400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Механикалық жұмыс және қуат

Материал туралы қысқаша түсінік
қмж
Материалдың қысқаша нұсқасы

Пәні: Физика

Мектеп:



Ұзақ мерзімді жоспардың бөлімі:

2.3 Сақталу заңдары


Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:


Сынып: 7

Қатысушылар саны:


Сабақтың тақырыбы

Механикалық жұмыс және қуат


Осы сабақта жүзеге асатын оқу мақсаттары (оқу жоспарына сілтеме)

§7.2.3.1 Жұмыс ұғымының мағынасына түсінік беру, мағынасын түсіндіру.


Сабақ мақсаты:


Барлық оқушылар: жұмыс ұғымына түсінік бере алады,

Оқушылардың басым бөлігі: жұмыс ұғымына байланысты шамаларды анықтай біледі,формуласын есеп шешуде қолдануды меңгереді,

Кейбір оқушылар: тәжірибелік есептер шығара алады,


Бағалау критериі

-механикалық жұмыс ұғымын түсінеді

-өлшем бірліктерді метірлік жүйеге ауыстыру мен еселік өлшем бірліктерге амалдар қолдануды үйренеді

-формуланы түрлендіруді мен есеп шешуде қолдану меңгереді



Тілдік мақсат

( айтылым және тыңдалым дағдылары)

-Күш,орынауыстыру,траектория,жол,жұмыс (физикалық шамалар)

-Джоуль,Ньютон (өлшем бірліктер)



Құндылықтарды дарыту

Оқушылардың өз бетімен іздену қабілеттерін арттыру арқылы техникалық және кәсіби мамандарды даярлау барысында еліміздің экономикалық, ғылыми салаларын өсіру.


Пәнаралық байланыс:

Алгебра,информатика,тарих


АКТ-ны қолдану дағдылары

Интерактивті тақтада оқушылар слайдтар мен суреттерді пайдаланып жекелей және топпен тапсырмалар орындайды ,


Қосымша білім

Дененің сұйықта жүзу шартын анықтау


САБАҚ БАРЫСЫ


Жоспарланған

сабақ кезеңдері

Сабақта жоспарланған қызмет ( іс-әрекет)

Ресурстар


Сабақтың басы

13 мин







Ұйымдастыру кезеңі . Психологиялық дайындық

    1. Сәлемдесу

    2. Сынып оқушыларына жағымды ахуал туғызу

1.3. Топқа бөлу (1,2,3,4 сандары арқылы 5 топқа бөлінеді) Үй жұмысын сұрау: «Құрастыр және жауап бер» әдісі арқылы әр топ дайындап келген сұрақтарды бір-біріне кояды. Өтілген сабақтағы түйінді маселелерді қамтуы тиіс.

«Топтық жауаптар» әдісі арқылы берілген есептерді топ мүшелері өзара талқылап,белсенді мүшелері түсіндіріп өтеді. №2 Болат арқан арқылы байланған аэростаттың салмағы 550 Н және онда тығыздығы 0,6 кг/м3 болатын 350 м3 газ бар.

№5 Егер арқанның салмағы 750 Н болса, онда аэростатты шынжырдың төменгі жағынан ұстап тұруға жеткілікті күш неге тең болады?





Дәптер,таратпа құралдар, оқулық, интерактивті тақта, маркерлер.


Сабақтың ортасы

20-мин

Жұмыс төмендегідей жоспармен жүреді: Оқушыларға (әр топқа) жаңа тақырыпқа қатысты суреттер беріледі.Сол суреттердің физикалық мағынасын ашып «Күтіңіз және түйіндеңіз» әдісі арқылы топпен ақылдасып жаңа сабақтың мазмұнын ашады.



Электрондық оқулық арқылы қысқаша Д.Джоуль өмірі мен шығармашылығы көрсетіліп жаңа сабақтың теориялық бөлімі пысықталады.

Оқулықтағы есептермен қоса кеспе қағаздарында дайындалған есптерді жеке және топтық түрде орындап шығады. «Сөздік бағалау» әдісімен үй тапысырмасы пысықталады.Есеп шешер алдында сергіту сәтін (қол,көз,дене қозғалысы)орындаймыз.

Есептер.

1. Трактордың тарту күші 25 кН. Ол платформаны 7,2 км/сағ жылдамдықпен сүйреп келеді. Трактор 10 мин­та қандай жұмыс атқарады? (5.5­сурет)

2. Тереңдігі 4 м өзен түбінен көлемі 0,6 м3 тасты су бетіне көтергендегі жұмысты табыңдар. Тастың тығыздығы 2500 кг/м3, судың тығыздығы 1000 кг/м3.

3............





Суреттер

Кеспе қағаздар.

Электронды оқулық

Есептер жинағы


Сабақтың аяғы

7-мин


БББ кестесін «Бас бармақ» әдісі негізінде пысықтап жаңа сабақ қорытындыланады.Кері байланыс алынып жаңа сабаққа сілтеме жасалады.

Үйге тапсырма

1.Пысықтау сұрақтарына дайындық. § 7.2.3.1

2. Есеп №3. Қосымша есеп тест жинағынан-1



Кесте


Дифференциация-Сіз жоспарда қолдауды қалай басымырақ көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілетті баларға қандай міндеттер қоюды жоспарлайсыз?

Бағалау – Оқушылардың меңгерген білімдерін қалай тексеруді жоспарға енгізіп отырсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы


«Күтіңіз және түйіндеңіз» әдісі арқылы коптеген оқушылар жұмыс ұғымын түсініп,есеп шешуде қолдана алады.

Сөздік бағалау мен бес бармақ әдістерін пайдаланып сабақ қорытындыланып,кейбір қабілеті жоғары оқушылар күрделілігі жоғары есептер шығарады.

Әр-бір кезеңдер сайын кері байланыс беріледі. Бағалау парағына топ белсендісі белгілеп отырады.


критерий

дескриптор

бал

1

Үй жұмысы

«Құрастыр және жауап бер»

Сұрақтардың маңыздылығы қарай бағаланады

1

2

Жаңа сабақ

«Күтіңіз және түйіндеңіз»

Өз ойын жетік білдіре алады

1

«Сөздік бағалау»

Есептерді қатесіз шығара алады

1


Физика кабинетіндегі қауіпсіздік ережелерін

сақтау














Рефлексия

Сабақтың мақсаты мен сабақта жоспарланған іс-әрекеттерді орындауда не тиімді болды?







Сабақтың мақсаты мен сабақта жоспарланған іс-әрекеттерді орындауда не тиімсіз болды?








Келесі сабақта өз жоспарыңызға қандай өзгерістер енгізген болар едіңіз?




Жалпы бағалау

-Сабақта ең жақсы өткен екі нарсе оқыту мен оқуға қатысты

1. Видоероликтер арқылы (электронды о/қ) жаңа сабақ пысықталды.

2. Суреттерге қарап оқушылар жаңа сабақ мазмұнын аша алды.

-Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді оқыту мен оқуға қатысты

1.Қосымша ғаламтордан алынған мәліметтерді пайдалану.

2.Топпен жұмыс барысында озат оқушылардың улгермеуші оқушыларға жетелеп уйретуі.

-Осы сабақ барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері қиыншылықтары туралы нені анықтадым келесі сабақтарда не нәрсеге назар аудару қажет.

Сабақ үлгерімі төмен кейбір оқушылардың басқа оқушылардан қалып қоюы,олармен жеке жүргізілетін жұмысты жандандыру





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
4 ұстаз жүктеп алған
27 желтоқсан
916
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі