жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Мейірімділік – асыл қасиет
Мектеп № 217 Мерзiм 06 03 2018 № 25
Тақырып Мейірімділік – асыл қасиет
Құндылық: Дұрыс әрекет Қасиеттер: мейірімділік, қайырымдылық, кішіпейілділік
Мұғалiм: Кузейбаева Ж. Сынып: 3 «А» Оқушылар саны:
|
Сабақтың
мақсаты: Оқушыларға мейірімділік,
қайырымдылық, кішіпейілділік туралы түсініктерін кеңейте
отырып, дұрыс әрекет құндылығының мәнін ашу |
Ресурстар Күнделік,оқулық, дәптер,пенал,(құралдар, мәлiметтер, суреттер |
|
Сабақтыңбарысы:1. Ұйымдастырукезеңі. 5 Т – ережесі: Тәртіп. Талап. Тыныштық. Тазалық. Татулық. Нұрға бөленуЫңғайланып отырамыз, денемізді түзу ұстаймыз. Аяқ-қолымызды айқастырмаймыз. Қолымызды тізеге немесе үстелге қоюға болады. Елестетіп көреміз: Күн нұры біздің төбемізден өтіп, кеудемізге қарай бойлап барады. Кеудеміздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Таза әсем гүл біздің әр ойымызды, тілек-қалауымызды шайып, жүрегіміздің қауызын ашады. Нұрсәулесі біздің бойымызға ақырын тарай бастағанын елестетеміз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарымызға түсіреміз. Қолдарымыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді. Нұр аяғымызға тарады. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады.Одан әрі нұр біздің, тілімізге тарайды. Тіліміз тек шындықты, жақсы, ізгі сөздерді айтады. Нұрды құлағымызға бағыттайық, құлағымыз тек жақсы сөз бен әсем әуен естиді. Нұр көздерімізге де келіп жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Басымыз түгелдей нұрға бөленіп, сәулелі ой келеді. Нұрбірте-бірте шұғылана бастайды, біздің денемізден шығып, жан-жағымызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарымызға, достарымызға, бағыттаймыз, олардың да жүрегі нұрға толсын. Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаймыз. Ойша айтамыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде...». Осындай тыныштық күйінде отыра тұрыңыз... Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем біздің жүрегімізде. Оны осындай әсем қалыпта Сұрақтар: 1 Қандай сезімде болдыңыздар? 2 Өз нұрыңызды кімге бағыттадыңыз
бұзауды енесі қалай қарсы алады?
Халық мақалы Дәйексөзді хормен оқыту, дәптерге жазып алу Сұрақтар: - Дәйексөзді қалай түсінесіңдер? - Мейірімділік дегеніміз не? - Қандай адамды мейірімді деп айтамыз? Неліктен? Мейірімділік жүректен шығады. Әр адам басқаларға өз мейірімділігін көрсете алады. Ондай адамдарды мейірімді, жылы жүректі деп атайды. Адамдар бір – біріне жылы сезімін білдіріп, тек жақсылық ойлау, игілік жасау арқылы мейірімділік таныта алады.
Сұрақтар:
Бір-бірімізге жақсы, жылы сөздер көп айтылса,
өмір мейірім мен қайырымға толы болып, қуаныш пен шаттыққа
кенеледі. Сондықтан да барлық уақытта бір - бірімізге жүрекке жылы
тиетін жақсы лебіздерді жиі айтып жүрейік.
1 топ
-Сары тауық өзінің бойында бар, қандай жақсы қасиеттерді балапанына үйретті? Сол жақсы қасиеттерді балапанның бойына жабыстырамыз, ал қандай жағымсыз қасиеттер балапанның бойында болмау керек соларды себетке саламыз 2 топ «Кім және не мейірімді?» түсіп қалған сөздерді орнына қою керек. (баяу музыка ойнап тұрады) Күлімдеген .... мейірімді. (күн) Кіршіксіз ақ .... мейірімді! (қар) Таза мөлдір.... мейірімді! (су) Бәрімізді көтеріп түрған .... мейірімді! (жер) Аяулы .... мейірімді! (анам) Қадірлі .... мейірімді! (әкем) Әлпештеген .... мейірімді! (әжем) Еркелеткен .... мейірімді! (атам) Жылы жүзді .... мейірімді! (ұстазым) Тату-тәтті .... мейірімді! (достарым) 3 топ Жағдаяттарды шешу:
2-жағдаят: Сенің алдыңнан бір құшақ газет-журнал көтерген хат тасушы апай шықты , сен не істер едің? 3-жағдаят: Сенің анаң ас дайындап жатыр, ал інің мазасызданып кетті,сенің әрекетің? 4-жағдаят: Сенің алдыңнан ауыр сөмкелерін көтерген әже шықты, сен абайсызда ол әжені қағып кеттің, оның сөмкесіндегі заттары шашылып қалды, сен не істер едің?
Сөзі: О.Оспанова Әні: А.Құралқызы Жас аудан, жас мектеп толқыны Тәуелсіз елімнің жемісі. Сол жылдар ізімен басталды
Өзіңді
танудың тынысы. Жамандықтан бойдағы жиренгенім Көңілді шат – шадыман күйге ендім Бұл менің мақтанышпен айтатұғын Өзін – өзі танудан үйренгенім. Мақсатым жетістік желкені Бұл пәннің маңызды бөлшегі Ойыңды ортада айтуда
Сөзіңнің болмайды өлшемі Шарлайсың әсемдік теңізін Шаттықтың шеңбері бойымен Жолдайсың жүректің лебізін
Мұғалім жай дауыспен: «Бүгінгі сабағымызды есімізге түсірейікші. Жақсыны естіп, айтып бәріміздің көңіл – күйіміз көтерілді. Сабақта көрініс тапқан жақсы қасиеттер жүректерімізде сақталып, іс жүзіне асырылсын. Жақсы ой ойлайық, жақсы сөз сөйлейік, жақсы іс жасайық! Осындай тыныштықта сәл отыра тұрайық. Қандай жан тыныштығы! Енді жайлап көздеріңді ашуға болады» Бүгінгі керемет сабақ үшін сіздерге көп рахмет!
. |
Ескертулер |

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген