Мейірімділік

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Мейірімділік

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектеп психологтарына, сынып жетекшілерге
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Мейірімділік» тренинг

Мақсаты: оқушыларға мейірімділіктің асыл қасиеттерін түсіндіре отырып ,

бәрін жақсы көруді үйрету.Оқушылар бойында ақкөңілділік қасиеттерін дамыту, достыққа тәрбиелеу.

Барысы:

1.Нұрға бөлену.

2. «Сары тауық пен балапандары» мәтінін оқып беру.

Күздің бір күні сары тауық балапандарын ертіп, ауылдан ұзап кеткен. Аяқ астынан жаңбыр құйып кетті. Суық жаңбырдың астында қалған сары тауық балапандарын қанша асықса да, мекеніне жеткізе алатын емес. Өйткені балапандарының жылы жүні әлі шықпаған балғын жас еді. Сары тауық қатты састы. Шөжелерін қос қанатының астына алып, бауырына басты. Бір балапаны сыймай сыртта қалды. Ана айла жасап, балапандарын кезектестіріп бір – бірден тыста ұстап, тоңа бастағанда бауырына алып отырды. Кезек ең кенжесіне келгенде ана оны сыртқа шығармады .

-Оны неге шығармайсыз ?- деп сұрады бір ақ балапан.

-Ол тым жас.

-Жас болса қайтеді ? Кезегі келгенде ол да шықсын.

-Сырқаттанып қалады. Кішімізге өзгеміз қамқоршы болуымыз керек емес пе ? Кәне, мұның орнына кім барады ?- деп сұрады анасы.

-Мен, -деді тұңғышы.

-Мен барайын ! – деді оған тетелесі.

-Кезекті маған беріңіз ! – деді одан кішісі.

-Мен қалам ба сонда ?- деді алғашқы қарсылық білдірген балапан.

-Қатесін түсінген сенің барғаның жөн ! – деді сары тауық балапанды тысқа қарай ысырып. Сары тауық су өтіп қатты жаурады. Бірақ балапандарын тоңдырған жоқ. Балаға деген ыстық махаббатымен жылытып, сақтап қалды. Күн ашылып, ана жүрегіндей жадырады.

1.Сары тауық өз балапандарын қандай жақсы қасиеттерге баулыды ?

2. Сары тауық өз аналық мейірімін қалай көрсете білді ?

3. Балапандардың іс – әрекетінен қандай жанашырлықты байқадың ?

4. Ал сендер мейірімділік, жанашырлықты кімдерге көрсетіп жүрсіңдер ?

5. Сендер біреуге мейірімділік танытқан кезде қандай сезімге бөлендіңдер ?

3. Сүйіспеншілік

Базарға барайын деп сыртқа шыққан жас келіншек есіктің артында отырған үш қарияны көріп, тұрыңқырап қалды да, бар ниетімен үйіне шақырды. Сонда қарияның біреуі :

-Біз шақырған жерге үшеуміз бірге бармаймыз,-дейді. – Оң жақтағы досым - Байлық, сол жақтағы болса –Сәттілік. Менің атым –Сүйіспеншілік.

Өзін, жолдастарын таныстырғаннан кейін Сүйіспеншілік әйелге былай деп тала қойды:

-Қазір үйіңізге барып, жолдасыңызбен ақылдасыңыз.

Үшеуміздің біреуімізді ғана шақыруға құқыларыңыз бар. Қайсымыз баратынымызды өздеріңіз айтасыздар,-деді. Келіншек Сүйіспеншіліктің талабын күйеуіне айтқанда, қатты қуанған ол:

«Қандай жақсы, қандай жақсы», -деп қайталай береді. «Кімді шақыру еркінділігін бізге берді емес пе ? Біз байлықты шақырайық, үйіміз бірден молшылыққа кенелсін. Күйеуінің шешіміне көңілі толмаған әйелі: Сәттілікті шақырғанға қалай қарайсың ?- деді. Екеуі ортақтасып, мынадай шешімге келді. Негізінде, ең асыл Сүйіспеншілік қой деймін. Ол бар жерде біз бақытты боламыз».

Есікті ашқан келіншек үш ақсақалға : «Қайсыңыз Сүйіспеншіліксіз? Төрлетіңіз. Сізді шақыруды ұйғардық», -деді. Сүйіспеншілік орнынан тұрды да, үйге беттеді. Жолдастары да орындарынан тұрып, оның артынан үйге қарай жүрді. Аң –таң болған келіншек Байлық пен Сәттілікке:

-Тек біреуіміз ғана бара аламыз деп айтып едіңіздер, - деді Қариялар.

- Егер тек қана Байлықты немесе Сәттілікті шақырсаңыз, басқа екеуміз далада отырар едік. Бірақ та сіздер Сүйіспеншілікті шақырдыңыздар. Сол үшін үшеуміз де бірге баруымыз керек, -дейді. Келіншектің «Неге» деп сұрауын күтпестен олар сөзін сабақтай түсті. Өйткені Сүйіспеншіліктің жүрген жерінде біз –Байлық пен Сәттілік қашанда біргеміз.Адам ішкі жан дүниесіндегі сүйіспеншілік энергиясын өткізіп, адамнан адамға өткізеді. Күшті сүйіспеншілікте болғандар тау мен тасты асатын өзен тәрізді өте қашықтағы жолды жақын тұтып, қауышу дарияға қол жеткізеді.

1.Қарияларды кім көрді? Оларға не айтты ?

2.Отбасы кімді таңдады ?

4. Шығармашылық тапсырма.

«Өзімнің жасаған жақсылықтарым» деген тақырыпта постер қорғау.

5. «Көңілді күн» топпен әнді орындау.

1. Теріп едік жемісін сезім бақтың,

Сыйластықтың алауын өзің жақтың.

Сенің думан тойыңның әнін естіп,

Есігіңді шыдамай өзім қақтым.

Қ-сы:

Бүгін қандай тамаша

Көңілді күн 3-рет

Сені қуанышыңмен құттықтаймын

Бақытты бол, жан досым!

2. Бір тамаша отырдың өмірге еніп,

Жүзің бал бұл жадырап көңілденіп.

Есігіңнен мен кіріп келгенімде

Қуандың ау балаша мені көріп.

Қ-сы:

Бүгін қандай тамаша

Көңілді күн 3-рет

Сені қуанышыңмен құттықтаймын

Бақытты бол, жан досым!

6.Жүректен жүрекке.

Жақсы ой ойлайық, жақсы сөз сөйлейік, жақсы іс жасайық.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
04.06.2018
679
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі