400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 19 материал табылды

Мейірімді жүрек – жылы жүрек

Материал туралы қысқаша түсінік
балалармен өткізілетін психологиялық тренинг
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мейірімді жүрек – жылы жүрек


Мақсаты: Балаларды мейірімділікке, достыққа, адамгершілікке, әдептілікке тәрбиелеу. Эстетикалық тәрбие беру арқылы сұлулықты сезіне білуге баулу, әдеби сөздік қорын молайту, дүниетанымдарын кеңейту.
Көрнекіліктер: жіп, айна, күн,бұлт,жүрек суреті
Сабақ түрі: топтық тренинг.

Барысы:
1. Шаттық шеңбері
Балалар, бүгін  сендермен кездескеніме өте қуаныштымын.
Қане, балалар, шаттық шеңберін құрамыз. Шеңберге тұрудың өзінің үлкен ерекшелігі бар. Шеңберде бір-біріміздің жүзімізді анық, еркін көреміз, қуанамыз, шаттанамыз.
Шеңбер неге ұқсайды? Допқа, күнге, апельсинге, алмаға, қарбызға. Доппен ойнасақ көңіліміз көтеріледі, күн жарық, жылу сыйлайды, апельсин, алма, қарбыз тәтті.
Мейірімді жүрекпен,
Ақпейілді тілекпен
Амандасып алайық,
Бір жадырап қалайық!



2.Тыныштық сәті

   Балалар, мейірімділік сезімін сезіну мақсатында тыныштық сәтін ұйымдастырайық.

Денелерімізді түзу ұстаймыз, бастарымызды жоғары көтеріп, ыңғайланып отырамыз. Көздеріңді жұмсаңдар да болады. Ауаны терең жұтып, еркін тыныстаңдар, денелеріңді бос ұстап, айналадағы барлық тіршілік иесі сендерді аялап, қоршап, қамқор болып жатқанын сезініңдер. Тұла бойларыңа махаббат, жақсылық сезімі толып жатыр соны сезінеміз.


3. «Мейірім шуағы» ойыны
Балалар қараңдаршы, күн-ана өзінің мейірім шуағын төгіп, біздің жан-дүниемізге жарық сәулесін шашып тұр. Күн сәулесі біздің бетімізге, саусақтарымызға, алақанымызға мейірім шуағын төкті. Енді осы жүрек жылуымызды бір-бірімізге сыйлайық. Енді балалар, «Мейірім шуағы» атты ойын ойнап көрейік.
— Сен кімсің? (жіпті қасындағы балаға ұсынады)
— Мен Інжумін. Мені анам «Ботам» дейді. (Жіпті келесі жанында тұрған адамға ұсынады)
— Мен Мансұрмын. Мені анам «Құлыным» дейді. Ойын осылай жалғасу арқылы шеңбер бойында күн бейнеленеді.  

3. Суретті тест
а) Адам күлгенде, жымиғанда ол күнге ұқсайды, ал ашуланғанда ренжігенде бұлтқа ұқсайды. Сенің апайың күнге ұқсай ма, әлде бұлтқа ұқсай ма? Егер


күнге ұқсаса күннің, ал бұлтқа ұқсаса бұлттың суретін көтеріңдер.
ә) Ертегілердегі айтылатын күн астындағы Күнекей қыз өте мейірімді одан жылылық шашылып тұрады, ал Қарлы Ханшайым өте әдемі және қатаң одан салқын жел соғып тұрады. Сендердің апайларың күн астындағы Күнекей қыз ба, әлде Қарлы Ханшайым ба? Егер апайларың күн астындағы Күнекей қыз болса гүлдің суретін, егер Қарлы Ханшайым болса шыршаның суретін көтеріңдер.
б ) қасымызда болғанда бізді құшақтайды, еркелетеді. Сенің апайларың еркелете ме, құшақтай ма? Егер солай болса гүлдің суретін, олай болмаса шыршаның суретін салыңдар.


4. «Мен қандаймын» жаттығуы
Әр балаға айна таратылып беріледі. Айнаға қарап сұрақтарға жауап береді.
1. Спорттың жақсы көресің бе?
2. Бүгін қандай көңіл күймен балабақшаға келдің ?
3. Шашыңның түрі қандай?
4. Қандай түсті ұнатасың?
5. Көзіңнің түсі қандай?
6. Сенің жымиып күлгенің өзіңе ұнай ма?  


5. «Жан жүрек сыры» жаттығуы
Мына үлкен ақ жүрекке назар аударыңыздар.
Ол тірі емес, дүрсілдемейді. Біз қазір оған жан береміз. Оқушыларға кішкентай жүректер таратылып, оған жылы, мейірімді сөздер айтып ,жансыз жүректі жандандыруымыз керек.
















Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
22 мамыр
627
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі