Материалдар / мейірімді болса жүрек ,орындалар тілек
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

мейірімді болса жүрек ,орындалар тілек

Материал туралы қысқаша түсінік
:Жас ұрпақты парасатты,ақылды,мейірімді жан-жақты азамат ретінде тәрбиелеудегі ата-ананың ролін көрсету. Оқушылардың жеке тұлға болып қалыптастасуына ата-ана беретін тәрбиенің әдіс-тәсілдерін жетілдіру, қарым-қатынас орнату.Ата-аналарға білім беру жүйесіндегі өзгерістер жайлы мәлімет беру. Ата-аналардың мектеппен, сынып жетекшімен тығыз байланысын орнату.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
12 Қаңтар 2018
432
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Ата- аналарға психологиялық тренинг : Мейірімді болса жүрек, орындалар тілек

Мақсаты:Жас ұрпақты парасатты,ақылды,мейірімді жан-жақты азамат ретінде тәрбиелеудегі ата-ананың ролін көрсету. Оқушылардың жеке тұлға болып қалыптастасуына ата-ана беретін тәрбиенің әдіс-тәсілдерін жетілдіру, қарым-қатынас орнату.Ата-аналарға білім беру жүйесіндегі өзгерістер жайлы мәлімет беру. Ата-аналардың мектеппен, сынып жетекшімен тығыз байланысын орнату.

Күтілетін нәтиже: Ата-аналар балаларының парасатты,ақылды, мейірімді т.б.жағымды қасиеттерге ие болуына өздері әсер ететіндігін мойындайды. Оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдер арқылы жаңа заманға сай жан-жақты білімді де тәрбиелі азамат қалыптаса- тындығын түсінеді

Жоспар:

I.«Жан жылуы» жаттығуы (ата-аналармен сәлемдесу)

II.«Өрмекші торы» жаттығуы

III. Кіріспе.

IV.

V. «Отбасында тәрбие беру кемшіліктері» видеоролик

VI. Шығармашылық топтық жұмыс

VII. «Сурет салайық» жаттығуы

VIII.Қортынды


I. «Өрмекші торы»

Ата-аналарды ортаға шақырамыз. Жіпті кез-келген адамға лақтыра отырып, өзінің атын, жақсы қасиетімен баласының атын жақсы қасиетін айтады. Жіпті кері лақтырған кезде ата – аналар, баласының сүйікті ісі мен үйде қалай еркелететінін айтады.

Дәйексөз
«Бала үйде не көреді, соны үйренеді. Ата - аналар соған үлгі».

(Себастьян Брант).


II . Сәлеметсіздер ме, құрметті ата аналар, қонақтар!

Отбасында тыныштық болса- үйде тыныштық болады, Үйде тыныштық болса- мемелекетте тыныштық болады. Мемелекетте тыныштық болса -әлемде тыныштық болады-дегендей әрбір тыныштықтың басталуы ол-әркімнің өзінен басталуы керек.Жас ұрпақтың бойына адамгершілік қасиеттерді сіңіру ол – ата-ана мен ұстаздардың басты міндеті. Мектеп пен отбасының бала тәрбиесіндегі рөлі ол баланың ішкі жан дүниесінің есігін қағып кіріп, үңіліп, сезіне білетін, оның ішкі сезімімен санаса алатын байланысты нығайту болып табылады. Ұлттық тәлім-тәрбиенің ірге тасын дұрыс қалай білу мұғалімдердің ата-аналармен қосылып жүргізген шараларына байланысты. Өйткені, бірінші ұлттық тәрбиенің ошағы отбасында, екінші мектепте болғандықтан, ата-аналармен мұғалімдер тығыз байланыста болуы керек. Адамгершілік әр адамға тән асыл қасиеттер. Тәрбиелі анадан – тәрбиелі бала өсіп шығатыны біз білеміз. Олай болса қай отбасында болмасын ана барлық балаларына үнемі жақын болып, өзінің аналық мейірімі мен махаббатына бөлеуі керек. Сондықтан осы жаһандану дәуірінде мектеп партасында отырған баланың жан- жақты білім алуына ең бірінші ықпал ететін- ұстаз болса, оның сүйеніші ата- ана. Сондықтан ата -ана өз баласының білім алуына барынша жағдай жасау керек.


IV.«Отбасындағы тәрбие беру кемшіліктері» видеоролик

V. Ата-аналарды топқа бөлу.

«Үш түс-үш есік» 
Үш столда сары, көк, қызыл үш түсті қағаз қойылады.Бұлар үш есік деп аталады.Тренир қатысушылардан қай есікке кіретіндіктерін сұрайды.Әр қатысушы өзінің кіретін есігін пайымдайды.Жауабы төмендегіше: 
Сары түс-өте әсершіл, сезімтал, көпшіл, ерік-күші мол, қайсар, түрлі идеяға толы жансыз.Бала тәрбиесіне үлкен жауапкершілікпен қарайсыз.Баланың жетік дамуына барлық жағдай жасайсыз. 
Қызыл түс-бірбеткей, мақсат-мұратыңыз үшін күреске дайынсыз.Балаға қатал талап қоясыз.Ескертулеріңізді балаңызға мүмкіндігінше жұмсартып жеткізіңіз. 
Көк түс-ақкөңіл, байқампаз, табиғатқа құмар адамсыз.Бала тәрбиесіне кей уақытта немқұрайлы қарайсыз.Балаңыздың оқу істерін жиі бақылауға алғаныңыз дұрыс деп кеңес береміз. 

1: Билікке ұмтылғыш болып келеді. Оған күш-қайраты да, ойы да жетеді. Мансапқа жету жолында өзгенің айтқан сақтығын да ескермейді. Шығармашылық ой¬лау қа¬білеті өте жоғары. Кез келген жағдайдан шығудың жолын табады. Барға мақтанбайды, жоққа мойымайды. Кейде «бірінші» болу үшін өзгені құрбандыққа шалып жібереді.

2: Мінезіндегі ерекшелік – ынтымақтастық. Олар жақсы жар, сыйлас әріптес, сырлас дос болуға икемді. Екінші жақтың пікірімен есептесіп отырады. Бұл құлдық психология емес, бірақ кейде оны түсінбегендер оны өзіне тәуелді еткілері келеді. Өзгенің тапсырмасын өте ыждағатты орындайды, осы мінезінің арқасында өзіне орынтақ жасайды.
3 Достары көп, көңілділіктің билігінде көп тербеліп жүреді. Олар «ортаның тұздығы», олардың төңірегінде адамдар көп жүреді. Табиғатынан тартымды, сүйкімді, өздері де осы жақсы қасиеттерінің арқасында жақсы көрінетіндіктерін біліп, сол арқылы көрінгілері келеді. Олар жан-жақты, көп нәрсені істей алады, бірақ ең негізгісін таңдай алмайды.
4: Еңбекқор, мықты адамдар. Қоғамдық қарым-қатынастардың барлығының негізін қалаушы. Мақсатқа жетудің қысқа жолын таңдамайды. Жаны тәртіптілікті қалайды. Кез келген мәселені соңына дейін шешуді жақсы көреді. Тәртіпсіздік пен бей-берекетсіздікке жаны қас. Іскер, тапсырманы ақыл мен қисынға салып оңай орындайды, сирек қателеседі. Өте адал, сенімді, айналасындағылардан да соны талап етеді. Әділет¬сіздікке жаны төзбейді.
5: Мінезіне – өзгеріп тұру тән. Көп саяхаттағанды ұнатады. Қызығушылығын, өмірге көз¬қарасын жиі-жиі өзгертіп, іздену үстінде болады. Тұрақсыздығы да бар. Өмірдің барлық қызығын көріп қалғысы келеді. Қаруы – сөз. Сөзге қатысы бар барлық салада өзін сынап көреді. Ойы жүйрік, әзілге шебер. Бірақ кейде осы қабілетін өзгелерді тұқырту үшін пайдаланады. Жұмыс орнында да көп отырмайды.
6: Білімді, адамгерші¬лігі мол, үйге сыйымды жан. Қайда жүрсе де тыныштық пен үйлесімділікті сақтап отырады. Оны өмір сүрудің өлшемі деп ұғады. Махаббатқа ерекше құрметпен қарайды. Өз отбасына қарым-қатынасын осы негізде құрады. Жақындарының өмірін де жайлы етуге тырысады. Оның көп жауапкерші¬ігін өз мойнына алады.
7: Ойлауға бейімді. Кез келген нәрсені ұсақ-түйегіне дейін ой елегінен өткізеді, сондықтан ол сырт адамға сылбыр, түсініксіз көрінеді. Өз сезімін сыртқа шығармайды. Өнер «тілін» жақсы түсінеді. Адам қабілеті жетпейтін нәрселердің жауабын жиі іздейді. Философиямен айналысады.
8: Ақшаға байланысты істері өркендейді. Даңқ пен байлыққа жақын жүреді. Материал¬ық жағдайы үстем болады. Адамдардың жан дүниесін түсінеді, оларға қиналған күндері қол ұшын беруге даяр тұрады.
9: «9» – метафизика мен философияның саны. Сананың жоғары деңгейіндегі адам. Кемеңгер. Саяхаттағанды ұнатады. Мінезін өзгерістер қалыптастырады. Барлық ұлт пен ұлыстардың әдет-ғұрпын білуге құлшынады. Ел билеушіге тән табандылық пен төзімділікті игерген.
10: Күш-қуаттың қой¬масы іспеттес. Ақылды, күшті, шығармашылық қабілеті жоғары. Жолындағы кедергілерді оңай жеңеді. Жеңілістің өзін жеңіске айналдырады. Оны іскерлік қабі¬леті мен басшылық пайымы үшін ұнатады. Билігін білек күшімен ше¬шуге тырысатын кездері де аз емес. Оны сырт көзден жасыруға тырысқанымен, байқалып тұрады
.

Постер қорғау. Әр топқа тапсырмалар бөлінеді және сол тапсырмалар бойынша постер қорғайды.

І топ. «Қазіргі кездегі отбасындағы тәрбие беру мәселелері»

ІІ топ. «Отбасындағы тәрбие берудегі қиындықтар, оны шешу жолдары»

ІІІ топ. «Ата-ананың беделі».

Әр топқа бір ситуациялық сұрақтар беріледі.

1. Бала жақсы білімді болу үшін ата-аналардың міндеті қандай болу керек?

2. Баланың оқу үлгеріміне отбасының қарым — қатынасы әсерін тигізе ме?

3. Тоқсандық қорытынды бойынша сіздің балаңыз бір сабақтан үшке кетті делік. Сіздің іс-әрекетіңіз?

VI. «Сурет салайық» жаттығу

Қолыңызға парақ, қалам алыңыз, оны төбеңізге қойыңыз. Екінші қолыңызға қалам алыңыз. Параққа үлкен шеңбер сызыңыз. Осы шеңбердің ортасына кішкентай арал салыңыз. Аралдың қасына екі- үш ағаш салыңыз. Енді қайтып келіп ағаштың қасына өзіңізді жатқызып салыңыз. Енді параққа қолыңызға алыңыз. Айтылған нұсқауға сәйкес сала алдыңызба? Кімнің суреті нұсқауға сәл болса да ұқсайды?

Жауабы:

1. Дөңгелек жиі орналасса: Отбасындағы қарым- қатынас жиі кикілжіңде болады;

2.Дөңгелектерден алшақ болса: отбасындағы бала тәрбиесіне жиі көңіл бөлмейсіз;

3. Дөңгелектің дәл ортасында болса: өзіңізді дара тұлға деп білесіз;

4.Өзіңіз шеңберге түспей қалсаңыз: Отбасында отбасы мүшелерімен жиі кикілжіңге келіп қаласыз;

VIIҚортынды:

Ата-аналар өз тілектерін білдіру үшін стикерге жазып  тақтада ілініп тұрған ағашқа іледі.

Отан отбасынан басталады. Кез келген ата-ана бала қыз бен ұл балаға дұрыс тәлім-тәрбие беруге міндетті. Оларды еңбекке, білімге баулуға, кішіге ізет, үлкенге құрмет көрсетуге үйретуіміз керек. Бұл барлық ата-ананың мойнына жүктелген борыш. Сол себептен болуы керек ата-бабамыз «ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» деген екен. Сіздің әрбір жасаған ісіңіз, баланың сана сезіміне тікелей ықпал етеді. Бүгінгі ұл - ертеңгі әке, ұл әкеге қарап өседі. Бүгінгі қыз ертеңгі ана, ол шешеге қарап өседі, бойын түзейді. Балаға білім, тәрбие беруде басты тұлға ұстаз болса, оны жалғастырушы демеуші ата-ана. Бала тәрбиесінде шыдамды болып, өз балаларыңызға жылуыңызды бере біліңіздер! Сіздің өсірген балаларыңыз сіздерді ылғида қуантып, қуанышқа бөлей берсін! – дей отырып, біз сіздермен қоштаспаймыз, келесі кездескенше қош, сау болыңыздар!

Қатысып ой бөліскендеріңіз үшін рахмет!
































































































































































































































































































































































































































































































































































































































































































































































































































































































































































































































































































































































































































































































































































































































































































































































































































































































































































































































































































































































































































































































































































































































































































































































































































































































































































































































































































































































































































































мъһ

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!