400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Мейірбике ісінің тарихы мен философиясы"

Материал туралы қысқаша түсінік
"Мейірбикесі ісі негіздері" пәні бойынша сабақ жоспары медициналық колледж оқытушыларына арналған нұсқаулық ретінде пайдалануға болады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың жоспары (теория) № 1

Пәні: Мейіргер ісінің негіздері

Мамандығы: Емдеу ісі

Тобы: 11 Фкб, 29 Фкб, 29 ФКк, 11 СДб

Сабақтың тақырыбы: Мейірбике ісінің тарихы мен философиясы

Сабақтың түрi: жаңа тақырыпты игеру.

Сабақтың өтілу түрі (формасы): өзіндік жұмыс ұйымдастыру, әр түрімен өтетін сабақ

Оқыту әдісі: жаңа технология элементтерін пайдалану ізденіс, баяндау, түсіндіру, сұрақ- жауап, карточка.

Мақсаттары:

1.Бiлiмдiлiк: Мейірбике ісінің тарихы мен таныстыру, негізгі философиясын түсіндіру. «Мейірбике», «пациент», «мейірбикелік іс», «қоршаған орта» тағыда басқа медициналық терминдерді ұғындыру.

2.Дағды машығын ұйымдастыру: логикалық ойлау қабілеттерін дамыта мейірбикесінің дағды машықтарын сіңіру.

3.Тәрбиелiк: Қамқорлық, адамгершілік, мейірімділік қасиеттерін дамытып, мамандыққа бейімдеп тәрбиелеу.

Мамандығына қойылатын талаптар:

Не бiлуi керек

  • Мейірбике мамандығы туралы түсінік болуы, жұмыс істеу саласын.

Білім алушы істей білуі тиіс

  • Медбикелік көмек көрсету даму тарихын жетік меңгеру/

В совершенстве владеть историей развития сестринской помощи.

Пәнаралық байланыс: Дүниежүзі тарихы, Қазақстан тарихы т.б.

Үлестiрiлiп берiлетiн материалдар: Дәріс, карточка т.б.

Әдебиеттер: «Мейірбикелік істің теориялық негіздері»

С.А. Мухина, И.И.Тарновская 14-19, 31 -40 беттер.


Сабақтың барысы

№

Сабақтың кезеңдері

Уақыты

1

Ұйымдастыру кезеңі

Амандасу, студенттерді түгендеу.

Сабаққа дайындыктарын тексеру: оқу құралдарының бар жоғын тексеру.

Медициналық форманың барын тексеру: халат және колпак;

Журнал толтыру;

2 мин

2

Мақсат қою кезеңі

Оқытушының кіріспе сөзі, жаңа сабақтың мақсаты мен жоспарын айту. Оқушылардың оқу-таным қызметін жүйелеу.

Жоспары:

1. Мейірбикелік іс тарихы.

2. Мейірбикелік іс философиясы.

3. Мейірбике міндеті мен қызметі.

Сабақтың мақсаты: Мейірбике ісінің тарихы мен таныстыру, негізгі философиясын түсіндіру. «Мейірбике», «пациент», «мейірбикелік іс», «қоршаған орта» тағыда басқа медициналық терминдерді ұғындыру.

3 мин

3

Жаңа материалды түсіндіру кезеңі.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) 1944 жылы Ганноверде өткізген мейіргер ісі мамандары Конгресінде келесідей анықтама береді:

Мейіргер ісі - бұл өнер мен ғылым, ол пациенттің денесін, ақылы мен ішкі дүниесін толықтай қамтиды, үйрету немесе тәсіл арқылы рухани және физикалық қолдайды, денсаулықты сақтауға ерекше назар аударады, сондай-ақ пациентке көмек көрсеткенде физикалық сияқты пациентке рухани және әлеуметтік қамқорлықты қосады және отбасы, қоғам немесе мүгедектерді медициналық қызметті іске асырады.

Кейінірек Халықаралық мойындауға ие болған тағыда бір «ескірмейтін» мейіргер ісі анықтамасын 1967 жылы американдық мейіргер, ұстаз, ағартушы, зерттеуші және лектор В.Хендерсон берді. Ол мейіргердің бірегей қызметі өз күшімен білімі және ерік-жігерімен адам денсаулығына жазылып кетуіне немесе өліміне қатысты істердің іске асуына пациент немесе дені сау адамға көмек көрсетуінде деп жазды. Осылайша ол тезірек тәуелсіздікке ие болды.

Алғаш мейіргер ісі анықтамасын аты аңызға айналған Флоренс Найтингейл (1820-1910жж) 1959 жылы шыққан «Күтім туралы жазбалар» кітабында пациенттің жазылып кетуіне ықпал ету мақсатында пациенттің қоршаған ортаны қолдану бойынша қалай әсер ететінін анықтады. Ф.Найтингейл денсаулыққа күтім көрсету дегеніміз – ауру кезіндегі адам жағдайына қолдау көрсету, ал пациентке күтім жасау – аурудан зардап шегушіге көмек. Ол алғаш рет мейіргер ісін дәрігерлік қызметтен мамандық ретінде бөліп алды және дәрігерлік білімнен , практикалық және ғылыми дайындықтан арнайы өзгешелікті талап етті. Оның идеясы, көзқарасы, үлкен сенімге ие болды және әлемдегі көптеген елдерге танылды. Заманауи зерттеушілер мейіргер ісі моделдерінің концертуальді теориясы ретінде Ф.Найтингейлдің еңбектерін қарастырады.

Найтингейл 1820 жылы 12 мамырда аристократ ағылшын отбасында дүниеге келген, шығу тегі итальян. Ол сол кезде тек ерлер алатын жеткілікті жан-жақты білімді алды. Зерттеушілер Ф.Найтингейлді оның талантты болғанын, оның қабілеті әр түрлі қызмет түрлерін іске асыруға жететінін атап айтады, бірақ оның таңдауы медицина болды. 


25 мин

4

Жаңа материал бойынша түсінгендерін зерттеу кезеңі

1 тапсырма Карточкамен жұмыс.

2 тапсырма «Орны ауысқан сөйлемді тап» ойыны

3 тапсырма Жаңа терминдерге глоссарий жазу.

45 мин


5



Бекiту кезеңі.

ФИШ боун әдісін қолдану арқылы бекіту

Негізгі мәселе: Мейіргер ісінің философиясы.

10 мин


6

Үй тапсырма беру, білім алушылар білімін бағалау кезеңі.

«Мейірбикелік істің теориялық негіздері»

С.А. Мухина, И.И.Тарновская 14-19, 31 -40 беттер.

СӨЖ «Мейірбике ісінің Қазақстандағы даму тарихы» реферат.


5 мин





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
5 ұстаз жүктеп алған
4 наурыз
1862
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі