Ашық сабақ, ҚМЖ, көрнекілік, презентация жариялап
2 млн. ₸ табыс табыңыз!
0 / 1
Материалға шағымдану
Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Шағым жылдам қаралу үшін барынша толық ақпарат жіберіңіз
Сіздің сұранысыңыз сәтті жіберілді!
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
1 бонус = 1 теңге
Бонусты сайттағы қызметтерге жұмсай аласыз. Мысалы келесі материалды жеңілдікпен алуға болады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Түсінікті
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ
"Мейірімділік - ғажайып өмір есігі"
Материал туралы қысқаша түсінік
өзін-өзі тану сабағынан сыныптан тыс шара
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады.
Толығырақ
15 Ақпан 2019
1034
0 рет жүктелген
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
«Мейірімділік – ғажайып өмір есігі» сыныптан тыс іс-шара.Қазақ биімен ашылады!1- жүргізуші: Құрметті ұстаздар,оқушылар! Жыл сайынғы дәстүрге айналған өзін – өзі тану пәні апталығы, биылғы 2019 жылдың 2 – 12 ақпан аралығында «Өзін-өзі тану:Махаббат пен шығармашылықтың педагогикасы» атты республикалық акция шеңберінде өтуде. Ал осы акция аясында мектебімізде де онкүндік өткізу жоспарланып, игі шаралар мен сабақтар өз жалғасын табуда. Ел дамуының жарқын үлгісін рухани жаңғырумен сабақтастыратын, Елбасы - Нұрсұлтан Әбішұлының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы өскелең ұрпақтың – дара жолы, табысты ел болуымыздың кепілі. 2- жүргізуші: Ия, ендеше, осындай болашағына бейбіт өмір сыйлаған қазақ елінің тұлғалы азаматтары мен азаматшалары аман болсын дей келе, апталық барысындағы жоспарға сай «Мейірімділік – ғажайып өмір есігі» атты сыныптан тыс шарамызға Бірге: Қош келдіңіздер!1- жүргізуші: «Өзіңді – өзің тану – рухани өркендеудің түп тамыры және адамгершілік құндылықтардың негізі» деген Сара Алпысқызы – болашақ ұрпақты ізгілік бесігіне бөлейтін, ешкімге еліктемей өзіндік тұлғасын қалыптастырып, өз мүмкіндіктерін ашатын, дарындылығын дамытатын, қоршаған ортамен жарасымды өмір сүруге бейімделген тұлға. 2 – жүргізуші: Ал, қоршаған әлемге махаббат және қуаныш сыйлап, сезімталдық, мейірімділік, рақымдылық көрсетіп, мейірімді болуға үйрету, өмірдің бар жақсылығының негізі махаббат, сүйіспеншілік екендігін түсіндіру бүгінгі шарамыздың мақсаты болмақ. 2- жүргізуші: Еңдеше сыныптан тыс шарамызды бастамас бұрын мектебіміздің психологі Анархан Каримоллақызы бір – бірімізбен жақын танысып, бір – бірімізге тамаша көңіл күй сыйлау мақсатында шарамыздың алғашқы ширату жаттығуын өткізу үшін ортаға шақырамыз.(тренинг өтіледі, топқа бөлінеді.)1- жүргізуші: Әрбір оқушы өзін-өзі рухани жетілдіру үшін, өзін тәрбиелеуге, өздігінен білім алуға ұмтылуы қажет. Ел президенті Н.Ә. Назарбаев: «Рухани құндылық, биік адамгершілік жоқ жерде үлкен өркениет орнату мүмкін емес» деген болатын. Адамгершілік тәлімі жүрекке жан шуағын орнатып, бұрыннан бойымызда бар жақсы қасиеттерді дамытады. Жаман әдет пен теріс қылықтан тазарып, жаны таза, көңілі ақ, рухани сезімдерге бай адам болып қалыптасу – өзекті мәселе. Мейірімділік жылудан тарайды.2- жүргізуші: Адам дүниеге ештене қалап келмейді. Жақсы мен жаманды өскен соң өзің қалап аласың. Жақсылық пен жамандық адамның іс-әрекеті арқылы өлшенеді. Халқымыз «жақсылық» деген ұғымды адамгершілікке балаған. Адамгершілігі мол адамды «жақсы адам» деген. 5 – топқа бөлінеді1 топ – Сүйіспеншілік2 топ – Ақиқат3 топ – Ішкі тыныштық4 топ – Дұрыс әрекет5топ – Қиянат жасамау
І топ: «Сүйіспеншілік»Адам бойындағы қандай қасиеттерді жоғары бағалайсың? Постер құрастыру.Басына іс түскен адамдарға жанашыр бола біл, қамқор бол, жанашарлықты сөзбен ғана емес, іспен де, мінез-құлықпен де таныту қажет – ең бастысы осы. ІІ топ: «Ақиқат» «Мейірімді жүрек» (Постер қорғайды)
ІІІ топ: «Ішкі тыныштық » (Жағдаят шешу) Сұрақтарға жауап беріңдер. Математика мұғалімі көзге көрінетін нақты формулаларды тақтаға жазып жатып; «Арамызда көзге көрінбейтін дүниелерге сенетіндер де бар шығар?» – деді. Бір оқушы орнынан тұрып: – Әрине, – деп жауап қайтарады.– Маған қара, адам көзге көрінбейтін, қолмен ұсталмайтын заттардың болмысына сеніп, ол жайлы сөз етсе, ол ақылдылыққа жатпайды, – деді. – Апай, сіз балаңызды жақсы көрген кезде, мейіріміңіз қолға ұстала ма, ал біреуге риясыз көмектескенде оған деген жанашырлығыңызды шығарып, үстелге қоя алар ма едіңіз? – деді. Барлығы ойланып қалды... Сендер қалай түсіндірер едіңдер?Адамның ар-ұжданы да ылғи көзге көріне ме? Оның көріністері нелер деп ойлайсыңдар?ІV топ: «Дұрыс әрекет » (коллаж жасайды)«Мейірімділік әлемі» музыкасын қосу, суреттерді реттеп бұл топ коллаж жасайды, жақсылық көрсетілген суреттерді ватманға жапсыру.
V топ: «Қиянат жасамау» Тапсырма:«Кім және не мейірімді?» «Мейірімділікті анадан үйрен» деген халық даналығы. Ана — халық ұғымында жаратушы. Олай дейтініміз табиғаттың жаратқан иесі адамды дүниеге әкелуші — Ана. Ал барлық нәрсенің дүниеге келуі үлкен мейірім мен шапағаттан пайда болады. Табиғаттың барлық жанға бірдей мейірімді болуы сондықтан. Адамның да ананың кіршіксіз мейірінен берілген мейірімділігін сақтап қалуы өз қолымызда. Тапсырма:«Кім және не мейірімді?» түсіп қалған сөздерді орнына қою керек. (баяу музыка ойнап тұрады)Күлімдеген …. мейірімді. (күн) Кіршіксіз ақ …. мейірімді! (қар)Таза мөлдір…. мейірімді! (су)Бәрімізді көтеріп түрған …. мейірімді! (жер)Аяулы …. мейірімді! (анам) Қадірлі …. мейірімді! (әкем)Әлпештеген …. мейірімді! (әжем) Еркелеткен …. мейірімді! (атам)Жылы жүзді …. мейірімді! (ұстазым) Тату-тәтті …. мейірімді! (достарым)
Ән: ІІ тур. 5 құндылыққа байланысты жағдаяттарды сахыналау. 1 – топ. Сүйіспеншілік.«Өмір сүрудің ең жақсы жолы» (аңыз әңгіме)Шағын ғана бір ауылда орта жастағы бір кісі дүкен ашып сауда жасамақ болады. Сөйтіп алға қойған жоспарын бастап та жібереді. Ол ақ көңіл, жайдарлы болғандықтан, ауылдың адамдарының бәрі оны жақсы көретін. Оның дүкеніне барып сауда жасайтын. Ауылдың тұрғындары тамыр-таныстарын да сол адамнан сауда жасауға кеңес беретін. Шаруасын кішігірім дүкеннен бастаған адам, бір жылдың ішінде Американың түкпір-түкпірінен сондай шағын дүкендер ашып тастайды.Бір күні ауыр науқастанып, бұл дүниеден өтерін сезген адам, артында қалған үш ұлын қасына шақырып:- Үшеуіңнің біреуі барлық дүкендерімнің иесі болады. Мирасымды соған қалдырамын. Менің артымдағы дүние-мүлкіме қайсысың лайықты екенін білу үшін үшеуіңе де бір-бір доллардан беремін. Осы долларға бір нәрселер алыңдар. Кешкісін келгенде алған нәрселерің менің осы бөлмемді толығымен толтыруы керек. Шартым осы.Ұлдары үлкен компанияны басқару мүмкіндігінен айырылып қалмауды ойлап, не істерлерін білмей қатты абыржиды. Қалаға барып үшеуі де долларын жаратты. Кешкісін әкелерінің қасына келген кезде, үлкен баласы:- Досымның шаруашылығына барып екі қап сабан сатып алдым – деді де, қаптарды ашып сабанды әр тарапқа шаша бастады. Алайда көп ұзамай сабандар еденге түсіп, бөлмені толтыра алмады.Екінші баласы:- Дүкенге барып екі жастық алдым – деді де, жастықтарды сөгіп, ішіндегі жүнін бөлменің ішіне шашып тастады. Бірақ жүн де көп ұзамай жерге түсіп, бөлмені толтыра алмады.Үшінші ұлы:- Долларды ұсақтап, 50 центін мешітке бердім, 20 центін қайырымдылық қорға бердім, 20 центін да садақа ретінде тараттым. Қалған 10 центке екі нәрсе алдым – деді де, қалтасынан сіріңке мен шырақты шығарды. Бөлменің жарығын сөндіріп, шырақты жақты. Сабан мен жүнге толмаған бөлме аз уақыттың ішінде шырақтың нұрына бөленді.Әкебаласына риза болып:- Мирасымды саған қалдырамын. Өйткені өмір сүрудің ең жақсы жолы – айналаңа жарық тарату!
2-топ. Ақиқат.Аңыз әңгіме: «Ана махаббаты»Бір күні балалары бір келісімге келе алмай анасына келіп сұрақ қояды:- Анашым, сіз біздердің қайсысымызды ерекше қатты жақсы көресіз?Анасы үндеместен, шырақты жағып былай дейді:- Мынау - шырақ, ол — мен!Оның жалыны - менің сендерге деген сүйіспеншілігім. Осыдан кейін анасы тағы бір шырақты алып, өз шырағы арқылы жақты.— Бұл менің - тұңғышым, оған мен өз жылуым мен сүйіспеншілігімді бердім. Қараңдаршы, екінші шырақты жағуыммен менің жылуым, сүйіспеншілігім азайды ма?— Жоқ!- Менің шырағымның жалыны бір қалыпты.Сонымен анасы қанша баласы бар сонша шырақ жақты. Шырақтың жалыны көбейіп, одан сайын көп жылу берді…Аналарың сендерді үнемі сүйіспеншілікке бөлейді, ал сендерде аналарыңды үнемі риясыз сүйіспеншілікке бөлеңдер!3-топ. Ішкі тыныштық.«Сүйіспеншілік пен Өмір»Баяғы өткен заманда бір аралда түрлі сезімдер өмір сүріпті. Олар: Бақыт, Мұң және Сүйіспеншілік, Тәкәппар, Байлық, Уақыт екен. Бір күні аралды су басатын болып, олар кемеге отыруға әзірленіпті. Барлығы кемемен кетіп, аралда тек сүйіспеншілік қана қалыпты. Сүйіспеншілік мәңгі қалғысы келеді. Бірақ, аралды су түгел басқан шақта Сүйіспеншілік байлықты көмекке шақырады. Сүйіспеншілік одан кемесіне отырғызуын өтінді. Байлық әдемі кемемен келіп:– Менің кемем де ақша мен алтындарым көп, саған орын жоқ, сені ала алмаймын,– деді.Сүйіспеншілік енді тәкаппардан көмек сұрады. Тәкаппар әдемі кемесімен өтіп бара жатып:– Сүйіспеншілік, мен саған көмектесе алмаймын. Сенің үстің малмандай су, кемемді бүлдіресің,– дейді.Енді сүйіспеншілік мұңнан көмек сұрайды. Мұң айтады:– Ooо...Сүйіспеншілік, менің мұңым жетерлік, жалғыздықты қалаймын,–дейді.Сүйіспеншілік арал жанынан бақыттың өтіп бара жатқанын көрді. Бақыттың бақытты болғаны сонша, Сүйіспеншілікті естімеді. Бір кезде бір дауыс естілді: «Сүйіспеншілік, кел, мен сені бірге алып кетемін» – деді. Мұны айтқан қария еді. Сүйіспеншілік өзін қуанышты сезінгені сонша, қарияның атын сұрауға да ұмытып кетті. Олар жерге жеткен соң, қария кетіп қалды. Сүйіспеншілік Білімнен оған көмектескен адамның кім екенін сұрады. Сонда Білім: Ол «уақыт» – деді.– Уақыт? – деді Сүйіспеншілік, - онда маған уақыт неге көмектесті?–деді. Білім күліп, ақылмен жауап берді: Тек «уақыт» қана Сүйіспеншіліктің өмірге аса қажет екенін біледі,– деді.
4-топ. Дұрыс әрекет. Адал бағбан. Ертеде бір қаланың пәк әрі әділ патшасы жалғыз қызын иманды, адал жігітке тұрмысқа бермек болады. Қызын талай ақылды,өнерлі байлар айттырады, бірақ олар патшаның көңілінен шыға қоймайды. Бір күні патша дем алу үшін бау-бақшасына барып жайғасады. Бақша күтушісіне жүзім әкелуін өтінеді. Ол бір шоқ жүзімді жуып, патшаға ұсынады.Патша жүзімді ауызына сала бере, артынан іле-шала жерге түкіріп тастайды да:— Неге жүзімнің тәттісін алып келмегенсің? — деп сұрайды. Сонда бағбан:— Қайсы жүзімді әкел десеңіз, соны әкелейін, ал олардың қайсысы тәтті екенін білмеймін.Патша таңғалып:— Екі жылдан бері жүзімдерді өсіріп, баптап келесің. Оның дәмін әлі күнге ажырата алмай жүрмісің?— Сіз мені жұмысқа аларда жүзімдерді күтесің деген едіңіз. Ал дәмін татып тұр деп айтқан жоқсыз. Сондықтан осы уақытқа дейін бір жүзімді де ауызыма салып көрген емеспін, — дептіТаңғалған патша әйелімен ақылдасып:— Біз іздеп жүрген күйебала алыста емес, дәл біздің шаңырағымыздың астында екен. Қызымызды осы адал, шыншыл жігітке берейік — деп, қыздарын адал бағбанға тұрмысқа береді. Сұрақтар:1.Бағбаның адалдығын қандай іс – әрекетінен көруге болады ?2.Бағбаның қандай қасиеттерін бағалар едіңдер ?3.Қандай да бір іс-әрекетеріңізге іштей мазаланған кездеріңіз болды ма?4.Адам бойындағы қандай қасиеттер ақиқатқа жетелейді?
5-топ. Қиянат жасамау.Алма толы шелекАдам өзіне жеміс ағаштары бар зәулім үй сатып алды. Үйдің жанындағы ескі үйде қызғаншақ көршісі тұратын еді.Ол үнемі жаңа көршісінің ауласына қоқыс төгіп, ренжітуге тырысты. Бір күні адам көтеріңкі көңілмен сыртқа шықса, лас су толы шелек алдында тұр еді. Ол шелекті алды да, лас суды төгіп, шелектің ішін жарқыратып тазалап, ішін ең ірі, тәтті алмаға толтырып, көршісінің есігін қақты.Есік қағылғанын естіген көршісі «Қолыма түстің бе, бәлем!» деп жанжалдасуға дайындалған нашар оймен есікті ашқанда, адам қолындағы шелек толы алманы ұсынып: - әркім өз байлығымен бөліседі! – деді.- Көршісінің бойында қандай жағымсыз қасиет болды?- Адам неліктен көршісіне алма толы шелекті ұсынды?- Жамандыққа жақсылық дегенді қалай түсінесің?
1- жүргізуші: Адамдар бір-біріне жылы сезімдерін білдіріп, айналасындағыларға тек жақсылық ойлап, игілікті істер жасау арқылы ғана мейірімділікті таныта алады деген тілекпен, барлығыңызды ортаға сергіту мақсатында флешмобқа шақырамызФлешмоб ІІІ тур. Ойын1топ. «Сүйіспеншілік» Альфавит арқылы әңгіме құрастыру ойыны.(топтан 2 оқушы шығып тақтада көрсетілген әріптер әңгіме құрастырады.)2 топ: «Ақиқат» Берілген суреттерге қарап мақал – мәтел құрастыру.3 топ: «Ішкі тыныштық» Ой мен ойын (бұл ойынның шарты топтан бір адам шығады ол адамның құлағына құлаққап немесе наушник әуенмен қосылып тұрады, топтағы адамдар жасырылған сөздерді ауыздың ырғағы арқылы түсіндіру керек)4 -топ: «Дұрыс әрекет»Кітап деген жазу оқушыға, ұялы телефон деген жазу көрермендерге көрсетіледі1. Сенде ол зат бар ма?2. Ол заттың көмегімен сен не істейсің?3. Осы заттан мұғалімдер үй тапсырмасын бере ме?4. Оны мектепке әкелесің бе?5. Оны үнемі қолданған пайдалы ма?6. Қандай күтімді қажет етеді?7. Сенде сол заттың нешеуі бар?8. Мектептен тегін беріле ме?5 топ: «Қиянат жасамау» «Адасқан әріптер» ойыны
- Достық, бақыт, ақыл, намыс, дос, балық, бал
Материал ұнаса әріптестеріңізбен бөлісіңіз
Ашық сабақ, ҚМЖ, көрнекілік, презентация
жариялап табыс табыңыз!
Материалдарыңызды сатып, ақша табыңыз.
(kaspi Gold, Halyk bank)