жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Мейірімділік
Мейірімділіктің
жолы- жарық күн.
Мақсаты: адамның
бойындағы –ұнамды ұнамсыз қасиеттерді
айта отырып оқушыларды адамгершілік,
кішіпейілділік тазалық, достық жақсылық,
ар-ұят, инабаттылық, елін, жерін сүю
әдептілік, мейірімділік сияқты адам
бойындағы асыл қасиеттерді бағалай
білуге тәрбиелеу.
Әдіс тісілі: сыни
тұрғыдан ойлау, топтастыру жұмысы,ой
бөлісу.
Түрі: тәрбие сағаты
көрнекілік:
кітаптар көрмесі, суреттер,
слайдтар.
Барысы.
Ұйымдастыру
а)
Сәлемдесу
ә) Оқушылардың көңіл
күйлеріне назар аудару.
Кіріспе
Адам
баласы өзінің жан дүниесін қайырымдылық
пен қайғыны түсіне білу қасиеттерімен
нығайтып, шынайы өмір сүре білуі
крек.
Жүргізуші: Қымбатты оқушылар
бас назарымызды тақтаға аударайық,
адамгершілік, мейірімділік сөзіне ой
жүгіртейік. Мейірімділік деген не?
Мейірімділік туралы біздің көз қарасымыз
қандай?
Мейірімділік қандай қасиеттерден
тұрады. Алдымыздағы параққа өз ойымызбен
мейірімділік ұғымына жатататын
қасиеттерді толтырайық:
Міне,
оқушылар, бүгінгі сабақтың тақырыбын
аштық
Сонымен сабақтың тақырыбы:
Мейірімділіктің жолы- жарық
күн.
«Мейірімділік»- адамдар бір
–біріне жылы сезімін білдіріп, тек
жақсылық ойлауы, игілік жасау арқылы
мейірімділік таныта алуы.
Мейірімді,
қайырымды, сезімтал адам әрдайым жақсылық
жасауға дайын тұрады. Ақ ниетпен жақсылық
жасау адамның ішкі дүниесінің байлығын,
жан сұлулығын , парасаттылығын көрсетеді.
Бүгін біз сабақта жақсы қасиеттерінің
бірі мейірімділік туралы әңгімелесеміз.
Балалар мейірімділік әр адамның жүрегінде
өмір сүреді.
Мейірімділікті адамның
көзінен көруге көруге, іс қимылынан
табуға болады. Мейірімді адамды бәрі
жақсы көреді.
Олай болса мына сұрақтар бойынша ойымызды
ортаға салайық.
1. Сенің ойыңша
мейірімді адам қандай болуы керек?
2.
Өздерің қандай мейірімді іс жасадыңдар?
3.
Шаттық шеңбері
Балалар, барлығымыз
« шаттық шеңберіне» тұрайық
Бір
бірімізге мақтау айтып, жақсы тілек
жолдаймыз.
Ойын «Күннің мейірімді
шуағы»
Қазір, оқушылар, бәріміз
көзімізді жұмып әдемі әуеннің ырғағымен
ішімізден ата-аналарымызға, достарымызға,
жанымызға жақын адамдарға жақсы тілек
тілейік. Бірақ не тіледік, кімге тіледік
ол жөнінде ешкімге айтпайсыңдар.
Қазір
мына жүекті бір бірімізге ұсына отырып
мақтау айтып , жақсы тілек жолдаймыз.Мәселен,
мен «Гүлнұр, саған өмірдегі бар жақсылықты
тілеймін, жүзіңнен күлкі жүрегіңнен
мейірім нұры кетпесін» деймін.Келесі
оқушы әрі қарай өз ойымен сабақтайды.
Балалар,
тақтадағы қанатты сөздерге назар аударып
мәнін ашайық.
Қанатты сөздер
Айналаңа
мейірімді болу адамды жақсылық жасауға
жетелейді.
.
«Адал жанды өнеге тұт
өзіңе».
Жүсіп Баласағұни.
Жақсы
тәртіп әдетке айналса - ырыс,
Жаман
тәртіп әдетке айналса – қырсық.
Ғабиден
Мұстафин.
Бала болсаң болғандай
бол,
Ағайынға қорғандай бол.
Нұржан
шешен.
Үлкенді ізетте,
Кішіні
құрметте.
Бауыржан Момышұлы.
Мейірімділіктің
жолы- жарық күн.
Майлықожа
Сұлтанқожаұлы.
Алтын
ақыл
Уйде,мектепте, «Сәлем» , «Сәлеметсіз
бе» , «Қайырлы түн» деген сияқты ізгі
сөздерді ұмытпа.
Жасы кішілер
үлкендерге сәлем беріп, ал үлкендер
кішілерге қамқор болуы тиіс.
Мұны
есте сақта
Әр күніңді жақсы ойлар
ойлаумен бастап, бос өткізбе.
Күні
бойы өзіңді қоршаған адамдардың бәрі
туралы тек сүйіспеншілікпен және
ізгілікпен ойлай жүр.
Тыныштық
сақтай білуге, нәзік үнмен биязы,
мәдениетті сөйлеуге үйрен.
Ұйықтар
алдында бүгін қанша адамды қуанттым,
жұбатқаныңды, қайырым жасағаныңды есіңе
түсір.
Ата-анаңның мейірім шуағын
сезініп қадірлей біл.
«Жақсылыққа
жақсылық-әр кісінің ісі,
Жамандыққа
жақсылық-ер кісінің ісі» деген мақалды
түсініп жадыңда ұста.
Қорытынды
Мейірімді
, қайырымды сезімтал адам әрдайым
жақсылық жасауға дайын тұрады. Ақниетпен
мейірімділік жасау адамның ішкі дүниесін
байлығын, жан сұлулығын көрсетеді.
Адамға жағымды нәрселердің бәрі
мейірімділік арқылы жүзеге асады.
Мейірімділік адамның ізгілігін анықтайды.
Әрқашан жүрегіміз мейірңмділікке толы
болсын!
Сабақ
тақырыбы: Мейірімділік асыл қасиет.
Мейірімділікті анадан үйрен.
Мақсаты:
Оқушылардың бойына ананың мейірімділігін
қайырымдылығын жоғары деңгейде түсіндіру,
мейірімділіктің адам өміріндегі
маңыздылығын түсіндіру;
өзара
сыйластық қарымқатынастарын дамыту,ананы
қадірлеуге тәрбиелеу.
Балалар,біз
сендермен бүгін бар әлем сыйынатын,бас
иетін асыл адам, мейірімге толы жанардың
иесі кім екенін табамыз?
Жарай
ма!
Шаттық
шеңбері
Балалар,
қолдарыңды журек тұсына бір сәт қойып,
дүрсілін тыңдап көріңдерші.
Сендердің
жүректерің мейірімге,қайырымға,махаббатқа,жылы
сезімге толы. Адам бойындағы бар жылу
мен мейірім анадан тарайды. Енді осы
жүректен алған жылумызды түсіріп
алмайтындай қимылмен (қолымызды бірден
төмен түсірмей, оң жағымызда тұрған
баланың сол қолын қысайық) бір біріміздің
қоламызды қысайық, осылайша жүрек жылуын
бір бірімізбен бөлісейік.
Тапсырмалар.
Әңгімелесу
Ана
- осынау үш әріпті сөздің иесі сиқырлы
жан деп білемін. Адамға өмір сыйлап,
өмір бойы ұл қызының тілегін тілер
отыратын ардақты жан. Шыр етіп жерге
түскен сәтіңмен сен анаңа бақыт сыйлайсын.
Ана қайталанбас тұлға, мейірімге толы
жанардың иесі. Әрбір адам ана алдында
қарыздар. Анаңды меккеге үш арқалап
апарсаң да қарызыңды өтей алмайсың. Ана
баға жетпес адам, анаға айтар мадақтау,
марапат та жеткіліксіз, себебі ана ол
әлемді тербетуші! Жұмақтың кілті анаңның
табанының астында деп те айтады қазақ
даналығы. Ана - дана! Ана - дара! Ана -
жердегі бар асылдың жиынтығы!
Ана
–халық ұғымында жаратушы. Олай дейтініміз
табиғатты да, адамды да дүниеге әкелуші
ана. Ал барлық нәрсенің дүниеге келуі
үлкен мейірім мен шапағаттан пайда
болады. Табиғаттың барлық жанға бірдей
мейірімді болуы сондықтан. Адамның да
ананың кіршіксіз мейірімен берілген
мейірімділігін сақтап қалу өз
қолында.
Дәйексөз
Мейірімділікті
анадан үйрен. Халық даналығы
Шығармашылық
тапсырма
І
топ: «Мейірім» тақырыбына эмблема
дайындау.
ІІ
топ: «Асыл анам» тақырыбында эссе
жазу.
(оқушылардың
жұмыстары тыңдалады)
«Аяқталмаған
сөйлем» тренингі
1.Мейірімділік-бұл...
2.Мейірімді
сөздер...
3.Мейірімділік
сезімі ғана дүниені...
(оқушылар
сөйлемдерді өз ойларымен аяқтайды)
Ойын:
«Мен қандаймын?»
Оқушыларға
парақшалар таратылып беріледі. Онда
адам бойындағы қасиеттер жазылған.
Оқушылар берілген қасиеттер өз бойларында
бар болса, сол сөздің алдынан қызыл
нүкте, жоқ болса көк нүкте қояды.
(оқушыларды
тыңдау)
«Мейірімділік
гүлін» құрастыру
Оқушылар
түрлі-түсті қағаздан әртүрлі гүлдерді
қиып, жапсырмалайды.
Тапсырма
«Мейірімділік»
кестесін сызып, толтыру. Бірінші
бағанға-мейірімді істердің, екінші
бағанға- мейірімді адамның қасиеттерінің
тізімдемесін жасау.
Оқушылар
хормен айтады.
Әріптер
ойыны.
Т,
Ө, А, Ә, Қ, Ж
1.
Қаожыңды көтересің бе?
2.
Құртты қалай жасайды?
3.
Қазақ тілі қандай тіл.
4.
Уақытқа бағынасың ба?
5.
Бойыңда мейірімділік қасиетің бар
ма?
6.
Сенің есімің кім?
Мен
қойған сұрақтарға әріптер арқылы жауап
беру.
Күлімдеген
күн мейірімді!
Кіршіксіз
ақ қар мейірімді
Таза
мөлдір су - мейірімді!
Қадірлі
әкем мейірімді!
Әлпештеген
әжем мейірімді!
Еркелеткен
атам мейірімді!
Жылы
жүзді ұстазым мейірімді!
Тату-тәтті
достарым мейірімді!
Егіні
мол жер мейірімді!
Қамқор
апам мен ағам мейірімді!
Баларлар
кәнекей, қолымызды жоғары көтерейік.Жіп
орамы арқылы біз тілегіміз бір болып,
бір тұтас болғанын көріп отырмыз.Біз
әрқашанда біргеміз.Жақсы істер жасау,
дайынбыз.
Мейірімді
анама ұзақ ғұмыр тілеймін.
Кең
пейіл далама тыныштық тілеймін.
Өнерлі
балаларға талмас қанат тілеймін.
Өнерлі
балаларға талмас қанат тілеймін.
Талапты
достарыма табыс тілеймін.
Сыныптастарыма
амандық тілеймін.
Отбасыма
бақыт тілеймін.
Топтық
жұмыс:
Анаға
мейірімділікті қалай көрсетуге
болады?
Өздеріңе
мейірімділік көрсеткен кезде қандай
сезімге бөленесіңдер?
Өмірдегі,
отбасының орны қандай?
Мейірімді
болу үшін қандай адам болуымыз
керек?
Тыныштық
сәті
Балалар,
мейірімділік сезімін сезіну мақсатында
тыныштық сәтін ұйымдастырайық.
Денелерімізді түзу ұстаймыз, бастарымызды
жоғары көтеріп, ыңғайланып отырамыз.
Көздеріңді жұмсаңдар да болады. Ауаны
терең жұтып, еркін тыныстаңдар, денелеріңді
бос ұстап, айналадағы барлық тіршілік
иесі, оның ішінде аналарың сендерді
аялап, қоршап, қамқор болып жатқанын
сезініңдер. Тұла бойларыңа махаббат,
жақсылық сезімі толып жатыр соны
сезінеміз.
Оқушыларға
Ана туралы өлеңдер оқыту.
Ана
Құлайын
деп бара жатам құлдырап,
Көңілім
жүдеп, көзім алды бұлдырап,
Сол
кезде бір ән естимін жақыннан,
Аққан
бұлақ секілденген сылдырап.
Есім
жиып, өз бойымды тік ұстап,
Тіршіліктің
әуенімен тыныстап,
Сергимін
де, сезім гүлін құлпыртам,
Кел
дегендей болады бір күміс бақ.
Сөндім-ау
деп, өлдім-ау деп ышқынып,
Қалған
кезде бойымдағы деп дауыстайды
анашым,
Мен
орнымнан жығыламын үш тұрып.
Ойнап
шығам содан кейін құрақтай,
Жарқылдаймын
жүрегімді жылатпай,
Мүмкін,
мүмкін ана махаббаты шығар бұл,
Мені
сүйеп келе жатқан құлатпай.
Үй
тапсырмасы: «Ана» тақырыбына эссе
жазу. Тәрбие.орг сайтынан
«Мейірімділік – асыл қасиет. Мейірімділікті
анадан үйрен» Авторлық бағдарлама
материалды

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген