№ 12 І.Қабылов атындағы орта
мектеп
Мейірімді болса жүрек-
орындалар тілек
(ұстаздарға араналған
тренинг)
Мақсаты: ұжым арасындағы байланысты нығайта отырып,
эмоционалды жігер беру, бірін - бірі кеңірек танып білуге,
қатысушылардың өз мүмкіндіктерін шамалауға және қыс мезгіліндегі
шаршағандықтарын төмендетіп, көңіл күйлерін
көтеру.
Тренинг
ережесі:
Тыныштықты
сақтау;
Өз бетінше жұмыс
жасау;
Уақытты тиімді
пайдалану;
Белсенділік;
Бір-бірімізге
сынайтпау;
Шығармашылық;
Қол
шапалақтау.
|
Топтың
ережесі
|
Сурет смайликпен
корсету
|
|
Тыныштықты
сақтау
|
|
|
Уақытты тиімді
пайдалану
|
|
|
Белсенділік
|
|
|
Топпен бірігіп жұмыс
жасау
|
|
|
Су
тышқан
|
|
|
Қол
шапалақтау
|
|
Күтілетін
нәтиже:
Өзіне пайдалы ұғымды
алу;
Өзін-өзі еркін ұстай білуге
үйрету;
Айналамен қарым-қатынас
жасау;
Өз бойындағы жаман қасиеттерді
жеңе білу;
Өз ойын ашық айта білуге
дағдылану
Әдіс –
тәсілдері: әңгімелесу, сұрақ – жауап, ойын, интерактивті
әдіс.
Қажетті
құралдар:
шар, қалам, жаттығуға қажетті
парақтар, А4 форматты қағаз.
Психолог: Қайырлы күн әріптестер!
Бүгін
сіздермен «Мейірімді болса жүрек-
орындалар тілек»
тақырыбындағы тренингті
жүргізетін «Айналайын» шағын орталғының психологы Мақсатқызы
Ботагөз.
Баланы тәрбиелеп оқыту үшін
үлкен мейірімді жүрек керек. Ол баршамызға
белгілі.
«Жылы сезім жүректерде сақталады десек,
мейірімділік- ізгілікке арапар жол. Ал
ізгілікті бойына дарытқан, жүзінен балаға деген жылулық төгіліп
тұратын, бала жанының бағбаны ол - Сіздер әріптестер! Олай болса
сіздерді тренинг барысында көтеріңкі көңіл - күймен бірге,
бір-бірлеріңізге мейірімді әрі белсенді болуға
шақырамын.
Жапония елінің менеджері 15-18
адамға тапсырма берген екен. Ол тапсырманы 2 секунд ішінде өз
есімін атай отырып, шарды жоғары лақтыру керек екен. Ал, сол
тапсырманы біз орындай аламыз ба?
Танысу
Тренингке қатысушылар өздерін
таныстыру мақсатында біз білмейтін қасиетін айта
таныстырады.
Мысалы: сіздер менің осы «Айналайын»
шағын орталығының психологы екенімді білесіздер, ал сіздер менің
пианинода ойнайтынымды білмейсіздер. Әрі қарай келесі қатысушы
жалғастырады....
Көрмей сурет
салу
Ал, енді әріптестер сіздер
бала тәрбиелеп, олардың кішкентай ғана жұдырықтай жүрегінен үлкен
орын алып отырған жансыздар. Енді сіздерді басқа қырларыздан
көрінуге мүмкіндік туып тұр. Сол мүмкіндікті пайдаланып, сіздер
жаныңыздағы кісімен жұптасасыздар. Мейірімге толы жүректеріңізді
бір – біріңізге тигізе құшақтасып, арқаларыңызға қағазды қойып,
көрмей сурет салып көрейікші.
Салған суреттеріңізді
таныстарып, қасыңыздағы жұбыңызға жылы лебізіңізді білдіріп сыйға
тартайық.
Видеоролик «Бала
эмоциясы»
«Бала эмоциясы» тақырыбындағы
видеороликті көрсетіп, қатысушыларды пазлы арқылы топқа бөліп, осы
видеороликтен алған әсерлері мен түйген ойларын плакат бетіне
түсірулерін ұсынылады.
Қиынды
қағаз
Көзімізді жұмып, қағазды екіге
бүктеп екі шетінен қолмен жыртамыз, тағы ортасынан бір бүктеп тағы
екі шетінен жыртамыз. Көзімізді ашамыз..... Қағазды ашып, не
шыққанын қарау ұсынылады.
Қатысушылардың пікірін
тыңдау.
Тапсырма біреу, қабылдау
әртүрлі........ бала да сол сияқты, балаға да
ортақ тапсырма берілгенмен, олар әр түрлі қабылдап, әр түрлі
іс-әрекет жасайды.
Жақсы қасиеттерін
алу
Әр адамның бойында жақсы
қасиетімен біргежаман қасиеті жұрері
анық.
Сондықтан өз бойыңыздағы жаман
қасиетті алып тастап, қасыңыздағы әріптестеріңізден жақсы қасиетін
алыңыздар.
Мысалы: мен өз бойымдағы
жалқаулығымды сілкіп тастап, (жанындағы кісі есімі) бойындағы
нәзіктікті өзіме аламын......
Барлықтарыңыздың алған
қасиеттеріңіз, табыстарыңызқұтты болсын, бойларыңызға дарысын, дей
келе бүгінгі тренингімізді
аяқтаймыз.