Тақырып бойынша 31 материал табылды

Механикалық қозғалыс

Материал туралы қысқаша түсінік
Механикалық қозғалыс Практикалық жұмыс №1 «Қозғалыстың салыстырмалылығы» Векторлар және оларға амалдар қолдану. Вектордың координаталар осьтеріндегі проекциялары
Материалдың қысқаша нұсқасы



Пәні

физика

Мұғалімнің аты-жөні

Уткельбаева Ж.К.

Оқулық

Р.Башарұлы, Ш.Шүйіншина, К.Сейфоллина Алматы «Атамұра» 2019ж

Сабақ № , сабақ тақырыбы

Механикалық қозғалыс

Практикалық жұмыс №1 «Қозғалыстың салыстырмалылығы»

Векторлар және оларға амалдар қолдану.

Вектордың координаталар осьтеріндегі проекциялары

Оқу мақсаты


9.2.1.1 Материялық нүкте, санақ жүйесі, механикалық қозғалыстың салыстырмалылығы ұғымдарының мағынасын түсіндіру, жылдамдықтарды қосу және орын ауыстыру теоремаларын қолдану

9.2.1.2 векторларды қосу, азайту, векторды скалярға көбейту;

9.2.1.3 вектордың координаталар осіне проекциясын анықтау, векторды құраушыларға жіктеу

Оқушының аты-жөні

(оқушы толтырады)



Іс-әрекет реті

Сәлеметсің бе! Сабақтың тақырыбы мен мақсатымен танысып шық. Механикалық қозғалыс тақырыбына есептер шығаратын боламыз.

Жылдамдықты және орын ауыстыруды қосу теоремалары

Айналаға бақылап қарайтын болсаң, қоршаған ортаның адамдардың қозғалысына қандай да бір әсер ететінін байқауға болады. Мысалы, судағы денелердің қозғалысына судың ағысының әсері болады. Егер қозғалыстағы денелерді бақылаушы әртүрлі орындардан қарастырса, дененің қозғалыс сипаты да түрліше болады. Бұл өзгешеліктерді қозғалыстың салыстырмалылығымен түсіндіруге болады. Мысалы, суда жүзіп бара жатқан қайық ағыс бағытымен жүрсе, жылдамдығы артады, ағысқа қарсы жүрсе, жылдамдығы азаяды. Қайықта отырған адамға қайық жылдамдығы басқаша болады. Бір дененің қозғалысын әртүрлі орындарда орналасқан бақылаушыларға қатысты қарастыр. Уақыт екі санақ жүйесінде де бірдей өтеді: t1 = t2 = t. Ал екі санақ жүйесіндегі бақылаушыларға қатысты салыстырмалы түрде алынған жылдамдық мына түрде өзгереді:

Салыстырмалы жылдамдық жеке жылдамдықтардың векторлық қосындысына тең болады:

Салыстырмалы орын ауыстыру жеке орын ауыстырулардың векторлық қосындысына тең болады:

Бұл тәуелділікті италиялық ғалым Галилео Галилейдің (1564 – 1642) құрметіне «Галилей түрлендірулері» деп атайды.

Дененің салыстырмалы жылдамдығының мысалы:

Қала арасында ұшатын ұшақ 760 км/сағ жылдамдықпен батыстан шығысқа қарай ұшты. Батыстан шығысқа қарай соққан желдің жылдамдығы 55 км/сағ. Ұшақтың жердегі бақылаушыға қатысты жылдамдығы қандай? Жердегі бақылаушыға қатысты алынған санақ жүйесіндегі ұшақтың салыстырмалы жылдамдығы, ұшақ жылдамдығы мен жел жылдамдығының векторлық қосындысын береді:


Сан мәндерін орындарына қойып есепте:

v сал= 760 км/сағ + 55 км/сағ = 815 км/сағ

Шығысқа қарай бағытталған бағыт оң бағыт болсын. Сонда векторлардың проекцияларының қосындысы 815 км/сағ.

Енді ұшақтың кері бағытта қайтқандағы жылдамдығын қарастыр: желдің бағыты мен ұшақтың ауаға қатысты жылдамдықтары былай болады:

vсал = 760 км/сағ – 55 км/сағ = 705 км/сағ

Сонда қарсы соққан желдің әсерінен ұшақтың жылдамдығы жермен салыстырғанда желсіз күндегіден аз болады.


Орындалуы

(Оқушы мәліметпен танысып шығады)

Мағынаны таны

Негізгі физикалық терминдерді толықтырып жаз.

1. Денелердің уақыт өтуіне қарай басқа денелермен салыстырғанда кеңістіктегі орнының өзгеруі___________ деп аталады.
2. Дененің қозғалысын салыстыратын тыныштықта тұрған басқа бір дене ____________ деп аталады.

3. Санақ денесінің өлшемдері мен көлемін қарастырмай-ақ оны нүкте ретінде алсақ, ол ___________ деп аталады.


(оқушы толтырады)

Жауап бер

1) Екі мәселе шешілуде: 1-жағдайда екі ғарыш кемесінің түйісу маневрі есептелуде; 2-жағдайда ғарыш кемесінің Жерді айналу траекториясы есептелуде. Қай жағдайда ғарыш кемесін материалдық нүкте деп қарастыруға болады?

  1. Бірінші жағдайда

  2. Ешқайсысында емес

  3. Екінші жағдайда

  4. Екі жайдайда да

2) Қай жағдайда денені материалдық нүкте деп қарастыруға болмайды?

  1. Жасанды серіктің Жерді айнала қозғалуы

  2. Сағат тілінің циферблат бойымен айналуы

  3. Жердің Күнді айнала қозғалуы

  4. Петропавл – Алматы бағытындағы поездың қозғалысы

3) Ұзындығы 600м поездың жолын есептегенде, (а) бірнеше секундта (b) бірнеше сағатта өткен жолын есептегенде поезды материалдық нүкте ретінде алуға бола ма?

  1. (а) жоқ, (b) иә

  2. (а) жоқ, (b) жоқ

  3. (а) иә, (b) жоқ

  4. (а) иә, (b) иә


(оқушы дұрыс жауабын таңдайды)

Орында


Міндетті деңгей

Мүмкін деңгей

1) Такси автопарктен таңертең шығып күні бойы қаланы аралап жүрді. Кешке такси автопаркке қайта оралды. Сол кезде оның қашықтық өлшеу құралында 450 км көрсетіп тұрды. Таксидің жүрген жолының ұзындығы мен орын ауыстырудың модулі қандай болады?

2) Спортшы стадионда 400 м қашықтықты жүгіріп өтіп, қайтадан мәреге оралғандағы жолы мен орын ауыстыруы қандай болады?


3) Автомобиль шеңбер бойымен қозғалып, ұзындығы 109 км жолды екі рет жүріп өтті. Автомобильдің жүрген жолының ұзындығы, орын ауыстырудың модулі қандай болады?


(оқушы толтырады)

Рефлексия

Мен бүгін ... білдім



Мен енді ... жасай аламын




Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
20.12.2020
1267
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі