Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

«Мейірімді болса жүрек – орындалар тілек» (Тәрбиешілерге тренинг)

Материал туралы қысқаша түсінік
Балабақша тәрбиешілеріне көмек ретінде қажет деп ойлаймын
Материалдың қысқаша нұсқасы

Оңтүстік Қазақстан облысы. Ордабасы ауданы

«Төрткүл» жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі



«Мейірімді болса жүрек – орындалар тілек»
(Тәрбиешілерге тренинг)









Дайындаған: тәрбиеші Найманбай Күлайша



Picture 3




Төрткүл ауылы

2017-2018 жыл



Тақырыбы: Мейірімді болса жүрек – орындалар тілек.(тәрбиешілерге арналған тренинг сағаты)

Мақсаты: жаңашылдықа, инновациялық әдіс тәсілдерді тәжірибелеріне енгізе отырып, логикалық ойлау қабілетін, шығармашылық ізденісін, ой-қиялын арттыру.

Міндеті: Жаңа қоғамдағы адамгершілік, патриотизм және педагогиканың ұйытқысы ретінде нәтижеге бағытталған білім беру іскерліктерін дамыту.

Тәрбиешінің эмоциялық көңіл-күйлерін көтеру, топтасып жұмыс істеу жүйесін әрі қарай дамыту. Ұстаздардың өз кәсібіне деген ынтасын арттыру.

Түрі: тренинг сағаты

Әдісі: Топтық жұмыс, сұрақ-жауап, коллаж, ой бөлісу және пікір алмасу.

Көрнекілігі: Плакаттар, маркерлер, компьютер, слайд, жүрекше, смайликтер, түрлі-түсті кағаздар, А4,А3

Тренинг ережесі:

  • Ойымызды ашық айтамыз;

  • Бір-бірімізді тыңдаймыз;

  • Бір-бірлеп сөйлейміз;

  • Белсенді қатысу;

  • Бір-бірімізге сый көрсету.

Барысы:

Ұйымдастыру кезеңі: .

Тәрбиешілермен үш тілде амандасу.

-Бүгін сіздерді көңіл-күйл еріңізді көтеруге, өз бойларыңыздағы шығармашылық қабілеттеріңізді бағалай білуге өз-өзіңізге құрметпен қарауға, бір-бірімізбен сыйластық қарым-қатынаста болуға арналған«Мейірімді болса жүрек – орындалар тілек» атты тренинг сағатына ұйымшылдықпен қатысуға шақырамын. Мен сіздерді көргеніме өте қуаныштымын.



«Мейірімділік әлемі»(баяндама)

Мейірімділік — адамның өзге біреуге жылылығын, ізгі ниеті мен лебізін білдіру көрінісі Мейірімділік адамдар арасындағы сыйластық, кең пейілділік, жанашырлық, ізгі ниет секілді қасиеттерге негізделеді. Мейірімділік адамның жоғары адамгершілік белгісі ретінде оның бүкіл тыныс-тіршілігін, жан дүниесін жадырататын, шат-шадыман тіршілігі үшін қажетті аса маңызды қасиеттің бірі болып саналады. “ Мейірімділік, махаббат, қайырымдылық, адалдық секілді ақ жүректен шығады”дейді Шәкірім бабамыз. Қазақтың дәстүрлі әдеп жүйесінде мейірімділік адамдар арасындағы адамгершілік, ізгілік пен ізеттілік, имандылық пен инабаттылық секілді асыл қасиеттермен үндестік тапқан. Ж.Баласағұн “кір тигізбей ұста ойыңның өресін, мейірім етсең — мейірімділік көресің” деп, мейірімділікке зор мән берген.

Мейірімді,қайырымды, сезімтал адам әрдайым жақсылық жасауға дайын тұрады.  Адамның жақсы құндылықтарының бірі мейірімділік жайлы әңгімелесеміз. Мейірімділік әр адамның жүрегінде өмір сүреді. Адамдардың бір - біріне деген мейірімділігі - әдептілік белгісі.

 •Күлімдеген күн мейірімді!
•Кіршіксіз ақ қар мейірімді!
•Таза мөлдір су мейірімді!
•Бәрімізді көтеріп тұрған жер мейірімді!

Танысу тренингі «Менің есімім»

Мақсаты:

Әрбір жеке тұлғаның өзін-өзі бағалауын,құрметтей алуын,өзіне деген сенімділігін артып,бір-бірімен жағымды қарым-қатынаста орнату.

Нұсқау:

Өз есімдеріңізді табиғаттың бір бөлшегіне теңеп, бейнелеп таныстыру қажет.Мысалы: Мен өзімді биік тауға теңеймін,өйткені биік шыңдардан көрінгім келеді. т.б

Қатысушылардың бәрі шаттық шеңберіне шақырамыз


Ойын-жаттығу: Ән арқылы отанға деген мейірімізді білдірейік.

. Биылғы жыл біз үшін елеулі жыл. Олай дейтініміз еліміз жаңа тарихи кезеңге аяқ басты. Жыл басындағы халыққа елбасы жолдауында Қазақстанның үшінші жаңғыруы басталғанын жариялады. «Туған жер» бағдарламасын жүзеге асыруға елім деген әр азамат үлес қосуы керек. Халқымыз «Отан отбасынан басталады» дейді. Яғни, Отанды сүюдің іргетасы алдымен туған жерге деген сүйіспеншіліктен қаланады. Сондықтан мемлекет басшысы ұсынып отырған «Туған жер» бағдарламасын көп болып, қолдап алып кету керек.

.Сол үшін де қазір біз мынандай әдіс арқылы атамекен туралы әнді екі қатар алма кезек айтамыз. Іске сәт!


  1. Жасыл жайлау, түкті кілем көк кілем,

Көк кілемде көп ойнаймын, көп күлем

Маңдайымнан сипап өткен самалды,

Қазағымның махаббаты деп білем




Ойлан тап:  «Мақалды аяқта»

Мақалдар оқылады сол мақалдың ойын жалғастыру қажет.

1.Мейірімділікті  (анадан) үйрен

2. Мейірімділік – (жүректен), мейірімсіздік - білектен.

3. Көп тыңда, аз (сөйле.)

4. (Кішіпейілділік )- кісінің көркі.

5.Ұлық болсаң – (кішік )бол.




«Жан жылуы» жаттығуы. «Сұрақ-жауап».


Қол қай уақытта демалады?

Көз қай уақытта демалады?

Жұрек қай уақытта демалады?


«Суреттегі ой» жаттығуы: 2 түрлі суреттер көрсетіледі. 
Тренер сөзі: Суреттерге байланысты әр топ өз ойларын, түсінгендірін айтып ой бөліседі. 
1-тапсырма: Жарқын шуағын төккен күн шуағының астында әр ұлттың баласы қол ұстасып тұрғаны бейнеленген. 
Тәрбиешілер ойы: .......................................................................................................................
Талдау: Сыртқы түстері әр түрлі болғанымен бұл балалардың жан дүниесі бірдей, сондықтан ұлағатты ұстаздар оларға күн сәулесіндей бірдей мейірім шуағын төгеді. 
2 тапсырма: Түнгі аспан, жымыңдаған жұлдыздар жарығы сөнбеген бір үй бейнеленген.

Тәрбиешілер ойы:________________________________________________

Талдау: Түн. Айнала жым-жырт. Аспанда жымындаған жұлдыздар, ел ұйқыда бірақ ояу бір кісі бар. Ол- тәрбиеші . Ол қанша жыл педагог болғанымен, жұмыста да, үйдеде, ертеңгі бүлдіршіндерге үлкен жауапкершілікпен дайындалып келеді. Құрметті әріптестер менімен келісесіздерме? Керемет, жарайсыздар!


Сергіту жаттығуы «Ыстық картоп»


Мұғалімдерге арналған тренинг


Мақсаты: мұғалімдер арасында қарым-қатынасты нығайту, жағымсыз көңіл-күйден арылу, күш-қуат жинау, өзін-өзі тану, құрметтеу, өзін еркін сезінуге көмектесу

Барысы: Қызық сұрақтарды жазу және жауап беру.




«Мейірімділік жүрек» жаттығуы: «Ұстаздармен сұхбаттасу жолы».Олай болса назарларыңызды экранға аударайық.Мінекей сіздерге бірнеше сұрақтар беріліп тұр.


1. Сіздің бала кезіңіздегі арманыңыз қандай?

2.Адам қай уақытта мейірімділікті көбірек қажетсінеді?

3. Мейірімділікті қалай көрсетуге болады?

4. Ең сүйікті мейрамыңыз қандай?

5. Мейірімділікті қалай көрсетуге болады??

6. Бос уақытыңызда немен айналысасыз?

7. Тәрбиешіден басқа қандай мамандыққа барар едіңіз?

8. Өз бойыңыздан қандай қасиетті көргіңіз келеді?

9Жүрек жылуын кімге сыйлар едіңіздер?

10. Мейірімділік кімнен басталады?


Рефлексия: «Ашығын айтсам»

1. Бүгінгі тренинг сіздерге ұнады ма?

2. Тренингтен қандай әсер алдыңыз?

3. Тренингтен кейінгі көңіл күйіңіз қандай?



Тренер сөзі: Нұсқау: алдарыңыздағы А4 ақ қағазға әркім қос қолының суретін бастырып алады және өз жауаптарын жүрекшеге жазу керек.



Тәрбиеші сөзі: Қорытынды.

Мейірімді, қайырымды,сезімтал адам әрдайым жақсылық жасауға дайын тұрады. Ақ ниетпен мейірімділік жасау адамның ішкі дүниесінің байлығын, жан сұлулығын көрсетеді. Адамға жағымды нәрселердің бәрі мейірімділік арқылы жүзеге асады. Мейірімділік адамның ізгілігін анықтайды.Осы ізгі тілек, игі ниеттерің орындалсын деген үмітте, бүгінгі шарамызды қорытындылайық.Әрқашан жүрегіміз мейірімділікке толы болсын!





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
09.11.2018
1273
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12