Материалдар / Мейірімді болса жүрек - орындалар тілек!

Мейірімді болса жүрек - орындалар тілек!

Материал туралы қысқаша түсінік
тренинг балабақша педагогтарына арналған. Қызықты тапсырмалардан, жаттығулардан, ойындардан тұрады. Педагогтардың эмоциональды көңіл - күйін көтеруге арналған педагогикалық тренинг
Авторы:
20 Наурыз 2024
152
0 рет жүктелген
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Мейірімді болса жүрек – орындалар тілек»

педагогтарға арналған тренинг


Мақсаты: Бұл тренинг педагогикалық ұжымды ынтымақтастыруға, қарым-қатынас дағдысын дамытуға, өз-өзіне деген сенімділігін, жағымды қатынасты арттыруға, көңіл-күйлерін көтеруге бағытталған. Тренинг жаттығулары педагогтардың бірін-бірі түсінуін, өзін жетілдіру, өзін-өзі тануын дамытады.
Міндеттері:
-Топта жағымды психологиялық климат қалыптастыру;
-Топтасып жұмыс істеу жүйесін әрі қарай дамыту;
-Педагогтардың коммуникативтік біліктілігін арттыру.
Психолог: Қайырлы күн, құрметті әріптестер! Сіздермен кездескеніме өте қуаныштымын. Бүгінгі тренингте тынығуға, ойнауға, өзімізді, бір-бірімізді жете тануға мүмкіндік болады.
Сіздерді жаттығу жұмыс ережесімен таныстырып өтейін:

«Менің қасиетім»жаттығуы.

«Теңдік шеңбері» жаттығуы.

«Кім білгір» жаттығуы

«Сиқырлы қобдиша» жаттығуы
«Табиғат мінезі» жаттығуы

Ой сергіту «Логикалық сұрақтар»

Ой сергіту. «Шеңбер бойымен жалғасқан әріптер»
«Тербеледі ағаштар»

«Шар» жаттығу

«Менің қасиетім»жаттығуы.

Қатысушылар өз аттарын және бір жағымды қасиетін айтады.


«Теңдік шеңбері» жаттығуы.

Мақсаты: Педагогтар өз кемшіліктері мен жетістіктерін көре алады, кемшіліктерін жоюға мүмкіндік алады.

Нұсқау: Шеңберсалынады. Шеңбердің іші сегіз сызықпен бөлінеді. Әр сызықты оң деңгейге бөледі. Әр сызыққа бір өмірлік құндылықтарын жазады. Әр құндылыққа өз деңгейін белгілейді. Барлық деңгейдегі нүктелердіқосады. Сонда өзінің өмірлік дөңгелегі, шеңбері
пайда болады.

(Мейірімділік, тәртіптілік, еңбекқорлық, қамқорлық, рухани, білімділік, көңіл-күй, кешірімшілдік)

«Кім білгір» жаттығуы

Педагогтарға бір сөз беріледі. Сол сөздерге байланысты мақал-мәтелдер құрастырып, айту. Мейірімділік, кішіпейілдік, еңбекқорлық, білімділікке байланысты.
1.Мейірімділік-жүректен,

Мейірімсіздік –білектен.

2.Кішіпейілділік – кісінің көркі.
3.Ұлық болсаң – кішік бол.

4. Мейірімді жүрек-орындалар тілек

5. Оқу  - білім азығы,

Білім – ырыс қазығы.

6.Білім басы - бейнет, соңы - зейнет.

7.Оқығаныңды айтпа, тоқығаныңды айт.

8.Білімдіге дүние жарық.

Білімсіздің күні ғаріп.


«Сиқырлы қобдиша» жаттығуы
Нұсқау: Қатысушылар шеңбер құра отырады. Ортада сиқырлы қобдиша тұрады. Сыйлықтар – қағазға жазылған адамгершілік қасиеттер.

Жаттығу шарты: Қобдишадан әр қатысушы кезекпен бір сыйлықты таңдап алып, ішінде жазылған сөзді лайықты деп санаған адамға сыйлайды немесе келесі сыйлықты таңдайды

(Сен мейірімдісің! Сен ақылдысың! Сен үнемі қамқор болып жүресің! Сен өте еңбекқорсың! Сен пысықсың! Сен маған ұнайсың! Сенің білімдісің! Сен үнемі күліп жүресің! Сенің рухани-адамгершілігің мол!)



«Табиғат мінезі» жаттығуы
Қане, барлығымыз тізбектеле тұрайық. Көзімізді жұмып, өзімізді табиғат аясында тұрғандай сезінейік. Күн тамаша ашық, күн сәулесі шуақ шашып тұр, айнала тамаша көрініске толы. Енді, өзімізді еркін сезінейік. Алғашқыда бәрі жақсы болып тұрды да кенет, аяқ астынан жеңіл жел соқты.

Алдыңызда тұрған адамның арқасынан жәймен ғана қолмен жеңіл желдің самалындай етіп сипаймыз.
Жел күшейді – енді алдыңыздағы адамның арқасын қатты уқалай бастаймыз.
Кенет, боран басталды - енді боран күшіндей екі қолмен айналдыра күштірек уқалаймыз.
Содан кейін, аяқ астынан жай ғана жаңбыр сіркірей бастады – енді қолымызбен жаңбырдың тамшысындай жәймен ұрамыз.
Бір кезде қатты жауын жауды – біз қатты жауын сияқты арқамызды саусақтың ұшымен жоғары төмен сипалаймыз.
Аяқ астынан бұршақ жауды – арқамызды саусақ басымен бұршақ жауғандай қаттырақ ұрамыз.Бір кезде шаймашуақ күн нұры келді. Көзімізді ашамыз

Ой сергіту «Логикалық сұрақтар»

1. Айгерімнің әкесінде 3 қыз бар: Гүлсая, Жансая және …..? /Айгерім/
2. Торда 12 құс отыр. Оның 11-нен басқасы ұшып кетті? Торда қанша құс қалды? /12 құс тордан ұша алмайды/Жауабы

3.2 адам шахматты 2 сағатта ойнаса, 1 адам неше сағат ойнайды?/ 2 сағат/

4.Қандай ыдыстан тамақ іше алмаймыз? /Бос ыдыстан/

5.Адамдар мен көліктер басып өтетін жануар қалай аталады? /Зебра/

6.Шикідей жемейді. Піскен соң қоқысқа тастайды. Бұл не? /Лавр жапырағы/

7.Адам оның қосылғанын қалайды. Алайда қосылған кезде ашуланып, өшіруге асығады. /Оятқыш/

8.Абдулланың он бес қойы бар еді. Оның он төртінен басқасының бәрі өліп қалды. Сонда Абдулланың неше қойы қалды. /Он төрт/


Ой сергіту. «Шеңбер бойымен жалғасқан әріптер»
Қатысушылар шеңберде тұрып, бір - бірлеріне допты бере отырып, бір сөзді айтады және сол сөздің соңғы әріпінен келесі қатысушы басқа сөз айтады. Ойын осылай жалғасады. Қатысушылар мүдірмей, тез жауап беруі тиіс

«Тербеледі ағаштар»

Өлеңді әртүрлі көңіл күйде оқу

(бір қалыпты күйде, көтеріңкі көңіл күйде, қорқынышты күйде, ашулы күйде, жылаңқы күйде, мұңайған күйде)

«Шар» жаттығу
«Кімнің қолы шарға тисе, 2020 жылы арманына жетеді» деген сөздерді айта отырып, қатысушыларға шар жіберіледі.

  • Осымен бүгінгі тренингіміз аяқталды. Қатысқандарынызға көп рахмет!


















«Жауқазын» бөбекжай-бақшасы






Бекітемін:

Жауқазын» б/б директорының м.а.

____________

Узакбаева З. Б.






«Мейірімді болса жүрек – орындалар тілек»

педагогтарға арналған тренинг




Психолог: Нұрболатова А.














2020 оқу жылы


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ