жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Мейірім шуағы
Тақырыбы: Мейірім шуағы
Мақсаты: Рухани-адамгершілік қасиеттерді, жақсы мен жаманды ажырата білу, бір-бірімен қарым-қатынастарын жақсарту, адамгершілікке, имандылыққа, шыншылдыққа, мейірімділікке үйрену.
Көрнекі құралдар: жағдаяттық тапсырмалар, күн, кемпірқосақ суреттері
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
Мұғалім: -Саламатсыздар ма, құрметті оқушылар! Бүгін біз адамның жақсы қасиеттерінің бірі-мейірімділік туралы әңгімелесеміз.
ІІ. Бейнетаспа: Абайдың 14 сөзімен таныстыру
«Мейірімді адам» бойындағы қасиеттерді атап өтсек: ақкөңіл, жаны таза, шыдамды, рақымшыл, жылы жүректі. Енді осындай адам деп кімді айтар едіңдер?
-Әрине мейірімді жандардың қатарында ең бірінші біздің аналарымыз тұрады екен.
-Адамзат ненің, кімнің мейіріміне бөленген?
-Күн, табиғат, ана, ұстаз, дәрігер және тағы басқалардың мейіріміне бөленеді. Ендеше, мына сұраққа жауап беріп көрейікші:
*«Мейірімді адам» дегенді қалай түсінесіңдер? (Балалардың жауаптары тыңдалады)
Мұғалім: -Балалар, сендерге жақсы болуды, мейірімді болуды кім үйретеді?
ІІІ. Даналық сөз: «Мейірімділікті анадан үйрен» (Халық даналығының мәнін түсіну.)
Ана-халық ұғымында жаратушы. Олай дейтініміз табиғаттың жаратқан иесі адамды дүниеге әкелуші-Ана. Ал барлық нәрсенің дүниеге келуі үлкен мейірім мен шапағаттан пайда болады. Табиғаттың барлық жанға бірдей мейірімді болуы сондықтан. Адамның да ананың кіршіксіз мейірінен берілген мейірімділігін сақтап қалуы өз қолында.
ІV. Ойын: «Кім және не мейірімді?» түсіп қалған сөздерді орнына қою керек. (баяу музыка ойнап тұрады)
Күлімдеген …. мейірімді. (күн)
Кіршіксіз ақ …. мейірімді! (қар)
Таза мөлдір…. мейірімді! (су)
Бәрімізді көтеріп тұрған …. мейірімді! (жер)
Аяулы …. мейірімді! (анам)
Қадірлі …. мейірімді! (әкем)
Әлпештеген …. мейірімді! (әжем)
Еркелеткен …. мейірімді! (атам)
Жылы жүзді …. мейірімді! (ұстазым)
Тату-тәтті …. мейірімді! (достарым)
-Балалар, сендер білесіңдер ме? Атаулы мерекелердің ішінде мейірімділік күні де аталып өтеді екен. Олай болса, Дүниежүзілік мейірімділік күні қалай пайда болды?
V. Жаңа ақпарат:
Қазіргі әлеуметтің негізгі проблемаларының бірі – адамдар жүрегінің қатаңдығы, қатыгездігі және бейжайлығы. Осыған орай, 13 қараша Дүниежүзілік мейірімділік күні болып белгіленді.
Дүниежүзілік мейірімділік күні (World kindness day) – салыстырмалы түрде, жас мереке. Ол 1998 жылы бастау алды. Бұл жылы Жапония астанасында Дүниежүзілік мейірімділік қозғалысының алғашқы конференциясы өтті. Оған Канада, Ұлыбритания, АҚШ, Сингапур, Тайланд және Жапония өкілдері қатысты. Осы шараға қатысушылар жаңа пайдалы мерекені қабылдау туралы шешімге келіп, жыл сайын тойланатын нақты күнді белгіледі. Бұл күн ресми мәртебесін 2000 жылы Дүниежүзілік мейірімділік қозғалысының үшінші конференциясында алды.
Жалпы, бұл ұйым 1998 жылы Жапонияда пайда болды. Оған ерікті адамдар әлемнің әр бұрышынан жылдам жинала бастады. Бұл еріктілер адал ниетпен мейірімді істер жасайды және сол әрекеттерімен басқаларға үлгі болады. Дүниежүзілік мейірімділік қозғалысына кез-келген адам қосыла алады. Олардың сайты бар, сол жерде қатысушылар бір-бірлерімен сөйлесе алады.
Сонымен қатар, Дүниежүзілік мейірімділік қозғалысының ресми құжаты бар. Ол "Мейірімділік Декларациясы" деп аталады. Мейірімділік күнінің бірнеше мақсаты бар. Біріншіден, халықаралық дәрежедегі бұл керемет мереке ғаламшар тұрғындарының қоғам игілігі және өзінің тұлғалық дамуы үшін мейірімді істер жасау қажеттілігін түсінуге көмектесу керек. Екіншіден, мереке діни, идеологиялық және тілдік кедергілерден құтылып, түрлі ұлттардың тату болуына ықпал ету қажет. Әрине, бастысы, әр адам таза ниетпен мейірімділік жасауды қалауы тиіс.
Өз мейірімділігімен атақты болған адамдар
Әлемде мейірімді адамдар бар. Бақытқа орай, мейірімді жандардың саны тасжүрек тұрғындарға қарағанда әлдеқайда көп. Қандай да бір деңгейде атақты болған кей мейірімді адамдарды ұсынамыз.
Назир Собхани – 27 жасар Мельбурн тұрғыны. Ол шаштараз болып жұмыс істеп, аптасының 6 күнін сұлулық салонында өткізеді. Ал қалған бір күнін, яғни, жетінші күні қаланы аралап, үйі жоқ көшедегі адамдардың тегін шашын қиып, сақалын қырып береді екен. Сонымен қатар, ол өзінің ерікті жұмысын атқарып жатқанда кездескен адамдармен көңілді сөйлесіп, оларды да жаңа өмір бастауға шақырады.
Бри Дредж – мұғалім. Ол зияткерлік телевизиялық шоуына қатысып, ақшалай 20 мың доллар ұтып алады. Ол ақшаны өзіне немесе туыстарына емес, өз оқушыларына арнайды. Бри әрбір оқушысына жаңа аяқ киім алып берген.
Холли Кристенсен – балалар онкологиялық ауруханасының бұрынғы қызметкері. Химиятерапия салдарынан шашынан айырылыған досының кішкентай қызына көмектескісі келген ол "Рапунцель" ертегісіндегі кейіпкердің шашына ұқсайтын парик алып, қыздың басына тағып береді. Кішкентай қыздың қуанышында шек болмайды. Содан соң Холли ерікті адамдармен қосылып, The Magic Yarn Project жобасын ашады. Бұл жобаның мүшелері ракпен ауыратын қыздарға Дисней ханшайымдарына ұқсайтын парик жасап, сыйға тартады.
Мұндай мейірімді іс жасайтын адамдар әлемде аз емес. Мейірімді адамдардың таза ниетті істерінен шабыт алыңыздар және олардың қатарына қосылыңыздар. Мұндай игілікті іске достарыңыз бен туыстарыңызды шақырыңыз. Бастысы, жақсылықты тек 13 қараша күні емес, әр күні жасаңыз!
VІ. Жағдаяттарды шешу:
1-жағдаят: Сен аулада ролик теуіп жүрдің, ал сенің досыңның ролигі жоқ, сенің әрекетің?
2-жағдаят: Сенің алдыңнан бір құшақ газет-журнал көтерген хат тасушы апай шықты , сен не істер едің?
3-жағдаят: Сенің анаң ас дайындап жатыр, ал інің мазасызданып кетті, сенің әрекетің?
4-жағдаят: Сенің алдыңнан ауыр сөмкелерін көтерген әже шықты, сен абайсызда ол әжені қағып кеттің, оның сөмкесіндегі заттары шашылып қалды, сен не істер едің?
Мұғалім: -Балалар сендер
өздерің білесіңдер кемпірқосақта жеті
түрлі түс бар. Сол түстердің әрқайсысында жақсы ақыл-кеңес бар екен.
Соған назар аударайық:
1. Әр күніңді жақсы ойлар ойлаумен баста, бос
өткізбе
2. Күні бойы өзіңді қоршаған адамдардың бәрі
туралы тек сүйіспеншілікпен және ізгілікпен ойлай
жүр
3. Ұйықтар алдында бүгін қанша адамды
қуанттым, жұбатқаныңды, қайырым жасағаныңды есіңе
түсір.
4. Басқалардың қажетіне жарай білуге
талпын.
5. Ата-анаңның мейірім шуағын сезініп,
қадірлей біл..
6. Тыныштық сақтай білуге үйрен, нәзік үнмен
биязы, мәдениетті сөйлеуге
үйрен
7. «Жақсылыққа жақсылық-әр кісінің
ісі,
Жамандыққа жақсылық ер кісінің ісі» деген мақалды түсініп жадыңа ұста.
VІІ. Қорытынды: -Балалар бүгін сабақта адам бойындағы тағы бір асыл қасиет мейірімділік туралы білдіңдер? Осы сабақта өздеріңе не алдыңдар, не үйрендіңдер? (оқушылар жауабы)
Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста
Сонда толық боласың елден ерек
Үш - ақ нәрсе – адамның
қасиеті:
Ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек,-деп
Абай аталарың айтқандай, жүрегіміз жылылыққа, көңіліміз шаттыққа,
жүзіміз қуанышқа толып, бүкіл адамзат баласын жақсылыққа жетелейтін
мейірімділік қасиеті сөнбей, әр күніміз әдемі
өтсін.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген