Мейірімді бола білейік

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Мейірімді бола білейік

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл материал бастауыш сынып оқушыларына қажет.Тәрбиелі,мейірімді,жанашыр,қамқор болуға үйретеді.Жақсы қасиетке нелер жататынын,қалай мейірімді болуға болатынын,кімнен үлгі алуға болатынын көрсетеді.Мейірімді бала болашағынана үлкен үміт күттіреді.Көп қайырымды істер жасайды.Анасына мейірімі артып,басқаларға да мейірімді болуға тырысады.Бауырларына,достарына,үлкенге,кішіге мейірймді бола біледі.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мейірімді бола білейік

 Мақсаты: Балаға мейірімділік ең жақсы қасиет екенін ұғындыру.Оларды мейірімді болуға шақыру.Баланың бойына рухани-адамгершілік  қасиеттерді ұялату, жақсы-жаманды ажырата білуге ,адамдық асыл қасиеттерді игеруге ықпал ету.Бір-бірімен қарым-қатынастарын жақсарту,оларды  адамгершілікке ,имандылыққа. шыншылдыққа, мейірімділікке тәрбиелеу.

Әдісі: Түсіндіру, сұрақ –жауап,әңгімелеу.

Көрнекі құралдар: слайд,сурет,бейнекөрініс

Сабақтың барысы:              

Мұғалім:    -Саламатсыздар ма құрметті оқушылар !Бүгінгі біздің тәрбие сағатының тақырыбы «Мейірімді бола білейік». Адамның жақсы қасиеттерінің бірі мейірімділік туралы әңгімелесеміз. Адамдардың бір-біріне деген мейір шапағаты -әдептілік белгісі , сол туралы білеміз.Сыныбымыздағы ең мейірімді бала кім екенін табайық,одан үлгі алайық.

Абайдың 14-ші сөзімен таныстыру

«Мейірімді адам» бойындағы қасиеттерді атар өтсек: жақсы адам, ақкөңіл, жаны таза, шыдамды, рақымшыл, жылы жүректі. Енді осындай адам деп кімді айтар едіңдер?

— Әрине мейірімді жандардың қатарында ең бірінші біздің аналарымыз тұрады екен.

-Неге аналарымыз ең мейірімді жан?

— Адамзат ненің,кімнің  мейіріміне бөленген?

— Күн, табиғат, ана, ұстаз, дәрігер және тағы басқалардың мейіріміне бөленеді.

- Сен өзіңді мейірімдімін деп есептейсің бе,неліктен?

Ендеше мына сұрақтарға жауап беріп көрейікші:

«Мейірімді адам» дегенді қалай түсінесіңдер?  Қандай адамды мейірімді адам деп айтасыңдар? Балалардың жауаптары тыңдалады.

«Мейірімділік шуағы» сөзін топтастыру(Тақтаға оқушылар осы сөздің мағынасын ашатын сөздерді қойып шығады)

жақсы адам           ақкөңіл           жаны таза          бірлік

жарастық                                                                           махаббат

 

шыдамды                   Мейірімділік шуағы                           рақымшыл

 

 

ынтымақ                                                   бауырмалдық

 

жылы жүректі        сүйіспеншілік            қамқорлық         достық.

 

«Мейірімділік» өлеңін оқу:

Мейірімділік – ғажайып өмір есігі,

Мейірімді болсаң – сазды әуенмен тербетілер бесігің.

Ашық болсын мұқтаждарға көңілің мен есігің,

Мейірімсіз болсаң, алладан болмас кешірім.

Қол ұшын бер жетімдерге жылаған,

Қайтарма қолын, ананың көмек сұраған.

Оу, адамзат, сіңірген бойға мейірімді,

Өтініп соны, сіздерден әркез сұранам.

Мейірімді ізде, таза, аңғал жүректен,

Селт еткізіп, сезімді бойда дір еткен.

Мейірім ана бойында сіңірген бойға, мойында,

Өмірге мына жылылықпен гүл еккен.

«Сары тауық және балапан» әңгімесімен таныстыру

Оқушылармен бірге осы көрініс қойылады.

Сұрақтар:

  1. Сары тауық өз балапандарын қандай жақсы қасиеттерге баулыды?

  2. Сары тауық өз аналық мейірімін қалай көрсете білді?

  3. «Күн ашылып, ана жүрегіндей жадырады» дегенді қалай түсінесіңдер?

  4. Сендер біреуге мейірімділік танытқан кезде қандай сезімге бөлендіңдер?(балалар жауабы)

Қорытынды:  -Балалар бүгін сабақта адам бойындағы тағы бір асыл қасиет мейірімділік туралы білдіңдер. Осы сабақта өздеріңе не алдыңдар, не үйрендіңдер?         (оқушылар жауабы)Сонымен бізің сыныбымыздағы ең мейірімді бала кім екен?Оған «Мейірімді бала» деген төсбелгімізді тапсырайық.

-Дұрыс балалар, адамдар  бір-біріне  әрқашан қамқоршы, адал, қиын жағдайда қол ұшын беруі керек, әр күнін  күлімдеп қарсы алып, өзін қоршаған  адамдарға,бауырларына  мейірімділік таныта білуі керек.Әрқашан мейірімді бола білейік!



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
02.11.2018
1248
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі