400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Механикалық қозғалыс және оның сипаттамалары, Санақ жүйесі

Материал туралы қысқаша түсінік
ұзақ мерзімді жоспар
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: Механикалық қозғалыс

Мектеп: Майқайын №2 ЖОББМ


Күні:

Мұғалімнің есімі: Кожамжарова Ж.Ж.


СЫНЫП: 7

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы:


Механикалық қозғалыс және оның сипаттамалары. Санақ жүйесі.

Сабақ негізделген оқу

мақсаты

7.2.1.1 – келесі терминдердің физикалық мағынасын түсіндіру – материялық нүкте, санақ жүйесі, қозғалыстың салыстырмалылығы, траектория, жол, орын ауыстыру

Сабақ мақсаттары

  • Материялық нүкте, санақ денесі, жол,орын ауыстыру, траектория туралы түсініктерін қалыптастырады

  • Материялық нүкте, санақ жүйесі, траектория, жол мен орын ауыстыруды ажырата алады

  • Механикалық қозғалыстың түрін сипаттап, мысал келтіреді

Бағалау критерийі

  • Материялық нүкте, санақ денесі, жол, орын ауыстыру ұғымын түсініп, түрлерін тапсырмалар арқылы ажыратып, мысалдар келтіреді

  • Траекторияның, жолдың, орын ауыстырудың мағынасын түсінеді

  • Жол мен орын ауыстыруды ажыратады

Тілдік мақсаттар

Негізгі сөздер мен тіркестер:

Физикалық шамаларға ауызша және жазбаша сипаттама береді

Материялық нүкте, санақ жүйесі, қозғалыстың салыстырмалылығы, траектория, жол, орын ауыстыру анықтамасын тұжырымдайды.

Пәнге қатысты лексика мен терминология:


Ағылшынша

Қазақша

Mechanical movement

Механикалық қозғалыс

Time

Уақыт

Distance

Қашықтық

Displacement

Орын ауыстыру

Trajectory

Траектория

Reference system

Санақ жүйесі

Body count

Санақ денесі

Coordinate system

Координат жүйесі


Құндылық

тарға баулу

Жалпыға бірдей еңбек қоғамы

Пәнаралық байланыс

Математика ( сәуле, түзу...), ағылшын тілі

Тақырып бойынша алдыңғы білім

Өлшеулер мен есептеулердің дәлдігі.

Үлкен және кіші сандарды ықшамдап жазу .


Сабақ барысы:

Сабақтың жоспарлан

ған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс – әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

8 минут


  1. Ұйымдастыру бөлімі: Сәлемдесу, оқушыларды түгендеу

  2. Өткен тарауды қайталау

«Ашық микрофон» әдісі арқылы

(Оқушылар қолдарына микрофон ұстап, өткен тарауға байланысты сұрақ қояды, екінші оқушы жауап береді)

  1. «Гүлмен тілек» (Топқа бөлу)

Оқушылар арнайы дайындап әкелген гүлді алақандарына салып тұрып, бір-біріне тілек тілейді және гүлдің астына жазылған сөздер бойынша топқа бөлінеді.








1-топ «Зымыран»

2-топ «Мәшине»

3-топ «Велосипед»

топтастырылған суреттер


Ортасы

28 минут

  1. «Ой қозғау»— 3 минут

Оқушыларға суреттер топтамасын көрсету.

Сұрақ: Осы суреттерде денелерге ортақ не тән?

(Оқушы жауабы: қ о з ғ а л ы с)

 

Оқушыларға бүгінгі сабақтың тақырыбын, максатын айтамын.


  1. «Автобус аялдамасы» әдісі – 12 мин

(7 мин -оқуға, 5 мин - түсіндіруге)

Топтарға тапсырма: Тақырыптағы бөлімшелер

« Зымыран» тобына 1 бөлімше

«Мәшине» тобына 2,3бөлімше «Постер» қорғау

«Велосипед» тобына 4,5 бөлімше


Оқушылар оқыған білімдерін жинақтап, «Постер» қорғау арқылы қалған топқа түсіндіреді.



Қ.Б. «Басбармақ»


  1. «Ортадағы қаламсап» әдісі 6 минут

Тапсырма №1

Төмендегі суретте кейбір денелердің қозғалыс траекториясы көрсетілген. Қай траектория: Айдың Жермен салыстырғандағы қозғалыс траекториясына, лифттің қозғалысына, араның ұшуына және газ бөлшектерінің қозғалысына сәйкес келеді?




Критерий Білім алушы


Траекторияның мағынасын түсіндіреді

Траектория мен орын ауыстыруды ажыратады


Дескриптор Білім алушы

- Айдың Жерге қатысты қозғалыс траекториясын анықтайды;

- араның қозғалыс траекториясын анықтайды;

- лифттің қозғалыс траекториясын анықтайды;

- газ бөлшектерінің қозғалыс траекториясын анықтайды.


Тапсырма №2



Гүл арасы бал жинау кезіндегі өз қозғалысын А гүлінен бастады. Содан кейін В гүлінде аялдама жасады. Ең соңында өз С ұясына ұшып келді.


Тапсырмалар:

a) ара траекториясына сипаттама беріңіз.

b) араның орын ауыстыруын суретте сызып көрсетіңіз.

c) араның жүрген жолы мен орын ауыстыруының модулдері тең бе? Өз жауабыңызды дәлелдеңіз.

d) араны материялық нүкте ретінде қарастыруға болады ма? Неліктен?



Критерий Білім алушы


Траекторияның мағынасын түсіндіреді

Траектория мен орын ауыстыруды ажыратады


Дескриптор

Білім алушы

- ара траекториясын сипаттайды;

- араның орын ауыстыруын сызады;

- араның жолы мен орын ауыстыруын салыстырады;

- материялық нүктені сипаттайды.


Тапсырма №3

Әскери-патриоттық ойын кезінде оқушылар тобы келесі арақашықтықты өтіп шығуға тапсырма алды: солтүстікке қарай 400 м, шығысқа 500 м, 600 м оңтүстікке, 200 м батысқа, 200 м солтүстікке және 300 м батысқа. Топтың қозғалыс траекториясын сызып, олардың барлық жүрген жолы мен орын ауыстыруын анықтаңыз. Масштабты өзіңіз таңдап алыңыз.

Критерий Білім алушы


Траекторияның мағынасын түсіндіреді

Траектория мен орын ауыстыруды ажыратады


Дескриптор Білім алушы

- қозғалыс траекториясын сызады;

- жүрілген жолды анықтайды;

- орын ауыстыруды анықтайды.


Қ.Б. «От шашу» әдісі арқылы бағалау


  1. Жұптық жұмыс 2 мин

«Ойлан тап»

?

?

7 км =….

12 сағ = ....

65 см = ....

45 мин = ....

300 мм = ....

0.5 сағ = ....


Критерий

Дескриптор

Физикалық шамаларды өлшем бірліктеріне қарап ажыратады

ХБЖ айналдыра алады


Қ.Б. «Смайлик»


«Конверттегі тапсырма» 3 мин

Деңгейлік есептер шығару

1.

А. Кеме кемежайға жақындап қалды. Палубада тұрған адамдар қай денемен салыстырғанда қозғалыста болады, оны қалай біледі, қандай денелермен салыстырғанда олар жылжымайды?

В.Футбол ойының бақылай отырып, шабуылшының ойын кезінде шамамен 12 км жүгіретіні анықталады. Осы қашықтық жолы ма, әлде орын ауыстыруы ма? Жауаптарыңызды түсіндіріңіздер.

С.Мембрана инесі ұшының қозғалу траекториясы қандай болмақ: а) ойнап тұрған пластинкамен салыстырғанда; ә) мембранамен салыстырғанда?

2.

А.Буксир өзенде жүк кемені итеріп келеді. Қандай денелермен салыстырғанда буксирдің орны өзгереді? Қай денемен салыстырғанда оның орны тұрақты?

В.Жолаушылап қайтқан автомобиль жүргізушісі есептеуіштің көрсетуі 300 км-ге артқаның көрді. Бұл нені білдіреді: автомобильдің жүрген жолы ма, әлде орын ауыстыруы ма? Жауаптарыңызды түсіндіріңіздер.

С. Жермен салыстырғанда бірқалыпты және түзу сызықпен ұшып келе жатқан ұшақтың пропеллері ұшының траекториясы қандай? Есептің санау жүйесі: а) пропеллермен; ә) ұшақтың корпусымен; б) жермен байланысқан болуы тиіс.

3.

А. Қозғалып келе жатқан жолаушылар поезының вагонындағы үстелде кітап жатыр. Кітап: а)үстелге б)рельске в)вагон еденіне г) телеграф бағаналарына қатысты тыныштықта тұр ма әлде қозғалыста ма?

В.Сағаттың минуттық тілінің бір айналым жасаған кездегі жолы мен орын ауыстыруын есептеңіздер. Сағаттың минуттық тілінің ұзындығы 10 см.

С.Горизонталь орналасқан, айналып тұрған дискінің ортасынан оның бетімен кішкентай болат шар жіберілген. Шардың Жермен және дискімен салыстырғанда траекториясы қандай?

Критерий

Дескриптор

Санақ денесінің, траекторияның, жол мен орын ауыстырудың анықтамасын біледі

- Санақ денелерін айта алады;

-Жол мен орын ауыстыруды есептей алады;

- Жол мен орын ауыстыруды ажыратады;

- Қозғалыс траекториясын ажыратады;



‘Қ.Б. «Бағдаршам» арқылы



  1. Кері байланыс: «Сұрақ ілмегі» әдісі 2 мин

  1. Материялық нүкте дегеніміз не?

  2. Денелерді қандай жағдайда материялық нүкте ретінде қарастыруға болады немесе болмайды?

  3. Қозғалыс траекториясы деп нені айтады?

  4. Дененің жүрген жолы дегеніміз не?

  5. Орын ауыстыру векторы деп нені айтамыз?

  6. Санақ денесі деп қандай денені айтады?

  7. Санақ жүйесі деп қандай жүйені айтады?



Қ.Б. Бағалауды өзім беремін «мадақтау» әдісі арқылы.
















- өте жақсы түсіндірді;


- жақсы түсіндірді;


- орташа түсіндірді.









































































1шапалақ–тапсырманы толық орындай алмады;

2шапалақ- тапсырманы жартылай орындады;

3шапалақ- тапсырманы дұрыс орындады;


Оқушылар топ болып тапсырмамен жұмыс жасайды









Барлығы дұрыс

Жартылай дұрыс


Мүлдем дұрыс емес








































Жасыл түс –С деңгейінің есептері Сары түс – В деңгейінің есептері

Қызыл түс - А деңгейінің есептері













Сабақтың соңы

4 мин

  1. Үй тапсырмасы:

Практикалық тапсырма: Мектеп пен үйдің арасында жүрген жолдарыңның жуық траекториясын белгілі масштабпен сызып көрсетіңдер. Мектепке барып, үйге қайта келгенде барлығы қанша жол жүрдіңдер? Орын ауыстыруларың неге тең? Жауаптарыңды түсіндіріңдер.



  1. Рефлексия

Тақтаға зымыранның, мәшиненің, велосипедтің суреттері ілінеді. Оқушылар бүгінгі сабақты қаншалықты меңгерендіктерін берілген денелердің қозғалыс жылдамдықтарына қарай стикерлерін жапсырады.









Қосымша ақпарат

Саралау – Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз?

Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?


Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау

Сабақта оқушыларға «Ашық микрофон», «Ой қозғау стратегиясы», «Автобус аялдамасы»,

«Ортадағы қаламсап», «Ойлан тап»

«Конверттегі тапсырма»,«Сұрақ ілмегі» әдістерін қолдана отырып тақырыпты түсіндіремін. Барлық оқушылар сабақта жұмыспен қамтылады. Жеке, топтық жұмыс барысында диалогтық қарым – қатынас орнатылады.

Cыныптaғы қaбілті жoғaры oқушылaр дeңгeйі жoғaры eceптeр шығарaды.

Жалпы саралау - тапсырмалардан, бағалаудан және жеке, топтық жұмыста көрініс табады.



Қ.Б. «Басбармақ»

Қ.Б. «От шашу» әдісі арқылы бағалау

Қ.Б. «Смайлик»

Қ.Б. Бірін бірі «Бағдаршам» арқылы бағалау

Қ.Б. Мұғалімнің мадақтауы

Oқушылapдың тoптық жұмыc кeзіндe тaпcыpмaлapды opындaу кeзіндe дeнcaулықтapынa зaқым кeлмec үшін opындықтap мeн үcтeлдepдің дұpыc opнaлacтыpылуынa нaзap aудapaмын.


Caбaқ бoйыншa peфлeкcия

Caбaқ мaқcaттapы/oқу мaқcaттapы дұpыc қoйылғaн бa? Oқушылapдың бapлығы OМ қoл жeткізді мe?

Жeткізбece, нeліктeн?

Caбaқтa capaлaу дұpыc жүpгізілді мe?

Caбaқтың уaқыттық кeзeңдepі caқтaлды мa?

Caбaқ жocпapынaн қaндaй aуытқулap бoлды, нeліктeн?

Бұл бөлімді caбaқ туpaлы өз пікіpіңізді білдіpу үшін пaйдaлaныңыз. Өз caбaғыңыз туpaлы coл жaқ бaғaндa бepілгeн cұpaқтapғa жaуaп бepіңіз.


Жaлпы бaғa

Caбaқтың жaқcы өткeн eкі acпeктіcі (oқыту туpaлы дa, oқу туpaлы дa oйлaныңыз)?

1:


2:


Caбaқты жaқcapтуғa нe ықпaл eтe aлaды (oқыту туpaлы дa, oқу туpaлы дa oйлaныңыз)?

1:


2:


Caбaқ бapыcындa cынып туpaлы нeмece жeкeлeгeн oқушылapдың жeтіcтік/қиындықтapы туpaлы нeні білдім, кeлecі caбaқтapдa нeгe көңіл бөлу қaжeт?



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
30 желтоқсан
855
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі