400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

"Мейірімділік - асыл қасиет" 1 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
мұғалімдерге арналған
Материалдың қысқаша нұсқасы

"ӨЗІН-ӨЗІ ТАНУ" САБАҚ ЖОСПАРЫ

Сынып: 1 "Ә" Күні: 11.02.2019 жыл

Сабақ № 3

Мұғалім: Кудайбергенова Жанар Калиевна

Тақырып

"Мейірімділік- асыл қасиет"

Құндылық

сүйіспеншілік

Қасиеттер

Мейірімділік, қайырымдылық, қамқорлық

Мақсаты


Оқушыларға адам өміріндегі мейірімділіктің маңызы туралы түсіндіре отырып, сүйіспеншілік құндылығының мәнін ашу

Міндеттері



- мейірімділік ұғымы туралы түсінік беру;

- қайырымдылыққа үйрету;

- мейірімділік, қамқорлыққа тәрбиелеу.

Ресурстар


Тақырыпқа сәйкес суреттер салынған, сөздер жазылған қима қағаздар, "Құндылық" ағашы, стикерлер, сабақ слайдтары, интерактивті тақта.

Сабақ

Барысы

































Ұйымдастырушылық кезең.

Тыныштық сәті. "Су асты патшалығына саяхат"

Ыңғайлы отырып, көзімізді жұмайық. Өзіңді теңіз жағасында жүргеніңді елестет. Алыста қара нүктені көреміз. Ол бізге жақындап келе жатқан- дельфин. Дельфиннің арқасына отырып, су астына саяхатқа барамыз. Су асты бір әлем. Оңға қарасақ- сегізаяқ, солға қарасақ балдырларды көреміз. Осы тыныштықты сақтайық.

Енді жағаға шығудың уақыты келді... Дельфиннің арқасына отырып, жоғары көтерілейік. Дельфинге алғысымызды айтып, қоштасайық. Ақырындап сыныпқа оралайық. Көзімізді ашайық.

Кіріспе сөз. Ішкі жан тыныштықты сақтай отырып, сабағымызды бастайық.

- Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: "Мейірімділік- асыл қасиет" деп аталады. Адамның жақсы қасиеттерінің бірі- мейірімділік туралы әңгімелесеміз. Ол- мейірімді адам деп біреу жайлы естіп қаламыз? Мейірімді адам дегенді қалай түсінесіңдер? Қандай адамды мейірімді адам деп айтасыңдар? ( Балалар өз ойларымен бөліседі)

Балалар, дұрыс айтасыңдар, мейірімділік- адамның өзге біреуге жылылығн, ізгі ниеті мен лебізін білдіру көрінісі. Мейірімділік адамдар арасындағы сыйластық, кеңпейілділік, жанашырлық сияқы қасиеттерге негізделеді. Халқымыз біреуге мейірімділік етсең - өзің де мейірімділік көресің деп, мейірімділікке ерекше мән берген.

- Балалар, сендерге жақсы болуды, мейірімді болуды кім үйретеді?

- Ана. Әрине, ана-халық ұғымында жаратушы. Аналарыңның кіршіксіз мейірінен берілген мейірімділігін сақтап қалуларың өз қолдарыңда екенін ұмытпаңдар!

Дәйексөз: "Мейірімділікті анадан үйрен"

Мұғалімнің сыйы (аңыз, әңгіме)

- Бүгінгі сабаққа әзірлеген сыйым- Мәдіхат Төребаевтың "Сары тауық пен балапандары" деген әңгімесі.

Күздің бір күні сары тауық балапандарын ертіп, шегіртке қуып, ауылдан ұзап кеткен. Аяқ астынан жаңбыр құйып кетті. Суық жаңбырдың астында қалған сары тауық пен балапандары қанша асықса да, мекеніне жете алатын емес. Өйткені балапандарының жылы жүні әлі шықпаған балғын жас еді. Сары тауық қатты састы. Шөжелерін қос қанатының астына алып, бауырына басты. Бір балапаны сыймай, сыртта қалды. Ана айла жасап, балапандарын кезектестіріп, бір-бірден тыста ұстап, тоңа бастағанда, бауырына алып отырды. Кезек ең кенжесіне келгенде, ана оны сыртқа теппеді.

- Оны неге шығармайсыз?- деп сұрады бір ақ балапан.

- Ол тым жас.

- Жас болса қайтеді? Кезегі келгенде ол да шықсын.

- Ол сырқаттанып қалады. Кішімізге өзгеміз қамқоршы болуымыз керек емес пе? Кәне, бұның орнына кім барады?- деп сұрады анасы.

- Мен,- деді тұңғышы.

- Мен барайын! - деді оған тетелесі.

- Кезекті маған беріңіз!- деді онан кішісі.

- Мен қалам ба сонда?- деді алғаш қарсылық білдірген ақ балапан.

- Қатеңді түсініпсің, сенің барғаның жөн!- деді сары тауық балапанды тысқа қарай ысырып.

Сары тауық су өтіп, қатты жаурады. Бірақ балапандарын тоңдырған жоқ. Балаға деген ыстық махаббатымен жылытып, сақтап қалды. Күн ашылып, ана жүрегіндей жадырады...

Талқылау сұрақтары:

* Сары тауық балапандарын қандай қасиеттерге баулыды деп ойлайсыңдар?

* Сары тауық аналық мейірімін қалай көрсете білді?

* Сендер біреуге мейірімділік танытқан кезде қандай сезімге бөленесіңдер?

Шығармашылық іс-әрекет, топпен жұмыс.

1) "Мейірімділік" тобының тапсырмасы: Құндылық ағашының жеміс беруі үшін мейірімділік туралы мақал-мәтелдер айту.

2) "Қайырымдылық" тобының тапсырмасы: Таратылған қима қағаздардың арасынан қайырымды істерді бейнелеген суреттерді тауып, коллаж жасау. Қайырымсыз істерді бейнелеген суреттер бойынша ойларымен бөлісу.

3) "Қамқорлық" тобының тапсырмасы: Балалар кімдердің қамқорлығына бөленіп өсіп келе жатырсыңдар? Отбасы мүшелері бір- біріне қандай қамқорлық көрсетеді?

Топпен ән айту. "Ақ мамам" Қазақша балалар әндері. Бота Бейсенова


Сабақтың соңғы тыныштық сәті. Қорытындылау.

-Жүрегіміздегі мейірім шуағы өшпесін деп, бүгінгі сабақтан үйренген жақсы қасиеттерді жүрегімізге сақтап алайық.




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
21 ақпан
1325
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі