Материалдар / Мейірімді болса жүрек-орындалар тілек! (ұстаздарға арналған тренинг сағаты)
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Мейірімді болса жүрек-орындалар тілек! (ұстаздарға арналған тренинг сағаты)

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұстаздарға қажет материалдар, ойындар бар
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Желтоқсан 2020
471
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Мейірімді болса жүрек – орындалар тілек. (ұстаздарға арналған тренинг сағаты)



Тақырыбы: Мейірімді болса жүрек – орындалар тілек.(ұстаздарға арналған тренинг сағаты) 
Мақсаты: Ұстаздарды жаңашылдықа, инновациялық әдіс тәсілдерді тәжірибелеріне енгізе отырып, логикалық ойлау қабілетін, шығармашылық ізденісін, ой-қиялын арттыру. 
Міндеті: Жаңа қоғамдағы адамгершілік, патриотизм және педагогиканың ұйытқысы ретінде нәтижеге бағытталған білім беру іскерліктерін дамыту. 
Мұғалімнің эмоциялық көңіл-күйлерін көтеру, топтасып жұмыс істеу жүйесін әрі қарай дамыту. Ұстаздардың өз кәсібіне деген ынтасын арттыру. 
Түрі: Психологиялық тренинг сағаты 
Әдісі: Топтық жұмыс, сұрақ-жауап, мимика мен түсіндіру,опликация, ой бөлісу және пікір алмасу. 

«Жылулық» жаттығуы.  Бір бірінің алақандарын алақандарына қойып, жақсы тілек тілейді.

Бір –бірлеріңіздің алақандарыңызды алақандарыңызға қойғанда қандай сезімде болдыңдар?

Әрине, жылылық сезіндіңдер. Жақындық, мейірім, жақсы сөз, жақсы тілек айтқанда көңілімізге қуаныш, шаттық пайда болады. Олай болса, тренингімізді мейірім, жылылық, сәттілікпен өткізейік.


Актерлер: бүгін мен сіздерді актер болуға үйретемін. Сіздерге мына парақтағы сөздерді вербальды емес жолмен, яғни мимика арқылы көрсетулеріңізді сұраймын.

  1. балмұздағын жерге түсіріп алып, жылап тұрған баланы көрсетіңіз

  2. ұйқыдан тұрып бетін жуып отырған мысықты көрсетіңіз

  3. өлең айтып тұрған адамның сезімін көрсетіңіз

  4. қасқырдан қорыққан қоянның бет бейнесін көрсетіңіз


Төрт құбылыс
Мақсаты: Топтың көңіл-күйін көтеру.
Нұсқау. Шеңбермен тұрамыз. «Су» десе қолдарын алдына созады, «ауа» десе жоғары көтереді, «от» дегенде екі қолын айналдыралды, «жер» дегенде қолдарын түсіреді. Кім шатасса сол ойыннан шығады.

Тренинг: Қол соғуды тыңда
Нұсқау: Ойыншылар дөңгелектене жүреді.Қашан жетекші алақанымен бір рет қол соқса қатысушылар бір орында тұра қалады да «Қоянның»қимылын салады. Егерде жетекші 2 рет қолын шапалақтаса «бақаның» қимылын салады. 3-рет қол соқса, «мысықтың» қимылын салады.
Релаксациялық жаттығу «Теңіз жағалауына серуен»
Қазіргі заман мұғалімі жұмыс барыснда туындайтын стресс, күйзеліс жағдайларынң алдын алу дағдыларын міндетті түрде меңгеруі қажет. Бұл- тек қана мұғалімдердің емес, оқушылардың да денсаудығын саутау үшін керек. 
Берілген медитациялық техника мұғалімдердің босаңсуына және қобалжуын жоюға бағытталған.
Уші: Өзіңізге ыңғайлы қалыпта отырыңыз да, көзіңізді жұмыңыз, терең тыныс алуыңыз, денеңізді бос ұстаңыз, денеңіз ауырлап, жылы толқын бұлшық етеріңізді босаңсытады. 
Сіз шағын жартастың үстінде тұрғаныңызды елестетіңіз, алысқа көз жіберіңіз. Алдыңызда толқыған теңіз,аспан жіне күн. Теңіздің шеті көрінбейді, алыста көкжиектен ұласып кеткен. 
Теңіздің шуылы мен жаға соққан толқындарын бақылып, таза тұзды ауасымен тыныстай отырып, сіз бойыңыздағы қобалжулардың, уайымдардың алыста қалғанын сезінесіз. Сізің жан дүниеңіз тыныштық және қанағаттылық сезіміне толы.
«Теңізге саяхат» релаксациялық жаттығу.
Бұл медитативтілік техника денедегі қысымды түсіруге бағытталған, музыкамен орындалады.
Жүргізуші. Жайланып отырыңыз, көзіңізді жұмыңыз. Терең демалыңыз, денеңізді бос ұстаңыз, денеңізді ауырлап бара жатқандай және оны теңіз толқынының лебі ұрып жатқандай сезініңіз. Өзіңізді жартастың үстінде тұрмын деп есептеңіз және алысқа көз жіберіңіз. Сіздің алдыңызда көгілдір теңіз, ашық аспан және күн. Теңіз барқалыпты дем алып, асау толқандары жағаға соғылып, қайтадан кейін қайтуда.
Теңіз толқындарының шуын естіп, толқындарға қызыға қарап, жағалаудағы теңіздің тұзды ауасын жұтып тұрсыз. Өз бойыңыздағы асқан ауыртпалықтан бір сәтке болса да арылғандайсыз. Сіздің рухыңыз жайлылық сезіміне толы. Сіз төменге түсіп, аяғыңызды шештіңіз, жалаң аяқ құмның қызуы мен жұмсақтығын сезіне отырып жүгірудесіз. Міне сіз судың жанына келдіңіз, толқындар сіздің аяғыңызды жуып жатыр, су жып-жылы әрі жұп-жұмсақ. Сіз қолдарыңызды бос тастап, басыңызды шалқайттыңыз. Күн сәулесі мен жеңіл самал жел сіздің бетіңізді өбуде, теңіз толқындарының тамшылары сіздің денеңізді баурап алғандай. Ерніңізде теңіздің тұзды суының кермек дәмі және бақыт күлкісі. Сіз өзіңізді кішкентай бала сияқты сезініп, жүгіргіңіз, секіргіңіз, су шашып ойнағыңыз, күлгіңіз келеді. Өзіңізге осы бірнеше минут ішінде не істегіңіз келсе, соны істеуге рұқсат етіңіз.
Сіздің қайтатын уақытыңыз болды. Міне сіз тағы да жардың басында тұрсыз. Сіздің демалыс пен бақыт сыйлаған ғажайып әлемге алғысыңызды айтыңыз. Көздеріңізді асықпай ашыңыз!
Қандай сезімде болдыңыз? Не сезіндіңіз?


«Ұстаздармен сұхбаттасу жолы». Олай болса назарларыңызды экранға аударайық.Мінекей сіздерге бірнеше сұрақтар беріліп тұр. 
1. сіздің бала кезіңіздегі арманыңыз қандай? 
2. сіздің қызығушылығыңыз қандай? 
3. сіз қандай оқушыны ұнатпайсыз? 
4. ең сүйікті мейрамыңыз қандай? 
5. өз мамандығыңыз сізге ұнайма? 
6. бос уақытыңызда немен айналысасыз? 
7. мұғалімдіктен басқа қандай мамандыққа барар едіңіз? 
8. оқушы бойынан қандай қасиет көргіңіз келеді? 
9. сізге ұнамайтын үйірмелер бар ма? 
10. сіздің қолыңызда билік болса, қандай үйірме ашар едіңіз? 
Тренер сөзі: Нұсқау: алдарыңыздағы А4 ақ қағазға әркім қос қолының суретін бастырып алады және сауақтарға өз жауаптарын жазып, ал есімдерін ортадағы жүрекшеге жазу керек. 
Мұғалімдер жауабы: 
Тренер: Рахмет сіздерге, әрқашанда жүректеріңіз нұрлы иманға толы болсын деген тілекпен тренингімізді жалғастырамыз. 


«Еңбек ағашы »жаттығуы: қазір сіздерге үш түрлі қағаз қиындысы таратылып беріледі. Сол қағазға өз ойларыңызды жазып әр қайсысың өз орнына ілесіздр. 
- бұталарға- мұғалім қандай болу керек? 
- Жапырақтарға-мұғлімнің түпкі мақсат-мұраты 
- Гүлдер- мұғалім еңбегінің нәтижесі 
- Жемістер- шәкірт қандай болу керек? 
Мұғалімдер ойы: 
Тренер сөзі: Міне , сіздер «Еңбек ағашын» құрастырып шығардыңыздар. Сіздің еңбектеріңіздің жемісі осы емеспе? Керемет, өте тамаша! Рахмет! 

Рефлексия: «Ашығын айтсам» 
1. Бүгінгі тренинг сіздерге ұнады ма? 
2. тренингтен қандай әсер алдыңыз? 
3. тренингтен кейінгі көңіл күйіңіз қандай? 
Тренер сөзі: «жүректен шыққан сөз жүрекке жол табады» Ә.Науай. 
Осы шенбер бойынша тұрып,жүректі үлестіруарқылы бір-біріне тілек айту. 
Жылы сөз адамдарды достастырады, сабырлы болуға, денсаулығын сақтауға, көңілін көтеруге аашуын қайтаруға септігін тигізеді. әр айтылған сөзді адам жүрегімен қабылдайды. Сондықтан, қолдан келгенше бір-біріңе жылы, жақсы сөздер айтқан дұрыс. 
Қорытынды: Адам өмірде екі нәрсемен қартаймайды, біріншісі-қайырымды ісі, екіншісі- жүректен шыққан жылы сөзі. әрқашанда бір-бірімізге жылы сөздер айтып, бір-бірімізге қайырымды болайық. Мейірімді болса жүрек – орындалар тілек !



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!