400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 21 материал табылды

Мейірім

Материал туралы қысқаша түсінік
Мейірім акциясы аясында өткізілген шара сценариі
Материалдың қысқаша нұсқасы



Қайырлы күн, қадірменді ұстаздар, қонақтар!

Бүгін біз бір жүрек жылуын сыйлап, қайырымдылық пен мейірімнің мәнін ұғындыру мақсатында «Мейірім» атты акция аясында бас қосып отырмыз! Шарамызға қош келдіңіздер! Мейірім – адам бойындағы ең асыл қасиет. Бүгінгі шарамыз арқылы біз де өзгелерге қуаныш сыйлап, жылулық үлестірмекпіз.

Мейірім акциясының мақсаты : Ата-анаға қолдау, әлеуметтік қолдауды қажет ететін балаларға жағдай жасау, қолдау білдіру.

Алғашқы сөз кезегін мектеп директоры Утепбергенов Әділжан Жеткеншекұлына беріледі.

Сіздердің назарларыңызға 2 «А» сынып оқушыларының орындауында «Болашағы біз елдің» әнін ұсынамыз.

Мейірім – біреуге қуаныш сыйлау, жақсы сөз айту, көмек көрсету. Қайырымды істеріміз көп болсын

Мейірімді ізде таза - аңғал жүректен,
Селт еткізіп, сезімді бойда дір еткен.
Мейірімділікті сіңірген адам бойына,
Өмірге мына, жылылықпен гүл еккен
демекші мектебімізде 9 адамнан тұратын қамқоршылық кеңесі жұмыс жасап отыр. Кеңес төрағасы Бауыржан Иғлашұлы.

Осы орайда қамқоршылық кеңес мүшелеріне және төрағасына үлкен рақметімді айтқым келеді. Себебі осы мейірім акциясын ұйымдастыруда белсенділік танытып отыр. Біздің бастамамызбен ,қамқоршылық кеңестің қолдауымен, демеушілігімен мектебімізде әлеуметтік қолдауды қажет ететін оқушылардың ата-аналарына қаржылай көмек жасап отыр. Ендігі сөз кезегін қамқоршылық кеңес төрағасы Бауржан Иглашұлына жолдаймыз

Осы сәтте қамқоршлық төрағасы сөз сөйлеп, 4 отбасыға қаржылай көмектерін табыстады.

Жүргізуші: Назарларыңызға оқушылардың орындауын «Отан» әнін ұсынамыз

Бүгінгі шарамыз – мейірімнің, ізгіліктің, адамгершіліктің көрінісі. Жақсылық жасауға асығайық, себебі мейірім – әлемді көркейтеді!

Мейірім – біреуге қуаныш сыйлау, жақсы сөз айту, көмек көрсету. Қайырымды істеріміз көп болсын!

Уақыттарыңызды бөліп, қатысқандарыңызға үлкен рақмет.





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
20.01.2026
3
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12