400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Мейіргер ісі философиясы. Кәсіптік этика мен деонтология.

Материал туралы қысқаша түсінік
Мейіргер ісі философиясы. Кәсіптік этика мен деонтология.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Болашақ» жоғары медициналық колледжі

Бекітемін

«Арнайы пәндер» цикл жетекшісі

_____________Л.А.Қаражігіт


ОҚУ САБАҒЫНЫҢ ЖОСПАРЫ №________


Мейіргер ісі философиясы.

Кәсіптік этика мен деонтология.

(сабақ тақырыбы)


Модуль /пән атауы: Мейіргер ісі негіздері

Педагог: Айтимова Нұрсұлу Жомартқызы дайындады

Күні: 20 жыл

1)Жалпы мәліметтер

Курс: 1,2 – курс

ФД-9-23-1

ФД-9-23-2

ФД-9-23-3

МБ-11-21





Сабақтың түрі: теориялық сабақ

2) Сабақ мақсаты

Білімділік: Мейіргер ісі философиясымен танысу. Кәсіптік этика мен деонтология туралы түсінікті қалыптастыру.

Тәрбиелік:ҚР оқу-ағарту министрлігінің 2023 жыл 19 қыркүйектегі «Біртұтас тәрбие бағдарламасы» № 294 бұйрығына сәйкес адамгершілік тәрбиесін, жағымды қарым-қатынас жасау жолдарын түсіндіру.

Дамытушылық: Білім алушыларды жаман мінезден аулақ болуға, адами сезімді қастерлеуге, сүйіспеншілік, жеке бас тазалығына бейімдеу

3) Күтілетін нәтижелер:

Мейіргер ісі туралы түсінік алады, пәннің мақсат-міндеттерін меңгереді. Иейіргер ісінің даму тарихымен танысады. Этика мен деонтология жайлы түсінікті қалыптастырады.

4) Қажетті ресурстар: оқулықтар, интерактивті тақта, слайд, таратпа материалдар 

Әдебиеттер:

1.Адам анатомиясының атласы, Ә.О.Күзенбаева, Д.А.Дәулетбаев Алматы,2012

2.Адам физиологиясы Х.Қ.Сәтбаева, А.А.Өтепбергенов, Ж.Б.Нілдібаева Алматы-2014

Қосымша дереккөздер :

https://www.slideshare.net/slideshow/pdf-254075683/254075683

https://www.youtube.com/watch?v=IAOm1ukskiA

https://www.youtube.com/watch?v=aGxyughSEmY

https://www.youtube.com/watch?v=tik7ZL57KTE

https://policlinika-6.kz/psihologty-kees/65-medicinaly-jetika-zhne-deontologija.html

Сабақтың барысы:

Ұйымдастырушылық кезең: Білім алушылармен сәлемдесу, түгендеу, сабаққа дайындығын тексеру.

Жаңа сабақты түсіндіру:

Этика (әдеп) дегеніміз гректің мінез, әдет-ғұрып деген сөзінен шыққан философиялық ұғым. Этика адамдар мен адамдардың арасындағы адамгершілікке толы қарым-қатынастардың озық үлгілерін, жақсы дәстүрлерін оқытатын қағидалар жиынтығы. Халқымыз ежелден адамгершілік, инабаттылық, сыйластық сияқты асыл қасиеттерді өз бойына сіңіріп және ардақтап келеді. Адам өмірге келгеннен кейін өзара сыйласу - баршаға ортақ қасиет. Тіршілік иелерінің ішінде адам санасымен ерекшеленеді.


Жұмыр басты пенде, ең алдымен өзін-өзісыйлай білуі қажет. Егерде өзіңді-өзің құрметтеп, бағалай білмесең өзгеден сый құрмет көремін деу бекершілік. Қазақ қашанда философ халық қой. «Өз-өзіңді жаттай сыйла, жат жаныңнан түңілсін» деген мақалдың астарынан ақ көп нәрсе аңғаруға болады. Этика - мораль туралы ілім, яғни адамгершілікті, ізеттілікті, кішіпейілділікті,әдептілікті оқытады.

Ал мораль дегеніміз қоғамдық сананың бір түрі немесе бір көрінісі. Адамдардың арасында ежелден қалыптасқан жақсы мінез-құлқы мен инабатты, инабатты, адамгершілікке толы қарым-қатынастарды реттейтін принциптер мен жиынтық ережелерін мораль дейміз. Адам-адамға дос, жолдас, бауыр деген ұлағатты сөз этиканың ең негізгі қағидаларының бірі. Медициналық этика - медициналық қызметкерлердің жұмысындағы гуманизм көрінісі, дентологияның теориялық негізі болып саналады.

Деонтология - (гректің - тиіс, керек деген сөзінен шыққан) дегеніміз әрбір жеке адамның бүкіл адам баласы мен қоғамның алдындағы атқаруға тиіс міндетін, борышын, парызын оқытатын этиканың негізгі бір саласы. Дентологияның негізгі принципі - адам жеке басының қамын ойламай, өз мүддесін халық пен қоғамның қажеттілігіне саналы түрде бағындыра отырып, жеке басының мүддесін қоғамдық мүддемен үйлесімді түрде үйлестіре алуында. Медициналық дентология дегеніміз - медицина қызметкерінің адам баласы алдындағы, қоғам алдындағы атқаруға тиіс кәсіптік парызы мен өтеуге тиіс борышын оқытатын ілім.


Біздің дәуірімізге дейін ІХ ғасырда өмір сүрген атақты үнді дәрігерінің «Өмір кітабы” атты еңбегінде дәрігерге былай деген өсиет айтады: «Дәрігер іс жүзінде табысқа жету үшін: өзінің дені сау, мұнтаздай таза, қарапайым, шыдамды, сақалы қысқа етіп бастырылған, тырнақтары алынған, ақ жиде жұпыны киім киген болуы керек. Сөйлеген сөзі жұмсақ, жағымды, тартымды және үлкен үмітпен айтылуы қажет.

Жаңа тақырыпты бекіту:

Білемін, білдім, білгім келеді кестесін толтыру

БіБілемін

БіБілдім

БіБілгім келеді




Сұраққа жауап беріңіз:

- Мейіргер ісінің тарихын білу

- Этика туралы түсінік

- Деонтология туралы ұғым қалыптастыру

Үй тапсырмасы:

Этика

Деонтология

Мейіргер ісі философиясы

Сабақ/оқу қорытындысын жасау, бағалау

Студент тақырыпты жетік меңгергендігін, логикалық ойлау дағдысын көрсетсе,қойылған сұрақтарға толық жауап беріп нақты мысалдармен тұжырым жасай алса 90-100% дұрыс жауап берсе. Студент тақырып бойынша білімін көрсете алды бірақ оқытушының ескертулерінен кейін жөнделген кейбір нақты емес жауаптары болса. Логикалық ойлау дағдысын көрсете алса және нақты мысалдар келтіре отырып тұжырым жасай алса 75-89% дұрыс жауап берсе. Студент тақырыпты толық меңгермеген және қойылған сұрақтарға жүйелі жауап бермейді. Бірақ келесі материалды игеру үшін жетерлік тақырып бойынша жалпы түсінігі бар екенін көрсетсе. Ұғымдардың анықтамаларын толық айта алмаса немесе терминдерді оқытушының бірнеше жөндеулерінен кейін ғана дұрыс айта алса 50-74% дұрыс жауап берсе Студент сабаққа қатысқан. Оқу материалының білмейтіндігін немесе толық түсінбегендігі байқалса, анықтамаларды мүлдем білмесе немесе елеулі қателіктер жіберсе, оқытушының жөндеулерінен кейін де қатесін түзете алмаса дұрыс жауабы 50%-дан төмен .



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
3 ұстаз жүктеп алған
19 мамыр
212
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі