Материалдар / "Мейірімді болса жүрек - орындылар тілек" Балабақша тәрбиешілерімен тренинг
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Мейірімді болса жүрек - орындылар тілек" Балабақша тәрбиешілерімен тренинг

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәрбиешілерге көмек
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
04 Мамыр 2021
958
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Талғар ауданы Панфилов ауылы «№4 Ветерок балабақшасы»











Мейірімді болса жүрек –

орындалар тілек


















Педагог-психолог: Асаубекова Д.М.






2020-2021 оқу жылы

Тақырыбы: Мейірімді болса жүрек – орындалар тілек


Мақсаты: Тәрбиешілерді инновациялық әдіс тәсілдерді тәжірибелеріне енгізе отырып, өз кәсібіне деген ынтасын, логикалық ойлау қабілетін, шығармашылық ізденісін, ой-қиялын арттыру. Тәрбиешінің эмоциялық көңіл-күйлерін көтеру, топтасып жұмыс істеу жүйесін әрі қарай дамыту. Тәрбиешілердің өз кәсібіне деген ынтасын арттыру.

Түрі: Психологиялық тренинг

Әдісі: Топтық жұмыс, сұрақ-жауап, аппликация, ой бөлісу және пікір алмасу.

Көрнекілігі: Плакаттар, маркерлер, компьютер, интерактивті тақта, жүрекше, смайликтер, қобдиша, А4

Тренинг ережесі:

1. Белсенділікті арттыру.

2. Бірлесіп жұмыс істеу.

3. Бір-біріне кедергі келтірмеу.

4. Өз ойын  ашық айта білуге үйрену.

5. Өзіне пайдалы нәрсені алу.

6. Әріптестермен жақсы қарым-қатынас орнату.

7. Өзін еркін ұстауға үйрету.


Психолог сөзі: Сәлеметсіздерме, ұлағатты ұстаздар! Бүгін сіздердің психикалық көңіл-күйлеріңізді көтеруге, өз бойларыңыздағы шығармашылық қабілеттеріңізді бағалай білуге, өз-өзіңізге құрметпен қарауға, бір-біріңізбен сыйластық қарым-қатынасты нығайтуға арналған «Мейірімді болса жүрек – орындалар тілек» атты тренингке  ұйымшылдықпен қатысуға шақырамын.

  1. Ұйымдастыру кезеңі. 

Таңертең үйден шығар алдында айнаға қарап шыққан адам қол көтерсін. Ал, айнаға қарап күлімдеген адам қол көтерсін. Көріп тұрғанымыздай, күлімдеп шыққан адам аз.  Сондықтан, құрметті әріптестер қазір жүзімізге күлкі ұялатып, бір-бірімізге күлімсіреп амандасып алайық.

1) «Амандасу тренингі»

1.Амансыңба құрбым

2.Қалайсың

3.Сен қайда болдың?

4.Мен сені сағындым.

5. Сен келгеніңе мен қуаныштымын.

6. Көңіл күйім өте жақсы...

Тәрбиешілердің көңіл күйінің көтерілгенін сезіндік.


2).«Сиқырлы қобдиша» жаттығуы:

Қобдишаны бір-біріңнің қолдарыңа бересіздер, қобдишаны алған адам оны ашып ішіне қарайды.

Оның ішіндегі күліп тұрған смайликтен сіздер жан-жақты және қайталанбайтын бейнені көресіздер. Оған күліп қарауларыңыз керек.

Психолог  талдауы: жан-жақты және қайталанбайтын бейне деген сөзді қалай түсінесіздер?

- Сіздер ол бейнеге күліп қарағанда, ол сізге қалай қарады?

- Қобдишаның ішінен қандай құпияны күттіңіздер?

      Демек, біз, сіз, әрбір адам өз алдына жан-жақты қайталанбайтын дүние екен. Ендеше, сіздердің «сиқырлы қобдишадан » күткен құпия сырларыңыз сияқты, мен сіздермен құпия ойындар мен тапсырмаларға толы тренингмізді бастаймын.

3) «Жемістер жинау» жаттығуы: Құрметті әріптестер қазір сіздер мына жемістерден өздеріңіз қалағанын алып, себеттерге саласыздар.(осыған байланысты үш топқа бөлеміз, әр топ өздеріне ат қояды,топ басын сайлайды)

4)«Моншақ»жаттығуы: ( 3 топқа да, алдын ала стол үстіне 3 ине мен жіп беріледі)

Психолог сөзі: Нұсқау: менің қолымдағы моншақтан өздеріңіз қалағандарыңызша алыңыздар.

Енді алған моншақтың санына қарай өз есіміңізді атай отырып,жақсы қасиеттеріңізді атаңыз.  Мына ине-жіпке жақсы қасиеттеріңізді тізіп көрейік. Әр топ өздеріне моншақ жасайды.

Психолог талдауы: Көрдіңіздерме, осы жақсы қасиеттерді біріктіре отырып, сіздер әлі талай шыңдардан көрінетіндеріңізге мен де, сіздер де сенімдісіздер.

Бір- бірімізге қол соғып қоямыз. Рахмет, келесі тапсырмаға көшеміз.


5)«Нұрлы жүрек» жаттығуы: «Тәрбиешілермен сұхбаттасу жолы».Олай болса назарларыңызды экранға аударайық. Мінекей, сіздерге бірнеше сұрақтар беріліп тұр.

1. Сіздің бала кезіңіздегі арманыңыз қандай?

2. Сіздің қызығушылығыңыз қандай?

3. Сіз қандай баланы ұнатпайсыз?

4. Ең сүйікті мейрамыңыз қандай?

5. Өз мамандығыңыз сізге ұнай ма?

6. Бос уақытыңызда немен айналысасыз?

7. Тәрбиешіліктен басқа қандай мамандыққа барар едіңіз?

8. Қазіргі таңдағы балалардың бойынан қандай қасиет көргіңіз келеді?

9. Балалармен жұмыс істегенде қандай әдіс тәсілдерді қолданған ұнайды?

10. Сіздің қолыңызда билік болса, балабақшада нені жаңартып өзгерткіңіз келеді?

Психолг  сөзі: Нұсқау: алдарыңыздағы А4 ақ қағазға әркім қос қолының суретін бастырып алады және сауақтарға өз жауаптарын жазып, ал есімдерін ортадағы жүрекшеге жазу керек.

Тәрбиешілердің жауабы:

Психолог: Рахмет сіздерге, әрқашанда жүректеріңіз нұрлы болсын деген тілекпен  тренингімізді жалғастырамыз.


6) «Сізге қандай жеміс-жидектер ұнайды?»

Нұсқауы: қатысушыларға 6 түрлі жеміс –жидектер ұсынылады. Солардың ішінен өзіне ұнайтын біреуін таңдайды. Таңдаған жеміс-жидектер бойынша қатысушылардың мінездерінің ерекшеліктері айтылады.

Американдық психолог И. Канн өз тәжірибелері негізінде осындай қорытындыға келген.

Алма өте ұнайтын болса, жігерлі, бірақ аздап ескі көзқарастағы адамсыз. Өз бастығыңызға шын берілгансіз, оның қандай тапсырмасын болса да, жан сала тиянақты атқаруға тарысасыз. Аздап ақан жанды, өз-өзіңізге риза адамсыз.

Шабдалыны ұнататын адамдар көпшіл, кез-келеген адаммен тіл табыса алатын ашық жарқын болып келеді. Сізден сыпайылық пен мәдениетті адамның белгілері айқын аңғарылып тұрады. Тек бір кемшілігіңіз – қиындықтарды ауыр көтересіз, кейде оларды жеңуге дәрменсіздік танытасыз.

Құлпынайға онша «кет әрі» болмасыңыз сіз көңілді, қонақжай адамсыз. Елмен тіл табыса аласыз. Сізге сыпайылық тән, талғамыңыз нәзік. Ешкімге тәуелді емессіз. Дегенмен, қызғаншақтығыңыз жоқ емес.

Қарбызды ұнататындар орнықты адамдар. Олар шиеленіске, жанжал, дау-дамайға бара бермейді. Еш уақытта еш нәрсеге шағымданбайды. Тұрмыс пен көңіл күйін тек қана, өз күшімен жақсартуға дан қояды. Отбасында да үлгілі, артық-ауыз сөзі жоқ. Кейде табандылық жағы ғана жетіспейді.

Жүзімді ұнататындар өзінің де өзгенің де сырын сақтай білетіндер.

Бірақ мұнда тұйықтық, кейде шектен асып кетеді де, ел ондай адамдарға сенімсіздікпен қарауы мүмкін.

Шиені ұнатсыңыз, мінезіңіз жұмсақ, кішіпейілсіз. Өзгеге қуаныш пен жақсылық жасау үшін, кейде өзіңізге зиян келтіріп алуыңыз мүмкін. Өтірік – өсек сөзге жоқсыз, есесіне анекдоттарды ұнатасыз. Ал, махаббат жөнінде сәби тәріздісіз, сізді оп-оңай өкпелете салуға болады.



7) «Дене мүшелер биі»

Енді көңіл-күйлеріңізді көтеру мақсатында қазір барлығымыз орнымызда отырып, билейміз. Биіміз ерекше болады. Мен бір дене мүшесін айтам, тек қана сол дене мүшелеріңізбен билеу қажет. Ал бастайық

  1. Саусақ биі

  2. Қолдар биі

  3. Бас биі

  4. Иықтар биі

  5. Ішімізбен билейміз

  6. Аяқтар биі


8) «Жапсыру» жаттығуы

«Еңбек ағашы »жаттығуы: қазір сіздерге түрлі түсті қағаздар таратылып беріледі. Сол қағазға өз ойларыңызды жазып әр қайсысын өз орнына ілесіздер.

- Бұталарға- тәрбиеші қандай болу керек?

- Жапырақтарға- тәрбиешінің түпкі мақсат-мұраты

- Гүлдер- тәрбиешінің еңбегінің нәтижесі

- Жемістер- өздеріміз тәрбиелеген бала қандай болу керек?

Тәрбиешілердің ойы:

Психолг  сөзі: Міне , сіздер «Еңбек ағашын» құрастырып шығардыңыздар. Сіздің еңбектеріңіздің жемісі осы емеспе? Керемет, өте тамаша! Рахмет!



























9)«Стакан мұнарасы» тимбилдингі

Тимбилдинг- ұжымдағы қарым-қатынастың даму негізі. «Тимбилдинг» - бұл әлеуметтік-психологиялық тренинг, оның негізгі мақсаты – қызметкерлер ортасында берік достық қарым-қатынасты және өзара көмек көрсету принциптерін құру болып табылады. Қарапайым тілде айтқанда, бұл бірге жұмыс істейтін адамдарға қарым-қатынастарын жақсартуға және нәтижесінде ұжымның жұмысы тиімділігін арттыруға көмектеседі. Бірыңғай мақсат және жеңіп шығу игілігіне командалық жұмыс идеясы спорттан алынды және жетістікпен тек бизнесте ғана емес, сонымен қатар мемлекеттік органдарда да орын тапты.

Мақсаты: тәрбиешілерден команда қалыптастыру, көшбасшыны анықтау, бірлікке шақыру, көтеріңкі көңіл күй.

Тренинг барысы: Қатысушыларға резеңке байланған жіптер, стакандар беріледі.Жіптің көмегімен стакандарды қолмен ұстамай пираида құру қажетТренинг аяқталғаннан кейін кері байланыс жүреді





Рефлексия: «Ашығын айтсам»

1. Бүгінгі тренинг сіздерге ұнады ма?

2. Тенингтен қандай әсер алдыңыз?

3. Тренингтен кейінгі көңіл- күйіңіз қандай?

Психолог сөзі: Жүректен шыққан сөз жүрекке жол табады.

 Шенбер бойынша тұрып,жүректі үлестіру арқылы бір-біріне тілек айту.

Жылы сөз адамдарды достастырады, сабырлы болуға, денсаулығын сақтауға, көңілін көтеруге, ашуын қайтаруға септігін тигізеді. әр айтылған сөзді адам жүрегімен қабыл-дайды. Сондықтан, қолдан келгенше бір-бірімізге жылы, жақсы сөздер айтқан дұрыс.

      «Теңіз жағасында күнбе-күн бір қарт адам жағаға шығып қалған теңіз жұлдыз-шаларын еңкейіп алып теңізге кері лақтырып жүреді. Оны байқап жүрген бір  бала: «Ата, мұндай жұлдызшалар мың-мыңдап толып жүр ғой теңізде. Несіне әуре боласыз? Сіздің кері лақтырғаныңыздың қандай пайдасы, мәні бар?» депті. Сонда қарт кезекті жұлдызшаны көтеріпті де: «Оның мына жұлдызша үшін мәні бар» деп  жұлдызшаны суға жіберіпті.»

Әрбір бала – бір жұлдыз. Біздің міндетіміз әрбір баланың  жарқырауына көмектесу!!!  Қорытынды: Адам өмірде екі нәрсемен қартаймайды, біріншісі-қайырымды ісі, екіншісі- жүректен шыққан жылы сөзі. Әрқашанда бір-бірімізге жылы сөздер айтып, бір-бірімізге қайырымды болайық. Мейірімді болса жүрек – орындалар тілек.

Мінекей, бізге берілген уақытта жетіп қалды. Бүгінгі тренингке қатысып, ортаға ойларыңызды салып, бір-біріңізге жылулық сыйлағандарыңыз үшін алғысым шексіз. Тренинг барысында ойларыңызды жинақтап, өзіңізге сенудің қаншалықты маңызды екенін түсінген боларсыз деп сенемін. Сөзімнің соңында баршаңызға бақыт тілегім келіп тұр. Мына жүйке жұқаратындай қиын-қыстау күндерде иінді төмен салмай, еңсе көтертер күш-қайрат, мұқалмас жігер, жақсы табыстар тілеймін. Бәрі бір күндегідей болмайды. Сондықтан, арайлап атар әр таңға сеніммен қарайық. Сау болыңыздар!

  • Тақырыбы:Ересек топтарында танымдық қабілетін дамытуға арналған

  • тренинг-жаттығулар және ойындар.

  • «Суреттің жұбын тап» ойыны.

  • Мақсаты: Баланың ойлау қабілетін, есте сақтауын және тілін дамыту

  • Қажетті құралдар:Күрек – тырна, қызғалдақ – раушан, ешкі – қой, қасқыр – аю,

  • картоп – сәбіз, кітап – дәптер. Магниттік тақта, магниттер, 12 жұп суреттер: фасоль –

  • горох, анар - алма, шәйнек - кесе, қораз - әтеш, аққу – шағала, шегіртке – құмырсқа,

  • Ойын өтілу барысы:

  • Психолог магниттік тақтаға ойынның суреттерін іледі. Суреттердің орналасуы:

  • жоғарғы қатарына – фасоль, алма, шәйнек, қораз, аққу, құмырсқа, күрек, қызғалдақ,

  • ешкі, қасқыр, кітап, сәбіздің суреттерін қояды. Төменгі жағына – горох, анар, кесе,

  • әтеш, шағала, шегіртке, тырна, раушан, қой, картоп, дәптердің суреттерін қояды.

  • Балаларға жоғарғы қатардан сурет таңдап төменгі қатардан сол суреттің жұбын

  • тауып топтастыру керек екенің түсіндіреді. Балалар кезекпен жұптарын тауып және

  • неліктен олай ойлайтының айтады. Мысалы: фасоль суретіне мен горохтың суретін

  • жұп қылып топтастырдым. Себебі екеуіде асқа жатады.

  • Психолог негізгі дұрыс жауапты алғанан соң, суреттің орның ауыстырып жұбтарын

  • бірінің астына бірін қойып отырады. Содан соң балалардан қалған суреттердің

  • жұбтары қандай болғанын еске түсірулерін сұрайды















Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!