400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 16 материал табылды

Механика негізі

Материал туралы қысқаша түсінік
Барлығына қажет
Материалдың қысқаша нұсқасы

С.Орайханқызы

Алакөл ауданы

Қабанбай батыр атындағы орта мектебі

Физика пәні мұғалімі

Механика/Факультатив сабақ/

9 -сынып

Түсінік хат


Орта мектептің 9сыныбына арналған, физика факультатив курсының осы бағдарламасы өзінің мазмұны жағынан мектептегі негізгі курстың оқу бағдарламасымен сәйкестендіріле жасалған. Сондықтан, ол ең алдымен мұғалімдерді оқу сабақтарында қарастырылатын және күнделікті өмірде кең қолданылатын физикалық заңдар мен құбылыстарды тереңдетіп оқытуға бағыттайды. Сонымен қатар, бұл бағдарлама жалпы білім беретін мектеп бағдарламаларымен салыстырғанда біршама кең. Онда әдеттегі мектеп курсына қарастырылмаған бірақ Республикалық және Халықаралық олимпиадалар бағдарламаларына кіретін мәселелер де қамтылған. Әр жыл сайын Республикалық олимпиаданың өтуі және Қазақстанның Халықаралық физикалық олимпиадағы өз командасымен тұрақты түрде қатысуы әрбір мектепте физиканы тереңдете оқытуды қажет етеді.

Факультативтік сабақтарда оқушылармен жұмыс істеудің дәріс, семинар, оқу әдебиеттері және анықтамаларымен жұмыс істеу, есеп шығару тәрізді әр түрлі нысандары қолданылуы тиіс.

Бағдарламада теориялық материал мен лабораториялық практикумды оқып үйренуге қажетті сағаттар саны келтірілген. Практикалық жұмыстарға ерекше көңіл бөлген .


Бағдарламада міндетті түрде лабораториялық жұмыстар жүргізу ескерілген. Оқушылардың өз алдына физикалық тәжірибелер жасауы алған теориялық білімін нақтылы өмірде қолдануының және физикалық құралдармен жұмыс істеу дағдыларының қалыптасуының маңызды себептері болып табылады. Орындалған лабораториялық жұмыстардың қорытындыларында міндетті түрде өлшеудің және есептеулердің қателіктері келтірілуі тиіс.

Факультативтік курстардың көмегімен республиканың барлық жалпы білім беретін мектептерінде физиканы оқытудың ортақ жоғарғы деңгеиі белгіленеді. Осындай деңгейдегі физика курсы оқушылардың жан – жақты қызығушылығының дамуына және физиканың өмірде кең қолданылуларымен байланысты әртүрлі мамандықтарды таңдауға жетелейді.

Курстың мақсаты:

Заман талабына сай физиканы өмірмен байланыстыру,Кең байтақ Қазақстан Республикасының пайдалы қазбаларын терең меңгеруге,олимпада есептерін, тест тапсырмаларын уақытты үнемдей отырып тез орындауға бағыт- бағдар беру;

Курстың міндеті:

Физика және механика туралы білім беру,кәсіптік бағдар беру;












Бекітемін:

Мектеп директоры

Б. Жайлаубай

«Қабанбай батыр атындағы орта мектебі мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар»коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 9б сынып оқушыларына арналған «Механика »күнтізбелік жоспары

2015-2016 оқу жыл


ет. №

сабақ №

Сабақ тақырыбы

сағат



Уақыты




Кіріспе (2сағат)





1

1

Физикалық шамалар және оларды өлшеу.физикалық шамалардың өлшем бірліктері Метрлік өлшем жүйесінің жасалуы

1

7.09

2

2

Ұзындықты өлшеу. Өлшеудің дәлдігін бағалау. Халықаралық бірліктер жүйесі. Координат жүйесі. Сипаттаудың координаттық және векторлық әдістері

1

14.09



Кинематика (5сағат)



3

1

Материалық нүктенің кинематикасы

Жылдамдық және үдеу. Векторлар


1

21.09

4

2

Қозғалыс заңдарының графиктерін салу және түсіну

1

28.09

5

3

Әртүрлі санақ жүйелеріндегі дене қозғалысының кинематикалық сипаттамалары

1

5.10

6

4

Қозғалыстың салыстырмалылығы

Жылдамдықты қосудың классикалық заңы және оның қолданылу аясы


1

12.10

7

5

Практикалық жұмыс


1

19.10



Динамика (10сағат)



8

1

Инерциальды санақ жүйесі

1

26.10

9

2

Галилейдің салыстырмалылық принципі

1

2.11

10

3

Нюьтон заңдары. Массасы өзгеретінін дененің қозғалысы

1

16.11

11

4

Механикадағы күштер. Орталыққа тартқыш күштер

1

23.11

12

5

Кеплер заңдары . Бүкіл әлемдік тартылыс заңы

1

30.11

13

6

Практикалық жұмыс

1

7.12

14

7

Гук заңы.

1

14.12

15

8

Практикалық жұмыс

1

21.12

16

9

Инерциальды санақ жүйесі.Инерция күштері

1

28.12

17

10

Динамика тарауы бойынша тест жұмысы

1

11.01



Қатты дене механикасы (5сағат)



18

1

Статика. Масса центрі. Күш моменті. Денелердің тепе-теңдік шарты. Денелердің орнықтылығы

1

18.01

19

2

Тепе-теңдік түрлері. Потенциалдық энергияның минимумдық принципі. Айнымалы қозғалыстың кинематикасы

1

25.01

20

3

Қатты дененің ілгерілемелі қозғалысы және айналуы.Бұрыштық жылдамдық және бұрыштық үдеу

1

1.02

21

4

Ішкі және сыртқы күштер. Айнымалы қозғалыс динамикасының негізгі теңдеуі

1

8.02

22

5

Инерция моменті. Гюйгенс-Штейнер теоремасы. Инерция моментінің аддитивтілігі

1

15.02



Механикадағы сақталу заңдары (3сағат)



23

1

Денелердің тұйық және ашық жұйелері. Импульс, энергия, жұмыс және қуат. Энергия мен импульстің сақталу заңдары

1

22.02

24

2

Реактивтік ғозғалыс. Гравитациялық өрістегі потенциалдық энергия және жұмыс. Потенциалдық энергияның нөлін таңдау

1

29.02

25

3

Импульс моментінің сақталу заңы. Сұйықтағы және газдағы денелердің қозғалысы. Сақталу заңдарын механика есептерін шешуде қолдану.

1

7.03



Механикалық тербеліс және толқындар (3сағат)



26

1

Табиғаттағы механикалық қозғалыс. Гармониялық қозғалыс . Гармониялық қозғалыс теңдеуі және оның шешімі

1

14.03

27

2

Өшу және резонанс. Толқындар. Толқындардың таралуы. Көлденең және қума толқындар. Толқындарды графикпен бейнелеу. Дыбыс толқындары

1

4.04

28

3

Доплер эффектісі. Механикалық тербеліс және толқындар тарауын қайталау


1

11.04



Лабораториялық практикум (6сағат)



29

1

Денелердің бірқалыпты үдемелі қозғалысын зерттеу


1

18.04

30

2

Денелердің өлшемдерін және уақыт аралықтарын өлшеу


1

25.04

31

3

Серіппенің қатаңдығын өлшеу

1

2.05

32


4

Білеушенің үйкеліс коэффициенттерін анықтау

1

9.05

33

5

Сырғанау үйкеліс коэффициентін анықтау

1

16.05

34

6

Көлбеу жазықтықтыңП.Ә.К-ін анықтау


1

23.05






Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Покровского А.А. Демонстрационный эсперимент по физике. Москва «Просвещение» 1972

  2. 9 сынып оқулығы «Физика және астрономия» Дүйсембаева Б.М , Байжасарова Г.З, Медетбекова А.А. Алматы. «Мектеп» 2012ж

  3. Әдістемелік нұсқау

  4. Тұяқбаев, Ш.Тынтаева,Ж. Бақынов 4. Физика есептер жинағы:

  5. Егінбаев Ж.Е. Шоқанов Ә.Қ. Шешуі көрсетілген физика курсы есептерінің жинағы. «Алматы» 2008ж

  6. Аққошқарова Қ. Қойшыбаев Н. Физика теория есептер мен тест сұрақтарыжәне оны шешу жолдары. «Атамұра» 2006ж

  7. Меледин Г.В. Физика в задачах. Экзаменационные задачи с решениями Москва

  8. «Наука» 1985г








Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
24 мамыр
485
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі