми, аралық ми және үлкен ми сыңарлары.

Сұрақ: Медициналық қызметкерінің тұлғасына қойылатын психологиялық талаптар?

  1. Өкпе - (Pulmones, лат. pulmo – өкпе) — адам мен жануарлардың тыныс алу мүшесі. Пішіні жартылай конус тәрізді, оның төменгі жағы немесе негізі ойыстау біткен, кеуде қуысын іш қуысынан бөліп тұратын көк етке кіріп жатады. Жоғарғы жағы сүйір, бұғана сүйегінен 2 – 3 см-дей шығып, мойынның төменгі бөлігіне еніп жатады. Сыртында сірлі қабық – өкпеқап (плевра) болады. Өкпеге ауатамырлары (бронх), өкпе артериясы келеді де, одан екі өкпе венасы шығады. Сол жақ өкпе екі бөліктен (жоғарғы, төменгі), ал оң жақ өкпе үш бөліктен (жоғарғы, ортаңғы және төменгі) тұрады. Өкпеішілік ауатамырлар жүйесі тармақты ауатамыр түзеді, бөліктік ауатамырлардың ұшындағы тармақтары ауатамыршаларға (бронхиолаларға) бөлінеді әрі тыныс алу бөлігіне өтеді. 

Сұрақ: Коммуникативтік дағды дегеніміз не?

  1. Жүрек – іші қуыс бұлшықетті мүше. Ересек адам жүрегінің салмағы 250-300 грамм. Жүрек кеуде қуысының сол жағына таман орналасқан. Оның дәнекер тканінен түзілген жүрек қабы қаптап тұрады. Жүрек қабының ішкі беті жүректі ылғалдайтын және жиырылу кезінде үйкелісті кемітетін сұйықтық бөліп шығарады.

Сұрақ: Науқас сізге қарсылық білдіріп, емге келіспеген жағдайда сіздің іс әрекетіңіз?

  1. Асқазан - ұсынады асқазанның кеңейту, ас қорыту жолдарының. Асқазанда жүреді жиналуы, тамақ өткеннен кейін оның арқылы өңеш және ағады алғашқы сатысында переваривания кезде қатты құрамдас бөліктері тамақ ауысады сұйық немесе кашицеобразную қоспасы. Асқазанда ажыратады алдыңғы және артқы қабырғалары. Өлке асқазан иілген, келген жоғары және оңға … деп аталады кіші кривизной, curvatura ventriculi minor, шеті шығыңқы келген төмен және солға, үлкен кривизной, curvatura ventriculi major. Кіші кривизне, жақын шығу соңында асқазан, көп кіріс, білінбейді кесіп, екі учаске аз қисықтық шелер астында өткір бұрышпен, angulus ventriculi.

Асқазанда оның келесідей: орын кіру өңештің асқазанға деп аталады ostium cardiacum; прилежащая бөлігі асқазан — pars cardiaca; шыққан — pylorus, привратник, прилежащая бөлігі асқазан — pars pylorica; күмбез пішінді бөлігі асқазан солға қарай, ostium cardiacum деп аталады түбі немесе ережелер жинағында. Денесі, тұзды жылғы жинағын асқазан дейін рагѕ ру1огіса. Рагѕ ру1огіса бөлінеді өз кезегінде antrum pyloricum — жақын денеге асқазан учаскесі және canalis pyloricus — узкую, трубкообразную бөлігі, прилежащую тікелей pylorus.

Сұрақ: Науқас сізге сенімділік арту үшін қандай қасиеттер мен іс – әркеттер сіздің бойыңызда болу керек?

  1. Бауыр - hepar (қабынуы - гепатит) – көлемді безді ағза болып табылады (массасы 1500 г- ға жуық). Бауырдың қызметі әр алуан. Ол ең алдымен шығару түтігі арқылы он екі елі ішекке келетін өт түзетін үлкен ас қорыту безі болып табылады. Оған бөгеу, тазарту қызметі тән: қанмен бауырға келетін белок алмасуының улы өнімдері бауырда нейтралданады; оның үстіне бауыр капиллярының эндотелиі мен жұлдызды ретикулоэндотелиоциттердің фагоцитоздық қасиеттері бар, бұл ішекте сіңірілетін заттарды залалсыздандыру үшін маңызды. Бауыр зат алмасудың барлық түріне қатысады; ішектің шырышты қабығы сіңіріп алатын көмірсулар бауырда гликогенге айналады (гликоген депосы). Бауырдың гормоналдық қызметі бар деп есептеледі. Эмбриондық кезенде оған қан түзу қызметі тән, өйткені ол эритроциттер түзеді. Сөйтіп, бауыр бірмезгілде асқорыту, қанайналым және гормоналды алмасуды қоса зат алмасудың барлық түрлері өтетін ағзасы болып табылады.

Сұрақ: Науқасқа оның диагнозын айтар алдында қандай шаралар қолданасыз?

  1. Тоқ Ішек - (жуан) ішек (лат. intestinum crassum) ащы ішектің оған келіп жалғасатын жерінен (илиоцекалды бұрыш) басталады да, тік ішекпен аяқталады. Тоқ ішектің бірнеше бөліктерін ажыратады: соқыр ішек (соесum), жоғары бағытталған бөлік (colon ascendens), көлденең жатқан бөлік (colon transversum) пен төмен бағытталған бөлік (colon descendens), сигма тәрізді бөлік (colon sigmoideum). Сигма тәрізді ішектің жалғасы тік ішек (rectum) артқы тесікпен (anus) бітеді. Тоқ ішек (ободочная кишка, colon) - жалпы ұзындығы 1-2 м, диаметрі 4-7 см.

Сұрақ: Психосоматикалық аурумен науқастанған науқаспен қарым – қатынас қалай орнатасыз?

V. Жаңа тақырыпты бекіту үшін «Көңіл ағашы» атты рефлексия арқылы жүргізейік. Бүгінгі ашық сабақта танысқан анықтамаларды стукерге жазып ағашқа бекітейік.

1. Коммуникативтік құзіреттілік дегеніміз не?

(Коммуникативтік құзіреттілік – адамдармен өзара әрекет пен қарым-қатынас тәсілдерін білуді, түрлі әлеуметтік топтарда жұмыс істеу дағдыларын , қоғамдағы түрлі әлеуметтік рөлдерді орындауды, өмірдегі нақты жағдайларда шешім қабылдау үшін байланыстың түрлі обьектілерін қолдана алу білігін, мемлекеттік тіл ретінде қазақ тілінде, халықаралық қатынаста шетел тілінде қатынас дағдылары болуын қарастырады, яғни бірлесіп жұмыс істеуді бағалау, адамдар арасындағы сенімділік, бірін-бірі түсіну, тыңдау, сыйлау, этикет сақтау, дәстүрді білу, дау жан-жалды шеше алу, бұзылған қатынастарды түзету, өз қателігін түсіне білу, топпен жұмыс жасай алу, орындаушылардың жұмысын дұрыс ұйымдастыру, басқару шешімдерін таба алу және қолдана білу қабілеттері.)

2. Императивті қатынас және диалогтық қатынастың айырмашылықтары.

(Императивті қатынас түрін қолдану, мақсат және этика тұрғысынан, әлеуметтік әрекет түрлерінде ғана қолайлы болады. Мысалы, төтенше және жедел жағдайларда, команда, бұйрық және тыйым салу арқылы, сырттай бағынышты жағдайды және талапты орындату. Дәрігер – науқас арақатынасында императивті тәсілді қолдану көбінесе орынсыз және этикаға сәйкес емес болады.

Диалогтық қатынаста науқасқа дәрігер тарапынан ұстамдылық көрсетіліп, тепе-теңдік жағдайы туады. Өзара әрекеттесудің келесі ережелерін айнытпас орындағанда ғана диалогты қатынасқа нәтижелі түрде жетуге болады:

  1. Науқастың өзекті жағдайына өзінің толық көңіл-күйін аудару.

  2. Науқас ықпалдарына априорды (алдын ала) сенім білдіріп, оны бағалаусыз қабылдау.

  3. Науқасты өзіне тең деп сесптеп, оны «өз жекешелік ойы мен меншікті өз шешімі бар» деп қабылдау.

  4. Қатынасуды жеке тұлғалау (персонофикациялау) – қарым-қатынасты, сұхбатты өз атынан жүргізіп, басқалардың пікірлеріне және беделділердің көзқарасына сүйенбей, тек өзінің нақтылы сезімдері мен талаптарын көрсету.)

3. Медициналық қызметкердің коммуникациялық құзіреттілікті қалыптастыратын психологиялық қасиеттері.

(Аффилиация, эмпатия, эмоционалды тұрақтылық, сезімталдық, рефлексия)

4. Аффилиацияға анықтама беріңіз.

(Аффилиация (лат. affiliate -қосу,қосылу)- адамның басқа адамдардың қоғамында болуға ұмтылуы. Аффилиацияға бейімдік субъект ықтимал қауіптілігі бар стресс жағдаятына ұшырағанда байқалады. Бұл орайда басқа адамдармен қоғамдастық оның күрделі де қауіпті жағдайда өзін ұстауы мен реакцияларының сипатын тексеріп сынап алуына мүмкіндік береді. Іштей аффилиация бауыр басушылыққа немесе адалдық сезімі ретінде, ал сырттай аффилиация – өзге адамдармен байланыста болуынан көрінеді. Мейірбикенің жұмысында ұзақ уақыт бойы әртүрлі әлеуметтік топтармен іскерлік қарым-қатынаста болғандықтан аффилиация науқастарға немқұрайлы қарауға жол бермейді.

5. Эмпатияға анықтама беріңіз?

(Эмпатия – өзге адамның жан-дүниесінің сыры мен күй-жайын білу қабілеттілігі және оған жанашырлық білдіру. Басқаның қунаыш-сүйініштерін дұрыс сезіне білу қасиеті. Дәрігердің эмоционалды қатынасы науқаспен психоолгиялық қатынас орнатуға, ол жайлы толық және нақты ақпарат алуға, оның ішкі күйі жайлы білуге және науқасқа сенім тудыруға, ем-шараның дұрыс қолданып жатқанына науқастың көзін жеткізу.)

6. Эмоционалды тұрақтылыққа анықтама беріңіз?

(Медициналық қызметкердің тағы да бір коммуникативті құзіреттілігі ретінде эмоционалды тұрақтылық орын алады. Эмоционалдық тұрақтылық науқастармен қарым-қатынаста болғанда өз-өзін ұстауға, қақтығыстардың болмауына бірде-бір септігін тигізеді. Сенімнің пайда болуына науқас дәрігермен кездескендегі, оның алғашқы әсері, оның дауысы, сыртқы келбеті өте маңызды. Егер науқас келбетсіз, ұйқысыраған, шаршаған, басқа заттармен айналысқан дәрігерді көрсе, ол сенімін жоғалтып, өзіне қарай алмайтын адам басқаларға да көмектесе алмайды деп шешеді. Тәртібіндегі және сырт келбетіндегі теріс өзгерістерді науқастар тек жақсы білетін, сенетін медицина қызметкерлеріне кешіре алады. Медициналық қызметкер науқасқа мына жағдайларда сенім шақырады: егер ол сабырлы, өзіне сенімді, менменшіл болмаса, тәртіп манерасы – жылдам, шешімді, адамгершілікпен бірге жүрсе. Дәрігер белгілі шешім қаыблдағанда, науқас өмірі мен денсаулығына оның шешімінің әсері мен қорытындысын бағалап, жауапкершілік сезімін күшейтуі қажет. Дәрігерге деген ерекше талаптар оның шыдамдылығын қажет етеді.)

7. Сезімталдыққа анықтама беріңіз?

(Қоршаған адамдардың дәрігерді шынайы сезіммен қабылдамауында, яғни науқастардың, дәрігерге ем-шара барысында өзіндік кері байланыс орнатуында сезімталдық септігін тигізеді. Бірақ дәрігердің науқастарға деген сезімталдылығы тым жоғары болмауы керек. Себебі дәрігердің өзін-өзі бағалауына кері әсерін тигізеді. Науқастың жағымсыз қатынасы дәрігердің сезімталдылығының жоғары болуы кәсіби құзіреттілігіне күмәндануға әкеліп соғады.)

8. Рефлексияға анықтама беріңіз?

(Рефлексия латынша бейнелеу ұғымын береді, адам санасының өзін-өзі білуге, ішкі жан-дүниесін, психикалық жай-күйін тануға бағытталған. Қарым-қатынасқа түсушінің басқа адам оны қалай қабылдайтынын түсінуі. Рефлексия үдерісі тұлағның өзіндік өсуіне, өзіндік жетілуіне көмектеседі. Позитивті рефлексия өзінің жақсы және жаман қасиеттерін көруге, жақсы қасиеттерін дамытуға, жаман қасиеттерін жоюға көмектеседі. Нәтижесінде тұлғаның өзі жайлы позитивті көзқарас қалыптасады және сақталады. Негативті рефлексия кезінде адамның өзін-өзі бағалауы төмендейді. Ондай адам әрдайым өзінің мүмкіндіктерінің төмен екені әрдайым есіңде болады.)

Закрепление новой темы. Вопросы, задания для закрепления.

6. Баға қою

Выставление оценок

7. Үй тапсырмасы.

Тақырып: Медициналық қызметкердің коммуникативті біліктілігі мен құзіреттілігі. (5) 76 – 83 беттерін оқу

Пайдаланатын оқулықтар: Жарықбаев Қ.Б. «Психология негіздері». Алматы. 2005. - 415 бет;

Домашнее задание.

Тема:

Литература:


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
9 ұстаз жүктеп алған
21 қараша
8023
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі