жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
"Мейірімділік - асыл қасиет" ашық сынып сағаты
Тақырыбы: «Мейірімділік – асыл қасиет»
Мақсаты: балалардың «мейірімділік», «қайырымдылық» қасиеттері туралы түсініктерін кеңейту.
Міндеттері:
-өзара сыйластық, достық, сүйіспеншілік туралы түсінік беру;
- өзін және айналасын сүюге, жақсы көруге деген ниеттерін ояту;
-қоршаған ортаға жақсылық жасай білуге тәрбиелеу;
Көрнекіліктері: слайдтар, үнтаспа, бейнефильм, жүрекше, күн.
Барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
Құрметті ұстаздар, қонақтар! Бүгін мектебіміздің сыныбымызда өткізгелі отырған «Мейірімділік – асыл қасиет» атты ашық тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер!
Амандасу рәсімі: Балалар бір –бірімізбен әр түрлі қимыл жасау арқылы амандасайық. (көзбен, қолмен, аяқпен, шынтақпен, арқамен, алақанмен, саусақпен т.б)
Мұғалім: Мен әуенді қосқан кезде бәріміз жүрегіміздегі сиқырлы әлемге аттанамыз.
Біздің жүрегімізде кішкентай адам өмір сүреді. Оның аты да дәл сендердікіндей.
Қолдарыңды жүректеріңнің тұсына қойып, оның қалай соғып тұрғанын сезініңдерші
(тыныс алу)
Ол біздің жүрегіміздің ішіндегі «Мен осындамын»,«Мен сенімен біргемін» — деп тұрған кішкентай адам ғой. Оған өздеріңнің күлкілеріңді сыйлаңдар. Жүрегіміздегі кішкентай адам әрқашанда бізбен бірге болады. Жүрегіміз бізге тек ақыл мен жақсы
сөздер айтатын болады.
Себебі,оны тек біз өзіміз ғана ести алатын боламыз. Жүректеріңе іштей рахмет айтыңдар. Ол сендердің ризашылық сөздеріңді естісін. Сездіңдер ме, ол одан да бетер қатты соғып кетті. Олар бізді естігенін білдіріп жатыр. Осы сәтті естеріңе сақтаңдар!
Біз бүгін тәрбие сағатында адамның жақсы қасиеттерінің бірі мейірімділік жайлы әңгімелесеміз. Адамдардың бір-біріне деген мейірімділігі – әдептілік белгісі. Бәріміз шаттық шеңберіне жиналып, бір-бірімізге жақсы тілектер тілейік, жылы лебіздер білдірудің өзі жақсы қасиеттерге жатады:
(Сары лентаны айналдыра отырып, күннің бейнесін шығару)
Шаттық шеңберіне жиналу:
1 Аспанымыз ашық болсын!, Денсаулығымыз мықты болсын!
Мейірімді болайық!, Бәріміз дос болайық! Ата-анамызды ренжітпейік!
Ұстаздарды ренжітпейік! Бақытты болайық! Үлкендерді сыйлайық!
Әдепті болайық! Ақылды болайық! Сабақтан қалмайық! Тәртіпті болайық!
Бір-бірімізге көмектесейік! Мақтаншақ болмайық! Кішілерге қамқор болайық!
Бір-бірімізді ренжітпейік! Табиғатты аялайық! Тату болайық!
Отанымызды қорғайық! Жақсылық жасаудан жалықпайық, достар!
Мұғалім:Лентаны айналдырғанда ненің бейнесі шықты?(Күн)
Табиғатта жылу күннен тараса, жердегі жылулық, мейірім кімнен тарайды?(Ана)
Балалар, бүгін біздің тәрбие сағатымыз мейірімділіктің көзі күн, ана сияқты қасиетті ұғымдарға арналады.
Алдымен топқа бөлінейік:
«Сандықшадан» өздеріне ұнаған түстерді алып топқа бөліну
І-топ «Сүйіспеншілік»
ІІ-топ «Әдептілік»
ІІІ-топ «Адамгершілік»
Ендеше орнымызға жайғасайық.
Мұғалім: Міне, тамаша! Әр адамның жүрегі мейірімді де қайырымды болу үшін не істеу керек?
Парасатты болу
Жақсылық жасау
Көмек беру
Мейірімділік көрсету
Жанашырлық таныту
Ізгілік
Адамгершілікті сақтау
Мейірімділік жайлы қандай өлең жолдарын білесіңдер?
Мейірімділік — адамның өзге біреуге жылылығын, ізгі ниеті мен лебізін білдіру көрінісі. Мейірімділік адамдар арасындағы сыйластық, кең пейілділік, жанашырлық, ізгі ниет секілді қасиеттерге негізделеді.
Мәтінмен жұмыс
Мейірімділік туралы аяқталмаған мәтін беріледі.
Мейірімділік
Бір мазасыз балапан өмір сүріпті. Күндердің күнінде ол анасынан «Мейірімділік деген не?» - деп сұрайды.
- «Сен әлі кішкентайсың. Өскеннен соң түсінесің» - деді анасы. Бірақ, балапан шыдамсыз еді. Ол жауапты тезірек білгісі келіп, жолға шығады. Жолда жылап жүрген ешкіні кездестіреді, ол балапаннан лағын табуға көмектесуін сұрайды.
- «Менде уақыт жоқ, мен мейірімділікті білуім керек» - дейді балапан.
Шалғайдан қыз баланы кездестіреді. Ол ағашқа ілініп қалған шарды алып беруіне көмек сұрайы.
- «Менде уақыт жоқ, мен мейіріміділіктің не екенін білгім келеді» дейді.
Сонда қыз:
- Ал мен білемін. Менің анам үнемі қайырымды адамдар туралы айтады.
- Маған да айтшы, - деді балапан.
Мәтінді аяқтау тапсырылады.
Бірінші сен шарды алып бер, - деді қыз. Балапан ұшып барып шарды әперді.
- Мінекей, сен қайырымды іс істедің. Мейірімділік деген осы – дейді қыз.
- Қандай оңай, - деп таң қалады балапан.
6.Постермен жұмыс.
Әр топ суреттері бойынша тақырыпты ашады, өз ойларын түсіндіреді.
7. «Мейірімділік» галошы ойын арқылы жағдаяттарды шешеміз
Жағдаяттарды шешу:
1-жағдаят: Сен аулада ролик теуіп жүрдің, ал сенің досыңның ролигі жоқ, сенің әрекетің?
2-жағдаят: Сенің алдыңнан бір құшақ газет-журнал көтерген хат тасушы апай шықты , сен не істер едің?
3-жағдаят: Сенің анаң ас дайындап жатыр, ал інің мазасызданып кетті,сенің әрекетің?
4-жағдаят: Сенің алдыңнан ауыр сөмкелерін көтерген әже шықты, сен абайсызда ол әжені қағып кеттің, оның сөмкесіндегі заттары шашылып қалды, сен не істер едің?
Мұғалім
-Сонымен балалар мейірімділік деген қандай қасиет екен?
-Асыл қасиет.
Дүниедегі ең мейірімді жан кім екен?(Ана)
Табиғаттағы жылулық күннен таралса,
Жердегі жылулық анамыздан тарайды.
Ана туралы қандай өлең жолдарын мақал-мәтелдер білесіңдер?
-Оқушыларың жаттаған тақпақтары тыңдалады.
— Дұрыс балалар, сендерге мейірімді болуды мектепте ұстаздарың, үйде аналарың үйретеді. Ендеше сол өзіміздің аналарымыз туралы айтайық, ол қандай адам? (баяу музыка ойнап тұрады) топтастыру.
Оқушылар сабақ соңында өздерінің жүрек түпкіріндегі жылы сезімдеріне ризашылықтарын білдіреді. Оқушылар оң қолдарымен жүрек тұсын ұстап кезегімен мынадай сөйлемдер айтады:
Менің қайырымды жүрегіме рақмет!
Менің мейірімді жүрегіме рақмет!
Менің жылы жүрегіме рақмет!
Менің жүрегімнің адамдарды жақсы көргеніне рақмет!
Менің жүрегімдегі жақсы көру сезіміне рақмет!
Менің жүрегімнің қуана білетініне рақмет!
Менің жүрегімнің жанашырлығына рақмет!
Қорытынды:Құрметті ұстаздар, оқушылар! Осымен біздің «Мейірімділік – асыл қасиет» атты ашық тәрбие сағатымыз аяқталды. Зейін қойып тыңдағандарыңызға рахмет! Сау болыңыздар!
«Меңдіқара ауданы әкімдігі білім бөлімінің Ғаббас Жұмабаев атындағы Боровской мектеп - гимназиясы» ММ – нің 4 «Ә» сыныбында өзін –өзі тану апталығына байланысты «Мейірімділік – асыл қасиет» тақырыбында ашық сынып сағаты өтілді.
Мақсаты: балалардың «мейірімділік», «қайырымдылық» қасиеттері туралы түсініктерін кеңейту.
Міндеттері:
-өзара сыйластық, достық, сүйіспеншілік туралы түсінік беру;
- өзін және айналасын сүюге, жақсы көруге деген ниеттерін ояту;
-қоршаған ортаға жақсылық жасай білуге тәрбиелеу;
Сынып сағатына оқушылар белсенділікпен қатысып, өз ойларын және тақырып бойынша түсініктерін ашық түрде айта білді. Сабақтың мақсатын толық ашқан оқушылар «Біз біргеміз!» тренингін және «Анашым! Мен сізді жақсы көремін!» айдары бойынша сол сәтте аналарына қоңырау шалып, тосын сый жасады. Сынып сағатының мақсатына сай постерлер қорғап, әсем әнде айтылды. Сабақты «Менің мейірімді жүрегіме рахмет айтамын!» ойынын ойнаумен қорытындылады.
Сынып жетекшісі: Махмутова Сауле Мурзашовна

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген